Навигация по странице:1) гипотезия , гипорефлексия 2) кәрі жілік жүйкесінің невропатиясы 3) электронейромиография 4) 2 ай ішінде өздігінен қалпына келу, массаж1) гипотония, гипостезия 2) кіші жіліктік жүйкенің невроатиясы 3) электронейромиография 4) гимнастика, фиксация1) сенситивті атаксия, сезімтадық бұзылысының полиневропатиялық типі 2) перифериялық жүйкелер 3) полиневропатия (алкогольді) 4)1) сезімталдық бұзылысының полиневропатиялық типі 2) перифериялық жүйкелер зақымдалуы 3) диабеттік полиневропатия 4) ЭМГ, ЭНМГ5) Альфа-липоевая кислота 600 мг көк тамырға тиамин, цианокобаламин, пиридоксиннің комбинирленген препараттары инъекция түрінде симптоматикалық ем – прегабалин1) парестезиялар, бұлшықеттегі триггер нүктесі, гипостезия, арефлксия – ахилл рефлексі, гипотонус 2) бұлшықеттің рефлеторлық кернеуі, шонданай нерві3) шонданай жүйкесі невропатиясы 4) ЭМГ, ЭНМГ 5) новокаинді блокада1) бұлшықет-тоникалық синдром, сезімталдық бұзылысының сегментарлық – түбірлік типі 2) жұлынның артқы түбіршігі1) Үшкіл нервтің 2-тармағының невралгиясы 2) Стомотолог тексеруі, ми ісігін жоққа шығару үшін МРТ1) проксимальды бөлімдердегі перифериялық парез 2) мишықтың зақымдалуы 3) Үдемелі бұлшықеттік дистрофия (Дюшен миодистрофиясы)«Эксондис 51» (этеплирсен) 2016 жыл алғашқы мамандандырылған мақұлданған препарат. 31
|
Травматология. НПН- эталон 50 балл-2019-2020 (1). 31,32,33,35,51,52,53,54,55ответі ерте шыады!!!
21
| Ер адам 43 жаста, сантехник, таңертен ұйқыдан соң оң қол басының әлсіздігін сезінді. Таяуда көп мөлшерде алкоголь қолданған және артынша ұйықтап қалған. Қарау кезінде білектің және саусақтардың әлсіздігі (салбырап тұрған қол басы), иық білек бұлшық етінің және үлкен саусақтың бүгілуі және жазылу әлсіздігі, анатомиялық табакерка аймағындағы барлық сезімталдық түрлерінің төмендеуі және иық басының төрт басты бұлшық етінің рефлексінің төмендеуі анықталды.
1) Неврологиялық синдром?
2) Клиникалық болжам диагноз?
3) Қосымша зерттеу әдістері және олардың болжам нәтижелері?
4) Емі? 1) гипотезия, гипорефлексия
2) кәрі жілік жүйкесінің невропатиясы
3) электронейромиография
4) 2 ай ішінде өздігінен қалпына келу, массаж
| 22
| Ер адам 52 жаста, еденді жөндеу жұмыстарынан кейін әлсіздігін және аяқ басының ұйып қалғанын сезінді. Қарау кезінде аяқтарының бүгілуін қамтамасыз ететін бұлшық еттерінің әлсіздігі, санының сыртқы жоғарғы жағындағы барлық сезімталдықтың төмендегені анықталды. Науқас оң аяғының өкшесімен тұра алмайды, ахилл және тізе рефлекстері сақталған.
1) Неврологиялық синдром?
2) Клиникалық болжам диагноз?
3)Қосымша зерттеу әдістері және олардың болжам нәтижелері?
4) Емі? 1) гипотония, гипостезия
2) кіші жіліктік жүйкенің невроатиясы
3) электронейромиография
4) гимнастика, фиксация
| 23
| Ер адам 55 жаста, оң жақ иық асты және қол басының интенсивті ауырсынуына, оң қолының жоғарғы ішкі бетінің үйіп қалуына, оң қолының қимылының шектелуіне, қол басының ісінуіне шағымданады. Жоғарыда айтылған шағымдар оң жақ иық буынының шығып кетуінен кейін пайда болған. Қарау кезінде оң қолының проксимальді және дистальді бөліктеріндегі әлсіздік, сіңір рефлекстерінің жоқ болуы, иық, иық асты және қол басының бұлшық еттерінің гипотониясы және атрофиясы, барлық сезімталдық түрлерінің «мозайка» типте төмендеуі анықталды.
