| жіті түрдегі кесар тілігі+
| күту амалы
| токолитиктерді қолдану
| босануды қоздыру
| жоспарлы кесар тілігі
28 жастағы Л. деген жүкті әйел, жүктіліктің 33-34 аптасы, ауыр дәрежедегі преэклампсиямен, магнезиалды терапия қабылдап жатыр, жүктілікті үзуге дайындалып жатыр. Жағдайы тұрақсыз, АҚ 180/110-130/100 мм сын бағ., мимикалық бұлшықеттердің аздап құрысуы байқалады. Магнезиалды терапияны қанша уақыт жалғастыру қажет?
| босанғаннан кейін 24-48 сағатқа дейін+
| босанғаннан кейін 10-12 сағатқа дейін
| босанғаннан кейін 13-24 сағатқа дейін
| босанғаннан кейін 2 -4 сағатқа дейін
| босанғаннан кейін 7-9 сағатқа дейін
24 жастағы жүкті әйел, перзентханаға отадан кейінгі тыртық орнында ауырсынудың болуына шағымданып түсті. Анамнезінен: бірінші жүктілігі преэклампсия, плацентаның мерзімінен бұрын сылынуына байланысты кесар тілігімен аяқталған. Осы жүктілігі екінші, мерзімі 32-34 апта. Жалпы жағдайы қанағттанарлық, АҚ 120/70 мм сын бағ., тамыр соғысы 80 рет минутына, дене қызуы 36,7. Нәрестенің жатуы тік, басы кіші жамбас кіреберісіне орныққан, жүрек соғысы 136 рет минутына, анық, ырғақты. Отадан кейінгі тыртық орнында жергілікті ауырсыну бар, «ниша» симптомы оң.
Жүргізу амалы қандай?
| жіті кесар тілігі+
| босануды қоздыру
| жоспарлы кесар тілігі
| табиғи жолдар арқылы босандыру
| босануды белсендіру
Босану бөлмесінде 25 жастағы босанған әйел жатыр. Босанғаннан кейінгі 2 сағаттан кейін жағдайы қанағаттанарлық, АҚ 120/80 мм. сын. бағ., тамыр соғысы 80 рет минутына. Жыныс жолдарынан қанды бөлінділер. Жатыр түбі деңгейі қай жерде орналасқан?
| кіндік деңгейінде+
| кіндіктен 2 елі жоғарыда
| қасаға деңгейінде
| кіндіктен 2 елі төмен
| қасағадан 2 елі жоғарыда
Босанғаннан кейінгі бөлімде 29 жастағы тұңғыш босанушы әйелде босанғаннан кейінгі 3-ші тәулікте сүт бездерінің қатаюы, сүт сығудың қиындауы болған. 5-ші тәулікте қалтырау, t =39ºC, бастың ауырсынуы, оң жақ сүт бездерінде ауырсыну белгілері пайда болды. Оң жақ сүт безінің сыртқы аймағында жұмсақ ошақтары бар ауырсынулы қатаю пальпацияланады, осы жерде тері қызарған, ыстық. Емізіктерде тілмелер анықталады. Қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынулы.
Осы жағдайда қандай амал дұрыс болып табылады? Лактацияны басуға қндай дәрі нәтижелі болып табылады?
| парлодел+
| гипотиазид
| бромкамфора
| фуросемид
| токоферол
Босану бөлімінде 32 жастағы босанатын әйел жатыр. Анамнезінен: 4 –ші жүктілігі және 4-ші босануы. Босану ешқандай ауытқуларсыз өтті, жетілген 4500 г. салмақтағы қыз бала туылды. Босанудың үшінші кезеңі белсенді түрде жүргізілді, 10 мин. соң бала жолдасы бөлінді және туылды, жалпы қан шығыны 250 мл. 20 минуттан кейін жыныс жолдарынан қанды бөлінділер бөліне бастады. Жатыры жұмсақ, сыртқы массаж жасағанда 350 мл. сұйық қан және ұйымалар шықты. Жасалынған шаралардан нәтиже болмағанда және қан кету мөлшері 1000 мл. болғанда, Сіздің амалыңыз қандай?
