Главная страница
Навигация по странице:

  • Нитрат Азық – түлік құрамындағы нитраттар.

  • Ауылшаруашылық өнімдері құрамындағы нитраттар мен бекітілген мөлшері.

  • Әртүрлі жеміс – жидектердегі нитраттардың мөлшері

  • Нитра ттармен улану.

  • Нитра ттарды анықтау

  • Жаңа сабақты бекіту Маршрутты бет

  • Бос орынды толтыр

  • Сұраққа жауап бер. (4 ұпай)

  • Өмірді бағала! 8.

  • Топ мүшесіне баға қою кестесі

  • Нитраттар маршруттық бет. 9 сынып сабаты таырыбы


    Скачать 317.64 Kb.
    Название9 сынып сабаты таырыбы
    Дата18.05.2023
    Размер317.64 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаНитраттар маршруттық бет.docx
    ТипДокументы
    #1139892


    ХИМИЯ ПӘНІ БОЙЫНША САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ
    9 СЫНЫП

    Сабақтың тақырыбы: Нитраттар

    Нитраттар – кез келген өсімдік құрамына кіретін заттар, азот қышқылының тұздары.
    Нитрат

    Азық – түлік құрамындағы нитраттар.

     

    Жемістер, жидектер сияқты адам ағзасына қажетті витаминдер, микроэлементтер, пектиндер, органикалық қышқылдардың негізгі көздері болып табылады. Міне, осы жемістермен біздің ағзамызға нитраттар мен нитриттер түседі. Аз мөлшерде нитраттар зиянсыз. Дені сау адамдарда нитраттар тез сіңіп, ағзадан шығарылады. Адамдардағы нитраттардың тәуліктік мөлшері 1 кг массаға – 5 мг. Нитраттардың көптеп түсуі ағзаға зиянды. Нитраттардың тотыққан түрі – нитриттер – өте қауіпті. Өсімдік текті тағамда олардың мөлшері өте аз. 1 мг/кг, бірақ нитраттар асқорыту жүйесінде арнайы ферменттер болмағандықтан нитриттерге айналады. Әртүрлі жемістерде нитраттар әртүрлі жинақталады. Нитраттардың мөлшері өсімдіктің биологиялық ерекшелігіне байланысты. Нитраттардың көп мөлшері (1000 – 1500 мг/кг) шпинатта, салат, редис, сельдерей, орамжапырақ, асханалық қызылшада жинақталады. Түсті орамжапырақ қияр, сәбізде орташа мөлшерде анықталды. (100 – 1500 мг/кг) Нитраттардың аз мөлшері пиязда, қызанақта, баклажанда, бұрышта, жасыл бұршақта кездеседі. Зиянкестермен зақымданған өсімдіктер зақымданбаған өсімдіктерге қарағанда нитраттарды көп жинақтайды. Пісіп жетілмеген жемістерде нитраттар көп мөлшерде болады. Соңғы жиналған жемістерде, алғаш жиналған жемістерге қарағанда нитраттар аз болады. Жемістерді тамаққа пайдаланғанда әр бөлігіндегі нитраттардың мөлшері әртүрлі болатынын ескеру керек. Нитраттардың таралуы әртүрлі.

    Жапырақ текті өсімдіктерде нитрат өзегінде және жапырақ сағағында жинақталған. Сәбіз, қызылша, редис, шалқан өсімдіктерінің тамыржемісінде нитраттар көп болады. Сәбіз өзегінде қабығына қарағанда нитрат көп жинақталған, тамыр өзегінен ұшына қарай ол азаяды. Асханалық қызылшада тамыр ұшы мен төбесінде нитраттар көп болады. Орамжапырақтың сыртқы жапырақтарында ішкі жапырақтарына қарағанда нитраттар екі есе көп, ал ең көп жинақталатын жері – өзегі.

    Жемістердегі нитраттардың мөлшері топырақ – климаттық жағдайға, өсімдіктің биологиялық ерекшелігіне, агротехникалық әдістерге, сортына, жарықтану жағдайына, қоректік элементтерге, микроэлементтерге, жемістердің себілу, жиналу уақытына байланысты. Көпшілік жағдайда нитраттардың көп болуы топыраққа азот тыңайтқыштарының көп мөлшерінің түсуінен болады. Бұл, әрине, дұрыс, бірақ нитраттардың пайда болуын комплексті қарау керек. Нитраттардың көп жинақталуының көзі тыңайтқыштардан ғана емес, топырақ құрамындағы азот қорынан да болуы мүмкін.