1)Неврологиялық синдром?
2)Бұзылыстардың локализациясы?
3) Клиникалық диагноз?
4) Қосымша зерттеу әдістері және болжам нәтижелері?
5) Емі? 1) Дежерин-Клюмпке синдромы
2) C8 – Th1
3) иық өрімі плексопатиясы
4) электромиография, электронейромиографя
5) анальгетиктер, физиотерапия, гимнастика, массаж
| 24
| Ер адам 32 жаста, аяқ басының, қол саусақтарының үйіп қалуына, қысылуына және шаншуына, аяқтың әлсіздігіне, жүрген кездегі тұрақсыздығына (әсіресе қараңғыда) шағымданады. Жоғарыда айтылған шағымдар 3-4 ай бойы мазалап жүр. Ұзақ уақыт бойы ішімдік ішеді. Объективті қарағанда: қолдың дистальді бөлігіндегі әлсіздік 4 балға дейін, және аяқтын дистальдә бөлігінде ауырсыну 3 баллға дейін, қолдардың және аяқтардын дистальді бөліктерінде бұлшық ет гипотрофиясы, ахилл рефлексі және карподадиальді рефлектердің жоқтығы, «қолғап» және «шұлық» типі бойынша барлық сезімталдық түрлерінің төмендеуі, Ромберг сынамасы оң мәнді, саусақ мұрын сынамасын және өкше-тізе (пяточноколенной) сынамасын орындау кезінде мүлк кету анықталды.
1)Неврологиялық синдром?
2)Бұзылыстардың локализациясы?
3) Клиникалық диагноз?
4) Қосымша зерттеу әдістері және болжам нәтижелері?
5) Емі? 1) сенситивті атаксия, сезімтадық бұзылысының полиневропатиялық типі
2) перифериялық жүйкелер
3) полиневропатия (алкогольді)
4) ЭМГ, ЭНМГ
5) алкогольдан бас тарту, физиотерапия, массаж, гимнастика
| 25
| Әйел 52 жаста, аяқ басының ауырсынуы, үйіп қалуына, қысылуына, шаншауына шағымданады. Бұл шағымдар науқасты 4 айдан бері мазалап жүр. 3 жылдан бері инсулинге тәуелсіз қант диабетімен ауырады, манинил қабылдайды, аш қарынға қандағы глюкоза деңгейі 8-10 ммоль/л. Неврологиялық статус: аяқ басының ауырсыну және температуралық сезімталдығы «шұлық» типі бойынша төмендеген, аяқ басының гиперпатиясы, ахилл рефлексі жоқ, аяқ бастарының трофикалық өзгерісі анықталады.
1)Неврологиялық синдром?
2)Бұзылыстардың локализациясы?
3) Клиникалық диагноз?
4) Қосымша зерттеу әдістері және болжам нәтижелері?
5) Емі? 1) сезімталдық бұзылысының полиневропатиялық типі
2) перифериялық жүйкелер зақымдалуы
3) диабеттік полиневропатия
4) ЭМГ, ЭНМГ
5) Альфа-липоевая кислота 600 мг көк тамырға
тиамин, цианокобаламин, пиридоксиннің комбинирленген препараттары инъекция түрінде
симптоматикалық ем – прегабалин
антидепрессанттар (амитриптилин, дулоксетин)
трамадол
хирургшиялық ем
| 26
| Ер адам 22 жаста, оң жақ жамбас аймағының ауырсынуына және ауырсынудың бөксе артына және санға берілетінене сондай-ақ аяқ басының үйіп қалуына, шаншуына және әлсіздігіне шағымданады. Жоғарыда айтылған шағымдар жақын арада науқас алкогольді мас күйінде орындықта отырып ұйықтап қалуына байланысты пайда болған. Қарау кезінде алмұрт тәрізді бұлшық етті пальпациялау кезіндегі ауырсыну, оң жақты Ласег симптомы оң мәнді, оң жақ санының жоғарғы жағы және аяқ басының барлық сезімталдық түрлерінің төмендеуі, оң аяқ басының бүгуі мен жазуын қатар қамтамасыз ететін оң жақ аяқ басы бұлшық етінің әлсіздігі, оң жақ ахилл рефлекстерінің жоқтығы анықталды.
