Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері
| Педагогтың іс – әрекеті
| Оқушының іс- әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
|
| Сабақтың басы
7 мин
| - Оқушылармен амандасу; - Сыныпты түгендеу; - Кезекшілік қызметін қадағалау;
Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Сенің есімін»
Мақсаты: топ ішінде жағымды атмосфера қалыптастыру, өздерін жоғары бағалауға дағдыландыру.
Үй тапсырмасы: «Сұрақ жауап» әдісі. 1. Инерцияның анықтамасы қандай? 2. “Инерция” сөзі қай тілден аударылды? 3. Инерция құбылысын кім ашты? 4. Инерцияның пайдасы қандай? 5. Инерцияның зияны бар ма? 6. Инерция құбылысына мысал келтіріңіздер.
| - Мұғаліммен амандасу; - Жоқ оқушыларды айту; -Әр оқушы өз есімінің әр әріпіне жағымды сөздер табады.
- Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді.
-Оқушылар үйге берілген 3 сұраққа жауап жазу тапсырманы оқиды.
| Жұлдызша арқылы бағалау
|
Үлестірмелі карточкалар
|
| Жаңа тақырыптың таныстырылымы 3 мин
| Қызығушылық ояту:
| Оқушылар суретте қандай құбылыс берілгенін табу арқылы бүгінгі сабақ тақырыбын анықтайды. Дәптерді ашып бүгінгі күнді және тақырыпты жазады.
| Дескриптор: Берілген суреттегі ақпаратпен жұмыс жасай алады.
| Сурет
Жұмыс дәптері
|
| Сабақтың ортасы
22 мин
| Жаңа сабақ
Күш- денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама. Әртүрлі денеге әртүрлі күш түсіреміз. Демек, күштің сан мән көп те, аз да болуы мүмкін. Күш сандық мәнімен және бағытымен сипатталатын физикалық шама болып табылады. Күшті Ғ әрпімен белгілейміз.
SІ жүйесінде күш бірлігіне ньютон (Н) алынған. 1Н – тыныштық күйіндегі массасы 1 кг денеге 1 с ішінде 1 м/с жылдамдық беретін күш. Бұдан үлкен күш бірлігі-килоньютон (кН) да қолданылады. 1кН = 1000 Н
Күшті өлшейтін құрал диномаметр деп аталады.
Tест 1.Күш дегеніміз? А) дененің көлем бірлігіндегі массасына тең шама В) денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама С) қашықтыққа байланысты уақыттың өзгерісіне тең шама 2.Күшті қандай әріппен белгілейді? А) m В) t С) F 3.Күш бірлігі ретінде қандай бірлік қабылданған? А) килограмм В) Ньютон С) метр 4. Күш сызбада қалай кескінделеді? А) ұшында бағыты көрсетілген түзу кесінді В) бөліктерге бөлінген шеңбер С) спираль тәрізді 5.0,1 кН=……Н А) 0,001 Н В) 100 Н С) 0,001Н 6. Бірдей екі дене өзара әсерлескенде төмендегі физикалық шамалардың қайсысы өзгереді? А) жылдамдық В) масса С) жол 7. Қандай күш 1 Н-ға тең? А) тыныштық күйдегі массасы 1 кг денеге 1 с ішінде 1м/с жылдамдық беретін күш В) массасы 1 кг дененің көлемін 1 м3-ке өзгертетін шама С) бірлік уақыт ішіндегі орын ауыстырудың сол уақытта қатынасына тең шама
“Пазл” әдісі
| Оқушылар оқулықты ашып жаңа тақырыппен танысады. Мұғалімнің түсіндірген жаңа мәліметтерін дәптерге жазады.
Оқушылар берілген тест тапсырмасын орындайды. Тест парақшасын көршілерімен алмасып тексереді.
