Главная страница

4 курс. 4-курс-Фельд. 4 курс емдеу ісі фельдшер 400 тест


Скачать 287.13 Kb.
Название4 курс емдеу ісі фельдшер 400 тест
Анкор4 курс
Дата30.03.2021
Размер287.13 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла4-курс-Фельд.docx
ТипДокументы
#189509
страница3 из 5
1   2   3   4   5


Ұрықтың ұзына бойына орналасуында... .

| ұрықтың ұзынша осі жатырдың ұзынша осімен сәйкес келеді+

| ұрықтың ұзынша осі жатырдың ұзыншы осімен тік бұрыш жасаумен қиылысады

| ұрықтың ұзынша осі жатырдың ұзыншы осімен сүйір бұрыш жасаумен қиылысады

| ұрықтың арқасы жатыр мойнының ішкі саңылауына қарап жатады

| ұрықтың арқасы жатырдың түбіне қарап жатады

Күткенмен болмаған етеккірдің бірінші күнінен артқа 14 күн есептеп, 274 күн косқанда, босанудың... бойынша болжамды мерзімі шығады.

| овуляция+

| етеккір

| ұрық қимылы

| алғаш келген күні

| декреттік демалыс

Соңғы етеккірдің бірінші күнінен артқа 3ай есептеп, 7 күн қосқанда, босанудың... бойынша болжамды мерзімі шығады.

| етеккір+

| овуляция

| ұрық қимылы

| алғаш келген күні

| декреттік демалыс

Егер соңғы етеккір 3 наурызда басталса, болжамды босану уақыты... .

| 10 желтоқсанда+

| 30 желтоқсанда

| 10 қаңтарда

| 1 желтоқсанда

| 10 қарашада

Егер соңғы етеккір 1 қаңтарда басталса, болжамды босану уақыты... .

| 17 қазанда+

| 6 қыркүйекте

| 11 қарашада

| 21 желтоқсанда

| 3 қазанда

Жатыр саңылауының толық ашылуында ұрықтың басы...

| кіші жамбас қуысының кез келген жазықтығында болуы мүмкін+

| кіре беріске кіші сегментімен қондырылады

| кіре беріске үлкен сегментімен қондырылады

| жамбас түбінде болады

| кең бөлігінің жазықтығында болады.

Мерзімі жетіп,босануға келген босанушыға партограмма толтырылды.

Партограммаға қандай мәліметтер керек?

| жамбас жазықтықтары бойынша ұрық басының өту уақыты+

| босанушының өмірлік анамнезінің ерекшеліктері

| ауру тарихының ерекшеліктері

| жатыр мойнының жетілу уақыты

| аллергологиялық анамнезінің ерекшеліктері

Жатыр қатерлі ісіктің алғашқы белгілері қандай?

| ақ түсті сұйықтық бөлінуі, қан кету, ауырсыну+

| асцит, гепатомеголия

| іштің үлкеюі

| дененің сарғаюы, тәбет төмендеуі

| ЭТЖ жоғарылауы, лейкоциттердің көбеюі

Нәресте туылғаннан кейін босанушы әйелдің жалпы жағдайы қанағаттанарлық. ҚҚ 125/85 сн.бағ., пульс минутына 90 соққы. Босанудан кейінгі қан кетуді алдын алу мақсатында бұлшықетке 10 ЕД окситоцин енгізілді. «Ана қауіпсізді» бағдарламаға сәйкес босанудың 3 кезеңінің жүргізілуі неге байланысты болады?

| қан жоғалту дәрежесіне+

| босанудың ұзақтығына

| плацентаның бөліну белгілеріне

| нәрестенің жағдайына

| сусыз кезеңнің ұзақтығына

25 жастағы босанушы әйел ай- күніне жетіп босану үйіне келіп түсті.Босанушы әйелде босану барысы өте қарқынды түрде көрініс беріп, кенеттен қалтырап, дене қызуы 41° градусқа дейін көтеріліп, тыныс алу жетіспеушілігінің белгілері тез арада дамып, қан қысымы төмендеп кетті. Тез арада өкпе ісінуінің клиникалық симптомдары пайда болды.

Босану барысында қандай асқынулар дамыды?

| қағанақ суының эмболиясымен+

| жатырдан профузды қанның кетуімен

| эклампсияның ұстамасымен

| бүйрек үсті безінің жіті жетіспеушілігімен

| өкпе артериясының тромбоэмболиясымен

26 жастағы жүкті әйел патология бөліміне басының ауыратынына, құлағының шуылдауына шағымданып түсті.Объективті тексеруде анықталды: аяғының тізе буына дейін ісінуі қан қысымының 175/115мм. сн.бғ. дейін жоғарылағаны.Жалпы зәр анализінде белоктың деңгейі 3,8 г/л. Белок алмасуын қалыпқа келтіру мақсатымен 5% ды альбумин ерітіндісі көк тамырдан енгізеді.

