Главная страница
Навигация по странице:

  • САБАҚ ЖОСПАРЫ Курс: 1 Топ

  • Мамандық/ біліктілік

  • Ұзақтығы : 6 сағ. Өткізу орны

  • Сабақтың мақсаты

  • Сабақтың міндеті

  • Күтілетін нәтижелер

  • Оқыту әдістері, әдістемелік нұсқаулықтар, педагогикалық технологиялар

  • Оқу-әдістемелік құралдар

  • Қосымша әдебиеттер

  • Оқытушының байланыс ақпараты : А.Ә.Т.: Махамбетжан Г.С.

  • Тел.: 870275681001 Gulkhanym94@mail.ru

  • Сабақ барысы Уақыт (минут) Оқытушы әрекеті

  • сабак жоспар. Сабак жоспары КМ03. Бекітемін Аа шебер


    Скачать 0.64 Mb.
    НазваниеБекітемін Аа шебер
    Анкорсабак жоспар
    Дата04.02.2021
    Размер0.64 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСабак жоспары КМ03.docx
    ТипДокументы
    #173845
    страница3 из 4
    1   2   3   4


    БЕКІТЕМІН:

    Аға шебер

    _____Сугурова Ж.

    «___» _______ 20___ ж.



    САБАҚ ЖОСПАРЫ

    Курс:

    1

    Топ:

    АТБ-20/11

    Сабақ нөмірі

    (пара)

    №3

    Мамандық/

    біліктілік:

    1303000-«Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару»

    130301 2 –«Электр монтері-релейщик»


    Пән/модуль атауы:

    КМ 03. «Кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды

    қолдану»

    Сабақ тақырыбы:

    Сандық радиоканалдар базасындағы интервалды реттеу жүйелерінің ерекшеліктері

    Уақыты:

    830-1430/ 1430-2030

    Ұзақтығы:

    6 сағ.

    Өткізу орны:

    №2 “Теміржол қозғалысындағы поездар арақашықтығын реттеу және белгі беру жүйелерінің зертханасы” кабинеті

    Сабақтың мақсаты:

    Білімділік мақсаты: Темір жол көлігінде қолданылатын электрбайланыстың маңызы мен қызметін сипаттап үйрету
    Дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың ой-өрісін дамытып, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.
    Тәрбиелік мақсаты: Білім алушылардың өздері таңдаған мамандығына құштарлығын, еңбекке деген икемділігін арттыруға ықпал жасау.

    Сабақтың міндеті:

    Студенттер электрбайланыстың түрлерін, қызметіне қарай сипатын, реттілігін меңгереді.

    Күтілетін нәтижелер:

    Темір жол саласында элетрбайланыс қызметін пайдаланып жұмыс жасайды.

    Сабақтың типі:

    Өндірістік сабақ

    Пәнаралық байланыс:

    Графикалық дизайн, физика, электротехника

    Оқыту әдістері, әдістемелік нұсқаулықтар, педагогикалық технологиялар:

    Дәрістік, оқулықтар, психологиялық ойындар, презентация

    Оқу-әдістемелік құралдар:

    Компьютерлік құрылғылар, интерактивті тақта, слайд, ноутбок және т.б.


    Қосымша әдебиеттер:


    1. Б. К. Молдабекова «Экономикалық ақпараттық жүйедегі жаңа технологиялар»

    2. М.Қ.Сансызбай «Теміржол автоматика және телемеханика жүйелері үшін ақпарат қауіпсізідігін қамтамасыз ету»


    Оқытушының байланыс ақпараты:


    А.Ә.Т.: Махамбетжан Г.С.

    _________________

    (қолы)


    Тел.: 870275681001

    Gulkhanym94@mail.ru




    Сабақтың жоспар-конспектісі

    Сабақ барысы

    Уақыт (минут)

    Оқытушы әрекеті

    Білім алушының әрекеті

    Оқыту ресурстары мен материалдар

    1.Білім алушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

    2. Арнайы киімдерін тексеру.

    45 мин

    -Сабақтың мақсатымен таныстыру;

    -Үй тапсырмасын сұрау;

    -Жаңа сабаққа нұсқау беру;

    -Жаңа сабақты пысықтау.

