Бекітемін: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Жусупова К.К
Бөлімі:
| Денелердің өзара әрекеттесуі
| Педагогтың аты - жөні:
| Кеңес Индира Манасқызы
| Күні:
| 09.12.2021 жыл
| Сыныбы: 7
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| №4 зертханалық жұмыс. «Серпімді деформацияларды зерделеу» (Пр. №10)
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 7.2.2.4 – серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділік графигінен қатаңдық коэффициентін анықтау;
7.1.3.3 – физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
| Сабақтың мақсаты:
| Серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділік графигінен қатаңдық коэффициентін анықтайды. Оқушылар физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды.
| Алдыңғы білім
| Тартылыс құбылысы және ауырлық күші. Салмақ. (Пр. №9)
|
| Сабақтың барысы
| Сабақтың кезеңдері
| Мұғалімнің іс – әрекеті
| Оқушының іс- әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Сабақтың басы
10 мин
| - оқушылармен амандасамын;
- сыныпты түгендеймін;
- кезекшілік қызметін қадағалаймын;
Психологиялық ахуал туғызу
Оқушылардан жұп құрып, бір- біріне «Мен саған сенемін …» деп себебін жылы сөздермен жеткізуды сұраймын. Үйге берілген 3.3 жаттығу (1, 7) есептерді тексеремін.
| - Мұғаліммен сәлемдеседі;
- Жоқ оқушыларды айтады;
- Оқушылар жұп құрып, бір-бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін, өйткені сен жақсы адамсың» деген сияқты бір біріне жылы сөздер айтады.
- Оқушылар үйден шығарып келген есептерді тексертеді.
|
Жұлдызша арқылы бағалау
|
Жұмыс дәптері
| Сабақтың ортасы
23 мин
| №4 зертханалық жұмыс. «Серпімді деформацияларды зерделеу» тапсырмалар
1-тапсырма. Серпімді элементі серіппе болып табылатын мектеп динамометрін градуирлеу.
Жұмыстың барысы:
Динамометр шкаласын ақ қағазбен бүркеңдер. Қағаздың екі жағы резеңке сақиналардың көмегімен динамометрге бекітіледі.
Динамометрге массалары102г, 204г, 306г және т.б. жүктерді іле отырып, 1Н, 2Н, 3Н, т.с.с. күштерге сәйкес келетін көрсеткіш орнын белгілеңдер.
Көршілес сызықшалардың арасын өлшеңдер. Олар өзара тең бе? Неліктен осы шкалада нъютонның оннан бір үлестерін белгілеңдер. Көршілес сызықшалар арасын өлшеп олар тең екенін білу. Себебі ілінген жүктің массалары бірдей.
Өздерің жасаған шкаланы заводта градуирленген динамометрдің шкаласымен салыстырыңдар.
Өлшеу дәлдігін бағалаңдар. Сызғыштың бөлік құны-0,1мм. Аспап қателігі-0,05.
2 – тапсырма: Серпімді дене мен оған әрекет ететін ауырлық күші мен оның арасындағы байланысты анықтау.
Жұмыстың барысы: Резеңке жіптердің бір ұшын ілмектеп байлаңдар, екінші жағын қағазбен бірге штатив қысқышына бекітіңдер. Резеңкелердің ұштары бір деңгейде болуынакөңіл аударыңдар. Ол деңгейді қатырма қағазда белгілеп қойыңдар.
Ілгектің көмегімен массалары m1= m, m2 =2m, m3=3 m жүктерді кезекпен бір жіпке іліңдер. Резеңкенің созылған кездегі орнын белгілеңдер. Денені ілгектің көмегімен екі жіпке қатар іле отырып, тәжірибені қайталаңдар.
| 1-тапсырма бойынша:
Динамометрге жүктер ілу арқылы серіппенің созылуын белгілеп, ақ қағазға шкала салады. Жасалған динамометр арқылы жүктерді өлшейді. Градуирлеу тәсілін меңгереді.
