№4 сабақ. 4 тжірибелік саба Сабаты таырыбы Бактерияларды генетикасы. Модификация. Мутация. Санитарлы микробиология негіздері. оршаан орта микрофлорасы.
Скачать 64.6 Kb.
|
Суды патогенді микроағзалар болғанда санитарлы- микробиологиялық зерттеу. Эпидемиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Суда патогенді бактерияларды анықтау өте қиын және әрқашан нақты нәтижелер бермейді. Суда патогенді микроағзаларды анықтау үшін әртүрлі әдістер қолданылуы мүмкін. Қоректік ортаға судың тікелей дақылы. 2) бактериялардың алдын ала жасалынған концентрациясының сумен бірге мембраналық фильтр немесе егу ортасына жинақталуы, 3) жұқтыру әдісі арқылы патогенді микроорганизмдерді сезімтал жануарлардан анықтау (биопроба) 4) тездетілген әдістерді қолдпну: РИФ, ИФА Судың микробиологиялық көрсеткіштерін бағалау Судың сапасын бағалау жинақталған түрде шығарылады: химиялық, гельминтологиялық және органолептикалық белгілері бойынша санитарлық микробиологиялық көрсеткіш. Патогенді микроорганизмнің болуы судың ластануының шартсыз көрсеткіші болып табылады. Бұл жағдайда су барлық мақсатта жарамсыз болып табылады. Судың сапасын бағалау критериі дифференциальді анықталады, яғни судың тағайындалуы мен категориясы. Ауыз су сапасының микробиологиялық және паразитологиялық көрсеткіштерінің нормалары.(ҚК ДСМ 28.07.2010 Бұйрық 554)
1) термотолерантты колиформды бактерияларды анықтау кезінде 100 мл суды 3 рет тексеру өткізіледі. 2) колиформ бактерияларды номативтеу кезінде 95% пробадан аспайды. 3) таратушы желіге беткейлік су көзінен лямбля цисталарының және колифагты анықтау, ол жүйелік сумен қамтамасыз ету түрінде өткізіледі. 4) сульфитредуцирлейтін клостридия спораларын анықтау судың технологиялы әсерін анықтау түрінде өткізіледі. 3. Адам ағзасының микрофлорасы бұл дені сау адамның ағзасында болатын микробтар биоценозының бірлестігі. Қалыпты микрофлора тұрақты (облигатты,резидиентті)және кездейсоқ (факультативті) түрде болады. Мекендеу ортасының ерекшеліктеріне байланысты адам денесінің әр жеріндегі (тері,ауыз қуысы, тыныс алу, ішек-қарын және несеп-жыныс жолдары) микрофлора құрамы әртүрлі болуы мүмкін. Қалыпты микрофлораның түрлік құрамы адамның жасына, жынысына, ағзаның иммунологиялық реактивтілік жағдайына, қоректену тәртібіне, географиялық, маусымдық, әлеуметтік факторларға байланысты. Қалыпты микрофлора көпшілік адамдарда бір типтілігімен және ұқсастығымен сипатталады. Олардың құрамы бұзылған жағдайда жылдам бұрынғы қалпына келеді. Қалыпты микрофлораның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтары көп: патогенді микробтарға антагонистік әсер етеді., иммундық жағдайдың қалыпты болуына әсер етеді, асқорыту, зат алмасу процесіне қатысады, витаминдер синтездейді. Қалыпты микрофлораның кейбір өкілдері адам ағзасы әлсіреген жағдайда немесе өздеріне тән емес жерге енгенде шартты-патогенді , тіптен патогенділік қасиетке ие болып, әртүрлі іріңдеп қабыну ауруларын қоздырып зиян келтіреді. Адам жүрген жердің барлығында микроорганизмдер кездеседі, ол экожүйенің бір бөлігі болып есептеледі. Экожүйе бұл тірі организм мен қоршаған ортаның өзара қатынасы. Экожүйенің ішінде күрделі биоценз пайда болады, мысалы микробтық биоценоз, яғни топырақтағы, ауадағы, судағы, адам ағзасындағы әртүрлі микроорганизмдердің өзара тіршілік етуі. Экология қоршаған орта мен тірі организмдердің өзара қатынасы туралы ғылым. Экожүйеде барлығы бір- бірімен өзара байланысты және тепе-теңдік жағдайда болуы керек. Әлемдегі микробтардың басым көпшілігі сапрофиттер, яғни ауру қоздырмайтындар, сонымен бірге зиянды ауру қоздырушылары патогенділері де болады. Барлық экожүйедегі эволюциялық процесс нәтижесінде микроорганизмдердің қасиеттері өзгеріп отырды , микробтар арасында, микробтар мен макроорганизм арасында ерекше өзара қатынас дамып, симбиоз пайда болады. Микробтық симбиоздың бірнеше түрлері болады-мутуализм,антагонизм т.б. Адам ағзасының микрофлорасы I.Iшек микрофлорасы. Нәресте дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы сағаттарда ішек-қарын жолдары стерильді болады. 3-4күннің ішінде кездейсоқ микробтар түсе бастайды. 4-6 күннен кейін ішек жолының спецификалық микрофлорасы грам оң сүтқышқылды бактериялар мекендей бастайды. Бұл бактериялар E.coli мен шіріткіш микробтарға антагонистік әсер етеді. Ана сүтінен басқа қосымша қоректенуден , тісі шыққаннан кейін микробтардың неше түрлері қосылып ересек адамдардың қалыпты микрофлорасына теңделеді. Ішек жолының микрофлорасының көрсеткіші.