| лапаротомия, гистерэктомия+
| жатырдың сыртқы массажы
| құрсақ аортасын басу
| жатыр қуысына тампон қою
| жатырды тексеру және жұдырықпен уқалау
Апгар шкаласы бойынша 6-7 баллмен туылған нәрестеде шартсыз рефлекстерінің пайда болуы, көз алмасының көлденең нистагмы анықталады. Жүргізу амалы қандай?
| «ана және бала» бөліміне ауыстыру+
| жан сақтау бөліміне ауыстыру
| нәрестенің біріншілік реанимациясын жүргізу
|тыныштандырушы терапия
|аппаратты дем алуға ауыстыру
Гинекология бөлімінде 26 жастағы науқас қосалқыларының іріңді қабынуымен жатыр. Осы жағдайда қандай амал көрсетілген?
| іріңді қуысты тазалау және оған антибиотик енгізу+
| қосалқыларды алып тастау
| пирогеналмен терапия
| іш-сегізкөз әдісі бойынша цинкпен электрофорез
| жатырды қосалқыларымен бірге ампутациясы
Қынаптық тексеруде науқаста анықталды: сыртқы ернеуі жабық, жатыр аздап ұлғайған, жұмсарған, оң жақ қосалқылар аймағында жұмсақ, ауырсынулы құрылым анықталады, жатыр мойнына қарай қимылдатқанда ауырсыну сезіледі. Болжам диагноз:
| пиовар+
| прогрессирлеуші түтіктік жүктілік
| апоплексия
| созылмалы аднекситтің асқынуы
| аналық без кистасы
26 жастағы науқас, етеккірі 17 жастан аз мөлшерде, сирек. Осы науқаста етеккір бұзылысының қай түрі?
| гипоопсоменорея+
| меноррагия
| метроррагия
| альгодисменорея
| менометроррагия
35 жастағы науқас, әйелдер кеңес орнына ішінің төменгі жағындағы сыздап ауырсынуға, ауырсынудың тік ішекке және бұтаралыққа берілуіне шағымданып келді. Ауырсыну етеккір кезінде күшейеді. Қынаптық тексергенде: жатырдың арт жағында екі жақтанда тығыздылығы қатты элластикалық d=3 см, жатырмен жабысқан құрылым анықталады. Пальпацияда жатыр ауырсынулы. Жүргізу амалы:
| гормонотерапия+
| физиоем
| жатыр қосалқыларын алып тастау
| жатырды қосалқыларымен ампутация
| жатырды қосалқыларымен экстирпация
27 жастағы жүкті әйел әйелдер кеңес орнына жыныс жолдарына крем тәрізді «балықтың» иісі бар көп мөлшердегі бөлінділерге, қынап аймағындағы қышыну, ашуға шағымданып келді. Жүргізу амалы:
| антибиотиктер+эубиотиктер+
| физиоем
| антисептикалық ерітінділермен спринцерлеу
| саңырауқұлаққа қарсы дәрілер
| вирусқа қарсы терапия
25 жастағы әйел 5 күннен бері жыныс жолдарынан іріңді бөлінділердің бөлінуіне, кіші дәретке шыққанда ауырсыну сезімінің болуына шағымданады, дене қызуы қалыпты. Жыныстық қатынаста үнемі емес, тұрақты қатынаста болатын адамы жоқ. Айнамен қарағанда: жатыр мойнымен қынабы қызарған, «іріңді лента» түріндегі көп мөлшердегі кілегейлі-іріңді бөлінділер. Бимануалды тексергенде: жатыры және қосалқылары ұлғаймаған, ауырсынусыз. Қандай тексеру аурудың этиологиясын анықтауға көмектеседі?
