Главная страница
Навигация по странице:

  • Таксономия ( греч. táxis — орналасу, қ атар , т ә ртіп ж ә не n ó mos — за ң ). Таксономия

  • Критериалды бағалау деп

  • Формативті бағалау

  • Тапсырма әзірлеу кезеңдері. Бағалау критерийлері және ойлау дағдыларының деңгейлері . Дескрипторлар.

  • Тапсырма әзірлеудің 2-кезеңі

  • Тапсырма әзірлеудің 5 кезеңінде

  • Тапсырма әзірлеу барысында неге назар аудару керек

  • Блум таксономиясы. 2дәріс, Блум таксономиясы. 2лекция Блум таксономиясы жне баалау критерийлері


    Скачать 36.53 Kb.
    Название2лекция Блум таксономиясы жне баалау критерийлері
    АнкорБлум таксономиясы
    Дата15.10.2021
    Размер36.53 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла2дәріс, Блум таксономиясы.docx
    ТипЛекция
    #248166

    2лекция Блум таксономиясы жəне бағалау критерийлері

    Блум таксономиясы және бағалау критерийлері
    Қысқаша мазмұны. Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан.
    1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделін ұсынды.
    Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы Пенсильван университетін бакалавр және магистр деңгейлерімен бітірген, 1942 жылы Чикаго университетінде докторлық деңгейін қорғады. «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан: адами мінездеменің өзгеруі мен бірқалыптылығы және білім беру мақсаттарын жүйелеу.
    Таксономия — белгілі бір критериялар мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді айтады.

    Таксономия ( греч. táxis — орналасу, қатар, тәртіп және  nómos — заң).

    Таксономия – нысандарды белгілі бір критерийлер мен ұстанымдар арқылы  жүйелеу және нақты құрылым бойынша реттілікпен орналастыру

    Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру студенттердің дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні- стууденттерді кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады.
    Білу. Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi: тест тапсырмалары, жатқа айту, анықтамалар мен атауларды қайталау, оларды қолдану тәртібін айту.
    Түсіну. Мәліметтерді басқа таныс жүйеге ауыстыру, оларды түрлендіру; есте сақталған мағлұматтарды басқаларға жеткізу жолдарын айқындау. Ұқсастықытарды анықтау, айырмашылық жасау мен салыстыру, нәтижені суреттеу.
    «Түсіну» ұғымын төрт топқа бөлуге болады:
    1.Түсіндірме (интерпретация) – негізгі идеяларды және олардың өзара байланыстарын анықтау: «Қалай? Неліктен?» сұрақтарына жауап іздену, «Салыстырыңыздар», «Айырмашылығын көрсетіңіздер»тапсырмаларын орындау.
    2.Аударма (трансформация) – мағынаны сақтай отырып, идеяларды таныс жүйеге, формаға ауыстыру; форманы сөзбен айтып беру, графикті оқып беру, суретті түсіндіру, мәліметті өз сөзімен мазмұндау.
    3.Мысалдар – мәліметті, ойды дұрыс түсінгендікті көрсетеді.
    Анықтамалар – атау немесе түсініктің мағынасын өз сөзімен жеткізу, таныс және түсінікті сөздермен анықтамаларды тұжырымдау (анықтамалар жаттанды немесе қайталамауы керек).
    Қолдану. Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды, практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
    Талдау. (анализ) Зерттеу нысанының құрылымын анықтау мақсатымен оны құрамдас бөліктерге жіктеу. Студент әртүрлі бөліктердің қалайша жұмыс істейтіндігін және нәтижеге қалай жеткізетіндігін анықтайды, түсіндіреді.
    Түсінуден талдау мәліметті терең өңдеумен, игерумен ерекшеленеді.
    Талдаудың түрлері:
    1. Негізін талдау;
    2. Астарлы мағынаны ажырату;
    3. Қозғаушы күшті (мотивацияны) анықтау;
    1. Негізін тануқұрамдас бөліктерге жіктеу (мәліметтің негізі түсініктері арасындағы қатынастарды көрсету үшін студенттер оның шеңберінен шығуы керек), айтылған ойды дамыту.
    2. Астарлы мағынаны ажырату (Подтекст) – екі тұжырымның қатынасын көрсетуді талап етеді (тура көрсетілмеген шешімдер, ассоциациялар, себеп-салдар келтірілуі мүмкін).
    Мотивациясебептерді айқындау. Оқушы тура және жасырын (астарлы) мағына мен әрекеттерді танып, өз ойларын дәлелдер арқылы қорғауы керек.
    Жинақтау /синтез/ Жаңа мазмұн тудыру мақсатымен элементтерді шығармашылықпен біріктіру. Болжау, шарттылық, мүмкіндік ұғымдарын қолданып, өз тәжірибесі негізінде жаңа модель (құрылым) құрастыру.
    Жұмыс және нәтиже түрлері:
    1. Шығармашылық жанрлар;
    2. Жоспар құрастыру немесе тәжірибе қою, өткізу;
    Абстрактылы ұғымдармен негізделетін нәтижелер.
    Бағалау. Даулы және пікірталас тудыратын мәселелер бойынша шешім қабылдап, оны дәлелдеу.
    Студенттер өз ойларын, идеяларын, пайымдауларын мазмұндап, оларды негіздеуі қажет. Бұл деңгейде олар өз позицияларын нақтылық, логикалық, жүйелілік, дәйектілікке негіздеуі қажет.
    Инсерт технологиясы бойынша алған білімдеріне талдау жасай отырып бағалау.
    Не білдім?/ Не білгім келеді
    Блум таксономиясы бойынша ойлау әрекетінің деңгейлері
    Дағдылар Сипаттамасы
    Білу Нақты фактілерді, ақпараттарды және олардың сипаттамасын білу және көрсету
    Түсіну Ақпаратты дұрыс көрсету, болжау немесе түсіндіру арқылы ұғынуды көрсету
    Қолдану Ақпаратты және бұрын алынған білімдерді жаңа немесе таныс емес мәнмәтінде немесе жағдаятта қолдану
    Талдау Ақпараттық материалдарды құрылымдық бөліктерге бөлу қабілетін көрсету, дәлелін немесе себебін анықтау арқылы түрлі қорытынды алу үшін ақпаратты зерделеу, жалпы ережелерді негіздеу үшін ой қорытындысын және/немесе дәлелдер табу
    Синтез Бұрын алынған білімдердің түрлі бөліктерін жаңа мәнмәтінде қайта қарау қабілетін көрсету
    Бағалау Белгіленген критерийлер бойынша идеялардың немесе фактілердің маңыздылығы туралы пікір қалыптастыру