    -Үй тапсырмасын пысықтау,

    -берілген тапсырманы орындау.

    Оқулықтар, компьютер.


    Кіріспе нұсқау

    - Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

    - Үй тапсырмасын сұрау.

    • Электр құрылғылармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ата.

    • Релемен жұмыс жүргізудегі қауіпсіздік шаралары қандай?

    • Темір жол саласы бойынша релемен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік шараларын ата.


    Жаңа сабақ

    Сандық радиоканалдары бар ПҚИР жүйелерін шартты түрде

    орталықтандырылған, орталықсыздандырылған және аралас деп бөлуге болады.

    Орталықтандырылған түрге, мысалы, 2 деңгейлі ERTMS/ETCS жүйесі

    жатады, онда радиоблоктау орталығын пайдалану арқылы орташа ұзындығы 80

    км телімде пойыздар қозғалысын басқару қарастырылады. Бұл орталықта

    маңызды ақпарат мамандандырылған қауіпсіз компьютермен өңделеді де, кейін

    GMS-R стандартының сандық радиоканалдары арқылы жіберіледі [33].

    Радиоблоктау орталығында жалпы пойыз жағдайын, тұрақты және

    уақытша жылдамдық шектеулерді және жол профилін есепке ала отырып, әр

    жылжымалы бірлік үшін өзінің жауапты аумағында жеке қозғалыс

    жылдамдығы есептеледі [56].

    Орталықсыздандырылған түрге біріктілірген пойыздарды тоқтаусыз

    қалыптастыру және тарқату операцияларын автоматтандыруды қамтамасыз

    ететін ПҚИР ұсынылатын жүйесін жатқызуға болады, оның функционалдық

    сұлбасы 2.4 суретте келтірілген. Бұл жүйеде радиоканалдар арқылы

    пойыздарды жалғау немесе ажырату операцияларын орындауға бұйрық

    алғаннан кейін, барлық қажетті бақылау және басқарушы ақпарат борттық

    қауіпсіз микропроцессорлық басқару блогында өңделеді.

    Сурет 2.4 – Қозғалыс басқарудың орталықсыздандырылған құрылымы

    Аралас жүйелерде қажетті ақпаратты өңдеу стационарлық орталықта

    қондырылған мамандандырылған қауіпсіз компьютер мен борттық бақылау

    және басқару құрылғылары арасында бөлінеді. Бұл, мысалы, General Electric

    фирмасының ITCS жүйесі, онда локомотивтер мыналарға жауап беретін борт

    бақылағышымен жабдықталады: бір метрге дейін дәлдікпен пойыздың

    орналасқан жерін анықтау, құрам бүтіндігін бақылау, жол құрылғыларының

    күйі жөнінде ақпарат өңдеу және жылдамдық шектеулерді қадағалау. ITCS

    жүйесінің бекет құрылғысының құрамына кіретін қауіпсіз логикалық бақылағыш электрлік микропроцессорлық орталықтандыру функцияларын

    орындайды. Локомотив құрылғысымен мәлімет алмасу модулі басқару

    аумағындағы барлық локомотивке сигналдар, бұрмалар мен переездердің күйі

    жөнінде ақпарат таратады, ал спутниктік навигация координаталарын тексеру

    модулі пойыздардың географиялық координаталарын жолдағы пикеттерге

    есептеп шығарады.

    Орталықсыздандырылған жүйелерде борт құрылғысының маңызды

    тапсырмасы [57] немесе [58] құжаттарының талаптарына сәйкес орындалатын

    пойыздың орналасқан жеріне байланысты тежеу қисықтарын динамикалық

    есептеу болып табылады. Ол үшін борттық электрондық картаға тіреуіш

    нүктелер координаталары бар сандық телім моделі енгізіледі, олар шынайы

    немесе «виртуалды» бализдер, сондай-ақ рельс тізбектерінің немесе ось

    санағыштарының генераторлары болуы мүмкін [56].