Оқушылар берілген қиынды қағаздарды құрастырып, дәптерге жазып алады.
|
Дескриптор1. Күш анықтамасын біледі, физикалық мағынасын түсінеді 2. Күштің ХБЖ жүйесіндегі өлшем бірлігін жаза алады. 3. Еселік және үлестік өлшем бірліктерге түрлендіреді
Смайлик арқылы бағалау
Жұлдызша арқылы бағалау
| Оқулық Жұмыс дәптері Суреттер
Үлестірмелі парақ
Қиынды қағаздардар Жұмыс дәптері
| Сабақтың соңы
5 мин
| Қорытынды: “Миға шабуыл” әдісі
1. Күш дегеніміз не?
2. Күш немен сипатталады?
3. Күштің өлшем бірлігі қандай?
4. Күш бірлігі кімнің құрметіне ие болған?
| Оқушылар сабақтан алған жаңа білімдерін қорытындылап, сұрақтарға жауап береді
| Смайлик
арқылы бағалау
| Үлестірмелі карточкалар
|
| Сабақтан кейінгі кері байланыс
3 мин
| Бас бармақ – Басты тақырып. Мәселе қандай болды?
Балалы үйрек – Бірігу. Біз сыныпта қандай жұмыс жасадық, кімге көмектестім, кімге риза болдым?
Ортан терек – Ойлану. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек – Шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
Кішкене бөбек – Көңіл-күй. Сабақта өзімді қалай сезіндім?
| Оқушылар «Бес саусақ» әдісі арқылы бүгінгі сабақты қаншалықты құнды ақпараттар алғандығын, қаншалықты ұнағанын білдіреді
|
|
|
| Бағалау
5 мин
| Мұғалім оқушылардың сабақтан жинаған смайлик, жұлдызшаларын санап, сабаққа қорытынды жасайды. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларға күнделікке смайликтер арқылы баға қояды.
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу, 3 сұраққа жауап жазу
| Оқушылар күнделіктерін дайындайды.
Оқушылар тақырыпты оқи отырып, 3 сұраққа жауап жазады
|
| Күнделік
Оқулық Жұмыс дәптері
|
| Бекітемін: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары: Жусупова К.К
Бөлімі:
| Денелердің өзара әрекеттесуі
| Педагогтың аты - жөні:
| Кеңес Индира Манасқызы
| Күні:
| 07.12.2021 жыл
| Сыныбы: 7
| Қатысқандар саны:
| Қатыспағандар саны:
| Сабақтың тақырыбы:
| Тартылыс құбылысы және ауырлық күші. Салмақ. (Пр. №9)
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
| 7.2.2.10 – масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын ажырату
| Сабақтың мақсаты:
| Барлық оқушылар: Масса, салмақ, ауырлық күші ұғымын ажырата алады және денелердің тартылыс күшін Исаак Ньютон ашқанын, өлшем бірлігі Н-мен өлшенетінін біледі.
Көпшілік оқушылар: Гравитациялық өзара әрекеттесу, гравитациялық өріс және гравитациялық күштің айырмашылығын түсінеді.
Кейбір оқушылар: Денеге әрекет ететін ауырлық күші мен оның массасы арасындағы қатынасты ажырата біледі,күрделі есептерді шығара алады, күнделікті өмірмен байланыстырып мысал келтіруде қолданады.
| Алдыңғы білім
| Күш (Пр. №8)
| Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері
| Педагогтың іс – әрекеті
| Оқушының іс- әрекеті
| Бағалау
| Ресурстар
| Сабақтың басы
10 мин
| - Оқушылармен амандасу;
- Сыныпты түгендеу;
- Кезекшілік қызметін қадағалау; қалыптастыру:
• Егер сіз мектепке көтеріңкі көңілмен келсеңіз, оң қолыңызды көтеріңіз.
• Егер сіз адамның адалдығын бағаласаңыз, сол қолыңызды көтеріңіз.
• Егер сіз өз біліміңе сенсеңіз, екі қолымызды жоғары көтереміз. • Егер сізге физика пәні ұнаса, үш шапалақ.
• Болашақ біздің қолымызда деп сенсеңіз, қол ұстасыңыз. Бүгінгі сабаққа сәттілік тілеймін!