    Блум бойынша ойлау дағдылары деңгейінің таксономиясы

    Ойлау дағдыларының деңгейі Ойлау дағдылары деңгейіне сәйкес келетін етістіктердің тізбесі
    Білу Атап өту, есте сақтау, атау, көрсету, аяқтау, қайталау, елестету, әңгімелеу, еске түсіру және т.б
    Түсіну Қолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, көрсету, табу, сахналау, қатыстыру, зерттеу, эксперимент өткізу, суреттермен суреттеу, түсіндіру, сүйену, жаттықтыру, ара қатынасын белгілеу, жоспарлау, көрсету, нобай жасау, шығару, пайдалану және т.б.
    Қолдану Қолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, көрсету, табу, сахналау, қатыстыру, зерттеу, эксперимент өткізу, суреттермен суреттеу, түсіндіру, сүйену, жаттықтыру, ара қатынасын белгілеу, жоспарлау, көрсету, нобай жасау, шығару, пайдалану және т.б.
    Талдау Талдау, топтастыру, есептеу, санаттау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарама-қарсы қою, талқылау, саралау, ажырату, бөлу, зерттеу, эксперимент жасау, түсіндіру, қорытынды шығару, реттеу, күдіктену, ара қатынасын белгілеу, таңдау, бөлу, тексеру және т.б
    Синтез Топтастыру, жинау, араластыру, құрастыру, жасау, әзірлеу, тұжырымдау, жинақтау, біріктіру, ойластыру, түрлендіру, ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау, ұсыну, қайта топтастыру, көшіру, белгілеу, алмастыру, қайта анықтау және т.б.
    Бағалау Дәлелдеу, таңдау, салыстыру, қорытынды жасау, сендіру, дәлел келтіру, шығару, негіздеу, түсіндіру, өлшеу, болжау, ұсыну, белгілеу, жинақтау, қолдау, тексеру, бағалау, кеңес беру, эксперименттеу, рецензиялау, зерттеу, шығару
    Мұғалім білім алушылармен бірлесе отырып оқу мақсатына жетудің табыс критерийлерін талқылай алады және қажет болған жағдайда оларды толықтырады. Қалыптастырушы бағалау барысында мұғалім белгілі дағдыларды бағалаудың тиімді тәсілі ретінде топтық жұмыстарды қолдана алады. Топтық жұмыс барысында мұғалім әрбір топтағы білім алушылардың талқылауын тыңдайды және бақылайды: кейбір білім алушылар бағалау критерийлеріне сәйкес оқу мақсатына жеткендігін жылдам көрсете алады. Мұғалім одан әрі оқу мақсатына жетуге ұмтылған білім алушылардың іс- әрекетін бақылауы және қосымша сұрақтар қоюы тиіс: — Бұл туралы не ойлайсыздар? — Сіздің топта не талқыланғаны туралы түсінік бере аласыз ба? Егер білім алушылар практикалық жұмыс орындаса, онда сұрақты әр тапсырма бойынша қоюға болады: — Сіздер қазір не істеп жатырсыздар? — Сіздің ойыңызша бұдан әрі не болады? — Сіз бұл тапсырманы орындау барысында ерекше бірдеңені байқадыңыз ба? Топтық жұмыс барысында мұғалім барлық топтардың жұмысын бақылауы тиіс. Топты бақылауды тапсырманы орындауға қатысумен бірге жүргізуге де болады. Жауаптарды бағалаудан кейін мұғалім оқу мақсатына жетуге ұмтылған.

