Акушер-гинекологқа бір апта бұрын қызамықтың ауыр түрі жөнінен инфекциялық ауруханасында жатып шыққан жүкті әйел келді.Жүктіліктің мерзімі 9-10 апта. Эмбрионға әсері қандай?
| ұрықтың өліп қалуы+
| даму ақаулары даму мүмкіндігі жоғары
| кері әсерін тигізбейді
| даму ақауларының дамуы төмен
| ұрықтың өліп қалу мүмкіндігі төмен
Жүктілік 9-10 апта. Қызамықтың ауыр түрі. Дәрігер амалы:
| жүктілікті үзу+
| гормонотерапия және диспансерлік бақылау
| витаминотерапия
| жүктілікті жалғастыру
| жүкті әйелдің ағзасын шынықтыру шараларын жүргізу
Соңғы етеккірі 2002 ж. сәуірдің 1 мен 4 арлығында болған. Босанудың болжам уақыты. 2003ж ... қаңтарында.
| 8+
| 1
| 15
| 22
| 29
Жанұяны жоспарлаудағы әйелдер кеңес орны жұмысының негізгі тиімді көрсеткіштеріне ... саны жатады.
| фертильді жастағы 1000 әйелге жасаған аборт+
| аймақтағы әйел
| абортқа 1 жылдағы жіберілген абсолютті әйелдер
| өзіндік түсіктер
| аборттан кейінгі асқынулар
Жатыр қуысын қолмен тексеруге көрсеткіш ... болып табылады.
| бала жолдасының бүтіндігіне күдіктену+
| жатыр мойнының 1-2 дәрежелі жыртылуы
| қынап қабырғаларының жыртылуы
| физиологиялық қан жоғалту
| бала жолдасының толық төмен жатуы
Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын ажырауының клиникасына ... тән.
| жатырдың жергілікті ауырсынуы+
| қалыпты тамыр соғысы
| эпигастральды аймақтың ауырсынуы
| ұрықтың қанағаттанарлық жағдайы
| қалыпты жатыр тонусы
... жатыр гипотониясы деп аталады.
| жатырдың жиырылу қабілеті мен тонусының төмендеуі+
| жатырдың жиырылу қабілеті мен тонусының артуы
| жатырдың жиырылу қабілеті мен тонусының болмауы
| жатырдың жиырылу қабілеті мен тонусының қалыпты болуы
| жатырдың төмен және жоғары жиырылу қабілетінің кезектесуі
... жатыр атониясы деп аталады.
| жатырдың жиырылу қабілеті мен тонусының болмауы+
| жатырдың жиырылу қабілеті мен тонусының төмендеуі
| жатырдың жиырылу қабілеті мен тонусының жоғарылауы
| жатырдың төмен және жоғары жиырылу қабілетінің кезектесуі
| жатырдың жиырылу қабілеті мен тонусының қалыпты болуы
Репродуктивті және пременопауза кезеңінде жатырдан қанағуда гемостаз .... арқылы жүргізіледі.
| жатырдың кілегейін қыру+
| лазер терапиясын қолдану
| аналық безді операция жолымен алу
| эндометрилі криодеструкция
| жатыр ампутациясы
Әйелдер кеңес орнына 20 жастағы әйел соңғы етеккірінің 50 күн бұрын болғанына шағымданып келді. Жүктіліктің мерзімін анықтаудың мәліметті әдісі ... болып табылады.
| УДЗ+
| жүктіліктің күмәнсіз белгілері
| қынаптық тексеру
| жүктілікке иммунологиялық тест
| жүктіліктің күмәнді белгілері
Егер соңғы етеккірі 3 наурызда болғанда босанудың болжам мерзімі ... желтоқсан болып табылады.
| 10+
| 30
| 12
| 20
| 1
Леопольдтың ІІ тәсілінің мақсатына ... анықтау болып табылады.
| жатуын, түрін, позициясын+
| даму ақауларын
| жатыр түбіндежатқан бөлігін
| келе жатқан бөлігін
| келе жатқан бөлігінің кіші жамбасқа қатынасын
Леопольдтың ІV тәсілінің мақсатына ... анықтау болып табылады.
| келе жатқан бөлігінің кіші жамбасқа қатынасын+
| жатыр түбіндежатқан бөлігін
| түрін
| позициясын
| жатуын
Амниоскопияға манипуляцияны жасауға ... қарсы көрсеткіш болып табылады.
| жүктіліктің үзілу қаупі+
| пролонгирленген жүктілік
| мезгілінен асқан жүктілік
| нәрестенің жетілуінің тоқтауы
| көпұрықты жүктілік
Леопольдтың III тәсілінің мақсатына ... анықтау болып табылады.
| келе жатқан бөліктің тұру деңгейін+
| нәрестенің келе жатқан бөлігін анықтауды
| бастың өлшемін анықтауды
| жүктілік мерзімін анықтауды
| қасаға байламы жағдайын анықтауды
Леопольдтың 4 тәсілін көрсетіңіз:
4 2 1 3
| 4+
| 1
| 2
| 3
| 5
Суретте дәрігер... тексеруді жүргізіп жатыр.
| леопольдтың 4 тәсілін+
| леопольдтың 3 тәсілін
| басты қарауды
| вастен белгісін анықтауда
| леопольдтың 1 тәсілін
Суретте дәрігер ... тексеріп жатыр.
