сыбалас жемкорлык. =Құқық секциясы Сыбайлас жемқорлық. 64 мектеплицей Жмабек Назерке
Скачать 44.19 Kb.
|
№64 мектеп-лицей Жұмабек Назерке 10 «А» сынып оқушысы Тақырыбы: Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар міндеттелетін азаматтық құқықтық жауапкершіліктер. Бағыты:Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары Секция: Құқық Жетекші: Бекназарова Дина Омаровна Тарих және құқық пәні мұғалімі Нұр-Сұлтан қаласы-2021 ж Аннотация Тақырыптың өзектiлiгi:Демократиялық мемелекет құруға бағыт алған тұста сыбайлас жемқорлықтың болуы қоғамның тұрақты дамуына қатер төндіреді. Қазақстанда іске асырылып отырған демократиялық даму жолына түскен шақта сыбайлас жемқорлық көріністерінеқарсы тиімді жұмыс жасалуы тиіс.Сыбайлас жемқорлықтың болуы мемлекеттің дамуына кедергі болып, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Сыбайлас жемқорлық - адамдардың заңның әділдігіне сенімін азайтады. Ұсынылып отырған зерттеудің негізгі өзектілігі осы болып табылады. Зерттеу нысаны:Жоба жұмысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі тәжірибені зерттей, талдай отырып, сыбайлас жемқорлыққа азаматтық – құқықтық жауапкершілік түрлерін қарастырып, талдауға тоқталамыз. Зерттеу жұмысының мақсаты мен мiндетi. Жұмыстың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу мәселесі бойынша әлемдік тәжірибені талдай келе сыбайлас жемқорлыққа жауапкершілікте міндеттелетін азаматтық – құқықтық жауапкершілікті бағыттарын нақтылау арқылы заңнамаларды жетілдіріліп отыратына көз жеткізу. Ол үшін мынадай міндеттерді орындалу көзделді: 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы мәселенің теориялық негізін анықтау. 2. Сыбайлас жемқорлықтың анықтамасын, түрлерін, белгілерін, ерекшеліктерін, пайда болу себептерін, субъекті-объектілерін анықтау 3. Сыбайлас жемқорлықтың заң бұзушылық әрекеттерін азаматтық құқық бұзушылық және қылмыстық заң бұзушылық түрлері бойынша талдау. 4. Әлемдік және Қазақстандық тәжірибе бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін зерттеу. Зерттеу әдісі:Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы еңбектерге шолу жасай отырып, талдау әдісі. Сыбайлас жемқорлық себептерін, ерекшеліктерін анықтау. Салыстырмалы талдау, тарихи бақылу, шолу әдістері қолданылды. Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңыздылығы. Сыбайлас жемқорлық туралы еңбектердің теориялық жағын зерделей сыбайлас жемқорлық заңнамаларына талдау жасайды, жүйелеуге талпыныс жасайды. Қоғамдық практикада қолдануға болады Аннотация Актуальность темы: Коррупция на пути построения демократического государства угрожает устойчивому развитию общества. В то время, когда Казахстан находится на пути демократического развития, необходимо вести эффективную работу по борьбе с коррупцией.Наличие коррупции тормозит развитие государства и снижает конкурентоспособность государства. Коррупция подрывает веру людей в закон. Это основная актуальность предлагаемого исследования. Объект исследования: В рамках проекта работа, направленная на анализ видов гражданской ответственности за коррупцию, изучение и анализ опыта борьбы с коррупцией. Цель и задачи исследования: Цель данной работы - проанализировать мировой опыт борьбы с коррупцией и обеспечить совершенствование законодательства за счет уточнения сфер гражданской ответственности за коррупцию. Для этого были предусмотрены следующие задачи: 1. Определение теоретических основ борьбы с коррупцией. 2. Определение, виды, признаки, признаки, причины, субъекты-объекты коррупции. 3. Анализ коррупционных правонарушений по видам гражданских и уголовных правонарушений. 