Оқушылардың үйден құрып келген 3 сұрақтарын тексеру.
| - Мұғаліммен амандасу;
- Жоқ оқушыларды айту;
- Оқушылар шеңбер құрып, мұғалімнің айтқан сөздері арқылы қолдарын көтереді.
-Оқушылар үй тапсырмасын мұғалімге тексертеді. Сұрақтарын басқа оқушыларға қояды.
|
3 сұрақ – «5»
2 сұрақ – «4»
1 сұрақ – «3»
Жұлдызша
|
Жұмыс дәптері
| Жаңа тақырыптың таныстыры лымы 3 мин
| Енді сабағымызды бастамас бұрын, ортаға екі топтан бір-бір оқушыдан шақырып біреуінің қолына метал шар, екіншісінің қолына алма береміз: Қолдарыңдағы заттарды жерге тастайық, не байқаймыз? Сендердің ойларыңша не себепті бұл заттар басқа жаққа кетіп қалмай, жер бетіне түседі?
| Оқушылар өз ойларын айтады.
| Жұлдызша
| Металл шар Алма
| Сабақтың ортасы
22 мин
| «ЖИГСО» әдісімен оқулықтан
«Тартылыс құбылысы және ауырлық күші. Салмақ» - тақырыбын түсіндіру.
«Түртіп алу» әдісі арқылы-
талқылап түйінді шешімдерді жазып алу.
«Есептейік!» есептерді шығару
1.Жүктің массасы 10кг. Оған қандай ауырлық күші әрекет етеді?
2.Әрбір оқулықтың массасы 1 кг болса, үш кітаптың үстелге түсіретін ауырлық күшінің мәні қандай болады? Еркін түсу үдеуін шамамен 10 Н/кг-ға тең деп алыңдар.
3.Массасы 250 г бақаға әсер ететін ауырлық күші неге тең? (Ж: F=2,45Н)
4. Ауырлық күші 980 Н болатын арыстанның массасы қандай болады? (Ж: 100 кг)
«Ойлайық, табайық!» Суретте
кескінделген күштерді анықтаңыз. Әр күшті сәйкес әріптермен белгілеңіз.
| Оқушылар жаңа тақырыппен танысады. Тақырыптан жаңа мәліметтерді дәптерлеріне жазады.
Оқушылар берілген есептерді тақта шығарады.
Оқушылар суретте берілген кестедегі күштерді анықтап, сәйкес әріппен белгілейді.
| Жұлдызша
Жұлдызша
Дескриптор - суретте кескінделген күштерді ажыратады; - күштердің сәйкес белгілеуін қолданады.
Жұлдызша
| Оқулық Жұмыс дәптері
Карточка Тақта Жұмыс дәптері
Сурет
| Сабақтың соңы
5 мин
| «Ойлан–жұптас–бөліс» әдісі.
Сұрақ - жауап:
1.Қандай күш ауырлық күші деп аталады? 2. Дененің массасын динамометр көмегімен анықтауға бола ма? 3. Жердің 1кг денені тарту күші? 4.Дененің салмағы дегеніміз не? 5. Салмақсыздықтың себебі неде?
| Оқушылар берілген сұрақтарға қол көтеріп жауап береді.
| Жұлдызша
| Карточка
| Сабақтан кейінгі кері байланыс
3 мин
| • Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?
• Бүгін не білдіңіз?
• Сіз үшін не жаңалық болды?
• Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
• Сабақта қандай қиындықтар туындады? • Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?
| Оқушылар шеңберге тұрып, сұрақтарға жауап береді.
|
|
| Бағалау
5 мин
| Мұғалім сабаққа белсене қатысқан барлық оқушыларды қорытынды «ынталандыру» әдісімен бағалайды. Күнделікке смайликтер арқылы баға қояды. Тақырыпты оқу. 3.3 жаттығу (1, 7)
| Оқушылар күнделіктерін дайындайды.
Оқушылар үйден тақырыпты оқиды. Есептерді шығарады.
|
| Оқулық Жұмыс дәптері
| |