| бактериоскопиялық зерттеу+
| кіші жамбас мүшелерінің УДЗ
| биопсия
| кольпоскопия
| гистологиялық зерттеу
25 жастағы әйел 5 күннен бері жыныс жолдарынан іріңді бөлінділердің бөлінуіне, кіші дәретке шыққанда ауырсыну сезімінің болуына шағымданады, дене қызуы қалыпты. Жыныстық қатынаста үнемі емес, үнемілік қатынаста болатын адамы жоқ. Айнамен қарағанда: жатыр мойнымен қынабы қызарған, «іріңді лента» түріндегі көп мөлшердегі кілегейлі-іріңді бөлінділер. Бимануалды тексергенде: жатыры және қосалқылары ұлғаймаған, ауырсынусыз. Болжам диагноз:
| гонорея +
| трихоманиаз
| бактериалды вагиноз
| вагинальды кандидоз
| хламидиоз
32 жастағы науқаста гинекология бөлімінде «Фолликуланың персистенциясы типі бойынша ановуляторлы жатырдан қан кету» диагнозымен жатыр. Осы кездегі гиперэсрогенияда ... бөлінуі тежеледі.
| фолликулостимулдаушы гормонның+
| прогестеронның
| ингибиннің
| хорионалды гонадотропиннің
| лютеиндеуші гормонның
32 жастағы науқаста гинекология бөлімінде «Фолликуланың персистенциясы типі бойынша ановуляторлы жатырдан қан кету» диагнозымен жатыр.Фолликул персистенциясы кезіндегі эндометридің морфологиясына тән:
| гиперплазия+
| секреция
| атрофия
| регенерация
| пролиферация
52 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, тәулігіне 10 ретке дейінгі тасуға, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне, ұйқының бұзылуына, ашуланшақтық жағдай, қорқыныш, үрей сезімінің болуына, тітіркенгіштіктің жоғарылауына, шағымданғыштықтың болуына шағымданады. Соңғы етеккірі 10 ай бұрын болған. Әйелдер кеңес орнында: климактерикалық синдром деген диагноз қойылған. Қандай шараны қолдану нәтижелі болады:
| орын басушы гормональді терапия+
| диета және су процедуралары
| емдік дене шынықтыру
| гомеопатикалық дәрілер
| қосарланған оральді контрацептивтер
25 жастағы Л. деген науқас етеккір келерден 5 күн бұрын жағдайның нашарлағынына: дене салмағының артуына, сүт бездерінің қатаюы және ауырсынуына,тітіркенгіштік, мазасының болмауына, бас ауырсынуына шағымданады. Етеккір бастала салысымен аталған шағымдар өздігінен жоғалады. Гинекологиялық зерттеуде патологиялық өзгерістер анықталмаған. Диагноз: Етеккір алдындағы синдром. Осы жағдайда қандай гормон этиологиялық факторға кіреді?
| прогестерон+
| эстроген
| андроген
| глюкокортикоидтар
| кортизол
15 жасар науқас гинекологиялық стационардан: Ювенильді жатырдан қан кету диагнозымен шығарылды. Қан кетуді тоқтату мақсатында, гормоналды гемостаз ретінде Новинет сызбасы бойынша қолданған. Әрі қарай сіздің амалыңыз
| емді Новинетпен жалғастыру+
| циклдік витаминдік ем
| физиоем
| диспансерлік тіркеуге алу
| симптоматикалық емді жалғастыру
15 жасар қыз әйел кеңес орнына етеккірінің жоқтығына шағымданып келді. Тексеру нәтижесінде жатырдың жоқтығы анықталған. Даму ақауы қалай аталады?
| аплазия+
| атрезия
| агенезия
| гипоплазия
| гинатрезия
6 жасар қызда сыртқы жыныс мүшелерінің қышынуы, ауырсынуы, кіші дәреттен кейін ашып ауырсыну сезіміне шығымданады. Диагноз қойылды: Бейарнамалы вульвовагинит. Бұл ауруды емдемесе, қандай асқыну дамуы мүмкін?
| синехиялар+
| келлоидты тыртық
| кандилома
| полип
| қынап атрезиясы
6 жасар қызға: Аллергиялық вульвовагинит болжам диагнозы қойылды. Сіздің амалыңыз қандай?