Осы препаратты енгізудің негізгі мақсаты болып табылады :

| плазманың онкотикалық және коллоидты осмотикалық қысымын жоғарылатып айналмалы қан көлемін жоғарылату+

| электролиттік алмасуды реттеу

| қышқыл сілтілі жағдайды коррекциялау

| газдардың алмасуын жақсарту

| шеткі қан айналымды жақсарту

Жас әйелде 5-айлық жүктілік кезінде ішінде қатты ауырсыну, бас айналуы, айқын әлсіздік және тері жабындысының бозғылттығы пайда болған. Шұғыл

лапаротомия кезінде құрсағында жиналған қан анықталған. Оң жақ жатыр түтігі күрт ұлғайған, қанмен сіңбеленген, оның қабырғасыда жиектері тегіс емес ақау анықталады.Қан кету себебі?

| түтіктің жарылуы+

| жартылай түтіктік аборт

| толық түтіктік аборт

| пиосальпинкс

| көпіршіктік кірме

Қызбала 17 жаста, кенеттен іші қатты ауырып, қысқа мерзімге есін жоғалтуына байланысты жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Анамнезінде: етеккірі 12 жастан, тұрақты, 28 күн сайын, 3-4 күннен, ауырсыну сезімімен. Соңғы етеккірі – 2 апта бұрын. Жыныстық қатынаста болмаған. Қарағанда: боп-боз, АҚҚ 80/40 мм с.б.б., ЖЖЖ 110 соққы минутына, төменгі жақта іші қатыңқы, аздап ауырсынады, іш тітіркендіру симптомы аздап оң мәнді. Зәр шығаруы еркін, үлкен дәреті болған.

Сіздің диагнозыңыз қандай?

| аналық без апоплексиясы+

| жіті аднексит

| аналық без кистасының бұратылуы

| жамбас көктамырларының тромбозы

| жіті аппендицит

Анамнезінде жүктілікті көтере алмаушылығы бар 25жастағы ерте мерзімдегі жүктілігі бар әйел ішінің төменгі бөлігінде тартып ауырсынуына және жыныс жолдарынан жағынды қанды бөліністерге шағымдалды. Осыған орай жүкті әйел арнайы көмекті қандай жерден алады?

| әйелдер кеңес орнынан+

| фельдшерлік - акушерлік пунктінен

| емханадан

| облыстық перинаталдық орталықтан

| жанұялық – дәрігерлік амбулаториядан

6 жасар қызға: Аллергиялық вульвовагинит болжам диагнозы қойылды. Сіздің амалыңыз қандай?

| седативті әсерлі дәрілер, ванночкалар+

| гормондар, ванночкалар

| витаминдер, ванночкалар

| токолитиктер, ванночкалар

| антибиотиктер, ванночкалар

Әйел 30 жаста, есін жоғалтуына байланысты жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Туыстарының айтуына қарағанда, жедел жәрдем келгенге дейін құрысу ұстамасы болған, гипотензивті дәрілер мен транквилизатор қабылдаған. Созылмалы гломерулонефрит және гипертониялық аурумен сырқаттанады. Қарағанда: ес-түссіз жағдайда, АҚҚ 180/100 мм с.б.б., пульсі 100 соққы минутына, тыныс алу жиілігі 1 минутта 30, аяқтары мен іш беткейінде айқын ісіктер байқалады. Жүктіліктің 32 аптасы.

Сіздің диагнозыңыз қандай?

| жүктіліктің екінші жартысының токсикозы+

| ми-қанайналымының жіті бұзылысы

| жіті бүйрек жетіспеушілігі

| жіті миокард инфаркті

| гипертониялық криз

Перзентханаға жүктіліктің 25-26 апта мерзіміндегі қайта босанушы әйел ұйқыдан тұрғаннан кейін жыныс жолдарынан қанды бөлінділерге шағымданып түсті. Анамнезінде бір босану және екі медициналық түсік.Сыртқы тексеру кезінде жатыры мерзіміне сай, пальпацияда жатыр қозулы емес екендігі анықталды. Нәрестенің жатуы жамбаспен, жүрек соғысы анық, ырғақты минутына 140 ретке дейін. Жыныс жолдарынан аздап қанды бөлінділер. Ультрадыбыстық зерттеу мәліметтерінен – плацента ішкі ернеуді толық жауып жатыр. Сіздің диагнозыңыз қандай?