     Критериалды бағалау деп тек бағалау барысы мен баға қойылуы тиіс сәттер деп түсінбеу керек, ол жалпы мұғалімнің, оқушының және ата-ананың арасындағы, болмаса оқушының өзі анықтайтын, оқыту процесінің табыстылығын анықтау бойынша бақылау-өлшем байланысын орнататын механизм. Жалпы алғанда, бағалау және өзін-өзі бағалау жүйесі - білім беру процесінің өз-өзін қадағалап отыратын, ерекше маңызға ие нақты механизмі. Критериалды бағалау сабақ беру, бағалау және оқытудың өзара байланыс принциптері негізінде дайындалған. Оның негізгі принциптеріне төмендегілер жатады:

    • Бағалау білім жүйесінің міндеттеріне негізделген. Бағалау өзіндік мақсат болып саналмайды. Бұл жалпы білім беруді жетілдірудің механизмі болуымен қатар, әр оқушының оқу жетістігін жақсартудағы тиімді практика түрі болып табылады. Білім беру жүйесі міндеттері бағалауды және оны өткізудің жолдарын анықтайды.

    • Бағалау процесі әділ, нақты, сенімді және айқын болып табылады. Бұл бағалау барысында қолданылатын ақпараттардың сенімділігі мен айқындығын қамтамасыз етіп, тапсырмалар мен оларға сәйкес критерийлердің оқушылардың оқу жетістіктеріне жеткендігін бағалайтынын анықтайды.

    • Бағалау білім беру мазмұнының құрамдас бөлігі болып табылады, бағдарлама мақсаттары мен күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты болып келеді. Ол мақсаттардың айқындығын қамтамасыз ете отыра, бағалау түрлерінің (қалыптастырушы және жиынтық) және бағалау рәсімінің оқу бағдарламасына сәйкестігін анықтайды.

    • Бағалау қолжетімді, анық және ашық түрде болады. Ол қажетті ақпаратты уақытында беріп отыруға мүмкіндік тудырады, оқушылардың өзін - өзі реттеу тәртібін дамытып, процеске қатысушылардың жауапкершілігін арттырады.

    • Бағалау үздіксіз өткізіледі және оқушының оқу жетістіктерін анықтауға, жеке даму траекториясын жасауға мүмкіндіктер тудырады.

    • Бағалау мектептің, мектеп ұжымының және оқушылардың даму бағытын айқындау жолындағы басты фактор болып табылады. Осы процеске қатысушылардың өз міндеттерін атқарудағы құзіреттілігін арттыруға мүмкіндік тудырады. Әдебиеттер тізім

    Қазіргі білім берудің басты міндеттерінің бірі пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіру, осы пәндер үшін білікті кадрлар даярлау, оқушылардың білімін объективті бағалау болып табылады. Сондықтан соңғы жылдары мектептегі әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттарының бірі оқу үдерісіне критериалды бағалауды енгізу. Критериалды бағалау технологиясы оқытудың заманауи әдістемелерінің бірі ретінде қазіргі заманғы білім берудің көптеген мәселелерін шешуде. Көптеген жылдар бойы бағалау оқушының жетістіктерін басқа оқушылардың нәтижелерімен салыстыра отырып жасалды және бағалауда төменде көрсетілгендей бірнеше кемшіліктер болды: – оқушыларға, ата-аналарға және педагогтарға түсінікті оқыту нәтижелеріне қол жеткізуді бағалаудың нақты критерийлері болмады; – педагог әрбір оқушының нәтижеге қол жеткізуінің бірыңғай критерийлерінің негізінде емес, жалпы сыныптың орташа білім деңгейіне бағдарлай отырып, баға қойды; – оқушыларға қойылған бағалар оқу бағдарламасының жеке бөлімдері бойынша нақты білімді, шеберлікті, дағдыларды меңгерудің нақты көрінісін бермейді, бұл әрбір оқушының жеке оқу траекториясын анықтауға мүмкіндік бермейді; – оқу процесінде оқушы мен мұғалім арасында жедел байланыс жоқ, бұл оқушылардың оқуға деген ынтасын туғызбайды [3]. Осы проблемаларды шешу үшін мектептерде оқытудың мақсаттарына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне сәйкес оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесі әзірленді. Критериалды бағалау дегеніміз не? Оның артықшылықтары мен кемшіліктері қандай? Біріншіден, критериалды бағалау — оқушылардың оқу жетістіктерін нақты анықталған, ұжымдық қалыптасқан, білім беру процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі (оқушыларға, мектеп әкімшілігіне, ата-аналарға, заңды өкілдерге және т. б.) критерийлермен салыстыруға негізделген, оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін процесс. Критерий сөзінің өзі — қандай да бір нәрсеге қойылған талаптарға сәйкестігін бағалау жөнінде шешім қабылдау белгісін, негіздемелерін, ережелерін білдіреді. Критериалды бағалаудың негізгі принциптерінде оқу тапсырмасын орындау нәтижесі қалай дұрыс көрінуі керек екендігі туралы нақты түсінік беріледі, ал бағалау оқушының осы мақсатқа жақындау дәрежесін анықтау шкаласы болып табылады [1]. Сонымен қатар критериалды бағалау формативті және жиынтық бағалау деп екіге бөлінеді.

