Биология. 5 Дріс. Гинекологиялы ауруларды тексеру. Репродуктивті жйені ызметіні бзылуы.абыну аурулары. Гинекологиялы аурулармен сыраттанатын науастарды тексеру дістері
Скачать 239.74 Kb.
|
№ 5 Дәріс. Гинекологиялық ауруларды тексеру. Репродуктивті жүйенің қызметінің бұзылуы.Қабыну аурулары. Гинекологиялық аурулармен сырқаттанатын науқастарды тексеру әдістері: Науқасты объективті зерттеу – организмнің тұтастай жағдайын жалпы зерттеу және арнайы зерттеуден тұрады. Жалпы зерттеу – дене бітімінің типін анықтаудан басталады, себебі ол организмнің нервтік, эндокриндік және басқа да жүйелерінің қызметімен тығыз байланысты, қалыпты дене бітімінің келесі типтерін ажырату керек:
Арнайы зерттеу – сыртқы жыныс мүшелерін қараудан басталады. Қараған кезде қасаға аймағындағы түктену айқындалады, патологиялық өзгерістеріне, аралықтың пішініне және биіктігіне, оның жырытылуына, жыныс өзегінің жағдайына, қынаптың қабырғасының түсуіне, жыныс саңылауын ашқан кезде вульваның кілегей қабатының түріне, уретраның сыртқы саңылауының жағдайына, парауретральды жолдарға, қынап кіреберісінің үлкен бездеріне, шығару өзектеріне, қынаптың бөлінісіне көңіл аудару керек. Қынап арқылы зерттеу – қынапқа екі саусақты енгізу арқылы жүргізіледі. Бұл кезде қынапқа кіру енін, аралықтың, жамбастың бұлшықеттерінің жағдайын, қынаптың ұзындығын, күмбездерінің тереңдігін, жатыр мойнының қынаптық, жатыр денесінің және қосалқыларының жағдайын анықтау мүмкін болады. Ректальды зерттеу – бір саусақпен жүргізіледі. Ол жатыр мойнының паравагинальды және параректальды клетчатканың жағдайын анықтауға, тік ішектегі өзгерісті анықтауға көмектеседі. Жатырды зондтау – жатырлық зонд арқылы жүргізіледі. Ол ұзындығы 20-25 см, ұшы дөңгелектеніп қалыңдаған стерженнен тұрады. Зондтау арқылы жатыр қуысындағы деформацияны, даму ақауларын, жатыр қуысының ұзындығын анықтауға болады. Артқы күмбез арқылы іш қуысын пункциялау – 12 см қалың инемен жүргізіледі. Бқл зерттеуді жатырдан тыс жүктілік немесе жатыр қосалқыларының қабыну арасында екшеу диагностикасы мақсатында жүргізеді. Хромдиагностика –айқындалған биопсияны орындау үшін қажет. Айналар көмегімен жатыр мойнын ашады және кілегейден тазартады, сосын Люголь ерітіндісімен ылғалданған тампонды жатыр мойнына енгізеді, бір минуттан кейін тампонды алып тастайды және тканьдердің боялуын бағалайды. Аспирациялық биопсия –Браун шприцінің көмегімен жасалады, оның ұшына арнайы қасық енгізеді, оны жатыр мойны каналын кеңейтпей, жатыр қуысына енгізеді, аспирация жолымен жатырдың түбі, бұрыштары және басқа бөлімдеріне тез бөлінетін эндометриді алады, оны заттық шыныға салып басқа шынылық жеңіл қимылымен жағынды жасайды, сосын бояйды және микроскоппен зерттейді. Пневмоперитонеография – жатыр және аналық безінің шектерін анықтауға көмектеседі. Бұл зерттеу әдісі ішперде астылық миоматозды түйін, аналық безінің ісіп және склеронистозды өзгерістердің диагностикасында қолданылады. Кольпография – қынаптың көлемі, пішінің, сыйымдылығы, даму ақаулары немесе атрезиясын анықтауға мүмкіндік береді. Эндоскопиялық зерттеу әдістері: Кольпоскопия –жарықтандырғыш прибормен жабдықталған бинокулярлы және монокулярлы лупа көмегімен қынапты және жатыр мойнының қынаптың бөлігін қарау, ол зерттейтін аймақты 30 есе үлкейтіп көруге мүмкіндік береді. Цервикоскопия – цервикоскоп көмегімен жатыр мойны каналының кілегей қарау әдісі. Ол эндоцервикстің рак алды өзгерістерін анықтауға және прицельді биопсия жүргізуге көмектеседі. Медико – генетикалық зерттеу әдістері: Гормондардың анатомиялық және функционалды деректісін анықтауға және адам организімінің жыныстық дамуы және эстрогенитальды бұзылыстарын жіктеуге анықтауға көмектеседі. Осы мақсатта келесілер жүргізіледі:
Етеккір циклі бұзылысының клиникалық классификациясыЕтеккірдің тұрақтылығы мен ұзақтығының бұзылысы
Қан кету интенсивтілігінің өзгеруіАуырсынулы менструациялар (альгоменорея)Жіктелуі
Жіктелуі2. Гиперменструалды синдром
3. Дисменорея – етеккірдің ауырсынумен келуіАменорея
Аменорея
Аменорея
Біріншілік аменореяАналық без патологиясына байланысты:
Свайер синдромыБұл гонадалар агенезиясымен сипатталатын жатырішілік жыныстық жетілудің барысында туа пайда болған бұзылыс. Гонадалар фиброзды түзіліс ретінде дамиды. Кариотип 46ХХ немесе 46ХУ болады. Бойы мен салмағы қалыпты немесе ұзынбойлы. Етеккір мен сүт безі дамымаған ж/е түктенуі нашарлап. Жатыр гипоплазиясы болады.Кариотип барлық уақытта 46ХУ, вирилизация байқалады.(Вирилизация – дегеніміз әйелде ер адамның белгілерінің пайда болуы)Шамадан тыс түктену, организмде эстрогендер мүлдем жоқ. УДЗ арқылы жатырдың кішкентай екенін ж/е аналық безде фолликулдардың жоқ екені анықталады.АменореяГипоталамо-гипофизарлық патологиясы
Гонадотропты аймақтың оқшауланған зақымдануыГипофизарлық евнухоидизм – бұл гипофиздің гонадотропты гормондарының жеткіліксіз өдірілуімен, бірақ басқа гормондарының қалыпты өдірілуімен сипатталадыЖатырлық аменореяТуа пайда болған ақауларда дамиды(Кюстнер-Рокитанский-Маейр синдромы – қынап ж/е жатырдың болмауы)Гипоталамо-гипофизарлық патология
Бұл шизофренияның көрінісі б.м. Немесе арнайы ашыққанда, тамақтан кейін жасанды түрде құсық щақырғанда болады. Ашығу кезеңі қомағайлыққа (булимия) ауысады.Психогенді аменореяБұл “әскери уақыт” аменореясы деп аталады (немесе апат кезінде, жер сілкінісінде, өрт жағдайында кездесетін аменорея), сонымен қатар психогенді аменорея жүкті болуды армандайтын бедеу әйелдермен, жүкті болудан қауіптенетін әйелдерде “жалған жүктілік” ретінде кездеседі. Сүт бездері ұлғайып, уыз бөлнеді, жүктілікке ұқсас құрсақта май жиналадыГиперпролактинемия
Пролактиннің гиперсекрециясы аналық без қызметін тежеуіне байланысты аменорея дамидыШихан синдромыБосанғаннан кейінгі гипопитуитаризмБосану кезінде көп мөлшерде қан кету салдарынан гипофизде некроз ошақтары пайда болуынан дамиды. Клиникасы эндокринді бездердің гипофункциясымен сипатталады. Ауыр жағдайда айқын жетіспеушілікпен сипатталатын гипофиздің толық гипофункциясы байқалады.Шихан синдромыЕгер гонадотропиндер жеткіліксіз болса:
Аналық бездің патологиясы
Жатырлық аменореяЭндометрийдің зақымдануынан дамиды
ДисменореяЕтеккірдің ауырсынып келуі.Етеккір кезіндегі бел аймағының, іштіңтөменгі жағының толғақ тәрізді ауырсынуыменж/е жалпы жағдайдың өзгеруіменсипатталады.Дисменореяның 2 түрін ажыратады:
Біріншілік дисменореяПростогландиндер өндірулуінің бұзылуынан жатыр бұлшық еттері спастикалақ жиырылып, ишемия дамиды, етеккір кезендегі толғақ тәрізді ауру сезімі пайда болады. Көбнесе жас қыздарда ж/е әйелдерде кездеседі. Клиникасы: етеккір ауырсынып келеді ж/е жүрек айниды, құсады, іш өтеді.Екіншілік дисменореяКіші жамбас қуысындағы мүшелердіңпатологиялық өзгерістеріменсипатталадыСебептері: эндометриоз, ішкі жынысмүшелерінің даму ақаулары,созылмалы қабыну ауруларыӘйел жыныс мұшелерінің қабыну аурулары Этиологиясы бойынша бөлінеді: спецификалық; спецификалық емес. Сипаты (мінезделуі) бойынша бөлінеді: жедел; созылмалы; өршулі. Орналасуы бойынша бөлінеді: жоғарғы және төменгі қабаттың қабыну аурулары болып бөлінеді, олар ішкі аран арқылы бөлінеді.интраканаликулярлыГлоссарий: Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:
Қолданатын әдебиет: Р.С. Бейсембаева, Ә.Т.Раисова, Р.Ғ. Нұрқасымова, «Акушерия» Алматы “Білім”, 2008ж Ә.Т.Раисова, Р.Ғ. Нұрқасымова, «Акушерия және гинекология» Алматы “Асем систем”, 2006ж. |