| диагональды конъюгатаны+
| қасаға биіктігін
| кіші жамбас шығаберісінің тік өлшемін
| кіші жамбасқа кіреберістің тік өлшемін
| бастың орналасуын
Сыртқы акушерлік тексеруден кейін суреттегі жағдай анықталды:
| Нәрестенің тік жатуы.Жамбаспен жату,таза бөкселік.I позиция, артқы түр+
| Нәрестенің тік жатуы.Жамбаспен жату,таза бөкселік.I позиция, алдыңғы түр
| Нәрестенің тік жатуы.Жамбаспен жату,таза бөкселік.IІ позиция, артқы түр
| Нәрестенің тік жатуы.Жамбаспен жату,таза бөкселік.IІ позиция, алдыңғы түр
| Нәрестенің тік жатуы.Жамбаспен жату,таза бөкселік.I позиция
Сыртқы акушерлік тексеруден кейін суреттегі жағдай анықталды:
| Нәрестенің тік жатуы.Жамбаспен жату,аралас.IІ позиция, артқы түр+
| Нәрестенің тік жатуы.Жамбаспен жату,аралас.I позиция, алдыңғы түр
| Нәрестенің тік жатуы.Жамбаспен жату,аралас.I позиция, артқы түр
| Нәрестенің тік жатуы.Жамбаспен жату,аралас.IІ позиция, алдыңғы түр
| Нәрестенің тік жатуы.Жамбаспен жату, бөкселік.IІ позиция,артқы түр
Сыртқы акушерлік тексеруден кейін суреттегі жағдай анықталды:
| Нәрестенің тік жатуы.Толық аяқпен келу.I позиция, алдыңғы түр+
| Нәрестенің тік жатуы.Толық аяқпен келу.IІ позиция, артқы түр
| Нәрестенің тік жатуы.Толық аяқпен келу.I позиция, артқы түр
| Нәрестенің тік жатуы.Толық аяқпен келу.IІ позиция, алдыңғы түр
| Нәрестенің тік жатуы.Толық аяқпен келу.I позиция,артқы түр
Сыртқы акушерлік тексеруден кейін суреттегі жағдай анықталды:
| Нәрестенің тік жатуы.Жартылай аяқпен келу.IІ позиция, артқы түр+
| Нәрестенің тік жатуы.Жартылай аяқпен келу.I позиция, алдыңғы түр
| Нәрестенің тік жатуы.Жартылай аяқпен келу.I позиция, артқы түр
| Нәрестенің тік жатуы.Жартылай аяқпен келу.IІ позиция, алдыңғы түр
| Нәрестенің тік жатуы.Аяқпен келу.I позиция,артқы түр
Қайта босанушы әйел 5 сағаттан бері босану кезеңінде.Толғағы әр 2-3 мин.40-50 сек. дейін,орташа күште.PV: жатыр мойны жайылған,ашылуы 7 см.,қағанақ қабығы бүтін.Бас кіші жамбасқа орныққан.Оқша жік оң жақ қиғаш өлшемде,кіші еңбек алдынан сол жақта.Мүйіс анықталмайды.Босану қарқыны:
| жақсы+
| тым күшті
| қанағаттанарлық
| жеткіліксіз
| босану әрекетінің әлсіздігі бар
Қайта босанушы әйел 5 сағаттан бері босану кезеңінде.Толғағы әр 2-3 мин.40-50 сек. дейін,орташа күште.PV: жатыр мойны жайылған,ашылуы 7 см.,қағанақ қабығы бүтін.Бас кіші жамбасқа орныққан.Оқша жік оң жақ қиғаш өлшемде,кіші еңбек алдынан сол жақта.Мүйіс анықталмайды.Босанатын әйел жатыр мойны ашылуының ... фазасында
| белсенді+
| латентті
| бәсеңдеу
| ерте латентті
| прелеминарлы
Алғаш босанатын 22 жастағы әйел 4 сағаттан бері босану кезеңінде.Мерзіміне жеткен жүктілік жамбас өлшемдері 25-28-31-21см.Келе жатқан бөлігі басы,кіші жамбас кіреберісіне орныққан.Нәрестенің жүрек соғысы 130 рет мин.айқын,ырғақты.Толғағы әр 4-5 минутта,40 секундтан,орташа күште.PV: жатыр мойны жайылған,ашылуы 3 см.Қағанақ қуығы бүтін.Келе жатқан бөлігі басы кіші жамбас кіреберісіне орныққан.Оқша жік сол жақ қиғаш өлшемде,кіші еңбек алдынан оң жақта. Босанудың І кезеңінің ... фазасы.
| латентті+
| белсенді
| бәсеңдеу
| ерте латентті
| прелеминарлы
Босанудың екінші кезеңінің басталуындағы қынаптық зерттеуде дәрігер қасаға байламының төменгі жиегі,сегізкөздің 3 омыртқасы және мықын сүйектерінің осьтері бос екендігін анықтады.Бас ... орналасқан.
| үлкен сегментпен кіші жамбасқа кіреберісте+
| кіші жамбас кіреберісіне орныққан
| кіші сегментпен кіші жамбасқа кіреберісте
| кіші жамбас қуысында
| жамбас түбінде
Қынаптық зерттеуде анықталынды:жатыр мойнының ашылуы толық, қағанақ қуығы жоқ. Бас бүкіл сегізкөз ойпаңымен қасаға байламын алып жатыр,отырғыш бұдырларымен құйымшақ ұшы пальпацияланады.Оқша жік оң жақ қиғаш өлшемде,кіші еңбек алдынан сол жақта. Бас ... орналасқан.
| кіші жамбастың тар бөлігінде+
| үлкен сегментпен кіші жамбасқа кіреберісте
| кіші жамбастың кең бөлігінде
| жамбас түбінд
| кіші жамбастың шыға беріс жазықтығында
Босанған әйелде босанғаннан кейін 10 мин. кейін бала жолдасының бөліну белгілері бар. Қан шығыны 150мл. және жалғасуда. Сіздің амалыңыз қандай?
| бала жолдасын сырттан шығару әдістерін жасау+
| наркоз беру, бала жолдасын қолмен бөлуді жасау
| т/а 1 мл окситоцин ерітіндісін енгізу
| 500мл физиол.ерітіндіде окситоцина 5 бірлік күре тамырға тамшылатып енгізуді бастау
| іштің төменгі жағына мұз қойып,күшененуді сұрану
Бөлініп шыққан бала жолдасын қарағанда оның бүтіндігі күмәнді және қан шығыны 200мл. Сіздің амалыңыз қандай?
| жансыздандырумен бірге жатыр қуысын қолмен тексеріп шығу+
| ешқандай шара қажет етілмейді
| үлкен кюреткамен жатыр қуысын қыруды жасау
| іштің төменгі жағына мұз қойып,жатырды жиыратын заттарды салу
| антибиотиктер,жатырды жиыратын заттарды тағайындау
Перзентханаға босанушы әйел босанудың екінші кезеңінде келіп түсті. Сыртқы акушерлік тексеру нәтижесінде ұрықтың шүйдесімен жатуының алдыңғы түрі анықталған.
Босану биомеханизімінің бірінші қосымша кезеңі қандай?
| кіреберіс жазықтыққа бастың орнығуы+
| ұрық басының ішкі бұрылысы
| ұрық басының әлсіз иілуі
| жамбас қуысына бастың түсүі
| ұрық басының жаруы мен жарып шығуы
29 жастағы науқас стационарға 3 сағат бұрын пайда болған ішінің төменгі жағындағы ауырсынуға және жыныс жолдарынан жағылып келетін қанды бөлінділерге шағымданып түсті. Анамнезінен: алдыңғы екі жүктілік жатыр қуысын қайталап қырумен жүрген өзіндік түсікпен аяқталған, соңғы етеккірі екі ай бұрын болған.
