|
сабак жоспар. Сабак жоспары КМ03. Бекітемін Аа шебер
БЕКІТЕМІН:
Аға шебер
_____Сугурова Ж.
«___» _______ 20___ ж.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
| Курс:
| 1
| Топ:
| АТБ-20/11
| Сабақ нөмірі
(пара)
| №5
| Мамандық/
біліктілік:
| 1303000-«Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару»
130301 2 –«Электр монтері-релейщик»
| Пән/модуль атауы:
| КМ 03. «Кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
қолдану»
| Сабақ тақырыбы:
| Байланыс желілерін зерттеу
| Уақыты:
| 830-1430/ 1430-2030
| Ұзақтығы:
| 6 сағ.
| Өткізу орны:
| №2 “Теміржол қозғалысындағы поездар арақашықтығын реттеу және белгі беру жүйелерінің зертханасы” кабинеті
| Сабақтың мақсаты:
| Білімділік мақсаты: Темір жол көлігінде қолданылатын электрбайланыстың маңызы мен қызметін сипаттап үйрету Дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың ой-өрісін дамытып, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру. Тәрбиелік мақсаты: Білім алушылардың өздері таңдаған мамандығына құштарлығын, еңбекке деген икемділігін арттыруға ықпал жасау.
| Сабақтың міндеті:
| Студенттер электрбайланыстың түрлерін, қызметіне қарай сипатын, реттілігін меңгереді.
| Күтілетін нәтижелер:
| Темір жол саласында элетрбайланыс қызметін пайдаланып жұмыс жасайды.
| Сабақтың типі:
| Өндірістік сабақ
| Пәнаралық байланыс:
| Графикалық дизайн, физика, электротехника
| Оқыту әдістері, әдістемелік нұсқаулықтар, педагогикалық технологиялар:
| Дәрістік, оқулықтар, психологиялық ойындар, презентация
| Оқу-әдістемелік құралдар:
| Компьютерлік құрылғылар, интерактивті тақта, слайд, ноутбок және т.б.
| Қосымша әдебиеттер:
| 1. Б. К. Молдабекова «Экономикалық ақпараттық жүйедегі жаңа технологиялар»
2. М.Қ.Сансызбай «Теміржол автоматика және телемеханика жүйелері үшін ақпарат қауіпсізідігін қамтамасыз ету»
| Оқытушының байланыс ақпараты:
|
А.Ә.Т.: Махамбетжан Г.С.
_________________
(қолы)
|
Тел.: 870275681001
Gulkhanym94@mail.ru
|
Сабақтың жоспар-конспектісі
| Сабақ барысы
| Уақыт (минут)
| Оқытушы әрекеті
| Білім алушының әрекеті
| Оқыту ресурстары мен материалдар
| 1.Білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
2. Арнайы киімдерін тексеру.
| 45 мин
| -Сабақтың мақсатымен таныстыру;
-Үй тапсырмасын сұрау;
-Жаңа сабаққа нұсқау беру;
-Жаңа сабақты пысықтау.
| -Үй тапсырмасын пысықтау,
-берілген тапсырманы орындау.
| Оқулықтар, компьютер.
|
Кіріспе нұсқау
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
- Үй тапсырмасын сұрау.
1.Радиобайланыс дегеніміз не?
2.Телеграфты кім ашты?
3.Телефонды кім ашты?
Жаңа сабақ
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Теміржол саласын және ондағы автоматика телемеханика және байланыс саласын зерттеу немесе дамыту маңызды мәселелердің бірі.
Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс саласында, оның ішінде кеңінен қолданылып жүрген автоблокировка, электрлік және диспетчерлік орталықтандырудағы жоғары жиіліктегі телефон аппаратурасындағы, абонентті және дыбыстық телеграфиядағы автоматты телефон станцияларындағы, аппаратуралардағы әртүрлі технологиялық байланыс пен дискретті ақпарат таратулар даму үстінде екені анық. Соның ішінен жоғары жылдамдықты көлік қозғалысының автореттеу жүйесі мен базалық микропроцессорлардың заманауи басқару жүйесіне микропроцессорленген электрлік орталықтандырудағы көптаңбалы локомотивті сигнализация, диспетчерлік орталықтандыруларға басты назар аударылып жатыр.
