1 сабақ. зат молшері моль. 8 сынып Нр Слтан аласы 38 мектеплицейі Химия пні малімі Макетава Атоты Турсынгазиевна
Скачать 1.15 Mb.
|
Тақырыбы: «Зат мөлшері. Моль. Авогадро саны. Молдік масса» 8 сынып Нұр - Сұлтан қаласы № 38 мектеп-лицейі Химия пәні мұғалімі: Макетава Ақтоты Турсынгазиевна Оқу мақсаты Бағалау критерийлері 8.1.1.1 зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде –мольді білу және Авогадро санын білу 8.1.1.2 қосылыстың молярлық массасын есептей алу 8.1.1.3 масса, зат мөлшері және құрылымдық бөлшектер санын есептеу зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде –мольді және Авогадро санын біледі масса, зат мөлшері және құрылымдық бөлшектер санын есептей алады қосылыстың молярлық массасын есептей алады Зат мөлшері Моль Авогадро саны Құрылымдық бөлшектер саны Мольдік масса Тірек ұғымдар: ф 1000 г – 1 кг 30 күн – 1 ай 100 тиын – 1 теңге 100 жыл – 1 ғасыр Химияда заттың өлшемі ретінде ерекше физикалық шама – зат мөлшері алынады. Зат мөлшері Зат мөлшері мольмен өрнектеледі. Моль – бұл құрамында 0,012 кг (12 г) көміртекте болатын атомдар санына тең құрылымдық бөлшектер (атомдар, молекулалар, т.б.) болатын заттың мөлшері. Көміртектің әрбір атомының массасын (19,93∙10-27 кг) біле отырып көміртектің 0,012 кг массасында қанша атом (N) болатынын есептеуге болады. N= 0,012 кг / 19,93∙10-27 кг = 6,02∙1023 (атом) 602 000 000 000 000 000 000 000 (немесе 6,02∙1023) құрылымдық бөлшектерді атом, молекула және т.б біріктіріп 1 моль деп атайды. Авогадро саны 6,02∙1023 саны итальяндық ғалым Амадео Авогадроның құрметіне Авогадро саны деп аталады. Белгісі NА, өлшем бірлігі моль -1. NА = 6,02∙1023 моль -1. Ол кез келген заттың 1 молінде 6,02∙1023 бөлшектер болатынын көрсетеді. Мысалы : 1 моль суда да, 1 моль темірде де бөлшектер саны бірдей, тек судың 1 молінде 6,02∙1023 молекула болса, темірдің 1 молінде 6,02∙1023 атом бар. Авогадро санын заттың молекуласын табу үшін қолданады. Зат мөлшерінің формуласы: n = N / NА Зат мөлшері белгілі болса бөлшектер санын анықтауға болады. Молекуланы (N) әрпімен белгілейді. Ол Авогадро санын зат мөлшеріне көбейткенге тең. N = n ∙NА мұндағы : n - зат мөлшері N - молекула немесе атом саны NА - Авогадро саны Зат мөлшері мен Авогадро саны арасындағы байланыс Мольдік масса - заттың бір молінің массасы. М әрпімен белгілейді және өлшем бірлігі г/ моль Мольдік масса мен салыстырмалы молекулалық массаның (немесе атомдық) сандық мәндері бір - біріне сәйкес болады. Метанның CH4 мольдік массасын анықтайық: Mr(CH4) = Ar (C ) + Ar (H) ∙ 4 = 12 + 1∙4 = 16 M (CH4) = 16 г /моль Мольдік масса Мольдік масса Мольдік масса зат массасының оның мөлшеріне қатынасымен өрнектеледі. M = m / n бұдан моль санын есептеуге болады: n = m / M немесе мол саны мен мольдік массалары бойынша заттың массасын есептеуге болады: m = n ∙ M мұндағы : n - зат мөлшері M – мольдік масса m – заттың массасы Мольдік масса Заттың мольдік массасының мәні оның сапалық және сандық құрамымен анықталады, яғни Mr және Ar - ге тәуелді. Сондықтан әртүрлі заттардың моль саны бірдей болса да , массалары түрліше болады. Графит 12г Күкірт 23 г Темір 56 г Мыс 64 г 1 моль атом 6,02∙1023 Бекіту тапсырмасы 1-тапсырма.Төменде хлорсутектің, азот, күкірт және фосфор қышқылдарының молекулаларының модельдері берілген. Олардың формулаларын жазып , мольдік массаларын есептеңдер. Дескриптор: Білім алушы - қосылыстардың молекулалық формулаларын жазады - қосылыстардың мольдік массаларын есептейді Дұрыс жауабы Хлорсутек HCl M(HCl) = Ar(H) + Ar ∙(Cl ) = 1 + 35,5 =36,5 г /моль Азот қышқылы HNO3 M(HNO3) = Ar(H) + Ar ∙(N) + Ar ∙(O) ∙3 = 1 + 14 +48 = 63 г /моль Күкірт қышқылы H2SO4 M(H2SO4) = Ar(H) ∙2 + Ar ∙(S) + Ar ∙(O) ∙4 = 2 + 32 +64 = 98 г /моль Фосфор қышқылы H3PO4 M(H3PO4) = Ar(H) 3 + Ar ∙(P) + Ar ∙(O) ∙4 = 3 + 31 +64 = 98 г /моль Бекіту тапсырмасы 2-тапсырма. Берілген қосылыстардың зат мөлшерін, массасын және молекула сандарын есептеңіз Дескриптор: Білім алушы - қосылыстардың зат мөлшерін есептейді - қосылыстардың зат массасын есептейді - қосылыстардың молекула санын есептейді
Дұрыс жауабы
2-тапсырма. Берілген қосылыстардың зат мөлшерін, массасын және молекула сандарын есептеңіз Қорытынды Бүгінгі сабақта: зат мөлшерінің өлшем бірлігі ретінде –мольді және Авогадро санын білдім қосылыстың мольдік массасын есептей аламын масса, зат мөлшері және құрылымдық бөлшектер санын есептей аламын Қосымша ресурстар Химия оқулығы 8 сынып Оспанова М.Қ., Белоусова Т.Г. Аухадиева.Қ.С https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/8-synyp/ |