Айнамен қарағанда: жатыр мойны көгерген, аздап қанды бөлінділер көрінеді. Қынаптық тексергенде: жатыр мойны сақаталған, сыртқы ернеу саусақ ұшын жібереді, жатыр 7 апталық жүкітілікке сәйкес ұлғайған, қосалқылары анықталмайды, күмбездері терең.
Сіздің диагнозыңыз қандай?
| Жүктілік 7 апта. Жүктіліктің үзілу қаупі+
| Жүктілік 7 апта. Көпіршік тығыны.
| Жүктілік 7 апта. Жолдағы түсік
| Жүктілік 7 апта. Толық емес түсік
| Жүктілік 7 апта. Септикалық түсік
29 жастағы әйелде жүктіліктің 34-35 аптасы, аяқтарында және беттеріндегі ісінумен перзентханаға келіп түсті. АҚ 170/110 мм сын бағ көтерілуіне байланысты желке аймағындағы ауырсыну және мұрнымен тыныс алудың қиындауы болды, диурез төмендеген. Эхографиялық зерттегенде фетометриялық мәліметтердің екі аптаға кешігуі, қағанақ суының жеткіліксіздігі анықталды, допплерометрияда екі жақтағы жатыр артериясында қанмен қамтамасыз етілу резистенттілігі жоғарылаған және ұрық-жатыр қан айналымының жағдайы нашар. Қынаптық тексергенде: жатыр мойны «жетілмеген».
Диагнозы қандай?
| Жүктілік 34-35 апта. Ауыр дәрежедегі преэклампсия. Плацентарлы жетіспеушілік. Нәрестенің құрсақішілік дамуының жетіспеушілігі. Аз сулылық+
| Жүктілік34-35 апта. Жеңіл дәрежедегі преэклампсия. Плацентарлы жетіспеушілік. Нәрестенің құрсақішілік дамуының жетіспеушілігі. Аз сулылық.
| Жүктілік 34-35 апта. Гипертониялық ауру. Плацентарлы жетіспеушілік. Нәрестенің құрсақішілік дамуының жетіспеушілігі. Аз сулылық.
| Жүктілік 34-35 апта. Ауыр дәрежедегі преэклампсия. Плацентарлы жетіспеушілік. Нәрестенің құрсақішілік дамуының жетіспеушілігі.
| Жүктілік 34-35 апта. Ауыр дәрежедегі преэклампсия. Нәрестенің құрсақішілік дамуының жетіспеушілігі. Аз сулылық. Нәрестенің құрсақішілік инфекциясы.
30 жастағы қайта жүкті әйел әйелдер кеңес орнында: ІІІ жүктілік 30-31 апта. Артериалды гипертензия. Асқынған акушерлік анамнез диагнозымен тіркеуде тұрады. Анамнезінен: алдыңғы екі жүктілігі артериалды қысымның көтерілуімен, ісікпен асқынған. Осы жүкті әйел қандай қауіп тобына кіреді?
| преэклампсия+
| мерзімінен асып босану
| анемияның ауыр дәрежесі
| бүйрек жетіспеушілігі
| босағаннан кейінгі септикалық аурулар
Босанғаннан кейінгі бөлімде 29 жастағы бірінші босанудан кейінгі әйелде босанғаннан кейінгі 3-тәулікте сүт бездерінің қатаюы, сүтті сығудың қиындауы байқалды. 5-тәулікте қалтырау, t =39ºC, бастың ауруы, жалпы әлсіздік, оң жақ сүт безінде қатты ауырсыну пайда болды. Анамнезінен: қағанақ суының мерзімінен ерте кетуіне байланысты босануды қоздыру жүргізілген. Объективті: оң жақ сүт безінің жоғарғы квадрантының ортасында флюктуациясы бар қатаюы анықталады, терісі қызарған, ұстағанда ыстық. Емізіктерде тілінулер байқалады.Қолтықасты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынулы.
Осы патологияның дамуында ерекше орынды не алады?
| патологиялық лактостаз және емізіктердегі тілінулер+
| босану әрекетінің әлсіздігі
| қағанақ суының ерте кетуі
| босануды қоздыру
| сұйықтықты көп ішу
24 жастағы босанған әйелде босанғаннан кейінгі 4-тәулікте дене қызуы t =40ºC, ішінің төмен жағында бірден ауырсыну, іштің кебуі, үлкен дәретке отыру ауырсынулы, іш пердесінің тітіркену симптомы оң нәтижелігі анықталды. Жатыр(түбі кіндіктен 1 елі төмен) ұлғайған, ауырсынулы, пішіні анықталмайды, қимылы шектелген. Артқы күмбез салбырап тұр. Болжамды диагнозы қандай?
| пельвиоперитонит+
| жіті оофорит
| эндометрит
| параметрит
| метрит
Босану бөлмесінде 36 жастағы әйелде, босанғаннан 1 сағаттан кейін жатырдың сыртқы уқалауында босану жолдарынан 350 мл ұйымалаларымен бірге қан шықты.
Қан кетудің себебі болып табылады:
| жатыр гипотониясы+
| плацентаның жатуы
| плацентаның бітісіп өсуі
| босану жолдарының жұмсақ тіндерінің жыртылуы
| плацентаның жартылай сіресе жабысуы
25 жастағы босанған әйелде босанғаннан кейінгі 5-тәулікте жыныс жолдарынан бөлінділер қанды, іріңді, жағымсыз иісті, пальпацияда жатыр ауырсынулы, t =38ºC, тамыр соғысы 100 рет мин. Тері қабаттары қызарған, құрғақ. Болжамды диагнозы қандай?
| эндометрит+
| жіті оофорит
| жіті сальпингит
| параметрит
| метрит
30 жастағы босанаған әйелде босанғаннан кейінгі 8 тәулікте, қалтырап жатыр, t =40ºC. Ішінің төменгі жағында ауырсыну, ішектері кепкен. Жатыры ұлғайған, оң жаққа қарай ығысқан, жұмсақ. Қынаптық тексерген кезде сол жақ қосалқылары аймағында жіті
ауырсынулы инфильтрат анықталады.