    Формативті бағалау — сабақта және үйде күнделікті жұмыс барысында білім мен дағдыларды меңгерудің ағымдағы деңгейін анықтау, оқыту процесінде оқушылар мен мұғалім арасындағы жедел өзара байланысты жүзеге асыру. Ол оқушыларға жаңа материалды зерттеу кезінде тапсырмаларды қаншалықты дұрыс орындағанын және оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне жететінін түсінуге мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау— оқу ақпаратының белгілі бір бөлігін оқып, аяқтағанда білім мен оқу дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтайды.

    Жиынтық бағалауды мұғалімдер немесе мектеп әкімшілігі жүзеге асырады. Енді басқа педагогикалық әдістермен салыстырғанда критериалды бағалаудың қандай артықшылықтары мен кемшіліктері бар екенін түсінуге тырысайық. Критериалды бағалаудың негізгі міндеттерінің ішінде төмендегі міндеттерді бөлуге болады: – оқу үдерісінің әр кезеңінде әр оқушының дайындық деңгейін анықтау; – жеке прогресті анықтау, қадағалау, оқушының жеке даму траекториясын түзету; – оқушылардың күтілетін оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін ауқымды дамытуға ынталандыру; – әр түрлі қызмет түрлерін орындау үшін алынған бағалардың маңыздылығын саралау; – оқу материалын меңгеру сапасын және оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету [2, 3]. Оқушыларға баға қою мәселесі- педагогикалық теорияда да, практикада да өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі таңда бағалау жүйесі білімді толық меңгеру нәтижелерін көрсетпейді, бұл оқу бағдарламасының қазіргі заманғы талаптарына толық көлемде сәйкес келмейді [2]. Бағалау процесі білім беру процесінің тұрақты құрамдас бір бөлігі болып табылады әрі сонымен бірге дамуға жатады. Оқушылардың оқу және танымдық мотивациясы мен ынталандыруы, оқу жетістіктерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған бағалау процесі сияқты проблемалар маңызды болып табылады. Бағалау критерийін қандайда бір стандарт немесе оқушылардың оқу жетістіктерін жақсартуға ынталандыру үшін мәні бар оқу материалдарының меңгеру деңгейінің көрсеткіші ретінде қарастырылуы қажет. Оқушылардың оқу-танымдық құзіреттілігін қазіргі ғылыми бағыттардың бірі ретінде оқу жетістіктерін критериалды бағалау технологиясы тұрғысынан қарастыру қажет. Бағалаудағы негізгі проблема — мектеп бағасының субъективтілігі. Оқушыларға да, ата-аналарға да түсінікті болатын нақты критерийлер болуы керек, бір сөзбен айтқанда «бағалау картасы» толығымен айқын болуы шарт. Сабақтың тақырыбына, оқушылардың жұмыс деңгейіне байланысты, тест немесе жазбаша жұмыс бойынша әр тапсырма үшін сәйкес ұпайлар алдын-ала келісіледі, сонымен қатар баллдарды бағаларға айналдыру шкаласы да қолданылады. Осы орайда, оқушы мен мұғалім арасындағы ашық диалог арқылы ғана білімін бағалауға болады, ата-аналардың да ешқандай қарсылығы болмайды, нәтижелерді осындай объективті бағалау барлығына ұнамды [4]. Мектептердегі оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі оқушылардың білімін жетілдіруге және жеңілдетуге белгілі бір ынталандыруды, алға басуды тудырады. Бұл әдістемеде критериалды бағалау технологиясының келесі негізгі артықшылықтарын атап өтуге болады: Бұл әдіс өте ыңғайлы және пәннің оқу мақсаттарына сәйкес келеді; Осы әдіспен оқушылардың білімін бағалау үшін оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер тарапынан ешқандай шағымдар болмауы мүмкін; Оқу процесінде пәнді оқыту әдістемесі, осы пәнді бағалау критериалды бағалау технологиясының алдын-ала дайындалған стратегиялық жоспарына негізделеді; Бұл әдіс оқушылардың алдын-ала дайындалуға мүмкіндік береді және