| Жүктілік 25-26 апта. Плацентаның толық жатуы. Жүктіліктің үзілу қаупі+

| Жүктілік 25-26 апта. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын сылынуы. Жүктіліктің үзілу қаупі.

| Жүктілік 25-26 апта. Плацентаның жартылай жатуы. Жүктіліктің үзілу қаупі.

| Жүктілік 25-26 апта. Плацентаның толық жатуы. Жолдағы түсік.

| Жүктілік 25-26 апта. Жатыр мойнының обыры. Жүктіліктің үзілу қаупі.

29 жастағы әйел, ішінде толғақ тәрізді ауырсыну, жыныс жодарынан қанды бөлінділер, бас айналу, әлсіздік шағымдарымен жедел жәрдем бригадасымен перзентханаға жеткізілді. Анамнезінен: 3 жылдан бері етеккір қызметінің бұзылысы және созылмалы қабыну аурымен гинкелогта бақылауда тұрады, 2 ай бұрын қабынуға қарсы ем алған, соңғы етеккірі 1,5 ай бұрын болған.Объективті: жағдайы ауыр, АҚ 100/60 мм сын бағ., тамыр соғысы 108 рет минутына, әлсіз, дене қызуы 37,20 С. Гинекологиялық тексеруде: жатыр аздап ұлғайған, ауырсынусыз, жұмсарған, жатыр мойнына қарай ығыстырғанда ауырсынулы, қосалқылар аймағы ауырсынулы, күмбездері жайылған, жыныс жолдарынан задап қанды бөлінділер. Сіздің диагнозыңыз қандай?

| Үзілген жатырдан тыс жүктілік. Геморрагиялық шок+

| Жатыр қосалқыларының қабынуының асқынуы

| Үзілген жатырлық жүктілік. Геморрагиялық шок.

| Етеккір қызметінің бұзылысы. Қан кету. Геморрагиялық шок

| Дисфункционалды жатырдан қан кету.

Алғаш босанушы, 22 жаста, 4 сағат бойы босануда. Мерзімі жеткен жүктілік, жамбас өлшемдері 25-28-31-21см. Ұрық басымен кіші жамбастың кіреберісіне қондырылған. Ұрық жүрек соғысы минутына 120 рет, анық, ырғақты. Толғақтар 5-6 минут сайын, 40 секундтан, күші орташа. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны жайылған, ашылуы 3см. Қағанақ суы кетпеген. Сагиталды жігі сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақ алдында. Диагнозын анықтаңыз?

| Мерзімі жеткен жүктілік. Басымен жатуы, II позиция, алдыңғы түрі. Босанудың I кезеңі, белсенді фаза+

|Мерзімі жеткен жүктілік. Басымен жатуы, I позиция, алдыңғы түрі. Босанудың I кезеңі, латентті фаза

| Мерзімі жеткен жүктілік. Басымен жатуы, II позиция, алдыңғы түрі. Ұрықтың құрсақішілік гипоксиясы

| Мерзімі жеткен жүктілік. Босанудың I кезеңінің әлсіздігі. Басымен жатуы, II позиция, алдыңғы түрі

| Мерзімі жеткен жүктілік. Басымен жатуы. 1 позиция, артқы түрі. Босанудың I кезеңі, белсенді фаза

26 жастағы қайта босанушы әйел, әйелер кеңес орнына 9 апталық жүктілікпен тіркеуге тұрды. Анамнезінен: Артериалды гипертензия диагонзымен участкелік терапевте тіркеуде тұратыны анықталды. Алдыңғы жүктілігі ауыр дәрежедегі преэклампсиямен асқынған, соған байланысты жүктілік 32 аптасында медициналық көрсеткіш бойынша үзілген. Тіркеуге алған уақытта әйелде ешқандай шағымдар жоқ. АҚ=120/80 мм сын. бағ. Осындай патологиясы бар жүкті әйелді қай мерзімде бірінші рет стационарға жатқызу қажет ?

| 12 аптаға дейін+

| 24 аптаға дейін

| 36 аптаға дейін

| 28 аптаға дейін

| 38 аптаға дейін

Перзентханада босанғаннан кейінгі бөлімде кесар тілігі операциясымен босанған әйелде үшінші тәулікте перитонит және нәрестесінде омфалит анықталды. Ауруханаішілік инфекцияны төмендетуде қандай шара басты болып табылады?

