|
Травматология. НПН- эталон 50 балл-2019-2020 (1). 31,32,33,35,51,52,53,54,55ответі ерте шыады!!!
1982 жылдың күзінде (21 жасында) тағы да күш ағынын, «ішкі толқуды» сезінді, көп сөйлеп, белсенділігі артты. Өзін «ерекше мүмкіндігі» бар адам деп түсінді, басқалардың ойына әсер ете аламын деп санады, және ол жайында басқаларға ынтамен әңгімеледі. Анасы аудандық психиатрға көрсетіп, психиатриялық ауруханаға жатқызды. Алғашқы уақытта көп сөйлеп, қимылдық қозу байқалды, палатада тұрмады, айналадағының барлығы үш топқа бөлінеді, оның бірі өзінің жақтастары, ал екеуі қарсы деген ой айтты. Өзін ауруханада емес басқа планетадамын деп санады, кейде мелшиіп тұрып қалады немесе бір айтқанын қайталай береді. Осындай жағдай бір жетіге дейін сақталды, осы кезең бойында науқас аминазиннің үлкен дозасын қабылдады. Екінші аптадан бастап жағдайы жақсара бастады: уақыт пен орын бойынша бағдары дұрысталды, өзінің күйзелістері жөнінде толық айтып берді, «барлығы өткен жолғыдай» болғанына сенімді. Дәрігермен әңгімелескенде ашық, эмоциональды сақталған, болашаққа нақты жоспарлар құрады, ата – анасын сағынғандығын айтады. Бөлімшеде белсенді, қызметкерлерге көмектеседі, еңбек терапиясына ынтамен қатысады.
1.Диагнозды негіздеңіз.
2. Ем тағайындаңыз.
1.Маньякалды синдром
52. Науқас Е.И., 54 жаста, психикалық аурулармен тұқымқуалаушылық ауырлығы анықталмаған. Ауылда туылған, мектепке дейінгі кезеңін өте бұлыңғыр есіне алады. Мектепке 7 жасында барған. Оқуға ешқандай қызуғушылық болмаған. Мінез – құлқы салмақты, аз араласатын болған, бос кезінде үй шаруасымен айналысқанды жақсы көрген. 20 жасында Мәскеуге көшіп келген, машинистка болып жұмысқа орналасқан. Тұрмысқа шыққан. Некеден ұл мен қызы бар. Мінез – құлқы бойынша сол салмақты, томаға күйінде қалған, үй шаруасымен, күйеуі мен балаларын күтіп бағуды ұнатқан. 1965 жылы (науқас 46 жаста) қатты жақсы көрген ағасының өлімінен кейін науқастың көңіл – күйі бірден төмендеп, еш нәрсе істей алмай қалған, ұйқысы бұзылған, қорқыныш сезімі пайда болған, төсінің артында ауырлық сезімі пайда болған, тәбеті төмендеп, бір айдың ішінде 5 кг-ға азып кеткен. Көңіл – күйінің тәуліктік тербелісі байқалып, таңертеңгі мезгілде өзін аса нашар сезінген. Сол кезде психиатрға алғаш рет көрініп, психиатриялық ауруханада 45 күн емделген. Ауруханадан шығар кезеңінде көңіл – күйі толық тұрақталды, ұйқысы жақсарды, тәбеті дұрысталып, қорқыныш сезімі жойылып, төс артындағы ауырлық сезімі басылған. Ауруханадан шыққанан кейін қызметіне оралып, көңіл – күйі қалпына келді. Күйеуі мен балаларына қамқор болып, уақытының көп бөлігін үй шаруасына бөлген. Кейіннен 2 – 3 жылда бір рет түрлі психиатриялық ауруханаларда көңіл – күйінің төмендеуі, қорқыныш сезімінің пайда болуы, ұйқысы мен тәбетінің нашарлауына байланысты жатып ем қабылдап тұрған. Стационарда орташа болу мерзімі 1,5 – 2 ай. 15 жылдық бақылауда науқас тұлғасында ешқандай өзгеріс байқалмаған. Профессиональды міндеттерін дұрыс атқарып, үй шаруасымен жеңіл айналысқан, әрдайым күйеуі мен балаларына қамқор болып жүрген. Өзінің сырқатына сын көзқарас толық. Көңіл – күйінің қашан төмендеп басталғанын анық атап береді. «Дерт» кезеңдері мен «сауығу» кезеңдерін анық айыра біледі.Сырқатының соңғы ұстамасы ешқандай себепсіз дамыған. Немқұрайдылық, селқостық, суицидальды ойлар пайда болған. Ауруханаға жеткізген кезіндегі психикалық күйі: орын мен уақыт бойынша бағдары дұрыс, бет-әлпеті мұңлы, қимылы мен сөйлеуі баяулаған, кеуде тұсындағы ауырлық пен қысымға шағымданады. Науқас ағасының қайтыс болғанына өзін кінәлімін деп есептейді, оның өлімінің алдын-алғанымда бұлай болмас еді дейді. Өлім жазасына тартылуым керек деп мәлімдейді. «Жақындарына туыстық сезімін» жоғалттым деп өзін кінәлайды. Тамақты мәжбүрлеумен ішеді.