Болжамды диагнозы қандай?
| жіті сальпингоофорит+
| пельвиоперитонит
| эндометрит
| параметрит
| миометрит
Жас әйелде 5-апталық жүктілік кезінде ішінде қатты ауырсыну, бас айналуы, айқын әлсіздік және тері жабындысының бозғылттығы пайда болған. Шұғыл лапаротомия кезінде құрсағында жиналған қан анықталған. Оң жақ жатыр түтігі күрт ұлғайған, қанмен сіңбеленген, оның қабырғасыда жиектері тегіс емес ақау анықталады.Қан кету себебі?
| түтіктің жарылуы+
| жартылай түтіктік аборт
| толық түтіктік аборт
| пиосальпинкс
| көпіршіктік кірме
26 жастағы жүкті әйел патология бөліміне басының ауыратынына, құлағының шуылдауына шағымданып түсті.Объективті тексеруде анықталды: аяғының тізе буына дейін ісінуі қан қысымының 175/115мм. сн.бғ. дейін жоғарылағаны.Жалпы зәр анализінде белоктың деңгейі 3,8 г/л. Белок алмасуын қалыпқа келтіру мақсатымен 5% ды альбумин ерітіндісі көк тамырдан енгізеді. Осы препаратты енгізудің негізгі мақсаты болып табылады:
| плазманың онкотикалық және коллоидты осмотикалық қысымын жоғарылатып айналмалы қан көлемін жоғарылату+
| электролиттік алмасуды реттеу
| қышқыл сілтілі жағдайды коррекциялау
| газдардың алмасуын жақсарту
| шеткі қан айналымды жақсарту
25 жастағы босанушы әйел ай- күніне жетіп босану үйіне келіп түсті.Босанушы әйелде босану барысы өте қарқынды түрде көрініс беріп, кенеттен қалтырап, дене қызуы 41° градусқа дейін көтеріліп, тыныс алу жетіспеушілігінің белгілері тез арада дамып, қан қысымы төмендеп кетті. Тез арада өкпе ісінуінің клиникалық симптомдары пайда болды.
Босану барысында қандай асқынулар дамыды?
| қағанақ суының эмболиясымен+
| жатырдан профузды қанның кетуімен
| эклампсияның ұстамасымен
| бүйрек үсті безінің жіті жетіспеушілігімен
| өкпе артериясының тромбоэмболиясымен
Қызбала 17 жаста, кенеттен іші қатты ауырып, қысқа мерзімге есін жоғалтуына байланысты жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Анамнезінде: етеккірі 12 жастан, тұрақты, 28 күн сайын, 3-4 күннен, ауырсыну сезімімен. Соңғы етеккірі – 2 апта бұрын. Жыныстық қатынаста болмаған. Қарағанда: боп-боз, АҚҚ 80/40 мм с.б.б., ЖЖЖ 110 соққы минутына, төменгі жақта іші қатыңқы, аздап ауырсынады, іш тітіркендіру симптомы аздап оң мәнді. Зәр шығаруы еркін, үлкен дәреті болған.
Болжамды диагнозы қандай?
| аналық без апоплексиясы+
| жіті аднексит
| аналық без кистасының бұратылуы
| жамбас көктамырларының тромбозы
| жіті аппендицит
Әйел 30 жаста, есін жоғалтуына байланысты жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Туыстарының айтуына қарағанда, жедел жәрдем келгенге дейін құрысу ұстамасы болған, гипотензивті дәрілер мен транквилизатор қабылдаған. Созылмалы гломерулонефрит және гипертониялық аурумен сырқаттанады. Қарағанда: ес-түссіз жағдайда, АҚҚ 180/100 мм с.б.б., пульсі 100 соққы минутына, тыныс алу жиілігі 1 минутта 30, аяқтары мен іш беткейінде айқын ісіктер байқалады. Жүктіліктің 32 аптасы. Болжамды диагнозы қандай?
| эклампсия+
| эпилепсия
| жіті бүйрек жетіспеушілігі
| жіті миокард инфаркті
| гипертониялық криз
Гинекологиялық тексеруде 30 жасар әйелде сол жақ қосалқыларының аймағында, жатырдың алдыңғы бетінде тығыз, тегіс беткейлі біркелкі емес, көлемі 12х10 см, қозғалмалы, ауырсынусыз түйін табылды. Сіздің диагнозыңыз қандай?
| Дермоидты киста+
| Сактосальпинкс
| Тубоовариалды түзіліс
| Цистаденома
| Фолликулярлы киста
6 жасар қызда сыртқы жыныс мүшелерінің қышынуы, ауырсынуы, кіші дәреттен кейін ашып ауырсыну сезіміне шығымданады. Тексеруден кейін мына диагноз қойылды: Бейарнамалы вульвовагинит. Егер бұл ауруды емдемесе, қандай асқынуға алып келеді?
| қынап атрезиясына+
| келлоидты тыртыққа
| кандиломаға
| полипке
| синехияға
6 жасар қыздың шағымы: жыныс мүшелерінің қышынуы, ауырсынуы, кіші дәреттен кейін ашып ауырсыну сезімінің болуы. Обьективті:сыртқы жыныс мүшелері қызарған ісінген, қасылған іздер байқалады, қыздық пердесі бүтін, қынап кіреберісінде іріңді бөлінді анықталады. Ректальді тексеруде: патология анықталмады.
| бейарнамалы вульвовагинит+
| вульвит
| вагинит
| бактериальді вагиноз
| ішек құртты немесе паразитарлы инвазия
7 жасар қыздың шағымы: қынаптан ретсіз қанды бөлінділер байқалды. Тексеруден кейінгі қойылған диагноз: Аналық бездің гормон бөлуші ісігі. Сіздің амалыңыз қандай?
| оперативті ем+
| гормоналды ем
| химиотерапия
| симптоматикалық ем
| сәулелік ем
14 жастағы науқаста етеккірі 6-8 апта сайын, 8-10 күннен, көп мөлшерде, іртік-іртік болып, ауырсынусыз келеді. Әлсіздікке, басының айналуына шағымданады. Анамнезінен кішкентай жасынан бастап мұрыннан қан кетубайқалған. Гинекологиялық статусы: сыртқы жаныс мүшелері дұрыс дамыған, түктенуі әйел типті, қыздық перде бүтін. Тік ішектік-қынаптық тексергенде, жатыры қалыпты көлемді, ауырсынусыз, жатыр қосалқылары екі жақта да ұлғаймаған, жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөлінділер бөлінуде. Диагнозы: «Ювенильді жатырдан қан кету, рецидивті ағым» Бұл жағдайда емнің қандай түрі қолданылады?