1)Неврологиялық синдром?
2)Бұзылыстардың локализациясы?
3) Клиникалық диагноз?
4) Қосымша зерттеу әдістері?
5) Емі? 1) парестезиялар, бұлшықеттегі триггер нүктесі, гипостезия, арефлксия – ахилл рефлексі, гипотонус
2) бұлшықеттің рефлеторлық кернеуі, шонданай нерві
3) шонданай жүйкесі невропатиясы
4) ЭМГ, ЭНМГ
5) новокаинді блокада
| 27
| 42 жастағы әйел, бухгалтер, оң аяғының сыртқы бетінен табанның саусақтарына дейін таралатын бел аймағының ауырсынуына шағымданады. Ауырсыну қозғалғанда, жөтелгенде күшейеді. Бел аймағының ауырсынуы 5 жыл бойы периодты түрде, әсіресе физикалық жүктемеден кейін және дачадығы жұмыс кезінде күшейеді. Қазіргі асқынуы 1 апта бұрын жайсыз қозғалыстан кейін пайда болған. Тексеру кезінде бел бұлшықеттерінң айқын жиырылуы, бел аймағының оңға шығыңқы скалиозы, омыртқаның бел аймағының кифозы анықталды. Бел аймағындағы қозғалыс кенеттен шектелген,ауырсынудың кенеттен күшеюінен тұлғаның алға бұрылуы мүмкін емес. Оң санның сыртқы бетінде және табанның сыртқы жиегінде ауырсынулық гипестезия анықталады, оң жақта ахиллов рефлексі теріс, Ласег симптомы оң жақта 30 градус бойымен оң. Омыртқаның бел аймағының перкуссиясында оң аяқтың сыртқы бетіндегі өкшеге дейін таралатын оқты ауырсынуы.
1.Неврологиялық синдромдар?
2.Зақымданудың орналасуы?
3.Клиникалық диагноз?
4.Қосымша тексерулер?
5.Емі? 1) бұлшықет-тоникалық синдром, сезімталдық бұзылысының сегментарлық – түбірлік типі
2) жұлынның артқы түбіршігі
3) 1 сегізкөз түбірінің радикулопатиясы, люмбоишиалгия
4) рентген, КТ, МРТ
5) жара және бронхты астма жоқ болса ҚҚСЕП (целекоксиб, милоксикам), миорелаксанттар(сердолуд), антидепр(амитриптилин). Бірнеше күн калиймен зәр айдаушы препараттар (аскарпаммен гипотиазид), трентал, витамин В(нейромидин). Грыжа(жарық) кезінде – операциялық ем.
| 28
| 27 жастағы әйел, пианистка, мойындағы интенсивті ауырсынуға шағымданады, ауырсынудан басын бұра алмайды, әсіресе оңға. Мойындағы ауырсыну соңғы 5 жыл бойы периодты түрде мазалаған, қазіргі асқынуы соңғы 2 күн ішінде интенсивті музыкалық жаттығулар кезінде пайда болған.Тексеру кезінде мойын бөлігіндегі шектелген қозғалысұзын бұлшықеттердің қорғаныстық жиырылуы, оң жақта көбірек, мойын лордозының тегістелуі.Парездер, сезімталдық бұзылыстары, басқа да неврологиялық бұзылыстар анықталған жоқ.
1.Клиникалық диагноз?
2.Қосымша тексерулер?
3.Емі? 1) Цервикалгия
2) КТ, МРТ
3) мойын жаға, гимнастика, анальгетиктер, ҚҚСЕП, физиотерапия, мазь, компресс
| 29
| 70 жастағы әйел, бетінің оң жақ жартысының ұстама тәрізді қатты ауырсынуына шағымданады. Өзін 10 жылдан бері ауру санайды. Ауырсыну өткір, кесіп алғандай сипатта бірденнен басталып, бірнеше секундқа созылады. Ауырсыну ұстамасы сөйлегенде, шайнағанда және оң мұрын қанатына жанасу сезімін жасағанда күшейеді. Ауырсыну жоғарғы ерін аймағынан басталып, оң жақ жоғарғы тістер мен бет сүйегіне таралады. Неврологиялық статуста, пальпация кезінде оң жақ инфраорбитальды нүкте тұсында ауырсынумен оң жоғарғы жақ сүйек аймағында гиперестезия анықталады.