| иммуномодуляторлар , десенсибилизациялаушы дәрілер, булаушылар+
| антибиотиктер, қызыл маймен тампондар
| гормондар, зәр айдаушы дәрілер, қызыл маймен тампондар
| витаминдер, антибактериалды маймен тампондар
| токолитиктер, зәр айдаушы дәрілер, антибактериалды маймен тампондар
45 жастағы әйел: жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөлінділерге, іштің төменгі жағында толғақ тәрізді ауру сезіміне шағымданады. Жатыр қуысын диагностикалық мақсатпен қырғанда кюретканың «сырғу»симптомы анықталды. Сіздің диагнозыңыз қандай?
| интрамуралды миома, жатыр қуысына қарай өсуі+
| ұрық қалдығының қалуы
| синехиялар
| жатырдың даму ақауы
| эндометри полипі
Науқас З. 40 жаста, шағымдары: іштің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауру сезімі, жыныс жолдарындағы көп мөлшердегі қанды бөлініс. Анамнезінен: жатыр миомасымен 5 жылдан бері бақылауда тұрады. Айнамен қарағанда: жатыр мойны өзгерген диаметрі 6 см жіңішке аяқшалы түзіліс көрінеді. Қынаптық тексергенде: жатыр қалыптыдан үлкейген, қозғалмалы, сезімтал, қосалқылары анықталмайды.Сіздің диагнозыңыз қандай?
| туылған субмукозды миоматозды түйін+
| жатыр мойнының миомасы
| цервикальді өзектің полипі
| жатыр мойны рагі
| жүрістегі түсік
Науқас 35 жаста. Шағымдары: жалпы әлсіздік, етеккірдің 1-ші күннен бастап көп мөлшердегі қанды бөліністер. Қынаптық тексергенде: жатыр мойны цилиндірлік пішінді,ернеу жабық, жатыр жүктіліктің 8-9 аптасына сай ұлғайған, тығыз, қозғалмалы, аурырсынусыз, қосалқылары анықталмайды. Емдеу амалы қандай?
| жатыр қуысын қыру+
| жатырдың қынап үстілік ампутациясы
| cимптоматикалық ем
| жатыр эктерпациясы
| эстроген-гестагенді препараттары
Гинекологиялық стационарға 30 жастағы науқас түсті.Тексеруде клиникалық диагнозы : Аналық без кистомасы. Науқас операциялық емге келісім берді. Құрсақ қуысын ашқанда,сол жақ аналық безде жұқа қабырғалы киста, жылтыр, тегіс беткейлі, көлемі 12х10. Қандай көлемдегі операция жасалынады?
| цистэктомия+
| қынап үсті қосалқыларымен бірге ампутациясы
| цистэктомия, оң жақты овариоэктомия
| қынап үстілік сол жақ қосалқыларымен жатыр ампутациясы
| жатыр экстрипациясы сол жақ қосалқыларымен
Әйелдер кеңес орнына жыныстық қатынаста болмаған 25 жасар әйел келді. Соңғы аптада ішінің төменгі бөлігінде ауырсыну сезімі байқалған. Ректалды тексеруде: жатырдың алдыңғы бетінде көлемі 8-7-6 см, қозғалмалы, тегіс беткейлі, консистенциясы тығыз эластикалы түйін анықталды. Қандай амал жалғасады?
| УДЗ-ге жіберу+
| стационарға жіберу
| жыныстық инфекцияларға тексеру
| гормондардын деңгейін анықтау
| онкоцитологияға жағынды алу
Әйел 18 жаста, 37-38 апта мерзіміндегі бірінші жүктілікпен перзентхананың қабылдау бөліміне өздігінен келді. Шағымдары: бас ауруы, жүрек айнуы, асқазан тұсының кернелуі және аяқтарының ісінуінің бірден күшеюі. Жүктілік бойынша әйелдер кеңесінде есепте тұрмайды. Анамнезінен: бұрын мұндай шағымдар мазаламаған, аяқтарының ісінуі соңғы айда пайда болған. Объективті: АҚҚ 170/100 мм с.б.б., бетінің айқын ісінуі, аяқтарында жайылған ісіктер байқалады.