    Жемістердегі нитраттардың мөлшері табиғат жағдайларына да байланысты: салқын, бұлтты жазда топырақтан түскен азот толық жұмсалмай, өсімдік ұлпасына бос күйінде жинақталады. Сондай – ақ, вегетациялық кезеңіндегі температураның жоғарылауы нитрат концентрациясының көбеюіне әкеледі. Жарық түсу сатысы нитраттардың жинақталуына да әсер етеді: жарықтың түсуі нашар болып, күн радиациясы жетіспесе жемістерде нитрат мөлшері күрт көбейеді. Ылғал жеткілікті болғанда нитраттар артып, ал ылғал жетіспегенде – нитраттар азаяды.

    Нитраттар нан және сүт тағамдарында, ет пен балықта аз, ал піскен және қақталған шұжықта көп мөлшерінде болады.

    Шұжықта нитраттар нитриттерге айланады. Темекі құрамында нитраттар да, нитриттер де кездеседі.

    Құрамындағы нитраттары бойынша көкөністер мен жеміс-жідектер осылай жіктеледі:

    1. Нитраттары аз (10-80 мг)- бұршақ, үрме бұршақ, қымыздық, брюссель орамжапырағы, картоп, пияз, жеміс-жідектер;

    2. Нитраттары орташа (300-600 мг)-кәді,сәбіз, қалқан, түрлі түсті мен ақ басты орамжапырақтары, асқабақ,қияр.

    3. Нитраттары көп (5000 мг)-шпинат, қызылша, жапырақты орамжапырақ, ас көгі,қауын, қарбыз

    Ауылшаруашылық өнімдері құрамындағы нитраттар мен бекітілген мөлшері.

    өсімдік түрі

    Нитраттардың мөлшері

    Бекілілген мөлшер

    Ашық топырақ үшін

    Жабық топырақ үшін

    Қарбыз

    40-600

    60

    -

    Баклажан

    80-270

    -

    -

    Жасыл бұршақ

    20-80

    -

    -

    Қауын

    40-500

    90

    -

    Ақбасты орамжапырақ

    600-3000

    900

    -

    Кольраби орамжапырағы

    160-2700

    400

    -

    Картоп

    40-980

    250

    -

    Салат

    1300-4900

    2000

    3000

    Жасыл пияз

    40-1400

    600

    800

    Пияз

    60-900

    80

    -

    Сәбіз

    160-2200

    400

    -

    Қияр

    80-560

    150

    400

    Тәтті бұрыш

    40-330

    200

    400

    Петрушка

    1700-2500

    1800

    -

    Қара шалқан

    1500-1800

    1300

    -

    Редис

    400-2700

    1500

    -

    Асханалық қызылша

    200-4500

    1400

    -

    Қызанақ

    10-180

    150

    300

    Аскөк

    400-2200

    2000

    3000

    Сарымсақ

    40-300

    -

    -

    Шпинат

    600-4000

    1200

    -


    Әртүрлі жеміс – жидектердегі нитраттардың мөлшері

    Зерттелетін өсімдік

    Зерттелетін бөлігі

    балл

    Нитраттардың мөлшері мг/кг

    Жас картоп

    Қабығының асты

    1

    ≈ 100

    Картоп

    Ортасы

    2

    250

    Қияр

    Қабығы

    6

    3000

    Қияр

    Ортасы

    1

    100

    Орамжапырақ

    Барлық бөлігі

    4

    1000

    Сәбіз

    өзегі

    2

    250

    Сәбіз

    Бүйір бөлігі

    2

    250

    Сәбіз

    Төбесі мен тамыры

    2

    250

    Қызылша

    Ортасы

    6

    › 3000

    Қызылша

    Төбесі мен тамыры

    6

    › 3000

    Пияз

    Барлық бөлігі

    0

    ‹ 100


    Нитраттармен улану. Адам ағзасында гемоглобинмен әрекеттесу нәтижесінде метгемоглобин деген зат пайда болады. Ол оттекті тасмалдай алалмайтындықтан, ағзаның тыныс алуы бұзылады, жасушыға оттегі жетпей ұлпалық гипоксиясы пайда болып, ақыуыз азайып, сүт қышқылы жинала бастайды. Нитраты тамақтағы витаминдерін мөлшерін азайтады, ұзақ әсерінде – йод мөлшері азайтып, қалқанша без қабынады, ішек микрофлорасын бұзады, ас-қорыту жүйесінің катерлі ісігі пайда болуына себебші болады.



    Нитраттарды анықтау:

    1. Нитратомер - нитрат тестер соэкс.