1.Клиникалық диагноз?
2.Қосымша тексерулер?
3.Емі? 1) Үшкіл нервтің 2-тармағының невралгиясы
2) Стомотолог тексеруі, ми ісігін жоққа шығару үшін МРТ
3) Эпилепияға қарсы: карбамазепин 100-600 мг/тәул, антидепрессанттар (амитриптилин 25-100 мг/тәул), хирургиялық ем (қан тамырларының репозициясы)
| 30
| 6 жасар баланың ата – анасының айтуы бойынша, соңғы 2 жылда баласының жүрісінің өзгергендігін айтты, ол жиі құлайды, баспалдақтан көтерілуі қиындады. Зерттеу кезінде: қол – аяқ бұлшықеттерінің проксималды бөлігінің 3 баллға дейін әлсіздігі, жамбас белдеуі бұлшықеттері гипотрофиясы, балтыр бұлшықеттерінің псевдогипертрофиясы, меншікті рефлекстер шақырылмайды, еденнен тұру үшін бұлшықет әлсіздігіне байланысты қосымша иілістер мен заттар қажет болады, «үйрек жүріс». ЭхоКГ кезінде жүрек бұлшықет жиырылуы төмендеуі анықталды.
1.Неврологиялық синдром?
2.Зақымдалу ошағы?
3.Болжамды клиникалық диагноз?
4.Қосымша зерттеу әдістері?
5.Емі және болжамы? 1) проксимальды бөлімдердегі перифериялық парез
2) мишықтың зақымдалуы
3) Үдемелі бұлшықеттік дистрофия (Дюшен миодистрофиясы)
4) Креатинфосфокиназа, ЭМГ, бұлшықет биопсиясы
5) Радикальды емі жоқ
Тек симптоматикалық емі бар: стероидтар, емдік физкультура
«Эксондис 51» (этеплирсен) 2016 жыл алғашқы мамандандырылған мақұлданған препарат.
31.Науқас 18 жаста. Анамнезінде: әкесі эпилепсия ауруымен ауырған. 3 жылдан бері кенеттен пайда болатын ұстамалар мазалайды. Ұстама алдын науқас сасыған еттін иісін сезеді де кез келген жерге есінен танып құлайды. Туыстарының айтуынша ұстама 2 фазада өтеді. Алдымен бұлшықеттері тырысады, сосын құрысулар болады. Ұстама ұзақтығы 3-4 минут. Аузынан сілекей бөлінеді, еріксіз несеп жібереді. Ұстамадан кейін науқас 2 сағаттай ұйықтап тұрады. Оянғаннан кейін не болғанын айта алмайды. Ұстамалар ешқандай ситуациямен байланысты болмайды.
1.Болжам диагноз қойыңыз.
2.Истериялық ұстама мен шынайы ұстамалардың диф.диагностикасын жүргізіңіз.
Ответ:
1.Эпилепсия ,генерализациялық ,идиопатиялық.
32.Науқас 20 жаста. Психикалық аурулармен тұқымқуалау ауырлығы жоқ. Анасының жүктiлiгi мен босануы асқынусыз өткен. Жүруi және сөйлеуi уақытымен дамыған. Мiнезi сабырлы, аз сөйлейтін, жалғыз ойнағанды ұнатқан. Мектепке дейiнгi жас кезеңіндегі аурулары: салқын тию, қызылша, қызамық, 2 жыл деңгейінде (5 жастан 7 жасқа дейiн) қараңғыдан қорқыныш байқалған. Қараңғыдан неге қорқатынын бiлмейдi. 1 классқа барғанда қараңғыдан қорқыныш жоғалған.
