Главная страница
Навигация по странице:

  • 9.1 Автомобиль трансмиссиясы

  • 9.3 Беріліс қорабы

  • 9.4 Карданды беріліс

  • 9.5 Басты беріліс және жетекші белдік

  • 9-тақырып Автомобиль трансмиссиясы мен жүріс бөлігі. 9таырып Автомобиль трансмиссиясы мен жріс блігі Дрісті жоспары Автомобиль трансмиссиясы Ілініс Беріліс орабы Карданды беріліс Басты беріліс жне жетекші белдік. Дрісті ысаша мазмны 1 Автомобиль трансмиссиясы


    Скачать 170.19 Kb.
    Название9таырып Автомобиль трансмиссиясы мен жріс блігі Дрісті жоспары Автомобиль трансмиссиясы Ілініс Беріліс орабы Карданды беріліс Басты беріліс жне жетекші белдік. Дрісті ысаша мазмны 1 Автомобиль трансмиссиясы
    Дата06.02.2022
    Размер170.19 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла9-тақырып Автомобиль трансмиссиясы мен жүріс бөлігі.docx
    ТипДокументы
    #352785

    9-тақырып Автомобиль трансмиссиясы мен жүріс бөлігі

     

    Дәрістің жоспары:

    9.1. Автомобиль трансмиссиясы;

    9.2. Ілініс;

    9.3. Беріліс қорабы;

    9.4. Карданды беріліс;

    9.5. Басты беріліс және жетекші белдік.

     

    Дәрістің қысқаша мазмұны

     

     

    9.1 Автомобиль трансмиссиясы

     

    Автомобильдің жетекші дөңгелектеріне мотордың айналу моментін трансмиссия жеткізеді. Ол айналу моменті мен айналыс жылдамдығын өзгертіп, жетекші дөңгелектерге таратады. Трансмиссия беріліс санын өзгертеді. Ол мотордың иіндібілігі айналу жиілігінің жетекші дөңгелектер айналу жиілігіне катынасына тең.

    Тартымдылық күші қозғалысқа кедергі күштерді - жол бетінің кедергі күші, ауаның кедергісі, биікке көтерілу кедергісі және екпін алу күші. Қозғалыста кедергі күштер өзгеріп отырады. Соған сәйкес жетекші дөңгелектерде тартымдылық күш те өзгеріп отыруы тиіс. Тартымдылың күш жетекші дөңгелектердің жолмен үйкелісімен шектеледі. Ең жогарғы тартымдылық күш автомобильдің барлық дөңгелегіне жетек барғанда жүзеге асуы мүмкін. Қатты төсеніш жолда жүру үшін автомобильге екі жетекші дөңгелек жеткілікті.

    Трансмиссия түрлері:

    - механикалық;

    - гидравликалық;

    - электрлі;

    - құрамалы.

    Трансмиссия – қозғауыштың білігінен жетекші дөңгелектерге айналдыру моментін жеткізеді және түрлендіреді.

    Трансмиссияға кіретіндер: ілініс (сцепление), беріліс қорабы, карданды беріліс, басты беріліс, дифференциал және жарты осьтер.

    Іліністер механикалық және гидравликалық болып бөлінеді. Электрлі іліністер сирек кездеседі. Механикалық ілініс бір және бірнеше дискілі болады. Беріліс қораптары сатылы, сатысыз, гидравликалық және автоматты болып белінеді.

     



     

    а, б, г - мотор автомобильдің алдында немесе; в - артында орналасқан, жетекші дөңгелектер; б – алдыңғы; в - артқы немесе г - екі білікте де орналасқан; 1 – радиатор; 2 – мотор; 3 - жетекші біліктер; 4 - дөңгелектер.

     

    9.1 – сурет– Автомобильдің моторлары мен жетекші дөңгелек білікерінің орналасуы.

     

    Дөңгелек формуласы 4x2 автомобильдер үшін жиі қолданылатын схема, моторы алдында орналасқан, артқы дөңгелектері жетекші және орталық бойлық оське негізгі трансмиссия бөлшектерін орналастырған («Волга», ГАЗ - 53, МАЗ - 5335 және басқалар).

    Схемасы 4x2 жеңіл автомобильдердің механикалық трансмиссиясы әр түрлі болады. Мысалы, артқы дөңгелегі жетекші және мотор артында ЗАЗ - 968 М «Запорожец» автомобилі (9.1 сурет, в-нұсқасы) немесе алдыңғы жетекші дөңгелек және мотор алдында автомобиль ВАЗ - 2108 секілді (9.1 сурет, б-нұсқасы). Бұндай трансмиссияда карданды беріліс қорабы мен жетекші белдік арасында болмайды. Ал жетекші дөңгелектерге беріліс жартылай осьтер арқылы емес, карданды арқылы жүргізіледі. Жетекші басқарушы дөңгелектерге жетек тең бұрыштық жылдамдықты карданды беріліс арқылы жет-кізіледі.