    Бірнеше секунд арасында нитраттар деңгеін көрсетеді;

    1. Қарбыз іші ашық қызыл емес, күлгіндей болса;

    2. Қарбыздың ішіндегі жіпшелер ақ емес, сары болса;

    3. Қарбыздың бір кішкене бөлігін суғасалғанда, су қызырса;

    4. Қарбыздың іші майда болса.
      Ескертулер:

    1. Нитраттар көкөністер мен жеміс-жідектердің қабығында өте көп, 15%-ға дейін жуу және қабығын тазалау арқылы жоюға болады;

    2. Піскен көкөністер мен жеміс-жідектердің құрамында азаяды;

    3. Ас көктің сабағында көбірек;

    4. Сәбіздің өзегінде айналадағы ортаға қарағанда 80% дейін көбірек;

    5. Қауын мен қарбыз қабығы мен қабық маңайында;

    6. Қияр, кәді мен қызылшада екі жақ үшінде;

    7. Көкөністер мен жеміс-жідектерді тоңазытқышта сақтандар;

    8. Ас көкті 2 сағат суда ұстаса 20%, ал орамжапырақ, картоп, пияз,

    сәбіз, қалқан, қызылшаны 1 сағат ұстаса нитраттары 25-30% азаяды;

    1. Көкөністерді пісірсе, картопта - минус 80%, орамжапырақ пен сәбізде - 70%;

    2. Салаттарда майонез мен қаймақ микрофлораға жағымды орта, оларды
      3-4 сағат арасында жемесеніздер, ол нитриттер толы у болады;

    3. Шырынды сақтамай ішу дұрыс, сақтаған мерзімінде нитраттар нитритерге айналады;

    4. Көкөністерді суда ұстап, көженің қайнап тұрған сорпасында пісіреді;

    5. Көкөністерді бұқтырып пісірсе нитраттардан минус 10%;

    6. Қайта жылытылған тамақта нитраттар нитритерге айналады;

    7. Ылғи көк шай ішіп жүріңіз, көк шай – ағзаңызға түскен нитраттардың нейтрализаторы.

    Жаңа сабақты бекіту
    Маршрутты бет

    1. Артықтың астын сыз: Селитралардың формулалары


    Сu(NO3)2,NH4NO3, КNO3, NаNO3, Са(NO3) 2 (1 ұпай)


    1. Бос орынды толтыр: нитраттар асқорыту жүйесінде арнайы ... болмағандықтан ... айналады. (1 ұпай)

    2. «Иә», «Жоқ» жауапты таңда. (2 ұпай)

    а) Пісіп жетілмеген жемістерде нитраттар аз мөлшерде болады. «Иә», «Жоқ»

    ә) Соңғы жиналған жемістерде, алғаш жиналған жемістерге қарағанда нитраттар аз болады. «Иә», «Жоқ»

    б) Жапырақ текті өсімдіктерде нитрат өзегінде және жапырақ сағағында жинақталған. «Иә», «Жоқ»

    в) Сәбіз, қызылша, редис, шалқан өсімдіктерінің тамыржемісінде нитраттар көп болады. «Иә», «Жоқ»

    г) Сәбіз өзегінде қабығына қарағанда нитрат көп жинақталған, тамыр өзегінен ұшына қарай ол азаяды. «Иә», «Жоқ»

    д) Асханалық қызылшада тамыр ұшы мен төбесінде нитраттар аз болады. «Иә», «Жоқ»

    е) Орамжапырақтың сыртқы жапырақтарында ішкі жапырақтарына қарағанда нитраттар екі есе көп, ал ең көп жинақталатын жері – өзегі. «Иә», «Жоқ»

    ж) Нитраттардың көп болуы топыраққа азот тыңайтқыштарының көп мөлшерінің түсуінен болады. «Иә», «Жоқ»

    4.Сұраққа жауап бер. (4 ұпай)

    Жемістердегі нитраттардың мөлшері табиғат жағдайларына да байланысты, егер салқын, бұлтты жазда өсімдікті егіп өсірсендер, неге өсімдік ұлпасына бос күйінде азот жинақталады?

    Вегетациялық кезеңіндегі не нитрат концентрациясының көбеюіне әкеледі?

    Жарық түсу сатысы нитраттардың жинақталуына қалай етеді?

    Ылғал нитраттардың өсімдіктегі жинақталуына қалай әсер етеді?

    5.Жұпта жұмыс – диалог құрастыр. Таңдау жаса, жауапты дәлелде:

    Асқан ет немесе қақталған шұжықты таңдайсын ба? Неге?