өзін-өзі бағалау дағдыларын дамытуға ықпал етеді, сонымен қатар осы тақырыпта алдағы уақытта да өзін-өзі дайын жүруге дағдыландырады; Өткізілген материалдардың сапасын айтарлықтай жақсартады. Бұл жерде критериалды бағалау технологиясының артықшылықтарымен қатар, осы жүйенің кейбір қиын жақтарын атап өтуге болады. Ең бастысы, оқушылар мен мұғалімдер сөзсіз өздерін осындай жүйеге бағыттайтын, сабақ өткізу және оқушылардың білімін бағалау, белгілі бір жаңа тест тапсырмаларын дайындау кезінде әдеттегі көзқарастарын өзгертуі керек. Критериалды бағалаудың барлық кезеңдерін сақтаған жағдайда, бейімделу кезеңінің күрделілігі оқушылардың білім сапасын көтеру арқылы өтеледі. Мұндай бағалау жүйесі қанағаттанарлықсыз бағаларды жояды. Білім беруді бағалаудың дәстүрлі бес балдық жүйесі табиғи түрде объективті, бірақ білім беру жүйесінің әдіснамасын дамытудың қазіргі жағдайларында одан әрі әдістемелік жетілдіруді қажет етеді. Оқушы әрі қарай дамып, білімін жетілдіре түсіп, білімді игеруде шығармашылықпен жұмыс істеуі қажет. Егер мұғалім оқушылардың одан әрі шығармашылық өсуіне ынталандыру болмаса, онда бұл таным процесіне кедергі келтіреді, сондықтан жоғары балл қою арқылы оқушыларды ынталандырған дұрыс. Мысалы, егер біз дәстүрлі бес балдық бағалау жүйесін жүз баллға теңесек, онда белгілі бір тақырыпқа шығармашылықпен қарайтын оқушылар үшін, проблемаларды шешуі және тағы көптеген ізденістер жүргізгені үшін жүзден астам балл қоюға болады, бұл оқушыларға үлкен ынталандыру болып табылады [3]. Атап айтқанда, оқушылардың «рефлексиясын» дамыту қажет, яғни біз берген немесе ұсынған ақпараттарды оқушылардан қайта сұрау арқылы түсінген және түсінбеген тұстарын білуге, шығармашылық деңгейін анықтауға арналған. Сонымен қатар, белсенді қатысуды оқушыларға үйрету керек. Критериалды бағалау жүйесі нормативтік жүйе болып табылады. Бұл жүйе оқушылардың білімін бағалауға ғана емес, сонымен бірге оқушының жеке қасиеттерін дамытуға, жастардың дарындарын ашуға, қоршаған ортамен дұрыс қарым-қатынас орнатуға, білімдерін жетілдіруге бағытталған. Қорыта келгенде, критериалды бағалау жүйесі — бұл профессор-оқытушылар құрамымен келісілген әрі білім беру бағдарламасының мақсаттары мен мазмұнына сәйкес оқушылардың құзыреттілігін жеке дамытуға бағытталған нақты жүйе.



    Тапсырма әзірлеу кезеңдері.

    Бағалау критерийлері және ойлау дағдыларының деңгейлері . Дескрипторлар.

    Бағалау құралдарын әзірлеу процесін қарастыру. Бағалау критерийлерін анықтау, оларды ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкестендіру, тапсырмаға дескрипторлар құрастыру және бағалау тапсырмаларын әзірлеу кезеңдерінің мазмұнын талқылаймыз.

    Критериалды бағалау технологиясы білім алушылардың жетістіктерін олардың оқу материалын қалай игергенін, практикалық дағдысы қалай қалыптасқанын анықтауға мүмкіндік беретін нақты анықталған, алдын ала белгіленген критерийлермен салыстыруға негізделген.

    Тапсырма құрастыру барысында қамтылатын оқу материалының мазмұны мен көлемі бағалау түріне, яғни, қалыптастырушы немесе жиынтық бағалау өткізуге байланысты ерекшеленеді:


    • қалыптастырушы бағалау мақсатында оқушыларға оқу материалын меңгеруде дер кезінде нақты көмек көрсету үшін ықшам мазмұнды қамтитын тапсырмалар әзірлеу;


    • жиынтық бағалау үшін тапсырмада оқушылардың оқу бағдарламасының нақты бөлімін меңгеру деңгейін көрсетуге мүмкіндік беретін оқу материалын қамту;


    • жиынтық бағалау тапсырмасы мазмұнында оқушының белгілі бір оқу кезеңдегі межеленген оқу нәтижелеріне қол жеткізгенін көрсететін және соны растауға мүмкіндік беретін оқу мақсаттарын қамту.