| жатыр қуысын қыру+
| гормональды гемостаз
| лапаротомия, жатырдың ампутациясы
| жатыр мойнының электростимуляциясы
| лапаротомия, екі жақты овариоэктомия
16 жасар қыз диета сақтап 1 ай ішінде 15 кг. азған соң , етеккірінің келмеуіне шағымданып келді. Менархе 14 жастан, қалыпты, әр 25 күнде 4 күннен, қалыпты көлемде. Бойы 168 см. дене массасы-47 кг. Екіншілік жыныс белгілері қанағаттанарлық. Сүт бездері жақсы дамыған, бөлінділер жоқ. Сыртқы жыныс мүшелері әйел типтес. Қыздық перде бүтін. Ректальді зерттеуде: жатыр қалыптыдан кішірейген, дұрыс қалыпты, қозғалмалы, қосалқылары анықталмайды. Диагноз: Гипоталамо-гипофизарлы аменорея. Қандай ем қолданасыз?
| физиоемдеу+
| үзбей гормон қабылдау
| циклдік витаминдік ем
| салмағын қалыпқа келтіру
| циклдік гормоналды ем
20 жастағы әйел әйелдер кеңес орнына өзін жүкті деп санап тізімге тұруға келді (етеккірдің кешігуі 10 күн). Қараған кезде: жағдайы қанағаттанарлық, іші жұмсақ, ауырсынусыз, АҚ 120/80 мм сын бағ.
Гинекологиялық тексерген кезде: айнамен қарағанда-жатыр мойны таза, бөлінділер ақ. Жатыры ұлғаймаған, оң жақтан жатыр түтігі ұлғайған, қынап кілегейі көгерген. Кіші жамбас мүшелерін УДЗ дамып жатқан түтіктік жүктілікке ұқсас өзгеріс анықталған.
ӘКО дәрігерінің амалы:
| науқасты жедел түрде ауруханаға жатқызу+
| ӘКО қайта келуді белгілеу
| кульдоцентез жасау
| қанда ХГ титрін анықтауға әйелді жіберу
| тізімге алу+бақылау
22 жастағы босанған әйел, босанғаннан кейінгі 4 тәулікте нәрестесімен бірге қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылып жатыр, нәрестені тек емшек сүтімен қоректендіреді. Оған шыққаннан кейін контрацепцияның қандай түрін ұсынуға болады?
| лактационды аменорея әдісін+
| ырғақты әдісті
| тосқауылды әдісті
| жатырішілік контрацепцияны
| қосарланған оральді контрацепцияны
23 жастағы бірінші босанушы, 30 минут бұрын үйінде болған бір реттік эклампсия талмасынан кейін жедел жәрдем бригадасымен перзентханаға жеткізілді. Жүктілік 37-38 апта, жағдайы ауыр, есі кіресілі-шығасылы. Тері қабаттары бозғылт, аяқтарында ісік, АҚ 150/100 мм сын. бағ., тамыр соғысы 98 рет мин. Қандай белгілерге байланысты диагноз қойылды?
| құрысу және кома+
| гипертермия
| анурия және ісіктер
| ісіктер және қыжылдаудың болуы
| диарея және құсу
24 жастағы жүкті әйел перзентханаға операциядан кейінгі тыртықтың ауырсынуына шағымданып түсті. Анамнезінен бірінші жүктілігі преэклампсия, плацентаның ажырауы бойынша жасалынған кесар тілігімен аяқталған. Қазіргі жүктілігі екінші, мерзімі 32-33 апта. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚ 120/70 мм.сб.бағ.., пульсі 80 рет минутына, температурасы 36,7. Ұрықтың орналасуы ұзына бойлық, басы кіші жамбас қуысының кіре берісінде, жүрек соғуы 136 соққы минутына, анық, ырғақты. Операциядан кейінгі тыртық аймағында аймақтық ауырсыну, «шұңқыр» сиптомы анықталды. Жүргізу амалы қандай?
| жіті кесар тілігі+
| босануды қоздыру
| жоспарлы кесар тілігі
| босану жолдары арқылы
| босануды стимуляциялау
24 жастағы қайта босанушы әйел әйелдер кеңес орнына 10-11апталық жүктілікпен тіркеуге тұрды. Анамнезінен: бірінші жүктілігі ешқандай асқынусыз мерзімінде босанумен аяқталған, соматикалық анамнезінде өзгерістер жоқ. Тексеру барысында өзгерістер анықталған жоқ. Жүктіліктің қалыпты ағымында әйелдер кеңес орнына қанша рет келуі қажет:
| жүктілік бойына 4 рет+
| айына 1 рет
| жүктілік бойына 14-16 рет
| 2 аптада 1 рет
| айына 2 рет
25 жастағы алғаш босанушы әйелде босанудың 10 сағат бойы болғанымен перзентханаға түсті. Сулар кетпеген. Босанушы әйел аяқ астынан бозғылт түсті болып, ішінде қатты ауырсыну сезімінің пайда болғанына шағымдалды. Жатыр тұрақты тонуста. Ұрық жүрек соғысы минутына 100-110 рет, түйық, анық емес. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойнының ашылуы 6 см, қағанақ қуығы бүтін, ұрық басы кіші жамбастың тар бөлігінде орналасқан.Босануды жүргізу амалын таңдаңыз?
| Лапаротомия. Кесар тілігі операциясын жасау+
| Амниотомия. Қуыстық акушерлік қысқыштарды салу
| Консервативті. Босануды табиғи жолымен аяқтау
| Амниотомия. Ұрықтың жіті гипоксиясын емдеу
| Эпизиотомия. Ұрықтың жіті гипоксиясын емдеу
26 жастағы қайта босанатын әйел босанудың екінші кезеңінде перзентханаға келіп түсті. Ұрық таза құйрығымен орналасқан. Алдыңғы құйрығы туылғанынан кейін босану қызметінің екіншілік әлсіздігі және ұрықтың құрсақішілік жіті гипоксия белгілері дамыды. Акушердің амалын анықтаңыз?