II. Ауыз қуысының микрофлорасы. Нәресте туылған кезде стерильді. 4-12 сағаттан кейін көкшіл стрептококк , сонан кейін стафилококктар, нейссериялар, лактобактериялар, бранхамеллалар, дифтероидтар, лептотрикс, кандидалар пайда бола бастайды. Тісі шыққаннан кейін спирохетталар, актиномицеттер, фузобактериялар, вейлонеллалар,т.б. кездесе бастайды. Тісі бұзылған қарттардың аузында қарапайымдыларды, ішек таяқшасын, псевдоманаларды табуға болады. III.Жоғарғы тыныс жолдарының микрофлорасы. Кеңірдек пен трахеяда альфа гемолитикалық, пневмококк, нейссериялар, гемофильді таяқшалар, бранхамелла, маракселла т.б болады. Бронхада микробтар (стрептококк, нейссериялар) аз болады, ол майда бронхатар мен альвеолаларда микроб болмауы керек. Мұрын қуысында стафилококктар, дифтероидтар т.б. болады. IV.Тері микрофлорасы. Күтіміне, қай жерде екеніне, денсаулығына түрі және саны әртүрлі болады. Қалыпты жағдайда теріде мынадай микробтар кездеседі: St. epidermicis, str veridans, str fekalis, corinobakterium, kleibsiella, pseudomanos және т.б. Патологиялық жағдайларда: микоплазмалар, шешек және ұшық вирустары. V. Қынап микрофлорасы. Нәресте дүниеге келген кезде стерильді болады. Сонан соң Додерлеин таяқшалары лактобактериялар пайда болады. Бірнеше аптадан кейін қынап ортасы бейтарапты болып аралас флоралы болады. Кәмелетке жеткеннен кейін орта қайтадан қышқылданып Додерлеин таяқшасының саны көбейе бастайды. Етеккірі тоқтаған әйелде қынап микрофлорасы қайтадан аралас болып әртүрлі микробтар кездесе бастайды. 4. Дисбактериоз. Әртүрлі факторлардың әсерінен (ағзаның иммундық жүйесінің қызметі бұзылғанда, антибиотикпен емдеу тәртібі бұзылғанда, әртүрлі ауыр физикалық, психологиялық зардапқа ұшырағанда т.б.) қалыпты микрофлораның өзара қатынасы өзгеріп патологиялық жағдай туғызуы мүмкін. Қалыпты микрофлора түрлерінің және олардың өзара қатынасының нәтижесінде сандық және сапалық сипттамасының өзгеруін дисбактериоз деп атайды. Даму барысының ауырлығы және клиникалық белгілерінің айқындалу дәрежесіне байланысты дисбактериоз бірнеше фазада өтеді. Бұл фазалар әсіресе ішек жолында болатын дисбактериозда жиі байқалады. Дисбактериоз фазалары: Басталуы. Табиғи мекендеу орындарында қалыпты симбионттардың саны жылдам көбейе бастайды Қалыпты микрофлораның бір түрінің немесе бөтен микробтардың өсіп өніп көбеюінің нәтижесінде қалыпты микрофлораның кейбір түрі жойыла бастайды. Қалыпты микрофлораның, яғни аутофлораның өкілдері бұрын қалыпты жағдайда болмайтын жерлерінде пайда болады. Қалыпты микрофлора және олардың ассоциаттардың патогенділігі өзгереді. Дисбактериоз сатылары Айқынсыз. Облигатты және факультативті микроорганизмдер арасында белгілі дәрежеде ауытқулар байқалады. Микроорганизмдердің екі тобындағы өзгерістер ұзақ мерзімге созылады-айқындала басталған дисбактериоз Өте айқын дисбактериоз Асқынулар пайда болады. Қосымша патологиялық процесстер басталады, микробтар басқа ағзаларда қанда, несепте т.