4. Изучение мирового и казахстанского опыта предотвращения коррупции. Метод исследования. Методика анализа, обзора работы в сфере противодействия коррупции. Определите причины и особенности коррупции. Использованы методы сравнительного анализа, исторического наблюдения, обзора. Теоретическая и практическая значимость исследования. Анализирует коррупционное законодательство, изучает теоретические аспекты работ по коррупции, пытается систематизировать. Может использоваться в публичной практике Annotation Relevanceofthetopic. Corruption on the way to building a democratic state threatens the sustainable development of society. At a time when Kazakhstan is on the path of democratic development, it is necessary to conduct effective work to combat corruption. The presence of corruption inhibits the development of the state and reduces the competitiveness of the state. Corruption undermines people's faith in the law. This is the main relevance of the proposed research. Object of research: Within the framework of the project, work aimed at analyzing the types of civil liability for corruption, studying and analyzing the experience of combating corruption. The purpose and objectives of the study. The purpose of this work is to analyze the world experience in the fight against corruption and ensure the improvement of legislation by clarifying the spheres of civil liability for corruption. For this, the following tasks were provided: 1. Determination of the theoretical foundations of the fight against corruption. 2. Definition, types, signs, signs, reasons, subjects-objects of corruption. 3. Analysis of corruption offenses by types of civil and criminal offenses. 4. Studying the world and Kazakhstani experience in preventing corruption. Research method. Methods of analysis, review of work in the field of combating corruption. Determine the causes and characteristics of corruption. Methods of comparative analysis, historical observation, review were used. Theoretical and practical significance of the research. Analyzes corruption legislation, studies theoretical aspects of work on corruption, tries to systematize. Can be used in public practice Мазмұны I Кіріспе............................................................................................................3 II Негізгі бөлім а)Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамалары………………………………………………………..…4 ә) Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы және түрлері......................5 б)Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар міндеттелетін азаматтық құқықтық жауапкершіліктер...............................................9 III Қорытынды .............................................................................................12 Кіріспе Тәуелсіздікке қол жеткен кезден бастау алған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы Заңнама қазіргі таңда өз маңыздылығы арттыра түскені белгілі. 21 жыл бойы қолданыста болған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» алғашқы Заңы тұрақты түрде заман талабына сай жетілдіріліп келеді. Бұл алғашқы Заң арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте айтарлықтай тәжірибе жинақтады. Бұл ғылыми жоба кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады. Жоба жұмысында Сыбайлас жемқорлық қарсы күрес бойынша Заңнамалар, сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен тарихы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар міндеттелетін азаматтық құқықтық жауапкершіліктер туралы жазылған. Басты назарда құқықтық сауаттылық, жемқорлыққа төзбейтін азаматтар тәрбиелеу басрысында Заң түсінікті, ашық, айқын және де ұлттық менталитетке сай болу керек. Сондықтан сыбайластық жемқорлыққа қарсы заңнамаларды жетілдіру барысында осы қағиданы басшылыққа алған жөн. Жоба жұмысында Сыбайлас жемқорлық үшін «Азаматтық –құқықтық жауапкершілік» туралы яғни келтірілген зиянның орнын, залалын өтей алуға мүмкіндік беру арқылы заң негізінде талап ету жаупкершілігі туралы баяндалады. Әлемдік тәжірибеде қылмыстық жауапершліктің сыбайластық жемқорлықты тежеу факторы әлсіз екені Халықаралық Конвенцияларда дәлелденіп келеді. 