    6. Құрамындағы нитраттары бойынша келесі көкөністер мен жеміс-жідектерді жікте - қияр, бұршақ, қымыздық, брюссель орамжапырағы, картоп, пияз, кәді,сәбіз, асқабақ, апельсин, шпинат, қызылша, жапырақты орамжапырақ, ас көгі,қауын, қарбыз, түсті мен ақ басты орамжапырақтары, үрме бұршақ, шалқан, алма:
    Нитраттары аз (10-80 мг)-

    Нитраттары орташа (300-600 мг)-

    Нитраттары көп (5000 мг)-
    7. Сиквейн жасап мазмұнда. ( 2 ұпай):

    Нитраттармен улану симптомдары

    І. Нитраттармен улану азот қышқылының тұздары көп көкөністерді, одан сирек жемістерді жегенде пайда болады. Көп жағдайда жылыжай көкөністері, сондай-ақ тыңайтқыштармен өсірілген азық-түліктер уланудың себебі болып табылады, сондықтан нитраттармен уланудың шарықтау шегі ерте көктемде, бірінші өнім сатылымға шыққан кезде болады. Дегенмен, нитраттардың жоғарылауы тіпті жасанды тыңайтқыштарды қолданбай көкөніс бақшаларында өсірілген өнімдерде де байқалады.

    Мұның себебі, азот өсімдіктердің өсуі мен дамуы үшін өте маңызды, сондықтан олар оны топырақтан сіңіреді. Құрғақ кезеңде, тұрақты суару болмаған кезде өсімдіктердің жемістері мен жапырақтарында азот қосылыстары жиналады, нәтижесінде олар адам улануын тудыруы мүмкін.

    ІІ. Нитраттармен улану тез дамиды. Сапасыз тағамдарды жегеннен кейін алғашқы алты сағатта жүрек айнуы мен құсу пайда болады. Бас айналуы мүмкін, бауырдағы ауырсыну және диарея. Әлсіздік дамиды, тыныс алу жиілейді, координация бұзылуы мүмкін. Егер улану белгілері пайда болса, жылы су ішіп, құсу керек. Ауыр жағдайларда суға белсендірілген көмір қосу арқылы процедураны қайталауға болады (балалар үшін 5 дана, ересектер үшін 10). Әл-ауқатты жақсарту үшін сіз бірнеше глюкоза таблеткасын, аскорбин қышқылын немесе жай ғана лимон қосылған тәтті шай ішуге, маринадталған қиярды немесе аздап ашытылған қырыққабатты жеуге болады. Ауыр улану жағдайында дәрігерді шақыру керек.

    ІІІ. АҚШ, Германия, Чехословакия, Ресей ғалымдары нитраттар мен нитриттердің адамда метгемоглобинемия, асқазан обырын туғызатынын, жүйке және жүрек-тамыр жүйесіне, эмбриондардың дамуына кері әсерін тигізетінін анықтады. Метемоглобинемия – қандағы гемоглобиннің оттегін тасымалдай алмайтын метгемоглобинге ауысуынан туындайтын оттегі ашығуы (гипоксия). Метемоглобин нитриттер қанға түскенде түзіледі.

    Қандағы метгемоглобиннің мөлшері шамамен 15% болса, летаргия және ұйқышылдық пайда болады, мазмұны 50% -дан жоғары болса, тұншығудан өлім болады. Ауру ентігу, тахикардия, ауыр жағдайларда цианозбен сипатталады - сананың жоғалуы, конвульсия.

    Ересек адам үшін нитраттардың өлімге әкелетін дозасы 8-ден 14 г-ға дейін, улану 1-ден 4 г-ға дейін нитраттарды қабылдағанда пайда болады.

    Өмірді бағала!

    8.


    Құралдың аталуы ( 1 ұпай)

    1 2

    Қай суреттегі қарбызды таңдайсын? ( 1 ұпай)

    9. Нитраттар, нитриттер, тамақтағы нитраттардың мөлшері, улану, нитратомер соэкс, көкөністер мен жеміс-жідектерді жуу және қабығын тазалау, пісіру- деген сөздерді, сөз тіркестерді қолданып әңгіме құрастыр.
    Топ мүшесіне баға қою кестесі

    Оқушы

    Топтағы жұмыс көлемі

    Сыныптастардан бонус


    Мұғалімнің бағасы

    Қорытыңды баға


    ...

    ...

    ...

    ...

    ...

    ...

    ...

    ...

    ...

    ...

    ...

    ...

    ...

    ...

    ...

    ...

    ...

    ...

    ...

    ...

    ...

    ...

    ...

    ...

    ...

    ...

    ...

    ...

    ...

    ...



    25 ұпай, 100% -5

    17- 20 ұпай, 70-80% -4

    14- 16ұпай, 56-64% -3

    12-13ұпай, 50% -2

    ≥11 ұпай, ≥44% -1


     




    написать администратору сайта