б. кездесе бастайды. Егер де бөлінген микробтар арасында төрттен бір бөлігінен азы ШПМ ға жатпаса немесе ШПМ болмас дисбактериоз жоқ деген тұжырым беріледі. Асептика – жараны микроптардың зақымдауынан қорғау әдісі. Бүл үшін жарамен түйісетін затта микроб болмауы тиіс. Мүлдем микроб жоқ материалдар мен заттар та-зартушы деп аталады. Заттар мен аспаптардағы, басқа бүйымдардағы микробтарды толық жою тазарту (сте-рилизация) деп аталады. Жараны көп жағдайда іріңдетуші микробтар зақымдайды, одан кейін жара іріңдеп, ісінеді. Микробтар сөл тамырларына, сол арқылы сөл жолдарына түсуі мүмкін. Бүл жағдайда тері ісініп қызарады және қатты ауырады. Ал егер іріңді инфекция қанға өтсе, қан бүзылып сепсис дамиды. Антисептика – жараға түскен бактерияларды, микро-организмдерді елтіретін немесе олардың тіршілігін әлсіретіп антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою. Антисептиктер ретінде хлорамин ерітіндісі, иод тұнбасы, спирт, сутегі қолда-нылады. Дезинфекция (зарарсыздандыру) – қоршаған ортадағы жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын жою. Дезинфекция кезінде микроорганизмдердің вегетативті түрлері ғана жойылады. Микроорганизмдерді физикалық факторлар мен химиялық заттармен жоюға болады. Дезинфекцияның мақсаты: ЕСМ палаталарынан сыртқы ортаның объектілерінен жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын кетіру және жою. Зарарсыздандырудың екі түрі бар: профилактикалық және ошақты 4. Стерильдеу режимін таңдау кезінде бастапқы контаминацияны ескеру қажет, ол тек сандық қана емес, сонымен қатар сапалық жағынан да бағаланады, яғни микроорганизмдердің стерильдеу факторына төзімділігін анықтайды. Стерилизация режимін бақылау үшін жаңа диагностикумдар бар. Bacillus stearothermophilus сынақ дақылы ретінде қолданылады, оның споралары 15 минут ішінде 121°C – та өледі. Автоклавтың әрекетін бақылау үшін олар балқудың физикалық әдісін де қолданады, мысалы, бензонафтол – балқу температурасы 110°C, оттан қорғау – 113°c, бензой қышқылы-120°C. Егер автоклавтағы температура жеткілікті болса, заттар ерітіліп, алынған бояғышқа сәйкес түске боялады. Химиятерапия – химиялық заттардың көмегімен спецификалық антимикробтық, антипаразиттік емдеу. Бұл заттардың микроорганизм жағдайында ауру тудырғыш микроорганизмдерге қарсы талдамалы әсер ету қасиеттері бар. Химиятерапияның негізін қалаушы неміс химигі П. Эрлих, ол құрамында мышьяк бар химиялық заттардың спирохеттер мен трипоносомдарға қатерлі әсер ететінін анықтады. Және 1910 ж алғашқы химиотерапевтік препарат – сальварсанды (микроорганизмге зиянсыз, бірақ қоздырғышты жоятын мышьяк қосындысы) шығарып алды. 1935 ж неміс химигі Г. Домагк анилиндік бояу заттардың ішінен протонзоил немесе қызыл стрептоцидті тапты. Ол – бактерияға ағзадан тыс әсер етпейтін, бірақ эксперименттік жануарларды стрептококкты инфекциядан сақтайтын зат. Кейін протозоил организмде in vivo және in vitro да антибиотикалы активтілік көрсететін сульфаминиламидтер парааминобензой қышқылының (ПАБҚ) құрылымдық аналогтары болып табылады. Ол бактериялардың өмір сүруі үшін қажетті фоль қышқылының биосинтезіне қатысады. Антибиотиктер – қатерлі ісіктердің дамуын және микроорганизмдердің өсуін тежейтін, микроорганизмдерден, жануарлар және өсімдіктер клеткасынан өндірілетін химиотерапевтік заттар мен олардың туындылары. Бірінші антибиотикті 1929 ж ағылшын бактериологы А. Флеминг ашты. Флеминг көгеру саңырауқұлағы Пенициллиум нотатумды зерттеу кезінде бактериялық культураның өсуіне кедергі жасайтын затты анықтап, оны пенициллин деп атады. 