2-тапсырма бойынша:
Ауырлық күші мен серпімді деформацияның арасындағы байланысты анықтау. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазу. Эксперимент дәлдігі ауқымында Гук заңы орындала ма? Тексеру.
| Жұлдызша арқылы бағалау
Жұлдызша арқылы бағалау
| Зертханалық жұмыс дәптері Диномаметр,
миллиметрлік жолақ қағаз,
қысқашы, сақинасы, муфтасы бар штатив
Қысқышы, штатив, резеңке жіп, ақ қатырма қағаз, жүктер жиынтығы, сымнан жасалған ілгек, сызғыш, динамометр
| Сабақтың соңы
12 мин
| Оқушыларға зертхана барысында түйген білімдерін жинақтап қорытынды жазуды тапсырамын.
Кері байланыс «Алақан» әдісі
Бас бармақ – керемет әрі қызықты болды!
Екінші бармақ – осыған көңіл бөлу керек.
Ортаңғы бармақ– маған ........... түсініксіз болды. Төртінші бармақ – бұл жерде орта... Кішкентай бармақ– мен .............туралы ізденгім келеді. Бүгінгі сабақта оқушылар өздерін бағалайды.
Күнделікті өмірде созылу, сығылу, иілу, ығысу деформацияларын қай жерден көргендерің туралы ойланып, айтып келу.
| -Оқушылар зертхана барысында түйген білімдерін қорытындылап зертханалық жұмыс дәптерлеріне жазады. -Оқушылар «Алақан» әдісі арқылы кері байланыс жасайды.
-Оқушылар өздерін бағалайды. Яғни, «мен бүгін сабаққа жақсы қатыстым, өзіме көңілім толады» деген сияқты ой пікірлерін айтады. -Оқушылар үйден күнделікті
Өмірде деформациялардың түрлерін қай жерден көргендерің туралы ойланып келеді.
| Жұлдызша арқылы бағалау
| Зертханалық
жұмыс дәптері
|
Бекітемін: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Жусупова К.К
Бөлімі:
| Денелердің өзара әрекеттесуі
| Педагогтың аты - жөні:
| Кеңес Индира Манасқызы
| Күні:
| 14.12.2021 жыл
| Сыныбы: 7
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| Деформация. Серпімділіккүші, Гук заңы (Пр. №11)
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 7.2.2.3 – пластикалық және серпімді деформацияларды ажырату, мысалдар келтіру. 7.2.2.5 – Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу
| Сабақтың мақсаты:
| Деформация ұғымының физикалық мағынасын түсіну және деформация түрлерін ажырату;
Пластикалық және серпімді деформацияларға мысалдар келтіру;
Гук заңының формуласымен серпімділік күшін есептеу.
| Алдыңғы білім
| №4 зертханалық жұмыс. «Серпімді деформацияларды зерделеу» (Пр. №10)
| Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері
| Педагогтың іс – әрекеті
| Оқушының іс- әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Сабақтың басы
10 мин
| - Оқушылармен амандасамын;
- Сыныпты түгендеймін;
- Кезекшілік қызметін қадағалаймын;
Психологиялық ахуал туғызу
•Егер сіз мектепке көтеріңкі көңілмен келсеңіз, оң қолыңызды көтеріңіз.
•Егер сіз адамның адалдығын бағаласаңыз, сол қолыңызды көтеріңіз.
•Егер сіз өз біліміңе сенсеңіз, екі қолымызды жоғары көтереміз.
•Егер сізге физика пәні ұнаса, үш шапалақ
•Болашақ біздің қолымызда деп сенсеңіз, қол ұстасыңыз. Бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін!
Үй тапсырмасы. Өткен сабақты
"Сәйкестендіру тесті" бойынша жауап береді.