| ұрықты жамбасынан тартып шығару+
| классикалық қол әдісін қолдану
| акушерлік қысқыштар салумен босандыру
| ұрықтың вакуум экстракциясын қолдану
| лапаротомия, кесар тілігі операциясын пайдалану
26 жастағы қайта босанушы әйел, әйелдер кеңес орнына 9 апталық жүктілікпен тіркеуге тұрды. Анамнезінен: артериалды гипертензия диагнозымен участкелік терапевте тіркеуде тұратыны анықталды. Алдыңғы жүктілігі ауыр дәрежедегі преэклампсиямен асқынған, соған байланысты жүктілік 32 аптасында медициналық көрсеткіш бойынша үзілген. Тіркеуге алған уақытта әйелде ешқандай шағымдар жоқ. АҚ=120/80 мм сын. бағ. Осындай патологиясы бар жүкті әйелді қандай мерзімде бірінші рет стационарға жатқызу қажет ?
| 12 аптаға дейін+
| 24 аптаға дейін
| 36 аптаға дейін
| 28 аптаға дейін
| 38 аптаға дейін
27 жастағы жүкті әйел әйелдер кеңес орнына жыныс жолдарына крем тәрізді «балықтың» иісі бар көп мөлшердегі бөлінділерге, қынап аймағындағы қышыну, ашуға шағымданып келді. Сіздің диагнозыңыз қандай?
| бактериалды вагиноз+
| трихоманадты кольпит
| гонореялы кольпит
| кандидозды кольпит
| хламидиялы кольпит
28 жастағы, ауыр преэклампсиямен, 33-34 апталық жүктілік мерзіміндегі жүкті әйел магнезиалды терапия қабылдаумен жүктілікті үзуге дайындалуда. Жағдайы тұрақты емес. АҚ 180/110мм. сб.бағ., беттің майда бұлшық еттерінің құрысып тырысулары бар. Магнезальды терапияны қанша уақытқа жалғастыру қажет?
| босанудан кейін 24-48 сағат+
| босанудан кейін 10-12 сағат
| босанудан кейін 13-24 сағат
| босанудан кейін 2 сағат
| босанудан кейін 7 тәулік
30 застағы науқас әйелдер кеңес орнына 3 күннен бері қынап аймағындағы қышыну, ашуға, басының ауырсынуына, t =38ºC шағымданып келді. Қараған кезде: қынаптан көлемі 2-3 см домалақ пішінді қызарған везикулалар анықталады. Сіздің диагнозыңыз қандай?
| генитальді герпес+
| сүйір бұрышты кандиломалар
| генитальді туберкулез
| сифилис
| фурункулез
Қайта жүкті әйел, 29 жаста, ауыл тұрғыны, жатырында екі тыртығы бар, жүктіліктің 36 аптасында стационарға жіберілді. Анамнезінен: бірінші жүктілігі ауыр дәрежелі преэклампсиямен асқынып, босану 36 апталық мерзімде операциямен аяқталған, екінші жүктілігі 37 апталық мерзімде жатырдағы тыртықтың ажырауына байланысты кесар тілігі операциясымен аяқталған. Әйел қандай жерде босануы тиіс?
| облыстық перинаталдық орталықта+
| ауылдық ауруханада
| қалалық перинаталдық орталықта
| қалалық перзентханада
| ұлттық ана және бала денсаулығын қорғау Орталығында
Босанғаннан кейінгі бөлімде 29 жастағы тұңғыш босанушы әйелде босанғаннан кейінгі 3-ші тәулікте сүт бездерінің қатаюы, сүт сығудың қиындауы болған. 5-ші тәулікте қалтырау, t =39ºC, бастың ауырсынуы, оң жақ сүт бездерінде ауырсыну белгілері пайда болды. Оң жақ сүт безінің сыртқы аймағында жұмсақ ошақтары бар ауырсынулы қатаю пальпацияланады, осы жерде тері қызарған, ыстық. Емізіктерде тілмелер анықталады. Қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынулы. Лактацияны басуға қандай дәрі нәтижелі болып табылады?
| парлодел+
| бромкамфора
| гипотиазид
| фуросемид
| токоферол
30 жастағы қайта жүкті әйел әйелдер кеңес орнында: ІІІ жүктілік 30-31 апта. Артериалды гипертензия. Асқынған акушерлік анамнез диагнозымен тіркеуде тұрады. Анамнезінен: алдыңғы екі жүктілігі артериалды қысымның көтерілуімен, ісікпен асқынған. Осы жүкті әйел қандай қауіп тобына кіреді?
| преэклампсия+
| мерзімінен асып босану
| анемияның ауыр дәрежесі
| бүйрек жетіспеушілігі
| босанғаннан кейінгі септикалық аурулар
Әйелдер кеңес орнына 30 жастағы әйел профилактикалық тексерілуге келген. Шағымдары жоқ. Соматикалық сау. Айналармен тексергенде қынаптың шырышы қызғылт, жатыр мойнында айқын шекаралары бар ақшыл аймақтар анықталады. Бөлінділер шырышты. Кеңейтілген кольпоскопияда көлемі 0,5*0,5 см, алдыңғы және артқы ернеулерде орналасқан 3 ақшыл аймақтар анықталды, Люголь ерітіндісімен өңдегенде, йодқа теріс реакция берді. Бұл жағдайда жатыр мойнының қандай патологиясы болуы ықтимал?
| лейкоплакия+
| эрозия
| жатыр мойнының обыры
| эритроплакия
| дисплазия
Босану бөлімінде 32 жастағы босанатын әйел жатыр. Анамнезінен: төртінші жүктілігі және төртінші босануы. Босану ешқандай ауытқуларсыз өтті, жетілген 4500 г салмақтағы қыз бала туылды. Босанудың үшінші кезеңі белсенді түрде жүргізілді, 10 минуттан соң бала жолдасы бөлініп, туылды. Жалпы қан шығыны 250 мл. 20 минуттан кейін жыныс жолдарынан қанды бөлінділер бөліне бастады. Обьективті жатыры жұмсақ, сыртқы массаж жасағанда 350 мл сұйық қан және ұйымалар шықты. Осы жағдайда қандай әрекеттер дұрыс болып табылады?
| жатырды тексеру және жұдырықпен уқалау+
| күту амалы
| жатыр аймағына мұз қою
| жатырдың сыртқы массажы
| лапаротомия, гистерэктомия
Босанғаннан кейінгі 3-ші тәулікте нәрестенің тері қабаттары сарғыш түсті, бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған, жалпы билирубин деңгейі 51 мкмоль/л, Hb 186 г/л.