1940 ж Г. Флори және Э. Чейн тазартылған пенициллинді алды. 1945 ж А. Флеминг, Г. Флори және Э. Чейн Нобель лауреаты атағын алды. Антибиотиктердің жіктелуі А. Флеминг алғашқы антибиотикті ашқаннан кейінгі 60 жыл ішінде 6000 -ға жуық антибиотиктер алынды, сондықтан қазір ең маңызды мәселелердің бірі осы препараттарды систематизациялау болып табылады. Антибиотиктердің әр түрлі жіктелуі бар, бірақ оның ешқайсысы жалпы қабылданған емес. Антибиотиктердің ең басты жіктелуі, химиялық құрамына байланысты. Алыну кезіне байланысты антибиотиктерді 5 топқа ажыратады: • саңырауқұлақтардан алынатын антибиотиктер, мысалы: Пенициллиум (пеницил, гризеофульвин), Цефалоспориум (цефалоспорин), Фузидиум (фузидин) және т. б. • актиномициттерден алынатын антибиотктер, бұл топқа антибиотиктердің 80% енеді. Антибиотиктердің арасында ең негізгі стрептомицин, эритромицин, левомицетин, нистатин және басқа антибиотиктерді өндіретін стрептомицес өкілдері. • Бактериялардан алынатын антибиотиктер. Бұл мақсатта жиі қолданылатын Бациллиус және Pseudomonos өкілдері. Бұл топқа мысал ретінде полимиксинді айтуға болады. • Жануарлардан алынатын антибиотиктер. Балықтың майынан эктерицидті алады. • Өсімдіктерден алынатын антибиотиктер. Оларға пияздан, сарымсақтан, басқа өсімдіктерден алынатын фитонцидтерді жатқызуға болады. Олар өте тұрақсыз қосылыстар болғандықтан таза күйінде алынбаған. Көртеген микробтардың антимикробтық қасиеті бар. Мысалы, ромашка, шалфей, календула. АНТИБИОТИКТЕРДІ АЛУ ТӘСІЛДЕРІ Антибиотиктерді алудың 3 тәсілі бар. Биологилық синтез. Бұл тәсілмен антибиотиктерді алу үшін, микроорганизмдердің жоғарғы өнімді штаммдарын және оларды өсіретін арнайы қоректік орталарын пайдаланады. Мысалы, бұл тәсілмен пенициллинді алады. Химиялық синтез. Кейбір антибиотиктердің құрылымын білгеннен кейін, оларды химиялық синтездеу тәсілімен алу мүмкіндігі туды. Мысалы, бұл тәсілмен алынған алғашқы антибиотктердің алғашқысы – левомицетин. Комбинирленген тәсіл. Бұл тәсіл алдыңғы екі тәсілдің ұштасуы болып табылады. Биологиялық синтез жолыменантибиотиктің ядросые алса (мысалы, пенициллен ваминопенициллан қышқылын) ал, химиялық синтез жолымен оған әр түрлі радикалдарды қосады. Осы тәсілмен алынған антибиотиктерді жартылай синтетикалық деп атайды. Мысалы: жартылай синтетикалық цефалоспорин, тетрациклин антибиотиктерді кеңінен қолданыс тапқан. Жартылай синтетикалық антибиотиктердің ерекшелігі олардың табиғи антибиотиктерге тұрақты микроорганизмдердің сезімталдылығы болып табылады. Бұл әдіс антибиотиктер өндірісінде кең қолданылады. Бактериялардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтаудың әртүрлі әдістері бар, бірақ олардың екеуі жиі қолданылады: антибиотиктерге малынған стандартты дискілерді қолдана отырып, агарда диффузия әдісі және антибиотиктің сериялық сұйылту әдісі. Біріншісі-алдын-ала зерттелген дақыл себілген агардың бетіне қолданылатын антибиотиктері бар стандартты дискілерді қолдану. ЕПА бар бір табақшаға 6-дан аспайтын диск орналастырылады. Инкубациядан кейін сызғышпен дискілердің айналасындағы өсудің тежелу аймақтарының диаметрі өлшенеді. Антибиотиктің ең аз концентрациясын анықтауға мүмкіндік беретін сандық әдіс дәлірек. Осы мақсатта антибиотиктің сериялық сұйылтуы жасалады және оларды сұйық немесе тығыз ортаға қосады, содан кейін зерттелетін қоздырғыштың штаммының өсуін тежейтін антибиотиктің минималды концентрациясы анықталады.Антибиотиктерге сезімталдықты екі әдіспен анықтайды: 1) агарға антибиотиктің диффузиясы (диск-диффузиялы әдіс); 2) тығыз және суйық қоректік орталарда көлемді сериялық арттыру. 