№
| Сұрақтар
| Жауаптар
| 1
| Денелердің инерттілігінің өлшемі
| А) заттың тығыздығы
| 2
| Күш
| Ә) бағытынада байланысты
| 3
| Денелердің Жерге тартылу күшін-
| Б) Ньютон, килоньютон
| 4
| Заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шама
| В) векторлық шама
| 5
| Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама
| Г) масса
| 6
| Күш бірліктері
| Ғ) ауырлық күші
| 7
| Күш әрекеті сан мәніне ғана емес
| Д) күш
|
| - Мұғаліммен амандасады;
- Жоқ оқушыларды айтады;
- Оқушылар шеңбер құрып, мұғалімнің айтқан сөздері арқылы қолдарын көтереді.
Әр оқушы өз тапсырмаларын сәйкестендіреді. Жауап парағын көршісімен алмастырады.
Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
Дұрыс жауап:
1. Г
2. В
3. Ғ
4. А
5. Д
6. Б
7. Ә
|
7-6 «5»
5-4 «4»
3-2 «3»
|
Үлестірмелі парақ
| Жаңа тақырыптың таныстырылым
3 мин
| «Ой қозғау» әдісі. Мысалы, жұқа
таяқшаны майыстыру ермексаздан әр түрлі денелер жасау шар үру т.б. Осы мысалдан нені байқадық? Оқушылардың ойларын тыңдау. Олай болса жаңа сабақтың тақырыбы: «Деформация. Серпімділік күші. Гук заңы». Нені үйренуіміз қажет? Серпімділік күші дегеніміз не? Гук заңы нені анықтайды? Деформация дегеніміз не, оның қандай түрлері бар? Осы сұрақтарға бүгін өтілетін сабақ жауап береді.
| Оқушылар өздерінің ойларымен бөліседі. Берілген сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты табады.
| Смайлик арқылы бағалау
| Жұмыс дәптері
| Сабақтың ортасы
мин
| Оқушыларға жаңа білімді меңгерту үшін «Түсіндіру және сипаттау» әдісі қолданамын. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс.
Robert Hooke- әйгiлi ағылшын жаратылыстанушысы, ағылшындық Уайт аралында Фремуотер деген жерде 1635 жылы дүниеге келдi. Орта мектептi бiтiргеннен кейiн Оксфорд Университетiне түседi. 1660 жылы әйгілі “Гук заңын” (Hooke's law) ашты. 1661 жылы каппилярлық құбылысқа арналған еңбегiн жариялады. Гук өзiнiң 1665 ж. жарық көрген «Микрография» атты еңбегiнен кейiн әйгiлi болды. Бұл кiтапта Гук өзі жетiлдiрiлген микроскоппен көп зерттеулерін жүйелеп баяндайды. Тағы да бұл кiтабында Гук жарықтың табиғаты жайында ойларын жазып кеткен. Кейін ол астрономиялық құрал-саймандарды ойлап табу және оларды жетiлдiрумен айналысты, биологиялық, географиялық, геологиялық зертеулер жүргiздi. Серпімділік күші деп дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті айтады. Бұл күш денелерді қысу, созу, майыстыру немесе бұрау кезінде пайда болады. Серпімділік күші әрқашан дененің пішіні мен өлшемдерінің өзгеруін тудырған күшке қарама-қарсы бағытталады. Мысалы, серіппені қолымызбен қысып, одан кейін оны бос жібере салсақ, онда серіппеде туындайтын серпімділік күші Сызғыштар ермексаз резеңке доп шар оны бастапқы қалпына келтіреді. Серпімді деформациялар кезінде денеде туындайтын серпімділік күші оның созылуына тура пропорционал: |F| = kΔl, бұл формула Гук заңын өрнектейді, мұндағы Ғсерп-серпімділік күшінің