    Нақты жол нүктесінде пойыз қозғалысының рұқсат етілген жылдамдығын

    динамикалық есептеу дәлдігі оның бас локомотивінің координатасын анықтау

    дәлдігіне байланысты. Пойыз басының координатасын дұрыс анықтамауға

    әкелетін қауіпті істен шығу қарқындылығы 10-9 сағ-1 кем болуы қажет [56].

    ПҚИР жүйелерінде сандық радиоканалдарды қолдану олардың

    сенімділігіне, қауіпсіздігіне және кедергіден қорғанысына қойылатын

    талаптарды жоғарылатады.

    Радиоканалдар арқылы мәліметтер тарату сенімділігі EN 50159:2010

    стандартының талаптарына сәйкес келуі тиіс [59]. Каналдарды коммутациялау

    режимінде радиоблок-орталығы мен борт құрылғысы немесе түрлі

    локомотивтердің борт құрылғысы арасында мәлімет тарату кезіндегі

    максималды кідіріс 99 % жағдайда 500 мс кем болуы, ал қосылу жоғалған істен

    шығу қарқындылығы – 10-2 сағ-1 кем болуы тиіс.

    Радиоканалдар арқылы жауапты ақпарат жіберу кезінде қауіпті

    қателіктерді минималдау талаптары да орындалуы қажет [60]. Статистикалық

    ақпарат негізінде, отандық пойыз байланысы жүйесінде сандық радиоканалдар

    арқылы аралықта және бекетте пойыз жағдайы жөнінде жауапты ақпарат тарату

    қателігі бір битке 2×10-2

    -нен төмен болмағаны орнатылды [61].

    Жауапты ақпарат тарату үшін негізгі құрал ретінде қолданған кезде

    сандық радиоканалдың кедергіге орнықты болу талаптары, мысалы, Рид –

    Соломон кодын пайдалану есебінен қамтамасыз етілуі мүмкін [60, 62].

    ПҚИР жүйелерінде сандық радиоканалдарды қолдану пойызаралық

    интервалды азайтуға мүмкіндік береді және пойыз жүргізудің көптеген

    операцияларын автоматтандыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді, бұл локомотив

    бригадаларының пойыз қозғалыс қауіпсіздігіне әсерін азайтады. Осыған

    байланысты, «автомашинист» типті жүйелерді әзірлеу әбден шындыққа

    айналады деп тұжырымдауға болады [63]. Алайда мұндай жүйелерде олардың

    аппараттық және бағдарламалық құралдарын әзірлеу, дайындау және

    техникалық пайдалану сатысында «адам факторының» әсері жоғарылайды.
    Жаңа сабақты пысықтау

    • Теміржол саласында ақпараттарды жіберуді реттеу қандай хаттама арқылы жүзеге асады.?

    • Теміржол саласында қолданылатын радиобайланыс түрлері, қызметі.

    • ТЕТРА радиобайланысының қызметі қандай?

    • Сандық радиоканалдардың қызметі қандай?

    • Радиоблоктау дегеніміз не?





    Ағымдағы нұсқау

    Студенттерді қауіпсіздік ережесімен таныстырып, арнайы киімдерін киіп жұмыс жасау барысын қадағалау.

    1-аралау. Оқушылардың жұмыс орындарын ережеге сай ұйымдастыруын тексеру.

    2-аралау. Жұмыста қолданылатын жұщмыс құралдарының жұмысқа жарамдылығын тексеру.

    3-аралау. Оқушылардың әдіс-тәсілінің дұрыстығын тексеру.

    4-аралау. Жаттығу жұмыстарын орындау барысында қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.

    5-аралау. Оқушылардың орындаған жұмыстарын қабылдап алу.

    6-аралау. Оқушылардың орындаған жұмыстарын бағалау.

    7-аралау. Жұмыс орнын тазалау және жинастыру.



    Қорытынды нұсқау

    1.Сабақты қорытындылауға нұсқау

    2. Тапсырманы орындау және сабаққа қатысу белсенділігін сараптай отырып, білім алушылардың жұмыстарын атап өту.

    3. Үй тапсырмасын беру: Сандық радиоканалдар туралы туралы мәліметтер жинақтау.

    1   2   3   4


    написать администратору сайта