Главная страница

7 сынып физика 2 токсан КМЖ. 7 сынып 2 токсан КМЖ. Блімі Тыызды Пн малімі


Скачать 1.95 Mb.
НазваниеБлімі Тыызды Пн малімі
Анкор7 сынып физика 2 токсан КМЖ
Дата16.10.2022
Размер1.95 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла7 сынып 2 токсан КМЖ.docx
ТипДокументы
#737341
страница1 из 6
  1   2   3   4   5   6

Бекітемін: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Жусупова К.К.

Бөлімі:

Тығыздық

Пән мұғалімі:

Кеңес Индира Манасқызы

Күні:

09.11.2021 жыл

Сыныбы: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Масса және денелердің массасын өлшеу (Пр. №5)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.2.11 – электронды, серіппелі, иінді таразылардың көмегімен дененің массасын өлшеу

Сабақтың мақсаты:

Масса ұғымын енгізу, дененің массасын қалай анықтауға болатындығын үйрету, массаның өлшем бірліктерін енгізу. Оқушылардың танымдылығын, ой өрістерін дамыту. Масса ұғымы затың бірлік көлеміндегі мөлшерін білдіретінің түсінуі тиіс. Түрлі таразыларды қолдана отырып, дене массасын анықтай алуы керек.




Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Бағалау,

Ресурстар

Кіріспе

5 мин

- оқушылармен амандасу;

- сыныпты түгендеу;

- кезекшілік қызметін қадағалау;

  • Психологиялық ахуал туғызу

«Жүректен Жүрек пішінді

жүрекке» әдісі бойынша бір-біріне жылы лебіздер айтады

-мұғаліммен сәлемдесу;

- жоқ оқушыларды айту;

- оқушылар шеңбер жасап ортада тұрады,

шаттық шеңберін құру. Бір-біріне жылы лебіздер айтады

Жүрек пішінді түрлі түсті қағаздар



Жаңа тақырыптың таныстырылым

5 мин

  • Қызығушылық ояту

«Мозайка» тәсілі арқылы жаңа тақырыпты ашу. Оқушыларға таразының қиылған суреттері таратылады, белгілі бір уақыт ішінде құрастырылып бүгінгі сабақтың тақырыбы ашылады.



Оқушылар берілген сурет қиындыларын құрастырып, бүгінгі тақырыпты табады.

Сурет қиындылары
Смайлик арқылы бағалау

Негізгі бөлім

15 мин

  • Жаңа сабақты түсіндіру

Денелердің бір-біріне әрекет етуі кезіндегі қозғалысын бақылай отырып:

1. Бірі-бірімен жазық үйкеліссіз бетте серіппе арқылы жалғасқан екі бірдей арбашаны, серіппені үзіп жібергеннен кейін екі жаққа қарай бірдей қашықтықта жылжып кеткенін байқаймыз.

2. Дәл осы арбашаның біреуіне массасы m жүк қойған кезде олардың әртүрлі арақашықтыққа кеткенін көремін, яғни жүк қойылған арбаша аз қашықтыққа жылжиды. Бұдан дене массасының жылдамдыққа кері пропорционал екенін көреміз.



Әр дененің оның қозғалысын менемесе тыныштық күйін өзгертуге бағытталған әрекеттерге қарсыласу қасиеті инерттілік деп аталады. Сондықтан масса денелердің инерттілік өлшемі болып табылады. Масса кез-келген физикалық шама сияқты өлшене алады. Масса – скалярлық шама. Оны m әрпімен белгілейміз. ХБЖ-да негізгі өлшем бірлігі – кг. Денелердің массасын анықтау үшін таразылар қолданылады. Оның түрлері: электронды, иінді, серіппелі.

  • Пысықтауға арналған тапсырма

Суретте бірдей заттан (ағаштан) жасалған, көлемдері әртүрлі екі дене берілген. Олардың массалары туралы қандай тұжырым жасауға болады.