3 Негізгі бөлім Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамалары Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат алғаш бастамасы Елбасының 1992 жылғы 17 наурыздағы «Ұйымдасқан нысандағы қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі шаралар туралы» Жарлықтан бастау алды. 1997 жылы Тұңғыш Президент «Қазақстан-2030» стратегиялық Жолдауында басым маңызды бағыттардың бірі ретінде сыбайлас жемқорлықпен батыл және аяусыз күресу туралы айтылған еді. «Қазақстан-2030» стратегиясы сыбайлас жемқорлыққа күреске бастау алды деуге болады. 1998 жылы шілде айында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заң қабылданды. Тәжірибе жинақтала келе бірінші кезекте тамырын жайған сыбайлас жемқорлықты тудыратын факторларды жоюға бағыттала бастады. 2015 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу механизмдерін енгізе бастады. Қазақстан мемлекеті тәуелсіздік алған алғашқы күндерден бастап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылдардардың тиімді, институттарын кезең-кезеңмен ж.ргізіп келеді.Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдар болып табылады.Қазақстан мемлекетінің дамуының алғашқы кезеңінде сыбайлас жемқорлыққа ұарсы сі-қимыл оң нәтижесін байқалады. Қазақстан ТМД елдері арасында алғашқылардың бірі болып, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдады. 4 Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы және түрлері Сыбайлас жемқорлық дегеніміз мемлекеттік міндеттерді атқаратын немесе соларға теңестірілген адамдардың лауазымды өкілеттілігін пайдалана отырып, заңда көзделмеген мүліктік артықшылықтар мен игіліктерді алуы немесе құқыққ қарсы біреу арқылы оларды сатып алуы болып табылады. Заңдарда белгіленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың тарихы ежелден бастау алады. 1990 ж БҰҰ-ның сегізінші конгресінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» нұсқаулығында сыбайлас жемқорлықтың мынадай ерекшеліктері ұсынылған: Сыбайлас жемқорлыққа жататын барлық құқық бұзушылықтар этикалық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық-құқық бұзушылықтар бас пайдасын асыра пайдаланушыларға жатқызылады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа жатады Мемлекеттік қызметтегі тұлғаларды сыбайлас жемқорлық жолына итермелейтін қызмет шеңберін шектеу.Шенеуніктердің артықшылықтарды заңсыз пайдалануын жатқызуға болады. Қызметін заңға қайшы сипатта пайдалану Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті түрі – мемлекеттік мүліктерді заңсыз жолмен ұрлау және қандай да бір артықшылықтарды заңсыз жолмен алу Сыбайлас жемқорлық-бұл жеке адамның немесе бір топ адамдардың қызмет жағдайын өз басының мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын мүддесіне қарай пайдалануы және мемлекеттік қызметкерлердің қызмет бабын заңсыз пайда алуға бағыттауы» деген 1979 жылы БҰҰ – ның Бас Ассамблеясы және сыбайлас жемқорлық мәселелері жөніндегі семинарда анықтама ұсынылды. А.С Қалмұрзаев сыбайлас жемқоррлықты: «кез келген қызметкердің өз қызметін заңсыз пайда табу мақсатында пайдалануы», - деп сипаттайды. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә Назарбаев «Сыбайлас жемқорлық-бұл ғаламдық мәселе», одан әлемнің бірде-бір мемлекеті , бірде- бір саяси тәртіп қорғалған емес» . 5 Қазіргі отандық әдебиеттерде «Сыбайлас жемқорлық» -латын тілінен пара беріп сатып алу, құқық бұзу, құлдырау деген мағына береді.