Теміржолдағы автоматика және телемеханика құрылғыларын электр қоректендіру үшін түзеткіштер, жартылайөткізгішті түрлендіргіштер, химиялық ток көздері, дизель-электрлі агрегаттар және т.б. пайдаланылады. Осы жабдықтардың барлығы электр қоректендіру құрылғыларын кернеу және токпен берілген автоматика және телемеханика аппаратураларын энергиямен қамтушылар құрамына кіреді.
Әр түрлі электротехникалық құрылғылардың жұмыс атқаруы үшін белгілі бір параметрлері бар ( кернеу, жиілік, фазалардың саны) және белгілі бір сапа көрсеткіштері бар (тұрақсыздық, кернеудің амплитудасы және тағы басқа) электр энергиясы қажет. Электр энергия көздерін қабылдағыштармен әр түрлі түрлендіргіштер арқылы сәйкестендіреді.
Күрделі шығындарды және эксплуатациялық шығындарды азайту үшін, темір жол көлігінде байланыс аппаратураларын біріктіреді және арнайы жабдықталған ғимараттарда орналастырылады. Бірінші ретті байланыс желісін ұйымдастырғанда, жабдықтарды желілік-аппараттық цехтерде (ЖАЦ) орнатады, ал екінші ретті байланыс желілерін ұйымдастырғанда, телефон және телеграф бекеттерінің ғимаратына орнатылады. Алып бекеттердегі және темір жол тораптарындағы барлық байланыс жабдықтары байланыс үйлері деп аталатын, жеке қызметтік-техникалық ғимараттарда орналасады.
Негізінен жоғары жылдамдықты көлік қозғалысының автореттеу жүйесі мен базалық микропроцессорлардың жаңа заманғы басқару жүйесіне микропроцессорленген электрлік және диспетчерлік орталықтандыруларға басты назар аударылып жатыр.
Бұл жабдықтардың барлығы электрқоректендіру құрылғыларын кернеумен, токпен берілген автоматика және телемеханика аппаратураларын энергиямен қамтушылар құрамына кіреді.
Электрқоректендіру құрылғыларындағы аккумуляторлық батареялар тұрақты ток көздерінің қосымша қызметін атқару үшін қолданылады, ДО және ЭО құрылғыларын үздіксіз электр қорек көздерімен қамтамасыз етеді.
Негізгі мақсаты ЭО мен электрқоректендіру құрылғыларының қазіргі уақыт талабына сай, яғни жылдам, тез, әрі қауіпсіз, сенімді іс-әрекет етуі болып табылады. Теміржолдағы өткізу қабілеттілігі мен пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін арттыру үшін электрқоректендіру құрылғылары сенімді жұмыс істеуі керек.
Қазіргі кездегі электр қоректендірудің қажетті талабының бірі – эксплуатациялық шығынды максималды түрде қысқарту. Оған күту және сақтау құрылғыларындағы персоналға кеткен қызмет көрсету уақыты, өндірістік профилактикалық өлшеу мен технологиялық жөндеу телімінің ағымдағы жөндеулердің тексерулері жатады.
Әлдеқайда сенімді жұмыс істейтін жартылайөткізгішті құралдарды пайдалану арқасында және күрделі механикалық реттеуді қажет етпейтін, релелік құрылғыларға қарағанда периодтық тексерулердің тез жүзеге асуы электрқоректендіру аппаратураларын тексеру мен жөндеуге кеткен уақытты біршама қысқарта түседі.
Электр қоректендіру сұлбасын құрған жағдайда аппаратураны өндіруге кеткен капитал шығыны қысқарады. Мысалы, біруақытта жұмыс істейтін зарядталған құрылғы мен тұрақты токтағы түрлендіргішпен біріккен, көп рет қолданылған, жуықтап алғанда барлық детальдарды құрайтын бір ғана құрылым.