  • Есептер шығару

1.Массалардың төменде берілген мәндерін килограмм арқылы өрнектеңдер:

Шыбынның қанаты 5г

Теннис добы 2,5т

Футбол добы 400г

Автомобиль 1,45т

Жауабы 5г=0,005кг 2,5т=2500кг 400г=0,4кг 1,45т=1450кг

Оқушылар мұғалімнің түсіндірген жаңа тақырыбынан маңызды мәліметтерді дәптерге жазып отырады

Оқушылар суретте берілген заттардың массалары туралы тұжырымдама жасайды
Оқушылар берілген есептерді жеке өздері дәптерге орындайды.



Оқулық

Жұмыс дәптер

Слайд


Сурет



Смайликтер арқылы бағалау


Жұмыс дәптер
«Ынталандыру» әдісі арқылы бағалау

«Жақсы»

«Жарайсың»

«Өте жақсы»


Қорытынды

10 мин

  • Тест тапсырмасы

1. Дененің массасы қандай әріппен белгіленеді? а) v ә) S б) m в) t

2. Денелердің өзара әрекеттесуі кезіндегі жылдамдықтың өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шама қалай аталады?

а) жылдамдық ә) масса

б) жол в) орын ауыстыру

3.1кг неше граммға сәйкес келеді ?

а) 0,001 ә) 10000 б) 1000 в) 0,01

4. Дененің массасын анықтауға арналған құрал. а) термометр ә) спидометр

б) сызғыш в) таразы

5. Масса деп …. а) Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын физикалық шама

ә) Денелердің Жерге тартылу күші

б) Дененің тірекке немесе аспаға әсер ететін күші в) Денелердің өзара әрекеттесуі кезіндегі жылдамдықтарының өзгеру дәрежесін анықтайтын физикалық шама.

6. Халықаралық бірліктер жүйесінде массаның өлшем бірлігі. а) кг ә) г б) м в) т

7. 1,45т берілген мәнді килограммен өрнекте. а) 1450 кг ә) 145кг б) 0,145кг в) 145000кг

Оқушылар берілген тест тапсырмасында дұрыс жауапты белгілейді


Жауаптары















Үлестірмелі карточка


«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

Сабақтан кейінгі кері байланыс

5 мин

«Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс жасау Жасыл түс – барлығы түсінікті Сары түс – жартылай түсінікті Қызыл түс – түсініксіз болды

Оқушылар тақырып бойынша түйген білімдерін стикерге жазып, бағдаршамға жабыстырады

Стикер

бағдаршам

Бағалау

5 мин

Мұғалім сабаққа белсене қатысқан оқушыларды «Ынталандыру әдісі» және смайлик арқылы бағалайды.

Үйге тапсырма Тақырыпты оқу, тақырыпқа сәйкес сөзжұмбақ құру

Оқушылар күнделіктерін дайындайды

Тақырыпты оқып, физикаға қатысты сөзжұмбақ құрайды

Смайлик

күнделік

Оқулық

Жұмыс дәптері

Бекітемін: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Жусупова К.К.

Бөлімі:

Тығыздық

Пән мұғалімі:

Кеңес Индира Манасқызы

Күні:

11.11.2021 жыл

Сыныбы: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.2.12 – әртүрлі пішіндегі қатты дененің немесе сұйықтың көлемін өлшеу үшін өлшеуіш цилиндрді (мензурка) қолдану

Сабақтың мақсаты:

Дұрыс және дұрыс емес пішіндегі қатты дененің көлемін анықтау әдісін сипаттай алады.

Мензурканы пайдаланып сұйықтың көлемін тікелей әдіспен өлшейді.Қатты дененің көлемін сұйықтың көлемінің өзгерісі арқылы тауып есептейді

Алдыңғы білім

Масса және денелердің массасын өлшеу (Пр. №5)




Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушының іс- әрекеті

Бағалау,

Ресурстар

Кіріспе

7 мин

- оқушылармен амандасу;

- сыныпты түгендеу;

- кезекшілік қызметін қадағалау;


  • Психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім оқушылардан, олардың көңіл күйдеріне сәйкес келетін смайликті таңдауды ұсынады


  • Үй тапсырмасын тексеру

1.Масса анықтамасы қандай?

2.Масса скаляр әлде векторлық шама ма?

3.Массаның өлшем бірлігі ХБЖ қандай?