      Бағалау тапсырмаларын әзірлеу тәсілдері бағалау түрлері мен бағалау процедураларының талаптарына, пәннің мазмұны мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ерекшеленуі мүмкін.

    Бағалау түріне сараланған көзқарас бағалау тәжірибесінің оқушылардың оқуына тигізетін әсерін талдауға мүмкіндік береді. Оқыту мен бағалауды ықпалдастыру барысында келеңсіз жағдайларға жол бермеген дұрыс. Яғни бағалау оқушылардың жаттанды білім қалыптастыруына, материалдың мазмұнына бойламай, ақпаратты қарапайым есте сақтауға әдеттендірмеуі керек.

    Қалыптастырушы бағалау процесін білім алушылардың қажеттіліктеріне сәйкес және тиімді жоспарлау үшін мұғалімге оның формасын, мазмұнын, жиілігін, сондай-ақ қалыптастырушы бағалау құралдарын өз бетінше анықтау мүмкіндігі беріледі. Мұғалім оқу процесінде және қалыптастырушы бағалау барысында пәннің оқу бағдарламасындағы барлық оқу мақсаттарын қарастыруы қажет.

    Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмаларын өз бетінше құрастыру үшін мұғалімге келесі қадамдарды ұсынуға болады:

    Алдымен: пәннің оқу бағдарламасымен, оқу жоспарымен танысу, оқу мақсаттарына талдау жасау;

    Екінші: таңдалған оқу мақсаты бойынша Блум таксономиясына сүйеніп бағалау критерийлерін құрастыру;

    Үшінші: тапсырма құрастыру кезінде саралауды қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкестендіру;

    Осыдан кейін бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;

    Соңында әр тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін сипаттайтын дескрипторлар құрастыру.

    Мұғалім тапсырманы оқу мәнмәтінін, оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып таңдайды немесе құрастырады.

    Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқыту мақсатына жету мониторингін жүргізу және орындалған үй жұмысы мен педагогтің жазбаша түрдегі (дәптерге немесе күнделікке) немесе ауызша ұсынымдарының қорытындысын ескере отырып, сараланған жұмыстарды одан әрі жалғастыру үшін жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалауға қатысты білім алушылардың саны мен кері байланыс беру жиілігін педагог өзі анықтайды.

    Жоғарыда келтірген алгоритмге негізделетін болсақ, тапсырманы әзірлеудің 1-кезеңі оқу бағдарламасын, нақтырақ айтқанда пәннің ұзақ мерзімді жоспарын талдаудан басталады. Тақырыптар аясындағы оқу мақсаттарына талдау жасап, қандай пәндік білім-біліктер мен пәнүсті дағдылар күтілетін нәтижелер ретінде қарастырылғаны және бағаланатыны анықталады.

    Танымдық саладағы оқу мақсаттарының Блум таксономиясы бойынша жіктелуі бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау процесінде кеңінен қолданылады. Бастапқы және түзетілген Блум таксономиясы оқуды күрделілік деңгейінің өсуі бойынша алты танымдық деңгейге бөледі. Әрбір жоғары деңгей алдыңғы деңгейде меңгерген дағдыларға негізделеді. Оқу мақсаттарын Блум таксономиясы бойынша жіктеуде бағалау критерийлерін құруда мұғалім басшылыққа алатын зат есім мен етістіктерді дұрыс қолдану маңызды. Етістік қол жеткізу көзделетін танымдық санатқа немесе деңгейге, ал зат есім оқушының меңгеріп, көрсетуі тиіс тапсырманың түріне бағытталуы тиіс. Келесі слайдта көрсетілген кестелерде күрделілік деңгейінің өсуіне сәйкес танымдық процестің мазмұны көрсетілген.

    Танымдық процесс «білім» деңгейінде «Оқушы ақпаратты есіне түсіре ала ма?» деген сұраққа жауап береді. Мысалы, тізім құру; терминдерді, оқиға мерзімдерін, формулаларды анықтау; ұғымдарды атау; тізімді белгілеу, теореманы айту.

    «Түсіну» деңгейінде «Оқушы идея мен мазмұнды түсіндіре ала ма?» деген сұраққа жауап береді. Мысалы, ұғымдарды санатқа жіктеу; материалды қорытындылау; әрекеттерді сипаттау; көзқарастарды, сипаттамаларды салыстыру.