| қолды тазалап жуу және бір ретті сүлгіні қолдану+

| мекемені циклді дезинфекциялау

| қызметкерлер мен келушілердің киімі мен аяқ киімдерін ауыстыру

| бөлмелерді кварцтау

| маскалы тәртіпті сақтау

Қайта жүкті әйел, 29 жаста, ауыл тұрғыны, жатырында екі тыртығы бар жүктіліктің 36 аптасында стационарға жіберілді. Анамнезінен: бірінші жүктілігі ауыр дәрежелі преэклампсиямен асқынып, босану 36 апталық мерзімде операциямен аяқталған, екінші жүктілігі 37 апталық мерзімде жатырдағы тыртықтың ажырауына байланысты кесар тілігі операциясымен аяқталған. Әйел босануға көмектесудің қай деңгейінде босануы тиіс?

| облыстық периналдық орталықта+

| ауылдық ауруханада

| қалалық периналдық орталықта

| қалалық перзентханада

| ұлттық ана және бала денсаулығын қорғау орталығында

24 жастағы қайта жүкті әйел әйелдер кеңес орнына 10-11апталық жүктілікпен тіркеуге тұрды. Анамнезінен: бірінші жүктілігі ешқандай асқынусыз мерзімінде босанумен аяқталған, соматикалық анамнезінде өзгерістер жоқ. Тексеру барысында өзгерістер анықталған жоқ. Жүктіліктің қалыпты ағымында әйелдер кеңес орнында қанша рет болу қажет:

| жүктілік бойынша 4 рет+

| айына 1 рет

| жүктілік бойынша 14-16 рет

| 2 аптада 1 рет

| айына 2 рет

Перинаталды өлім көрсеткіші қалай есептеледі?

| өлі туылғандар саны + туылғаннан кейінгі алғашқы 7 тәулікте өлгендер саны/ жаңадан туылған нәрестелер х 1000+

| өлі туылғандар саны + туылғаннан кейінгі алғашқы 168 сағатта өлгендер саны х 1000

| туылғаннан кейінгі алғашқы 7 тәулікте өлгендер саны/ жаңадан туылған нәрестелер х 1000

| интранаталды өлгендер саны/ жаңадан туылған нәрестелер х 1000

| өлі туылғандар саны/ жаңадан туылған нәрестелер саны х 1000

Әйелдер кеңес орнында болашақ әкелерге және жүктілерді босануға дайындық сабақтары ұйымдастырылған. Бұл сабақтар кіммен жүргізіледі?

| аймақтық акушер-гинекологпен+

| кеңес орнының психологымен

| арнайы дайындалған акушеркамен

| кеңес орнының терапевтімен

| кеңес орнының меңгерушісімен

Анамнезінде жүктілікті көтере алмаушылығы бар 25жастағы ерте мерзімдегі жүктілігі бар әйел ішінің төменгі бөлігінде тартып ауырсынуына және жыныс жолдарынан жағынды қанды бөліністерге шағымдалды. Осыған орай жүкті әйел арнайы көмекті қай жерден алады?

| әйелдер кеңес орнынан+

| фельдшерлік - акушерлік пунктінен

| емханадан

| облыстық перинаталдық орталықтан

| жанұялық – дәрігерлік амбулаториядан

Облыстық балалар ауруханасында болған 6 айлық бала өлімі туралы мәлімет балалар емханасына келіп түсті. Диагнозы: Туа пайда болған жүрек ақауы. Бұл жағдай қандай өлім көрсеткішіне жатады?

| нәресте өлімі+

| интранаталды өлім

| перинаталды өлімі

| постнаталды өлім

| антенаталды өлім

БДЖДСҰ (ВОЗ) тірі туылу критерийлеріне өтуге байланысты перинаталды өлім көрсеткіші өте жоғарылады. Бұл өлім көрсеткішін төмендету мақсатында қандай шаралар жүргізу қажет?

| ұрықтың денсаулығына қауіпті жағдайларды ерте анықтау+

| перинаталды өлім себептерінің анализін жүргізу

| жүкті әйелдің демалу және тамақтану тәртібтерін сақтау

| жүктілікіті сақтау сұрағын уақытылы шешу

| жүкті әйелдермен санитарлы-ағарту жұмысын жақсарту

Мерзімі жеткен жүктілігі бар босанушы әйел перзентханаға босануға түсті. Құжаттар мен бірге партограмма толтырылды. Партограмма нені белгілейді?