Қоғамдық және саяси қызметкерлердің қолындағы билігінң мүмкіндіктерін және қызмет бабын жеке басын байыту мақсатында пайдалануды айтады. Қорытындылай келе: - сыбайлас жемқорлық өзіне тән белгілері бар әлеуметтік құбылыс; -жемқорлықтың нақты анықтамасы жоқ; -әрбір мемлекет құқықтық дәстүр негізінде өздерінің жемқорлыққа қарсы құралдар жиынтығы; Сыбайлас жемқорлық - екі жақтың арасындағы «мәміле» деуге болады. Біріншісі өз лауазымын заңға қарсы әрекет ете отырып, екінші адамды пара беруге итермелеу немесе ықпал жасау. Екінші адам өз басының пайдасы үшін пара ұсыну т.б Сыбайлас жемқорлықтың түрлері мен типологиясын қарастыру үшін, сыбайлас жемқорлық субъектілерінің қызметтік бабын өз басының пайдасына пайдалануына, пара беруші мен пара алаушының мәртебесіне, пара берушінің өзіне алған пайдасына, пара берудің мақсатына, сыбайлас жемқорлықтың таратылуы және жиілігіне қарай келесі жіктелімге назар аударалық. 6 Сыбайлас жемқорлық қарым-қатынастарының типологиясы
Өткен тарихқа көз жүгіртсек, көсемдерге, абыздарға, әскербасына олардың көрсеткен қызметі үшін сый-сияпат көрсетіп отырғаны белгілі. Қай заманда болмасын сыбайлас жемқорлық өзекті мәселе болып келеді.Сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері – халықтың төмен деңгейде өмір сүруі. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысының аздығы, қоғамдағы пара беру мен алуға құқықтық сананың төмендігіген кешіріммен қарауы.Қорыта келгенде ХХ ғасырда сыбайлас жемқорлықтың түрі мен формасы көбейе түсті. Сыбайлас жемқорлық жүйесі жемқорлыққа ауыса бастады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетпен бірге пайда болды.Қорыта келгенде сыбайлас жемқорлықтың дамуы яғни түрлері мен формасы көбейе түскен. Сыбайлас жемқорлық жүйелі жемқорлыққа айналуда. Биліктің төменгі сатысына орын алған сыбайлас жемқорлық жоғары сатыға көтеріліп, халықаралық сипаты көрінуде. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық деңгейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау басты мақсат болып табылады. 8 Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін міндеттелетін жауапкершіліктер Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар үшін жасағаны үшін қарастырылатын жауапкершілік бойынша тәртіптік теріс қылықтар, әкімшілік құқықбұзушылықтар және қылмыстар болып табылады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдардың қылмыстық жауапкершілігі күшейеді. Мысалы, жемқорлық қылмыс жасағаны үшінбелгілі лауазымды атқаруға тиым салынады.Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үші мемлекеттік марапаттарынан айырылады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жауапкершілік бойынша Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 34 тарауындағы баптарға тоқталсақ:676 бап Жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі бойынша қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілік Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы Заңына» сәйкес сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметші тәртіптік жаза тағайындалуы мүмкін. Мысалы, ескерту, сөгіс жариялау, қатаң сөгіс беру, қызметке сәйкес емес туралы ескерту, мемлекеттік қызметтен босату, лауазымын төмендету. Сыбайлас жемқорлық күрес саласында Еуропа Кеңесінің тәжірибесінде сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік және сыбайлас жемқорлық үшіназаматтық құқықтық жауапкершілік туралы Конвенциялар қабылданды. Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершлік туралы Конвенция 1999 жылы 27 қаңтарда бекітілді. Сыбайлас жемқорлық үшін азамтаттық-құқықтық жауапкершілік туралы Конвенция Страсбург қаласында 1999 жылы 4 қарашада қол қоюға ұсынылған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қатыстықылмыстық жауапкершілік туралы Конвенцияда құқықтық тәртіпке, демократияға, адам құқықтарына, әлеуметтікәділеттілікке, моральдық ұстанымдарға төнетін қатер баса көрсетіледі. Жемқорлыққа байланысты қылмыстардың 13 түрі анықталады. 9 Атап айтсақ, 2 бап пара алу, мемлекеттік қызметті параменбайланыстыру, қызметтік бабын пайдалану т.