3. Стерилизация-объектіні физикалық немесе химиялық әдістер арқылы барлық микроорганизмдерден босату. Стерилизацияның негізгі мақсаттары: 1. медициналық араласу кезінде адам ағзасына микробтық жасушалардың енуінің алдын алу 2. биотехнологиялық өндіріс процесінде диагностикалық және ғылыми зерттеулер кезінде қоректік орта мен жасуша өсінділерінің контаминациясын болдырмау 3. материалдардың, оның ішінде диагностикалық және дәрілік заттардың микробтық биодеградациясының алдын алу. Медициналық тәжірибеде стерильдеуге құралдар, таңу, тігіс материалы, операциялық іш киім, дәрі – дәрмектер, қоректік орта, зертханалық ыдыс, ал микробсыз орта жасау кезінде операциялық ауаның ауасы жатады. Жараның бетіне, теріге немесе шырышты қабаттарға қанмен немесе инъекциялық препараттармен байланыста болған барлық өнімдер зарарсыздандырылуы керек. Қолданғаннан кейін, стерилизациядан бұрын көптеген медициналық құралдар қажет. Келесі әдістер бар: 1. Физикалық-термиялық, радиациялық және механикалық. 2. Химиялық-ерітінділер мен газдар. Стерильдеу әдісін таңдау стерильденетін бұйымдарды құрайтын материалдардың қасиеттеріне, мөлшеріне және басқа да құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты. Оқытудың техникалық және инструментальдық құралдары:проектор, кестелер. 1.Дайын зарарсыздандырылған дифференциалды диагностикалық қоректік орталар:ЕПА, Эндо, стафилококкты (тұзды) агар, Кесслер агары, Клиглер агары, 2.Сабуро ортасы. 3.Спиртовкалар 4.Микробиологиялық ілмектер 5.Зерттелетін материал: топырақ, су, ауа, адам ағзасының микрофлорасы 6.Антибиотиктері бар дискілер Сабақты өткізу тәртібі: - сабақ жоспарына сәйкес оқу пәні мәселелерін талқылау; - білім алушылар ұсынған сұрақтар мен тапсырмаларды талқылау; -лизиске арналған растворларды дайындау; - бактериялардың бактериоциногендік және бактериоцинотиптенуін зерттеу; - бактерия колонияларының S-және R-түрлерін зерттеу; - қағаз дисктер және сериялық сұйылту әдістерімен микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығын анықтау; - стерильдеу әдістерін және стерильдеу үшін пайдаланылатын аппаратураны зерттеу; - зарарсыздандыру тиімділігін, антисептикалық және дезинфекциялық заттардың әсерін бақылау әдістерін меңгеру. Деңгейлік тапсырмалар (20 ұпай дейін): І-ші деңгей: 1.Қоршаған орта микрофлорасын зерттеу әдістері. 2. "Антибиотик"терминіне анықтама беріңіз. Антибиотиктердің шығу тегі, химиялық құрамы, микробқа қарсы әсер ету механизмі бойынша жіктелуі. ІІ-ші деңгей: ІІ-ші деңгей: 1.Тері микрофлорасы, оның сапалық және сандық құрамы. 2. Микробиологиялық медицинада әртүрлі температуралық параметрлерді тәжірибеде қолдану. ІІІ-ші деңгей: 1. Оқу бөлмесінде 60 минут ішінде қоректік агары бар екі Петри табақшасын ашы қойған, кейін 37°C температурада 24 сағатқа термостатта инкубациялады. Келесі күні табақшаларда өскен колониялардың саны 200-ге жеткен. Ауаны зерттеудің бұл әдісі қалай аталады? Алынған нәтижелер нені дәлелдейді? 2.Стерильдеу әдістерін және осы мақсатта қолданылатын аппаратураны қолдану. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі: Тақырып бойынша дәрістер. 2. Борисов Л. Б. с.авт. "Медициналық микробиология, вирусология, иммунология" 2002 ж. ш. 29-31 бет 3. Борисов Л. Б. с.авт. "Микробиология бойынша зертханалық сабақтарға Нұсқаулық" 1984 ж. в. 5-8, 14-15 беттер 4. Коротяев А. И. с.авт. "Медициналық микробиология" 2000 ж. ш. 14-20, 31-32 беттер 5. Покровский В. И. "Медициналық микробиология" 1998 ж. 6. Бердж бактерияларының анықтаушысы 1997 ж. 7. Маяский а. н. "дәрігерлерге арналған Микробиология" 1999 ж. 8. Тец П. Н. " лабораторияға басшылық. микробиология бойынша сабақтар " 2002 ж. ш. |