Сіздің диагнозыңыз қандай?
| физиологиялық сарғаю+
| нәрестенің гемолитикалық ауруы, сарғаю түрі
| механикалық сарғаю
| гемолитикалық сарғаю
| обтурациялық сарғаю
36 жастағы көп босанушы әйелден босанудан кейін 1 сағаттан кейін, сыртқы массаж кезінде босану жолдарынан 350 мл ұйыған қан бөлінді. Осы патологияның себебі қандай?
| жатырдың гипотониясы+
| плацентаның төмен орналасуы
| плацентаның бітісуі
| босану жолдарының жұмсақ тіндерінің жыртылуы
| плацентаның жартылай тығыз жабысуы
Босанушы босанудың екінші кезеңінде. Күшенулер 1–2 мин. 50-55 сек. Күшенулер арасында ұрықтың жүрек соғысы минутына 150 рет. Ұрықтың басы бұтаралықты жарып шығуда. «Ана қауіпсізді» бағдарламаға сәйкес босану әдісін анықтаңыз?
| бұтаралықты қорғамау+
| перинеотомия жасау
| бұтаралықты қорғау
| эпизиотомия жасау
| пудендалды анестезия жүргізу
Нәресте туылғаннан кейін әйелдің жағдайы қанағаттанарлық. АҚ 125/85мм.сб.бағ.., пульс 90соққы мин. Алдын алу шара ретінде 10б окситоцин б/е енгізілді. Босанудың үшінші кезеңін жүргізу неге байланысты болады?
| қан шығынының көлеміне плацентаның бөліну белгілеріне+
| босанудың ұзақтығына
| қан шығынының көлеміне
| нәрестенің жағдайына
| сусыз кезеңнің ұзақтығына
38 жастағы науқас гинекология бөліміне менструацияға байланыссыз қанды бөлінділерге шағымданып түскен. Қойылған диагноз: «Репродуктивті жастағы дисфункционалды жатырдан қан кету» Емді неден бастау қажет?
| жатыр қуысын қырудан+
| жатырдың ампутациясынан
| гормональды гемостаздан
| алмастырушы гормональды терапиядан
| антибактериальды терапиядан
Мерзімі жеткен жүктілігі бар алғаш босанушы қағанақ суының кетуіне және босану әрекетінің басталғанына 5 сағат болғанына байланысты перзентханаға түсті. Қынаптық тексеруде: жатыр мойнының ашылуы 5 см., қағанақ қуығы жоқ, ұрықтың көз шарасы, мұрын түбірі, ауызы пальпацияланады, бет сызығы оң жақ қиғаш өлшемде, иегі алдынан сол жақта. Мүйіс анықталмайды. Босандыру әдісін таңдаңыз?
| босану табиғи жолдар арқылы болуы мүмкін+
| кесар тілігі операциясы арқылы босандыру
| босандыруды ұрықты бұзушы операциямен аяқтау
| босануды белсендіріп, табиғи жолдар арқылы жүргізу
| акушерлік ұйқы - демалысын беру
35 жастағы науқас, әйелдер кеңес орнына ішінің төменгі жағындағы сыздап ауырсынуға, ауырсынудың тік ішекке және бұтаралыққа берілуіне шағымданып келді. Ауырсыну етеккір кезінде күшейеді. Қынаптық тексергенде: жатырдың арт жағында екі жақтанда тығыздылығы қатты элластикалық d=3 см, жатырмен жабысқан құрылым анықталады. Пальпацияда жатыр ауырсынулы. Жүргізу амалы қандай?
| гормонотерапия+
| жатыр қосалқыларын алып тастау
| физиоем
| жатырды қосалқыларымен ампутация
| жатырды қосалқыларымен экстирпация
25 жастағы әйел 5 күннен бері жыныс жолдарынан іріңді бөлінділердің бөлінуіне, кіші дәретке шыққанда ауырсыну сезімінің болуына шағымданады, дене қызуы қалыпты. Жыныстық қатынаста үнемі емес, үнемілік қатнаста болатын адамы жоқ. Айнамен қарағанда: жатыр мойнымен қынабы қызарған, «іріңді лента» түріндегі көп мөлшердегі кілегейлі-іріңді бөлінділер. Бимануалды тексергенде: жатыры және қосалқылары ұлғаймаған, ауырсынусыз. Ем үшін қандай антибиотик таңдаулы болып табылады?
| сумамед+
| цефтриаксон
| цефамезин
| ампициллин
| метрогил
Әйелдер кеңес орнына 30 жастағы әйел жүктілікке болдырмауға қарсы кеңес алуға келді. Анамнезінен: тұрмыста, жыныстық қатнаспен өмір сүреді, жыныстық қатынаспен бір адамммен тұрады. 2-жүктілік болған, екіншісі-жатырдан тыс жүктілік, соған байланысты тубэктомия жасалынған. Етеккірі әр 25-30 күнде, 7 күннен,көп мөлшерде ауырсынулы. Контрацепцияның қандай түрін тағайындауға болады?
| қосарланған оральді контрацептив+
| презерватив
| жатырішлік спираль
| спермицид
| ырғақты әдіс
25 жастағы әйел 5 күннен бері жыныс жолдарынан іріңді бөлінділердің бөлінуіне, кіші дәретке шыққанда ауырсыну сезімінің болуына шағымданады, дене қызуы қалыпты. Жыныстық қатынаста үнемі емес, тұрақты қатынаста болатын адамы жоқ. Айнамен қарағанда: жатыр мойнымен қынабы қызарған, «іріңді лента» түріндегі көп мөлшердегі кілегейлі-іріңді бөлінділер. Бимануалды тексергенде: жатыры және қосалқылары ұлғаймаған, ауырсынусыз. Қандай тексеру аурудың этиологиясын анықтауға көмектеседі?
| бактериоскопиялық зерттеу+
| кіші жамбас мүшелерінің УДЗ
| биопсия
| кольпоскопия
| гистологиялық зерттеу
25 жастағы Л. деген науқас етеккір келерден 5 күн бұрын жағдайның нашарлағынына: дене салмағының артуына, сүт бездерінің қатаюы және ауырсынуына,тітіркенгіштік, мазасының болмауына, бас ауырсынуына шағымданады. Етеккір бастала салысымен аталған шағымдар өздігінен жоғалады. Гинекологиялық зерттеуде патологиялық өзгерістер анықталмаған. Қандай синдром?
| менструция алды+
| посткастрационды
| климактерикалық
| аналық бездерінің біріншілік поликистозы
| аналық бездерінің екіншілік поликистозы
Қайта босанушы әйел, 26 жаста, босанғаннан кейінгі 5-ші тәулікте t =39ºC, қалтырау, ұйқысы бұзылған, қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған және ауырсынады. Сүт бездерін тексерген кезде: оң жақ сүт безінің жоғарғы сыртқы аймағында қызару анықталды. Терінің өзгерген аймағында тығыз, аз қимылдайтын инфильтрат анықталды.