Мектепке 7 жастан барған. Орташа оқыған. Үйге берген тапсырманы жолдастарынан көшiрiп алатын болған. Мiнез-құлқы сабырлы күйінде қалған. Бiр күнi ата-анасына басының ішінен бiр дауыстар еститiндiгiн айтқан. Психиатриялық ауруханаға жатқызылған. Ауруханада стереотипті қозғалыстар, гримасалар, шайнау және мойын бұлшық еттерiнiң тонусының жоғарылағаны байқалған. Кейде бiрнеше сағат бойы бiр позада тұрып қалған, кейде күрт қозу жағдайына ауысқан, агрессивтi, өз киiмдерiн жыртып, науқастарға және персоналдарға шабуыл жасаған. Өзiн күтінбейді, жуынбайды. Тәбетi өте жоғары, басқа аурулардың тамағын тартып жейдi. 1981 жылы басқа ауруханаға ауыстырылды. Сол кезден бері жағдайы өзгеріссiз қалды: ешкiммен қатынасқа түспейді, көп уақытын төсекте өткізеді, ән айтады, ерiксiз күле бередi, былдырлайды. Кейде қабағын түйіп, бір нәрсені тыңдағандай болады, бірде қозғыш, дәлізде жүгіріп, бір жаққа талпынады, науқастарға агрессия танытады. Тәбеті жоғары, кез-келген нәрсені аузына салады: конфеттерді орамасымен жейді, бірнеше рет целлофанды пакетті жұтуға тырысқан..
1. Диагнозды негіздеңіз.
2. Ем тағайындаңыз.
Ответ:
1.Психопатия қозу типі
33.Науқас 32жас, өзіне қол жұмсауға әрекеттенгеннен соң ауруханадан жедел жәрдеммен жеткізілді. Уақытты нашар бағдарлайды, қайда екенін ұмытып қалады. Барлығы ақ халатта жүргеннен соң ауруханадамын деп болжамдайды. Мүмкін жол апатынан соң түстім деп ойлайды. Өмірбаянын дұрыс айтып бере алады. Бірақ соңғы болған жайттарды сол мезетте ұмытады. Өзінің палатасын, кереуетін таба алмайды. Ата-анасының келгені т.б. есінде жоқ.
1.Ес бұзылысының қай түрі?
2.Ем тағайындаңыз.
Ответ:
1.Дисмнезиялық түрі,гипомнезия.
2.
34.Науқас 44 жаста. Психикалық аурулармен тұқым қуалау ауырлығы жоқ. Мерзімінде туылған. Ерте дамуы қалыпты. Көп салқын тиген. Қызылша, баспа, нейродермитпен ауырған. Мектепке 8 жастан барған, жақсы оқыған. Осы ауруына дейiн үрейленгiш, өкпелегiш, күмәншіл болған. Достары аз. Мектептен соң техникумға түскен, оны жақсы бiтiрiп, техник-конструктор болып, сосын инженер болып қызмет еткен. 25 жасында үйленген. Ұлы бар. Семьяда қарым-қатынасы жақсы. 30 жастан ауырады. Ешқандай себепсiз тiтiркенгіштік пайда болған, ұйқысы нашарлаған, көңiл-күйi үрейлi. Науқастың айтуынша жұмысындағы басшысы өзiне әдейі түртпектеп, оның өз жұмысын атқара алмайтындығын көрсеткісі келетіндей болған. Қызметтестерiнiң сөздерiнен, iс-әрекеттерiнен өзiне зиян келтіру үшін бағытталған мін, мағына табуға тырысқан. Одан да жақсы жұмыс атқаруға тырысты. Кейiнiрек бастығының қызметтестерімен бірігіп, бәсеке тудырмас үшін өзін ығыстыратындығын «түсiнген». Науқас бұрыннан ғылыми пробремалармен шұғылданатын, және осы сәтте оған өзінен «дарынды тұлға» ретінде олардың құтылғысы келетіндігі жөнінде ой келді. Кейiнiрек науқасқа ғылыми идеялары мен жоспарларын айналадағылар бiлiп жүр деген ой келді. Арнайы құрылғы көмегiмен өзiнiң ойын оқып отыр және шатастырып жатыр деп айтқан. Кезеңдермен қозу жағдайында болды, сөзшең, «ғылыми жобаларымен» әртүрлі мекемелерге баруға тырысқан. Жағдайының нашарлауына байланысты психиатриялық ауруханаларға көп рет жатқызылды. 35 жасына ІІ топ мүгедегі, кейін І топ мүгедектiгіне өтті. Белсенді емдеу жүргізгенде кезеңдермен продуктивті психикалық бұзылыстардың әлсiрегенi байқалған. Соңғы жылдары дертті көріністер айқындылығы азайған. Науқас үшiн сандырақтық күйзелістер өз актуальдылығын жоғалтты. Қарау кезіндегі психикалық жағдайы: уақыт және орын бойынша дұрыс бағдарланған; өз жағдайына сын көзқарас жоқ, өзiн көкіректеніп ұстайды. Сөзi монолог тәрізді, сөзiнде мағына жоқ. Науқастың айтуы бойынша ол көп жаңалықтар ашқан, жаңа академия құрып, оның басшылығымен ұзақ өмiр сүру және космос пробремалары шешіледі. Бөлiмшеде ештеңемен айналыспайды. Көп уақытын төсекте өткiзедi, немесе дәлiзде әрi-берi жүредi. Басқа аурулармен қатынаспайды.