    «Қолдану» деңгейінде «Оқушы ақпаратты таныс жағдайда немесе жаңа мазмұнда қолдана ала ма?» деген сұраққа жауап береді. Мысалы, қағидатты қолдану; процедураларды орындау немесе енгізу.

    Танымдық процесс «Талдау» деңгейінде «Оқушы берілген көлемді ақпаратты бөліктерге жіктеп, олардың әрқайсысының мазмұнын немесе олардың бір-бірімен байланысын анықтай ала ма?» деген сұраққа жауап береді. Мысалы, реттілігін зерттеу, нәтижені болжау.

    «Бағалау» деңгейінде «Оқушы өз ойын, қабылдаған шешімін негіздей ала ма?» деген сұраққа жауап береді. Мысалы, өз таңдауын, жасаған қорытындысын сипаттау; бағаны, әрекетті тексеру; баламасын, негізгісін, ерекшесін таңдау.

    «Жинақтау» деңгейінде «Оқушы жаңа идея, көзқарас, жаңа тәсіл немесе жаңа өнім ұсына ала ма?» деген сұраққа жауап береді. Мысалы, зерттеу жұмысын немесе жаңа идея, теория әзірлеу; жаңа мүмкіндіктер ұсыну; тың идеялар ойлап шығару.

    Бұл оқу мақсаттарына сәйкес күтілетін нәтижені қалай жоспарлауға және оған сәйкес бағалауды қалай жүргізуге болатынын көрсетеді. Оқу мақсаттары мен бағалау түрі Блум таксонмиясының бірнеше деңгейін қамтуы мүмкін. Бұл оқу мақсаттарының бірнеше танымдық деңгейге қатысты болуымен байланысты және бағалау процесі де соған сәйкес жүреді.

    Кезекті слайдта білімді меңгеру процесі көрсетілген және ол келесі санаттармен сипатталады:

    Фактологиялық білім - Оқушыға таныс болуы немесе оқушы білуі тиіс негізгі терминдер мен фактілер.

    Концептуалдық білім - Базалық фактілердің арасындағы өзара байланыс, мысалы, санаттық жіктелімдер, модельдер, теориялар.

    Процедуралық білім - Тәжірибелік білім, дәлелдеулер мен тәжірибе жұмыстарын жасау, өлшеу.

    Метатанымдық білім - Өзін-өзі танудан бастап басқа адамдардың ойлау процесін түсіну және хабардар болу.

    Бағалау критерийлерін дұрыс құрастыру, яғни оқушының оқу әрекетінде не бағаланатынын нақты белгілеу үшін мұғалімнің білім категорияларын түсінуі және ажырата білуі ерекше маңызды.

    Тапсырма__әзірлеудің_2-кезеңі'>Тапсырма әзірлеудің 2-кезеңі - оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттарының негізінде бағалау критерийлерін құрастыру.

    Бағалау критерийлерін анықтау үшін келесі сұрақтардың төңірегінде ойланып көрейік:

    Практикада объективті бағалау бар ма?

    Бағалаудың шынайылығы неден көрінеді?

    Бағалау шынайы болуы үшін қандай талаптарды орындау керек?

    Бағалау критерийі деген не?

    Бағалау критерийлері қандай болуы керек?

    Бағалау критерийі – білім алушының оқу жетістіктерін бағалауға негіз болатын белгі.

    Бағалау критерийі оқу мақсаттарына жету қалай тексерілетінін көрсетеді, яғни, оқушы оқу мақсаттарына жеткенін көрсету үшін нені орындау қажеттігін сипаттайды. Сондықтан бағалау критерийлері өлшемді, оқушының оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтайтындай болуы керек. Сонымен қатар бағалау критерийлері орындалатын, яғни оқу мақсаттарына сәйкес анықталған болуы тиіс және оқу мақсаттарының аясынан шықпауы керек. Олар мұғалім мен оқушы үшін нақты, анық және түсінікті болуы тиіс.

    Оқу процесіне қатысушылардың барлығы оқушы оқу мақсатына қандай нақты әрекет арқылы жеткенін көрсетуі қажет екендігін түсінуі тиіс, мысалы атау, анықтау, көрсету, шешу.

    Оқу мақсатына сәйкес қанша бағалау критерийі болуы тиіс?

    Бағалау критерийлерінің санын көбейтпеген жөн. Әдетте, оқу мақсатының маңызды тұстарын бағалау орынды болып табылады. Сондықтан бағалау критерийлерінің санын азайтыңыз, барлығын қамтуға тырыспаңыз. Оқу мақсаттарының деңгейі мен көлемін есепке алыңыз.

    Тапсырма әзірлеудің 3-кезеңінде, тапсырмаларды саралауды қамтамасыз ету үшін бағалау критерийлерін ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкестендіру қажет.