Осы жағдайда қандай амал дұрыс болып табылады?
| хирургиялық ем+
| сүт бездерін сығу арқылы босату
| симптоматикалық ем
| инфузионды терапия
| зақымдалған аймаққа компресс
Науқас 46 жаста.Симптомдары: ұзақ көп мөлшердегі етеккір, жалпы әлсіздік, жиі зәр шығару, жатыр мойны эрозияланған. Жатыр 15-16 апталық жүктілікке сәйкес түйінді ісікке айналған.Cіздің болжамдаған операция көлемі қандай?
| жатырдың қосалқыларымен бірге экстирпациясы+
| консервативті миомэктомия
| жатырдың қосалқыларымен бірге қынапүстілік ампутациясы
| жатырдың қосалқыларынсыз қынапүстілік ампутациясы
| жатырдың қосалқыларынсыз экстирпациясы
Науқас 35 жаста. Шағымдары: жалпы әлсіздік, етеккірдің 1-ші күннен бастап көп мөлшердегі қанды бөліністер. Қынаптық тексергенде: жатыр мойны цилиндірлік пішінді,ернеу жабық, жатыр жүктіліктің 8-9 аптасына сай ұлғайған, тығыз, қозғалмалы, ауру сезімі жоқ, қосалқылары анықталмайды. Осы кезеңдегі емдеу жоспары қандай?
| жатыр қуысын қыру+
| cимптоматикалық ем
| жатырдың қынап үстілік ампутациясы
| жатыр экстерпациясы
| эстроген-гестагенді препараттары
43 жастағы әйел жатыр миомасымен 10 жылдан бері диспансерлік бақылауда тұр.Соңғы 2 жылда етеккірі көп мөлшерде және ауырсынып келеді. Бұл симптомдар не себептен болуы мүмкін?
| шырышасты миома+
| субсерозды түйін
| интерстициалді түйін
| шырыш атрофиясы
| фибринолитикалық белсенділігінің төмендеуі
45 жастағы әйел: жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөлінділерге, іштің төменгі жағында толғақ тәрізді ауру сезіміне шағымданады. Жатыр қуысын диагностикалық мақсатпен қырғанда кюретканың «сырғу»симптомы анықталды. Сіздің диагнозыңыз қандай?
| интрамуралды миома, жатыр қуысына қарай өсуі+
| синехиялар
| ұрық қалдығының қалуы
| жатырдың даму ақауы
| эндометри полипі
Нәресте босана салысымен бірден басы артқа қарай қисайған, ісік аймағындағы тін жұмсақ, беткейлі орналасқан, бас сүйек тігістерімен шектелмейді.
Сіздің диагнозыңыз қандай?
| босану ісігі+
| гидроцефалия
| бас ми ісігі
| кефалогематома
| босану жарақаты
Мерзімі жеткен жүктілігі бар алғаш босанушы қағанақ суының кетуіне және босану әрекетінің басталғанына 5 сағат болғанына байланысты перзентханаға түсті. Қынаптық тексеруде: жатыр мойнының ашылуы 5 см., қағанақ қуығы жоқ, ұрықтың көз шарасы, мұрын түбірі, ауызы пальпацияланады, бет сызығы оң жақ қиғаш өлшемде, иегі алдынан сол жақта. Мүйіс анықталмайды. Босандыру әдісін таңдаңыз?
| босану табиғи жолдар арқылы болуы мүмкін+
| кесар тілігі операциясы арқылы босандыру
| босандыруды ұрықты бұзушы операциямен аяқтау
| босануды белсендіріп, табиғи жолдар арқылы жүргізу
| акушерлік ұйқы - демалысын беру
19 жастағы науқас гинеколог-эндокринологқа келді, ол науқасқа: адреногенитальды синдром деген диагноз қойылды. Емді қашан белгілеу қажет?
| диагноз қойылған сәттен бастап+
| етеккір қызметі қалпына келгеннен кейін
| жүктілік жоспарланғаннан бастап
| босанғаннан кейін
| науқастың талғамы бойынша
52 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, тәулігіне 10 ретке дейінгі тасуға, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне, ұйқының бұзылуына, ашуланшақтық жағдай, қорқыныш, үрей сезімінің болуына, тітіркенгіштіктің жоғырылауына, шағымданғыштықтың болуына шағымданады. Соңғы етеккірі 10 ай бұрын болған. Сіздің диагнозыңыз қандай?
| климактерикалық синдром+
| адреногениталды синдром
| Шихан синдромы
| посткастрационды синдром
| Ашерман синдромы
28 жастағы науқас гинекология бөліміне соңғы 2 жылдан бері жүктіліктің 7-8 апталарында инфицирленген түсіктен кейін пайда болған жыныс жолдарынан бөлінетін қанды бөлінділерге шағымданып түсті. Медициналық көмекке қаралған, жүктілік болмаған.
| репродуктивті кезеңдегі ановуляторлы дисфункционалды жатырдан қан кету+
| репродуктивті кезеңдегі овуляторлы дисфункционалды жатырдан қан кету
| перименопаузалды кезеңдегі қан кету
| қынаптың варикозды кеңейген тамырынан қан кету
| постменопаузалды кезең
29 жастағы науқас келесі етеккірдің 3 ай кешігіп келуінен кейінгі жатырдан қан кетуге шағымданып келді. ХГ тест теріс. Бимануалды тексерген кезде және айнамен қараған кезде патологиялық өзгерістер анықталмаған. Гистероскоп бақылауымен бірге жатыр қуысын диагостикалық-емдік қыру жасалынды. Гистологиялық тексеру нәтижесі: эндометридің жәй гиперплазиясы. Сіздің диагнозыңыз қандай?
| дисфункционалды жатырдан қан кету+
| үзілген жүктілік
| эндометриоз
| жатыр миомасы
| көпіршік ауруы
Репродуктивті жастағы әйелде етеккірдің тоқтауы жүктіліктің ... белгілеріне жатады.
| күмәнсіз+
| күмәнді
| анық
| нақты
| абсолютті
|