Главная страница
Навигация по странице:

  • САБАҚ ЖОСПАРЫ Курс: 1 Топ

  • Мамандық/ біліктілік

  • Ұзақтығы : 6 сағ. Өткізу орны

  • Сабақтың мақсаты

  • Сабақтың міндеті

  • Күтілетін нәтижелер

  • Оқыту әдістері, әдістемелік нұсқаулықтар, педагогикалық технологиялар

  • Оқу-әдістемелік құралдар

  • Қосымша әдебиеттер

  • Оқытушының байланыс ақпараты : А.Ә.Т.: Махамбетжан Г.С.

  • Тел.: 870275681001 Gulkhanym94@mail.ru

  • Сабақ барысы Уақыт (минут) Оқытушы әрекеті

  • Кіріспе нұсқау

  • сабак жоспар. Сабак жоспары КМ03. Бекітемін Аа шебер


    Скачать 0.64 Mb.
    НазваниеБекітемін Аа шебер
    Анкорсабак жоспар
    Дата04.02.2021
    Размер0.64 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСабак жоспары КМ03.docx
    ТипДокументы
    #173845
    страница1 из 4
      1   2   3   4

    БЕКІТЕМІН:

    Аға шебер

    _____Сугурова Ж.

    «___» _______ 20___ ж.



    САБАҚ ЖОСПАРЫ

    Курс:

    1

    Топ:

    АТБ-20/11

    Сабақ нөмірі

    (пара)

    №1

    Мамандық/

    біліктілік:

    1303000-«Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару»

    130301 2 –«Электр монтері-релейщик»


    Пән/модуль атауы:

    КМ 03. «Кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды

    қолдану»

    Сабақ тақырыбы:

    Кіріспе. Автоматика және телемеханика туралы жалпы мәліметтер

    Уақыты:

    830-1430/ 1430-2030

    Ұзақтығы:

    6 сағ.

    Өткізу орны:

    №2 “Теміржол қозғалысындағы поездар арақашықтығын реттеу және белгі беру жүйелерінің зертханасы” кабинеті

    Сабақтың мақсаты:

    Білімділік мақсаты: Темір жол көлігінде қолданылатын электрбайланыстың маңызы мен қызметін сипаттап үйрету
    Дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың ой-өрісін дамытып, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
    Тәрбиелік мақсаты: Білім алушылардың өздері таңдаған мамандығына құштарлығын, еңбекке деген икемділігін арттыруға ықпал жасау.

    Сабақтың міндеті:

    Студенттер электрбайланыстың түрлерін, қызметіне қарай сипатын, реттілігін меңгереді.

    Күтілетін нәтижелер:

    Темір жол саласында элетрбайланыс қызметін пайдаланып жұмыс жасайды.

    Сабақтың типі:

    Өндірістік сабақ

    Пәнаралық байланыс:

    Графикалық дизайн, физика, электротехника

    Оқыту әдістері, әдістемелік нұсқаулықтар, педагогикалық технологиялар:

    Дәрістік, оқулықтар, психологиялық ойындар, презентация

    Оқу-әдістемелік құралдар:

    Компьютерлік құрылғылар, интерактивті тақта, слайд, ноутбок және т.б.


    Қосымша әдебиеттер:


    1. Б. К. Молдабекова «Экономикалық ақпараттық жүйедегі жаңа технологиялар»

    2. М.Қ.Сансызбай «Теміржол автоматика және телемеханика жүйелері үшін ақпарат қауіпсізідігін қамтамасыз ету»


    Оқытушының байланыс ақпараты:


    А.Ә.Т.: Махамбетжан Г.С.

    _________________

    (қолы)


    Тел.: 870275681001

    Gulkhanym94@mail.ru




    Сабақтың жоспар-конспектісі

    Сабақ барысы

    Уақыт (минут)

    Оқытушы әрекеті

    Білім алушының әрекеті

    Оқыту ресурстары мен материалдар

    1.Білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

    2. Арнайы киімдерін тексеру.

    45 мин

    -Сабақтың мақсатымен таныстыру;

    -Үй тапсырмасын сұрау;

    -Жаңа сабаққа нұсқау беру;

    -Жаңа сабақты пысықтау.

    -Үй тапсырмасын пысықтау,

    -берілген тапсырманы орындау.

    Оқулықтар, компьютер.