Релелік қорғаныс пен автоматика аспаптары жұмыс істеуі үшін оперативті ток қажет. Оперативті ток деп релелік қорғаныс пен автоматиканың екіншілік тізбегімен өтетін, сонымен қатар сигнализация және басқару тізбегімен өтетін токты айтады. Релелік қорғаныс пен автоматика аспаптарының қоректену сұлбасы екі түрлі нұсқауы қолданылады – біреуі тұрақты оперативті және айнымалы оперативті ток.
ЭО постысының аккумуляторлық батареялары релелердің, оперативті-технологиялық байланыс сұлбаларының құрылғыларын 2 сағат бойы апат жарығын қоректендіруі қажет және 6 сағат бойы кіру бағдаршамындағы оттарды резервтік қоректендіруі тиіс. Электрлік орталықтандыру постына сыртқы айнымалы токтағы қоректендіру көздерін еңгізу үшін, сондай-ақ құрылғыларды қоректендіруге аккумуляторлық батареяларды қосалқы зарядтауға қажетті, әртүрлі кернеудегі айнымалы және тұрақты токқа түрлендіру үшін, қалқанды қоректендіру қондырғыларын қолданады.
Қазіргі уақыттағы электрлік орталықтандыру жүйелері бағдаршамдардың орталық қоректену, бұрмалық электр жетектер, рельс тізбектері мен бекеттік оперативті – технологиялық байланыс екі бағытты парктік байланыс, пойызды радиобайланыс және бұрмаларды қарлардан пневматикалық тазалау құрылғылары арқылы сипатталады.
Отанымыздағы теміржолдың көпшілігі айнымалы токпен электрленген. Теміржолдағы автоматика және телемеханика құрылғылары, элетрқоректендірудің бірінші категориясына қатысады және негізінен тұрақты токта жұмыс істейді. Тұрақты токты қабылдап алу үшін жартылай өткізгішті шұра пайдаланатын ток түзеткіш құрылғысы қолданылады.
Электрэнергияны үнемдеу – негізгі міндеттің бірі болып табылады. Электрэнергия шығынын үнемдеп пайдалану аккумулятордың азырақ сыйымдылығын қолдануға мүмкіндік береді, яғни сирек кездесетін материаларды үнемдеуге септігін тигізеді. Екіншілік қоректену көздеріндегі пайдалы әсер коэффицентінің көбею саны мен батареяның зарядтау режимінің ең керектісін, қажеттісін қолдану электрэнергияны үнемдеудің ең басты мақсаты болып табылады.
Жаңа сабақты пысықтау
Релелік қорғаныс пен автоматика аспаптары жұмыс істеуі үшін қандай ток қажет. Аккумуляторлы батареялар нені қоректендіреді? Отанымыздағы теміржолдың көпшілігі қандай токпен электрленген
|
Ағымдағы нұсқау
Студенттерді қауіпсіздік ережесімен таныстырып, арнайы киімдерін киіп жұмыс жасау барысын қадағалау.
1-аралау. Оқушылардың жұмыс орындарын ережеге сай ұйымдастыруын тексеру.
2-аралау. Жұмыста қолданылатын жұщмыс құралдарының жұмысқа жарамдылығын тексеру.
3-аралау. Оқушылардың әдіс-тәсілінің дұрыстығын тексеру.
4-аралау. Жаттығу жұмыстарын орындау барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.
5-аралау. Оқушылардың орындаған жұмыстарын қабылдап алу.
6-аралау. Оқушылардың орындаған жұмыстарын бағалау.
7-аралау. Жұмыс орнын тазалау және жинастыру.
|
Қорытынды нұсқау
1.Сабақты қорытындылауға нұсқау
2. Тапсырманы орындау және сабаққа қатысу белсенділігін сараптай отырып, білім алушылардың жұмыстарын атап өту.
3. Үй тапсырмасын беру. «Электрлік құрылғылармен жұгмыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары»
| |
|
|