| ұрық басының жамбас жазықтықтарынан өтуі+

| босанушының өмір анамнезін

| аурудың анамнезін

| жатыр мойнының жетілу дәрежесін

| аллергиялық анамнезін

Мерзімі жеткен жүктілігі бар қайта босанушы перзентханаға келіп түсті. 30 минут бойы ретті босану қызметінің басталуы анықталды. Сулар кетпеген. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 140 соққы. Босану қызметінің қалыптығын белгілеу үшін қынаптық тексеруді партограмманың ережелері бойынша жүргізу қажет. Босану кезінде қынаптық тексерудің жиілігін анықтаңыз?

| 4 сағат сайын+

| 6 сағат сайын

| 5 сағат сайын

| 3 сағат сайын

| 2 сағат сайын

25 жастағы босанушы 34 – 35 апталық жүктілігімен 2 сағат бойы босану қызметінің басталуымен және жыныс жолдарынан қан кету шағымдарымен перзентханаға келін түсті. Ең бірінші босанудың қандай асқынуының жоқтығын анықтау қажет ?

| плацентаның ажырауын+

| плацентаның төмен жатуын

| жатыр мойынының жыртылуын

| қынаптың жыртылуын

| бұтаралықтың жыртылуын

Босанудың бірінші кезеңінің басталуын қандай белгілер мәлімдейді?

| ретті толғақтың басталуы, жатыр мойнының қысқаруы мен жайылуы+

| жағылмалы қанды бөлінділердің болуы, ретсіз толғақтың басталуы

| ретсіз толғақтың басталуы, қағанақ суының кетуі

| қағанақ суының кетуі, жағылмалы қанды бөлінділердің болуы

| бастың кіші жамбас қуысына орнығуы, қағанақ суының кетуі

Мерзімі жеткен жүктілігі бар бірінші босанушы әйел перзентханаға келіп түсті. 5 сағат бойы іштің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсыну сезімінің пайда болғанына шағымдалды. Сулар кетпеген. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 130 рет минутына.

Партограммада қандай өзгерістер болады?

| жатыр мойнының қысқаруы мен жайылуы+

| толғақтардың сиреуі мен әлсіреуі

| қағанақ суларының кетуі

| бел аймағындағы ауырсынудың күшеюі

| ұрық жүрек соғысының сиреуі мен әлсіреуі

Мерзімі жеткен жүктілігі бар қайта босанушы, босану әрекеті басталғанынан 2 сағаттан кейін келіп түсті. Толғақ 5-6 минут сайын, 20-25 секундтан. Қағанақ қуығы бүтін. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 130 рет минутына. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны жайылған, ашылуы 2 см., қағанақ қуығы бүтін. Ұрық басы кіші жамбас кіреберісіне орныққан. Мүйіс анықталмайды. Босанудың қандай фазасына бұл акушерлік жағдай жатады?

| латентті фазасына+

| белсенді фазасына

| баяу фазасына

| әлсіз фазасына

| босану фазасына

Перзентханаға босанушы әйел босанудың екінші кезеңінде келіп түсті. Сыртқы акушерлік тексеру нәтижесінде ұрықтың шүйдесімен жатуының алдыңғы түрі анықталған.

Босану биомеханизмінің бірінші негізгі кезеңі қандай?

| ұрық басының әлсіз иілуі+

| ұрық басының ішкі бұрылысы

| кіреберіс жазықтыққа бастың орнығуы

| жамбас қуысына бастың түсүі

| ұрық басының жаруы мен жарып шығуы

Перзентханаға босанушы әйел босанудың екінші кезеңінде келіп түсті. Сыртқы акушерлік тексеру нәтижесінде ұрықтың шүйдесімен жатуының алдыңғы түрі анықталған.

Босану биомеханизмінің бірінші қосымша кезеңі қандай?

| кіреберіс жазықтыққа бастың орнығуы+

| ұрық басының әлсіз иілуі

| ұрық басының ішкі бұрылысы

| жамбас қуысына бастың түсүі

| ұрық басының кесіп, жарып шығуы

Нәресте туылғаннан кейін босанушы әйелдің жалпы жағдайы қанағаттанарлық. ҚҚ 125/85 сн.бағ., пульс минутына 90 соққы. Босанудан кейінгі қан кетуді алдын алу мақсатында бұлшықетке 10 ЕД окситоцин енгізілді. «Ана қауіпсіздігі» бағдарламаға сәйкес босанудың 3 кезеңінің жүргізілуі неге байланысты болады?
1   2   3   4   5


написать администратору сайта