    Кіріспе нұсқау

    - Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

    - Үй тапсырмасын сұрау.
    Жаңа сабақ

    Темір жолдардың тасымалдау және өткізу қабілетін арттыру, қозғалыс қауіпсіздігі мен қарқындылығын, жүк және жолаушылар пойыздарын арттыру тасымалдау процесін басқарудың арнайы жүйелерін құру қажеттігіне себепші болды. Автоматты түрде әрекет ететін жүйелер мен құрылғылар туралы ғылым мен техника саласы автоматика деп аталады. Бұл ретте Объектіні басқару және оның жұмысын бақылау салыстырмалы шағын қашықтық

    шегінде жүзеге асырылады. Сол функцияларды үлкен қашықтықта орындау үшін телемеханика құрылғылары қолданылады. Телемеханика - қашықтықтан әр түрлі объектілерді басқару және

    бақылау теориясы мен техникалық құралдарын қамтитын ғылым мен техника саласы.

    Автоматты жүйеде басқару объектісі болып табылатын технологиялық процесті басқарудың барлық функциялары адамның қатысуынсыз жүзеге асырылады. Мұндай жүйенің құрылымдық сұлбасы 5.1-суретте көрсетілген.



    Басқарманың негізі объектінің жай-күйі және оның жұмысының сыртқы жағдайлары туралы ақпаратты алу және өңдеу болып табылады,және басқару мақсатына жету үшін объектіге қойылатын әсерлерді анықтау үшін. Басқарудың негізі объектінің жай-күйі және оның жұмысының сыртқы жағдайлары туралы ақпаратты алу және өңдеу, басқару мақсатына жету үшін объектіге қойылатын әсерлерді анықтау үшін Біздің схемада басқару объектісінен (об) оның жай-күйі туралы ақпарат келіп түседі. Бұл ақпаратты жинау үшін Бақылау-өлшеу аспаптары (БӨА) –датчиктер, сезімтал элементтер, түрлі өлшеу аспаптары қолданылады.Содан

    кейін жиналған ақпарат басқару құрылғысына (БҚ) келіп түседі, ол өңделеді. Ақпаратты өңдегеннен кейін басқарылатын объектінің жұмыс режиміне араласу қажеттілігі және басқарушы әсерлердің сипаты анықталады.

    Басқарылатын нысанның жұмыс режиміне араласу үшін басқарушы құрылғы басқару объектісіне келіп түсетін және атқарушы құрылғылардың (АҚ) көмегімен оның жұмыс режимін өзгерту үшін пайдаланылатын ақпаратты береді. Егер ақпаратты қайта өңдеу нәтижесінде басқару әсері адамның қатысуымен жүзеге асырылса, басқару жүйесі автоматтандырылған деп аталады. Темір жол көлігіндегі автоматика жүйесінің үлгісі станциядағы Пойыздар қозғалысын реттеуді басқаруға арналған электрлік орталықтандыру жүйесі болып табылады. Егер технологиялық процесс үлкен алаңда орналасқан болса, онда

    бақылау-өлшеу аспаптарымен жиналған ақпаратты атқарушы құрылғылардан едәуір қашықтықта орналасуы мүмкін басқарушы құрылғыға беру қажет. Мұндай ақпарат беру телесигнализация (ТС) немесе телеөлшеу (ТӨ) деп аталады және телемеханика жүйесімен(ТМЖ) жүзеге асырылады. Телемеханикалық жүйенің құрылымдық схемасы 5.2-суретте келтірілген.



    №40-Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясының қысқаша тарихы. Солтүстік Орынбор қалаасынан басталған, Оңтүстікте Ташкент қалаасынан басталған теміржол құрылысы 1904 жылы қазіргі Көбек станциясында түйістірілген. 1906 жылы Қазалы станциясында алғашқы байланыс үйі салынған.

    Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясы 1931 жылы Қазалы станциясында орналасқан механикалық шеберхананың негізінде құрылған. Кезінде бұл шеберханаға Бекбауыл мен Жосалы стансалары аралығында орналасқан белгі беру және байланыс құрылғыларына техникалық күтім жасау және жөндеу жүктелген болатын. 1931 жылы Сексеуіл стансасында №12 белгі беру және байланыс дистанциясы,Қазалы стансасында №13 белгі беру және байланыс дистанциясы,Жосалы стансасында белгі беру және байланыс дистанциясы құрылған. 1933 жылы аталған дистанциялар таратылып,олардың негізінде №10 Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясы құрылады.Бұл дистанцияның құзырына Сексеуіл мен Жосалы стансалары аралығындағы 358 шақырым жердегі белгі беру және байланыс құрылғыларына техникалық күтім мен жөндеу жұмыстарын жүргізу кірді. 1934 жылы дистанция №10 нөмірін №5 Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясы деп өзгертті 1977 КСРО Қатынас жолдары министірлігінің №26 Ц бұйрығына сәйкес, Қазақ темір жол үш темір жол басқармасына бөлінуіне байланысты 26-шы дистанция №2 Қазалы белгі беру байланыс дистанциясы болып қайта құрылды. Қазақстан темір жолы ҰК АҚ филиалы Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясындағы алғашқы қазақ теміржолшы байланысшы Оразмахан Ерімбетов.

    1977 жылғы қайта құрылымдаулар негізінде №2 дистанция №4 Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясы аталды. Екі жылдан соң Қызылорда бас белгі беру және байланыс дистанциясының құрамына өтіп, №40 Қазалы желілік пайдалану құрылымдық бөлімшесі деген атақ алды. 2007 жылдың басында Бас белгі беру және байланыс дичтанциясынан бөлініп шығып, №40 дербес Қазалы белгі беру және байланыс дистанциясы болып аталды.

    Аталған ұжым үшін 1970-ші жылдары дистанция телімдеріне өндірісіке жаңа құрылғылар көптеп енгізілді. 1986-1987 жылдары Қазалы станциясында жаңа үлгідегі шеберхана үйі салынды. Бұл сол кездегі Батыс Қазақстан темір жолы бойынша ең үлкен және ыңғайлы шеберхана үйі болатын. Осы құрылыстар мекеме бастығы Мырзатай Рахметалиевтің кезінде жүргізілді.

    Бүгінгі таңда дистанцияны Құрметті теміржолшы Ғани Ысқақов басқарып келеді. Теміржол саласында ширек ғасырдан астам уақыт астам тер төккен Ғ.Ысқақов осы дистанцияның төл түлегі деуге болады. Байланыс саласын дамыту, озық технологияларды өндіріске молынан енгізу сынды ауқымды жұмыстарды еңсеріп отырған ұжым алдағы жылдары да үздік көрсеткіштерді еңсермек ниетте.

    Сым байланысына қарағанда радио байланысының артықшылығы оның кезінде жұмыскерлермен (локоматив машинистерімен, вагон құрастырушылар және қараушылар мен, жол, түйіспе жүйелері, СОБ құрылғылары, құрылыс бөлімдері, байланыс, жолаушылар пойыздарына қызмет жасайтын жұмыскерлермен және т.б.) сөйлесуге мүмкіндік береді. Радио байланыстарын пойыздық, стансалық және жедел - жөндеушілік боп бөлінеді.

    Пойыздық радио диспетчерлік телімде пойыз диспетчерлерінің локоматив машинистерімен, екі жақты үздіксіз байланысты қамтамасыз етуге арналған; екі аралықтағы локоматив машинисінің жақын жердегі станса кезекшісімен және аралығы км-ден кем емес жердегі қарсы келе жатқан пойыздың машинисімен байланысына арналған.
    Жаңа сабақты пысықтау

    1. Мамандық туралы өз ойыңды толықтыр.

    2. СЧ-40 мекемесіне шолу жаса





    Ағымдағы нұсқау

    Студенттерді қауіпсіздік ережесімен таныстырып, арнайы киімдерін киіп жұмыс жасау барысын қадағалау.

    1-аралау. Оқушылардың жұмыс орындарын ережеге сай ұйымдастыруын тексеру.

    2-аралау. Жұмыста қолданылатын жұщмыс құралдарының жұмысқа жарамдылығын тексеру.

    3-аралау. Оқушылардың әдіс-тәсілінің дұрыстығын тексеру.

    4-аралау. Жаттығу жұмыстарын орындау барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.

    5-аралау. Оқушылардың орындаған жұмыстарын қабылдап алу.

    6-аралау. Оқушылардың орындаған жұмыстарын бағалау.

    7-аралау. Жұмыс орнын тазалау және жинастыру.



    Қорытынды нұсқау

    1.Сабақты қорытындылауға нұсқау

    2. Тапсырманы орындау және сабаққа қатысу белсенділігін сараптай отырып, білім алушылардың жұмыстарын атап өту.

    3. Үй тапсырмасын беру.

      1   2   3   4


    написать администратору сайта