    Ойланып көрейік. Ойлау дағдыларының деңгейлері: бұл неліктен маңызды?

    Ойлау дағдыларының деңгейі – әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі.

    Дағдыларды дәл анықтау критериалды бағалаудың маңызды аспектісі болып табылады. Критериалды бағалау жүйесінде ойлау дағдыларының деңгейлері үш топтың аясында қарастырылады:

    білу және түсіну;

    қолдану;

    жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау, бағалау).

    Бағалау критерийлерін Блум таксономиясы бойынша тиісінше ойлау дағдыларының деңгейіне дұрыс сәйкестендіру, мысалы бағалау критерийі «Білу» немесе «Түсіну» деңгейіне сәйкес келетінін анықтау, мұғалімге күтілетін нәтижеге бағытталған оқушы әрекетін дұрыс таңдауға және соған сәйкес келетін тапсырманы әзірлеуге көмектеседі.

    Бағалау критерийлерінің сапасын бағалау үшін бірқатар талаптар белгіленген тексеру парағын қолдануға болады, мысалы:

    Бағалау критерийі оқу мақсатымен байланысты

    Бағалау критерийі нақты, анық және тиянақты

    Бағалау критерийі бақылауға болатын (өлшенетін) нақты әрекетті сипаттайды

    Бағалау критерийі ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес келеді

    Бағалау критерийі күтілетін нәтижелерді көрсетеді

    Тексеру парағын бағалау критерийлеріне сараптама жасау үшін пайдалануға болады.

    Тапсырма әзірлеудің 4-кезеңі - бағалау критерийлері мен ойлау дағдылары деңгейлеріне сәйкес тапсырмаларды әзірлеу.

    Бағалауда қолданылатын тапсырмалар бірқатар талаптарға сәйкес құрылуы тиіс, атап айтқанда:

    Тапсырма оқу мақсаттары, бағалау критерийлері мен ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес болуы керек;

    Тапсырма оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуі керек;

    Тапсырмалар сараланған болуы керек, яғни оқушылардың жеке ерекшеліктерін, нақты айтқанда қабылдау мен ойлау, жұмыс істеу қарқыны, пәндік және пәнүсті дағдыларының қалыптасу деңгейінің ерекшеліктерін ескеру маңызды.

    Тапсырмалар оқушыларды танымдық әрекетке ынталандыратындай алуан түрлі, нақты және түсінікті болу тиіс.


    Тапсырма әзірлеудің 5 кезеңінде әр тапсырмаға дескрипторлар құрастырылады.

    Дескриптор дегеніміз не және оны әзірлеу барысында нені ескеру керек?

    Дескриптор - тапсырмаларды орындау кезіндегі нақты қадамдарды көрсететін сипаттама.

    Мұғалімнің қабылдаған шешімі объективті болу үшін тапсырмаларда қолданылатын дескрипторлар анық және нақты болуы қажет.

    Дескрипторлар тапсырманы орындауда оқушыға нақты қай жерде қиын болғанын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға тиімді кері

    байланыс беруге және қайталап оқуға арналған бағдарламалық материалдың қажетті көлемін анықтауға мүмкіндік береді.

    Мұғалімнің


    Тапсырма әзірлеу барысында неге назар аудару керек?

    Білім алушылар үшін жақсы практикалық тапсырма құрастыру – жай ғана техникалық тұрғыдан жүзеге асыру емес, ол – түсіну мәселесі, себебі олар алған білімін тәжірибеде қолданатын болады.

    Тапсырманы құрастыру барысында тапсырма әзірлеуші мұғалім қандай кезеңдерден өтеді?

    Тапсырма әзірлеудің жоспарлау, құрастыру, сараптау, қолдану, талдау сияқты бірнеше кезеңдерін атап өтуге болады.

    Жоспарлау кезеңінде бағалауға арналған тапсырманың әзірлеу мақсаты мен міндеттері айқындалып, қажетті құжаттар анықталады.

    Құрастыру кезеңінде пәннің оқу бағдарламасын, спецификацияны қолдану арқылы тапсырма әзірленеді.

    Сараптама жасау кезеңінде тапсырманың сапасын талдап, материал қайта қаралады, қажет болған жағдайда тиісті өзгертулер енгізіледі.

    Қолдану кезеңінде белгіленген уақыт пен жағдайға сәйкес тапсырма қолданысқа енеді.

    Талдау кезеңінде тапсырманы қолдану нәтижесі талданады, қажет болған жағдайда өзгертулер енгізіледі.

    Тапсырма әзірлеу барысында оқу мақсаттарын, бағалау критерилерін есте ұстау маңызды. Бұл мазмұнды және тиімді практикалық тапсырма құрастыруға ықпал етеді.


    написать администратору сайта