1. Диагнозды негіздеңіз.
2. Ем тағайындаңыз.
Ответ:
1.Ұлылық сандырағы.
2.Аминазин-500мл,
Мажептил-10мг,
Трифтазин-30мг,
Амитриптилин-50мг.
35.Науқас 44 жаста. 28 жасынын психиатрда емделеді. Науқасты 1,5-2 айға созылатын, әсіресе күзде байқалатын, қайталанатын депрессивті күйлер мазалайды. Науқас амбулаторлы жағдайда амиртриптилин 50 мг. қолданады. 4 ай бұрын жедел миокард инфарктісін алған. Стационардан шыққаннан кейін қайтадан депрессивті жағдайға түскен. Көңіл-күйі төмен, жабырқаулы, күндіз апатия, түнде ұйқының бұзылысы, тәбетінің нашарлауы, жұмысқа қабілетінің төмендеуі байқалады.
1.Симптомдардан синдром шығарыңыз.
2.Ем тағайындаңыз.
Ответ:
1.Маскалық депрессия
36.Науқас 15жылдан бері алкоголь ішімдігін ішіп келеді. Соңғы 2 жылда бірнеше күн тоқтатпай жиі ішетін болған. Алкоголь ішуінің бастамасы жалақы алуымен байланысты, жиі әйелімен ұрысып қалуынан басталады. Алкоголь дозасы бірқалыпты. Алкоголь қабылдауын ақшасы таусылғанда тоқтатады.
1) Жүргізуші бұзылысты атаңыз
2) Диагнозды құрастырыңыз
3) Берілген аурудың сатысының белгілері қандай?
4) Берілген науқасты ішкілікке салынуының көрінісі қандай?
5) Берілген сатысында тағы қандай бұзылыстарға алып келуі мүмкін?
Ответ:
1.Салынып ішу.
2.Алкоголизм,2дәрежесі.
3.Салынып ішу,абстиненция.
4.Жалған салынып ішу.
5.Психоздар(делирий,галлюциноз,параноид)
37.Науқас П. 18 жаста. 13 жастан анаша шегеді, ЛСД, экстази, амфетамин қабылдайды. 16 жасында төбелес кезінде бас ми жарақатын алған, соның әсерінен ұзақ уақыттан бері шаршағыштық және бас ауруы мазалаған. Сонымен қатар арақ және сыра қабылдай бастаған. Кейде ЛСД қабылдаған. Бір күні үйіне мас болып келген кезде: қорқыныш сезімі пайда болып, кейін эктатикалық күйге ауысты. Өзінің «барлық істің мән-жайына» ене алатынын айтып, өзіне түрлі ойлар келіп жатқанын, қорқынышты көру галлюцинациялар сезген, жан-жағын «жарықтүсте» көріп, суицидалды ойларды айтқан. Келесі күні көрсетілген симптомдар жоғалған. Қандай да бір таблетка қабылдағанын мойындады.
1) Симптомдарды ата.
2) Психобелсендізаттар қабылдауының салдары қандай?
3) Науқастың алкогольден басқа қабылдаған препараттары қандайтопқа (заңбойынша) жатады?
4) Науқаста қандай бұзылыстар көрінеді?
Ответ:
1.Церебрастения,экстатикалық мания,депрессия,галлюцинация,суицидтік тенденция.