модулі, k-қатаңдық немесе катаңдық коэффициенті, Δl-дене ұзындығының өзгеруі. Дененің серпімді деформациялануында пайда болатын күшті серпімділік күші деп атайды. Серпімділік күші денені құрайтын бөлшектердің электромагниттік өзара әсерлесуінен пайда болады. Денелердің күшәсерінен формасы мен көлемінің өзгеруі деформация (Deformation) деп аталады. Деформация себебі: атомдардың арақашықтығын өзгерткенде олардың арасындағы күштер де өзгеріске ұшырайды және ол күштер денені бастапқы қалпына әкеліуге тырысады. ДЕФОРМАЦИЯ-екіге бөлінеді: 1. Күштердің әрекеті тоқталғаннан кейін дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемі өз қалпына келетін болса - серпімді деформация деп аталады. Созылу, Сығылу, Бұралу, Майысу жатады. 2. Күштің әсер етуін тоқтатқаннан кейін, дене өзінің бастапқы пішіні мен өлшемін өзгететін болса, ол пластикалық деформация деп аталады. Гук заңының анықтамасы: Дененің созылу немесе сығылу кезіндегі серпімділік күшінің модулі дене ұзындығының өзгеруіне тура пропорционал. Fсерп=kx k-қатаңдық (пропорционалдық коэффицент.) ХБЖ-жүйесінде қатаңдық Ньютонның метрге қатынасымен (Н/м) өрнектеледі. х-дененің ұзындығының өзгеру. 13- жаттығу №1
Берілгені: Шешуі:
к= 7,2*104 Н / м F = кх
F= 10 кН = 10000 Н х = F /к
Т/к: х-?
х=10000Н/7,2*104 Н/м=1388,9*10-4=0,14м
№2Берілгені: Шешуі:
F = 245 Н F = кх
ℓ = 35мм = 0,035м к = F/х
Т /к: к-? k= 245Н/ 0,035м = 7000 Н /м
3. Болат серіппе 150 Н күш әрекетінен 500 см-ге ұзарды. Серіппенің қатаңдығын есептеңдер. 1. Серпімді дененің ұзаруы мен оған түсірілген күштің арасындағы байланысты ағылшын физигі Роберт Гук қай жылы анықтаған?
A)1660 B)1659 C)1661 D)1670
2. Деформацияның қанша түрі бар?
A)2 B)3 C)4 D)5
3. k- қандай шама?
A) жұмсақтық B) қалыңдық C) қатаңдық D) ұзындық
4. Күшті өлшейтін құрал қандай?
A) сызғыш B) таразы C) сағат D) динамометр
5. Күштің SI жүйесіндегі өлшем бірлігі қандай? A)Н B)м/с2 C)м/с D)с
6. Серпімді дененің ұзаруы мен оған түсірілген күштің арасындағы байланысты анықтаған ғалым?
A) Эйнштейін B) Аристотель C) Ньютон D) Гук
7. Гук заңының формуласы қандай?
A) F=ma B)F=mg C) F=kх D)F=(g+a)
8. k-қатаңдықтың SI жүйесіндегі өлшем бірлігі қандай? A)Н B)Н/м C)м D)м/с
9. Денелердің күш әсерінен формасы мен көлемінің өзгеруі қалай аталады?
A) Серпімділік күші B)Күш C) Деформация D)Масса
10. Ғсерп дегеніміз не?
A) Серпімді күштің модулі B)Серпімді күш C) Серпімді күштің деформациясы D)Серпімді күштің массасы
| Оқушылар жаңа тақырыппен танысады. Тақырыптан жаңа мәліметтерді дәптерлеріне жазады. Оқулықпен жұмыс жасайды.
Оқушылар оқулықта берілген есептерді мұғаліммен байланыс жасап шығарады.
Әр оқушы өз тест тапсырмаларын орындайды. Жауап парағын көршісімен алмастырады.
Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
| Смайлик арқылы бағалау
Смайлик арқылы бағалау
10-8 «5»
7-5 «4»
4-2 «3»
| Оқулық
Жұмыс дәптері
Оқулық
Жұмыс дәптері
Үлестірмелі парақ
| | |