4.Дененің массаны қандай құралдармен өлшейміз?

7.Екі дененің массасын қалай салыстыруға болады?
Үйге берілген тапсырма сөзжұмбақты талқылау

-мұғаліммен сәлемдесу;

- жоқ оқушыларды айту;

- оқушылар өздерінің көңіл күйлеріне сәйкес келетін смайликті таңдайды

Оқушылар қойылған сұрақтарға ауызша жауап береді


Оқушылар үйден құрастырып келген сөзжұмбақтарын тексертеді

Смайликтер

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау

Жаңа тақырыптың таныстырылым

5 мин

  • Қызығушылықты ояту:

Проблемалық сұрақ арқылы сабақ тақырыбына ену:

- Геометриялық фигураларға назар аударып, олардың айырмашылы неде?

Мұғалім сабақ мақсаттарын, жетістік крийтерийлерін оқушылармен бірге жетелейтін сұрақтар қоя отырып айқындайды. -Оқушылар қалай ойлайсыздар бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?

-Бұл мақсатқа жету үшін қандай жетіскік критерийлерін өз алдына қоярсыздар? Оқушыларға келесі сұрақтар қою арқылы мағынаны ашу:

- Көлемді анықтаудың қандай жолдары бар деп ойлайсыздар?

- Дене әртүрлі заттардан жасалған. Осы денелердің көлемі жайлы не айта аласындар?

Оқушылар өзінің жауаптарын айтады, кейін тақтада айқындап көрсетеді.
Көлем (volume) - зат немесе денемен кеңістіктегі алатын орнының сандық сипаттамасы.



«Ынталандыру» әдісі арқылы бағалау

«Жақсы»

«Жарайсың»

«Өте жақсы»

Негізгі бөлім

18 мин

  • Жаңа сабақ

Оқушылар жаңа тақырыпты оқиды, жаңа физикалық шамалар мен бірліктермен танысады,тірек сөздерді дәптерлеріне үш тілде жазады және сыныппен бөліседі.


  • Тапсырма

ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТАПСЫРМА:

1.Дұрыс пішінді денелердің көлемін анықтау. Оқушыларға темірден, ағаштан және аллюминийден жасалған тік төртбұрышты білеушелер таратылады, оқушылар оның көлемін өлшеуіш лента (сызғыш) арқылы өлшейді.



2. Дененің көлемін анықтаңыз




Оқушылар жаңа тақырыбынан маңызды мәліметтерді дәптерге жазып отырады

Берілген эксперименттік тапсырмаларды дәптерге орындайды



Оқулық

Жұмыс дәптер
Темірден, ағаштан және аллюминийден жасалған тік төртбұрышты білеушелер


Жұмыс дәптер
«Ынталандыру» әдісі арқылы бағалау

«Жақсы»

«Жарайсың»

«Өте жақсы»


Қорытынды

5 мин

Мензуркаға дене толық бататындей етіп су құйыңыз да осы құйылған судың V1 көлемін анықтаңыз:

V1=………см3

1.Де нені жібінен ұстап тұрып суға толық батырып судың Vкөлемін анықтаңыз: (суретке қараңыз)

V2=………..см3

2. Дененің көлемін есептеңіз:V =V2 - V1.

3.Өлшеулер нәтижесін кестеге жазыңыз:

Дененің атауы

Мензуркадағы судың бастапқы көлемі

V1 / см3

Мензуркадағы су мен дененің көлемі

V2 / см3

Дененің көлемі

V=V2-V1

/см3















Оқушылар берілген тапсырмада көлемдерді анықтап, нәтижесін кестеге жазады

Үлестірмелі карточка

«Бес бармақ» әдісі арқылы бағалау

Сабақтан кейінгі кері байланыс

5 мин

«ННН» әдісі арқылы кері байланыс жасайды. Оқушыларға стикер таратылады

  • Сабақта маған не пайдалы болды?

  • Сабақта маған не қызықты болды?

  • Сабақта маған не қиын болды?

Оқушылар тақырып бойынша түйген білімдерін жазады

Стикер
  1   2   3   4   5   6


написать администратору сайта