Қабылдау бөлімі дәрігерінің іс-әрекеті қандай болуы керек?
|қабылдау бөлімінде интенсивті терапия жүргізіп, реанимация бөліміне жатқызу+
| жүкті әйелдер патологиясы бөліміне жатқызу
| реанимациялық бөлімге жатқызу
|гипертониялық кризді қайтарғаннан кейін жүкті әйелдер патологиясы бөліміне жатқызу
| гипертониялық кризді қайтарғаннан кейін әйелдер кеңесіне жіберу
Жүкті әйел, 20 жаста, әйелдер кеңесінде дәрігердің қабылдауында еріксіз зәр шығарып, есінен танып, еденге құлап түсті. АҚҚ 120/80 мм с.б.б., пульсі минутына 92 соққы, аяқ-қолдарын көтергенде ұстап тұра алмайды. Тыныс алу жиілігі минутына 24. Қарау кезінде аузынан көбік бөлініп, тонико-клоникалық ұстама орын алды.
Бірінші кезекте қандай дәрі-дәрмекті қолданылады?
| реланиум+
| магний сульфаты
| лазикс
| ГОМК
| кордиамин
Әйел 23 жаста, 2-3 апталық жүктілікпен, оң жақ мықын аймағының қатты ауырсынуына, құсуына шағымданып, әйелдер кеңесіне келді. Қарағанда: температурасы 37,80С, пульсі минутына 98соққы, тілі құрғақ, жабындымен жабылған. Жатыр түбі кіндіктен көлденең екі саусақ жоғары пальпацияланады. Іштің оң жағында, әсіресе төменгі бөліктерінде бірден ауырсыну, құрсақ бұлшықеттерінің қорғаныс тітіркенуі байқалады. Щеткин-Блюмберг, Ситковский симптомдары оң мәнді. Болжам диагнозы қандай?
| жіті аппендицит+
| жіті андексит
| жіті холецистит
| жатырдан тыс жүктілік
| оң жақ бүйрек шаншуы
7 жасар қыздың шағымы: қынаптан ретсіз қанды бөлінділер байқалды. Тексеруден кейінгі қойылған диагноз: Гормон бөлуші аналық бездің ісігі. Сіздің амалыңыз қандай?
| оперативті ем+
| гормоналды ем
| химиоем
| симптоматикалық ем
| саулелік ем
25 жастағы Л. деген науқас етеккір келерден 5 күн бұрын жағдайның нашарлағынына: дене салмағының артуына, сүт бездерінің қатаюы және ауырсынуына,тітіркенгіштік, мазасының болмауына, бас ауырсынуына шағымданады. Етеккір бастала салысымен аталған шағымдар өздігінен жоғалады. Гинекологиялық зерттеуде патологиялық өзгерістер анықталмаған.Қандай синдром туралы айтылған?
| предменструальды+
| климактерикалық
| посткастрационды
| аналық бездерінің біріншілік поликистозы
| аналық бездерінің екіншілік поликистозы
22 жастағы босанған әйел, босанғаннан кейінгі 4 тәулікте нәрестесімен бірге қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылып жатыр, нәрестені тек емшек сүтімен қоректендіреді. Шығарылғаннан кейін оған контрацепцияның қай түрін ұсынуға болады?
| лактационды аменорея әдісін+
| қосарланған оральді контрацептивтер
| ырғақты әдісті
| тосқауылды әдісті
| жатырішілік контрацепцияны
Нәрестеде босанғаннан кейінгі 4-ші тәулікте кіндік жарасынан серозды бөлінділер, жеңіл қызару, кіндік сақинасының аздап инфильтрациясы анықталады. Жүргізу амалы қандай?
| кіндік сақинасын жергілікті өңдеу+
| антибактериальды терапия
| инфузионды терапия
| хирургиялық ем
| физиоем
Науқастың кіші ернеуінде ауырсынулы сұр-сары жабындымен жабылған жара анықталады. Болжам диагнозы қандай? | генитальды герпес+ | шиқан | біріншілік мерез | крауроз | сыздауық |