1. Негізгі синдром шыгарыныз.
2. Диагнозды негіздеңіз.
3. Ем тағайындаңыз.
53. Науқас П., 28 жаста, слесарь. Алғашқы жүктіліктен дүниеге келген. Өз жасына сай дамып, өскен. Балалық шағында балалар инфекциясымен ауырған. Психикалық аурулармен тұқымқуалаушылық ауырлығы жоқ. Әкесі мінезі бойынша жұмсақ, анасы-ұялшақ, көңілшең, ренжігіш. Науқас мінезі бойынша педант, ұқыпты, қарым-қатынаста ашық, бір істен екінші іске ауысуы қиын. Мектепке 7 жасында барған, жақсы оқыған. Сабақ кезінде өзінің шешімдерінің дұрыстығына күмәнді болған. 10-сыныпты бітіріп, слесарь болып жұмысқа орналасқан. Жұмысына жоғары жауапкершілікпен қараған. Кезекті жиналыста цех бастығы, жұмысқа деген жауапсыздық нәтижесінде көрші цехта төтенше оқиға болғанын айтқан. Артынан ол адамдардың қатаң жаза алатындығын айтқан. Жұмыстан кейін науқаста, станокты сөндірдім бе жоқ па деген сезікті ой пайда болады. Үйіне жете бере, ол станокты тексеру үшін, жұмысқа қайта оралуға мәжбүр болған. Осындай ойлар күнде қайталанып отырған, ол онымен күресуге тырысқан, бірақ нәтижесіз. Кей уақыттарда аса тітіркенгіштік, ашушаңдық танытқан. Стацианарға түскенде науқаста аздап үрейшілдік байқалды. Жұмыс орны, жанұясы туралы көп күйзеліп, ойланады. Науқас өзінің істеген істерінің дұрыстығына үнемі күмәнданатындығына, одан арыла алмайтындығына шағымданады. Өз күмәнінің негізсіздігін біле тұра бірнеше рет оларды тексеруге мәжбүр екендігін айтады. Науқас өз күйіне сын көзқараспен қарайды, оның қажу жағдайына байланысты екендігін түсінеді. Дәрілік және психотерапиялық емнен кейін жағдайы жақсарды. Жұмысына шығарылды.
1.Негізгі синдром шыгарыныз.
2. Диагнозды негіздеңіз.
3.Қандай психотерапия тәсілдері және не үшін қолданылады?