б Сыбайлас жемқорлықүшін қылмыстық жауапкершілік маңыздылығына қарамастан жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыра қоймады. Мемлекеттің жемқорлыққа бейімділігі жойыла қоймады. Бұл жағдай Қазақстан мемлекетінен де көрініс тапты десек те болады. Керісінше мемлекет пен қоғамға қауіпті. Г.Ханның тұжырымдамасы бойынша жазалау, репрессия, қоғам үшін адамгершілік тұрғыдан қарағанда қымбатқа түседі. Қылмыстық жаза құқық бұзушылықты түбімен жоя алмайдыкелтірілген зиян орнын толтыра алмайды. Сондықтан еліміздегі заңдарды жетілдіріп отыру қажет. Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы Конвенцияда залалдың орнын толтыруды басты назарда ұстайды. Жемқорлық әрекеттен зардап шеккен тұлғаның залалын толық орнына келтіру мақсатында әрекет жасауды қолдайды. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік дегеніміз заңда немес шартта көрсетілген міндеттемені бұзған субъектіге қолданылатын мүлікті өндіру немес мүліктік салмақ салу нысанында болып келетін жауапкершіліктің түрі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктуралы Конвенцияда төмендегідей мәселер қозғалған:-әр ел өзінің ішкі заңнамаларында жемқорлыққа әрекеттің нәтижесінде зияншеккен тұлғалардың құқықтарын бекітетін, келтірілген зиянның толықөтеуін талап ете алатын нормаларды қарастыруы қажет, мұндай өтемайрылып қалған қаржылық пайданы,материалдық зияндынемесе материалдық емес зиянды қамту мүмкін. Әр тарап өзінің ішкізаңнамасында кез-келген келтірілген зиянның құны,мөлшері қайтарылатындай қамтамасыз ететіндей,төмендегідей шарттарды қарастыру қажет: жауапты тұлға жемқорлық сипатындағы істіболдырмаудың немесе алдын алуға саналы қадам жасамады: талапкер зияншекті: жемқорлық пен келтірілген зиянның арасында себеп-салдар байланыстар болса, мемлекеттен немесе заң бұзған тараптар саласынан шеккен зиянның мөлшерінің өтеуінің азаюы, тіпті мүлде қайтарлмау мумкіндіктерінің туындау қаупі болатынын ескеруін қарастыратын баптарын да енгізуіқажет. 10 Қорытынды Жұмыстың мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу мәселесі бойынша әлемдік тәжірибені талдай келе сыбайлас жемқорлыққа жауапкершілікте міндеттелетін азаматтық – құқықтық жауапкершілікті бағыттарын нақтылау арқылы заңнамаларды жетілдіріліп отыратына көз жеткізу болатын. Қазақстанда заңсыз байығандарға азаматтық – құқықтық жауапкершілік жүктелу енгізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында мелекеттік қызметкерлердің кіріс декларациясы инегіздей алмайтындай өссе мүлкі тәркіленеді. Бұл Заңнама тек мемлекеттік қызметшілерге ғана емес тұлғаларға да қолданылады деп атап көрсетілген,- Үлттық баяндамада. Сыбайлас жемқорлық – бұл мемлекетке үлкен қаржылық нұқсан келтіреді және қоғамды, мемлекеттік билікті моральдық тұрғыда құлдыратады. Сондықтан азаматтардың құқықтық санасын қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлық саласындағы Заңнамаларды әлемдік тәжірибені қолдану барысында Халықаралық заңнамаларды көшіріп алмай, ұлттық менталитетке сай халқымыздың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып сыбайлас құқықбұзушылық үшінАзаматтық –құқықтық жауапкершілік туралы заңды оңтайландырған дұрыс болар еді. Себебі азаматтық –құқықтық жауапкершілік сан-салалы, ұғымы өте көлемді заң саласы болып келеді. 11 Пайдаланылған әдебиеттер 2015 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы 2.Алауханов Е. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің проблемалары. Заң. №2 2008. – Б 25-29. 3.Қапаров С.Ғ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асырудың шетелдік тәжірибесі.. //www.apa.kz 28.01-01.02. 2008ж. Б. 3-4 4.Елеусізова Қ.Б. Электрондық үкімет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ресурстары ретінде.. //www.apa.kz 28.01-01.02. 2008ж. Б. 1-3. 5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңы 12 |