2.Эйфория,қозу,галлюцинация,психикалық және физикалық тәуелділік.
3.Наркотиктер.
4.Галлюцинация,дереализация.
38.Науқас Н. 28 жаста, 14 жастан алкоголь қабылдайды. Соңғы 5 жылда ішкілікке салынып кеткен. Соңғы салынып ішу 2 аптаға созылған. Ішімдікті тоқтатқаннан соң 3 күннен кейін ұйқысы бұзылған. 6-шы күнде үрей, мазасыздық, көлемі өзгеріп тұратын, бірде жақындап, бірде жойылып кететін «мүйізі бар адамдар» көре бастаған. Бірнеше рет терезеден секіріп кете жаздаған.
1) Симптомдарды атаңыз.
2) Қазіргі жағдайының негізгі синдромы қандай?
3) Диагноз құрастырыңыз.
4) Аурудың сатысының белгілері қандай?
5) Жедел госпитализация көрсетілдіме?
Ответ:
1.Депрессия,диссомния,айқын көру галлюцинациясы,психомоторлы қозу.
2.Аффективті-сандырақтық синдром.
3.Алкогольді делирий.Алкоголизм,2 дәрежесі.
4.Салынып ішу,делирий.
5.Ия.
39.Ер кісі 37 жаста, 20 жасынан алкоголь қабылдайды. Соңғыжылдарыкүніне аз мөлшерденжиіқабылдайды. Аяқбөліктеріндеауырсынусезімдері төмендеген, жүрісібұзылған. Қазіргіуақытты, айдыайтаалмайды, 1 минут алдынболғанжағдайдыұмытыпқалады.
1)Өзіңіздіңдиагностикалыққорытындыңыздықұрастырыңыз.
2) Аурудыңсимптомдарықандай?
3) Естіңнегізгібұзылыстарықандай?
4) Алкоголизмніңсатысынатаңыз.
5) Осы сатысыныңбелгілеріқандай?
Ответ:
1.Корсаков психозі.
2.Полинейропатия,амнезия.
3.Фиксациялық амнезия.
4.Алкоголизм,3 дәрежесі.
5.Толеранттылық төмендеуі,есте сақтау бұзылыстары.
40.Психобелсенді заттарды тамыр ішіне қабылдайтын науқаста, қабылдауын тоқтатқан кезде мұрын бітелу, көзден жас ағу, сілекей ағу, түшкіру, сүйек пен буындарында қинайтын ұзақ уақыттық ауырсыну сезімдер пайда болады. Интоксикация седация түрінде, қуанышпен, лаззаталумен, ұйқышылдықпен көрінеді.
1) Наркомания және токсикоманияның болжам формасын анықтаңыз.
2) Науқастың жағдайын бағалаңыз.
3) Симптомдарды атаңыз.
4) Науқаста қандай аффективті бұзылыстар байқалады?
5) Науқас психобелсенді заттарды тамыр ішіне енгізуден, басқа қандай жолдарын қолданады?
Ответ:
1.Опиоидты нашақорлық.
2.Абстиненттік синдром
3.Вегетативтік синдром,алгия,сенестопатия.
4.Гипомания.
5.Интраназальдық. 41
| 6 жасар баланың ата-анасының айтуы бойынша, соңғы жылы баласының ойын ойнау, тамақ ішу немесе сөйлеу кезінде бірнеше секунд «мелшиіп қатып қалуын» байқаған. Сол кезде баланың көзі қимылдамайды, сөйлемейді, сұрақтарға жауап бермейді, бірнеше секундтан соң қалыпты жағдайына келгенде, қысқа мерзімді ес бұзылысы болғанын баланың өзі білмейді. Мұндай ұстамалар күніне 10-30 рет (бірнеше ондаған рет) қайталануы мүмкін. Зерттеу барысында неврологиялық бұзылыстар анықталмады.
1.Ұстаманың типі?
2.Алғашқы болжамды диагноз?
3.Қосымша зерттеуәдістері?
4.Емі жәнеболжамы?
1)Абсанс
2)Эпилепсия
3)КТ,МРТ,ЭЭГ
4)Қолайлы, Этосуксемид (суксилеп),Вальпроат(Депакин),Ламотриджин (ламиктал),клоназепам
| | |
|
|