54. Науқас С., 42 жаста, тазалықшы. Жылаңқылыққа, үнемі тамағындағы түйінге, спазмға, бас ауыруына, бұлшық еттеріндегі ауру сезімдеріне, ұйқы бұзылысына шағым айтады. Анасы тарапынан әжесі туысқандарының айтуы бойынша қызық кісі болған, «есінен адасқан». Әкесі тұйықтау, деспот кісі болған, баларына шамадан тыс талапшыл болған. Анасы сезімтал, ренжігіш, жанұялық қиыншылықтарға жиі шағымданатын болған. Науқас әсершіл, ренжігіш, айтқанынан қайтпайды. Толқу жағдайында жиі тамағында түйнек, «бүкіл денесінің дірілін», басында өткір шаншуды, аяқ-қолдары бұлшық еттерінің ауратындығын байқаған. Осындай жағдай алғаш рет жеті жасында, мектептегі нашар тәртібі үшін әкесі белбеумен соққан кезде байқалған. Науқастың айтуы бойынша әкесі қатты қорқып кеткен. Содан соң ешқашан ұрмаған. 16 жасынан бастап еңбекке араласқан. Науқас тігу шеберханасында бес жыл істеген. 27 жасында тұрмысқа шыққан. Жолдасы оған қамқор болып, барлық тілектерін орындап отырған. Балалы болғаннан кейін, жұмысындағылар, науқастың ойы бойынша оның жанұялық бақытын көре алмаушылар, нашар көзқараспен қарайды деп, ары қарай жұмысын жалғастыра алмаған. Қызметтестерінің айтуы бойынша науқас бірбеткей, тек өзінің қалағанын істейтін көрінеді. Үш жыл бұрын жүрек ұстамасынан күйеуі қайтыс болған. Науқас қатты қайғырған. Жерлеу кезінде «истерика» болған. Ол зарлы дауыспен айғайлаған, бірақ артынан басылған. Жұмысқа орналасуға мәжбүр болған. Өткен жылы күйеуге екінші рет шыққан. Күйеуі арақ ішеді, бір керістен кейін тұншығу сезімі пайда болған, сөйлей алмай қалған (афония). Бұлшықеттері ауырғандықтан әрең қозғалған. Дәрігер көмегіне жүгінген.
Психикалық жағдайы: өзін демонстративті ұстайды, сыбырмен сөйлейді, оның Сөйлеуіне кедергі жасап тұрған тамағындағы спазмды байқайды, кейде жылап, тыныштала алмайды. Жұбайның үнемі ішетіндігіне, оның өміріне көңіл бөлмейтініне шағым айтады. Дәрігердің күйеуін шақыртып, оған оның «ауруының аурылығы» жөнінде түсіндіріп беруін, өзіне көңіл бөлу қажеттігін айтуын сұрайды. Ем жүргізілгеннен кейін (дәрілік, психотерапиялық) және жанұялық жағдайы жөнделген соң науқастың жағдайы жақсарды.
1Диагнозды негіздеңіз.
Ем тағайындаңыз.
55. 45 жастағы ер кісі. Кенеттен мінез-құлқы өзгерген. Көңіл-күйі үнемі көтеріңкі, басқа адамдар мен балаларының көзінше сексуальды жетістіктерімен мақтанатын болған. Жұмысын тастаған, ештенемен айналыспайды. Өзін науқаспын деп есептемейді.
Қай синдром?
Қай ауруларда кездеседі?
Дифференциальды диагнозға қандай параклиникалық зерттеулер қажет?
Емдік тағайындауларыңыз.
56.Науқас, ішке қабылдауға арналған психобелсенді затты дұрыс қолданбай, бірнеше айдан соң дұрыс қолданбау абстинентті синдромға айналды. Абстиненция өте қиын өтіп жатты және асқазанда және ірі буындарда ауырсынулар, ұйықтағанда қиындықтар байқалды; науқас қозғыш, үрейлі, мазасыз, озбырлық (агрессия) ұстамалары байқалды, көңіл-күйдің түсуі, және мол тершеңділік, бөліктердегі кіші треморлар, бұлшықет құрысулары, эпилептиформды ұстама.
1) Наркомания және токсикоманияның болжам формасын анықтаңыз.
2) Науқаста байқалған симптомдарды атаңыз.
Жауап:
1.Барбитуратты токсикомания
2.Ажитация,дисфория,алгии,вегетативті бұзылыс
|
| 57.Психоактивті заттарды шектен тыс қолданатын науқаста, соңғы жылдары вегетативті-алигаклық симптоматикамен, толыққанды абсиненциялық синдром болмаған. Интоксикация көтеріңкі көңіл-күй мен белсенділік байқалады. Дегенмен зат қабылдау аралығындағы үзіліс кезінде қозғыштық, ашу-ыза жарылыстары, тежелу бар депрессиялық көңіл-күй кезеңдері, қатты әлсіздікпен көрінеді.
1)Наркомания және токсикоманияның болжам формасын анықтаңыз.
2) Симптомдарды атаңыз.
3) бұзылудәрежесі қандай?
Жауап:
1.Кокаинизм
2.Дисфории,депрессия,астения.
3.Депрессияның ауыр дәрежесі.
|
| 58.Белгілі бір препаратқа патологиялық әуестенуі бар науқас, эйфорияны арттыру үшін, қалыпты дозадан қарағанда көбірек қабылдады. Интоксикация көрінісі онейроидты шизофренияға ұқсас психоз дамыған.
1)Наркомания және токсикоманияның болжам формасын анықтаңыз.
2)Абстиненция симптомының пайда болу ықтималдылығы қандай?
3)Қандай препараттар галлюциногенге жатады?
4)Психоактивті заттан басқа қандай заттардан галлюцинация пайда болады?
5)Ұшқыш ертінділер қолданудағы галлюцинациялардан айырмашылығы қандай?
Жауап:
1.Галлюциногендерге тәуелділік
2.Абстиненции дамуы тән емес.
3.псилоцибиндер,ЛСД
4.Кокаин,циклодол
5.Галлюцинаторлы образ примативті.
|
| 59.Психоактивті затты венаға қабылдағаннан кейін науқаста шаттық сезімі пайда болды, күш-қуаттың артылу, денесінен жылулықты сезінді, теріде қышыну сезілді, тәнде ерекше жеңілділік байқалды. Ойлау ағыстары баяулады. Бұл симптомдар тез ойлау, көңілді көңіл-күйге жылдам ауысты. Артынша көп сөйлеу, қуаттың артуы, беймазалық, албырттық пайда болды. Содан соң қимыл мен сөйлеудің баяулауы, амалсыздық сезімі және мақсатсыз болу, ұйқышылдық байқалды.
1) Науқас қандай психоактивті зат пайдаланды?
2) Науқастан қандай аффективті бұзылулар түрлері байқалды?
3) Байқау бұзылулар ассоциатциясына қандай симптомдар жатады?
4) Психоактивті зат (клиникалық және заңды көзқараспен) қандай типті затқа жатады?
5) Психобелсенді затты артық пайдаланғандағы асқынуы?
Жауап:
1.Опиаттар
2.Экстатикалық мания,мания,қайғылы депрессия
3.Ассоциативті бұзылыстар,парестезиялар,көңіл-күйдің өзгеруі.
4.Наркотик
5.Тыныстың тоқтау.
|
| 60.Науқас психоактивті затты интраназальды енгізіп, интоксикация кезінде қимылдың белсенділігі, шаршаудың болмауы пайда болады. Препарат жүйелі түрде бірнеше сағат немесе бірнеше күн аралығында енгізледі. Дозаларын арттырған кезде делерий, онероид ұқсас көрініс және құрысу ұстамалары пайда болуы мүмкін. Қабылдауды тоқтатқан соң, бірнеше күннен кейін терең депрессия пайда болады. Препараттың белсенді ынталандыруы өте жоғары болғандықтан науқас комбинирленген седативті препараттар қабылдауға, оның ішінде опиатқа жүгінеді.
1)Науқас болжам бойынша қандай психоактивті зат қолданады?
2)Интоксикация симптомдарын атаңыз.
3)Абстиненция құрылымы бойынша алдыңғы симптом қандай және оның дәрежесі?
4)Психоактивті затты пайдаланғанда абстинентті күйдің негізігі қауіптілігі неде?
5)Бұл зат қай классқа (клиникалықжәнезаңды) жатады?
Жауап:
1.Кокаин
2.Қозғалысты тітіркену,Ностроенияның көтерілуі,гипербулия
3.Ауыр депрессия
4.Суицид
5.Наркотик
|
| |
|
|