    «Нива» сияқты Ресей және шетел автомобильдерінде 4x4, 6x4, 6x6 схемалары қолданылады.

    Ілініс мотор мен трансмиссияны уақытша ажыратуға және оларды кайтадан қосуға арналган.

    Трансмиссия мотор мен жетекші дөңгелектер арасындағы байланыс сипатына қарай механикалық, гидрокөлемдік, электрлік және,. құрамалы (гидромеханикалық, электро-механикалық) болып бөлінеді.

     

     

    9.2 Ілініс

     

    Ілініс (сцепление) мотордан трансмиссияны аз уақытта ажыратып және оларды өзара бірқалыпты қосу қызметін атқарады.

     



     

    1 – иінді білік; 2 – тегергіш; 3 – жетектегі диск; 4 – қысатын диск; 5 – іліністің қаптамасы; 6 – қысқыш серппе; 7- иінтірек; 8 – қысқыш мойынтірек; 9 – іліністі қосқыш аша; 10 – жұмыс цилиндірі; 11 – түтік; 12 – басты цилиндр; 13 – іліністің басқышы; 14 – іліністің картері; 15 – тістрегіш; 16 – беріліс қорабының картері; 17 – беріліс қорабының білігі

     

    9.2 – сурет – Гидравикалық жетекті ілініс механизмінің сұлбасы

     

    Автомобильдердің көбінде фрикционды ілініс пайдаланылады. Мұндай іліністің жұмысы үйкеліс күшін пайдалануға негізделген. Үйкелуші беттер, негізінде, дискілер. Берілетін бұраушы моментінің шамасына жөне дискінің диаметріне байланысты үйкелісетін элементтердің саны әр түрлі болады. Сондықтан ілініс бір дискілі және екі дискілі болуы мүмкін.

     

     

    9.3 Беріліс қорабы

     

    Беріліс қорабының негізгі түрлері. Автомобильдің беріліс қорабы жетекші дөңгелектерінің тартымдылық күшін, беріліс санын, моторды трансмиссиядан ұзақ уақытқа ажыратуға және жүру бағытын өзгертуге арналған.

    Беріліс қорабы сатылы, сатысыз, механикалық, гидравликалық, электрлік, автоматты және құрама болып бөлінеді. Сатылы механикалық беріліс қорабы алға жүру сатыларының санына байланысты төрт сатылы, бес сатылы және т.с.с. болып бөлінеді.

    Беріліс саны көп болған сайын мотор қуатын жақсы пайдаланады және жанармай үнемділігі жоғары болады.

    Бұл жағдайда беріліс қорабының конструкциясы күрделенеді және берілісті оптимальды таңдау қиынға соғады. Беріліс қорабы әдетте цилиндрлі тісті дөңгелектен және механизмдерден тұрады (сурет 9.3).

     



     

    1-бірінші (жетекші) білік, 2-бірінші білік шестернясы, 3-тісті тәж, 4-берілісті ауыстырып қосқыш рычаг, 5-қақпак, 6- Ш және IV беріліс шестернялары, 7- I және II беріліс шестернялар блогы, 8-екінші (жетектегі) білік, 9-артқы жүріс шестернялар блогы, 10-картер, 11-аралық білік, 12-ұдайы ілініс шестернясы.

     

    9.3 – сурет – ГАЗ-53 автомобильінің беріліс қорабы.

     

    Сатысыз беріліс қорабын қолдану кез келген беріліс санын алуға мүмкіндік береді. Сатысыз беріліс қорабы механикалық (екпіндік, фрикционды, т.с.с), гидравликалың (гидродинамикалық, гидрокөлемдік), электрлік және құрама болып бөлінеді.

    Автомобильдерде көп тарағаны құрама гидромеханикалық беріліс қорабы, гидродинамикалық сатысыз берілістен (гидротранформотор) және оған жалғанған механикалық сатылы берілістен тұрады.

    Автоматтандырылған беріліс қорабы.Үлкен қалаларда жеңіл автомобиль жүргізушісі әр 100 км жол жүргенде 700 рет ілініс педалін басады және 600 рет берілісте ауыстырып қосады. Орта есеппен әр 30 секундта бір рет ауыстырады.

    Жүргізушінің жұмысын жеңілдетуге, құрамына гидротрансформатор, планетарлы механизмі бар, басқару жүйесіне кіретін автоматтандырылған сатылы трансмиссия көмектеседі. Бүкіл әлемдегі осындай, автоматтандырылған қораптар миллиондаған машиналарда, автомобильдерде, және тағы басқа көліктерде қолданылады.

    «Еаsуtronic» деп аталатын беріліс қорапты, жылдамдықты ауыстырып қосқыш механизмді, «Luk» және «Воsсһ» компаниялары Gеnеrаl Моtоrsпен бірігіп жасаған. Ол гидромеханикалық трансмиссиямен және қолмен ауыстырып қосатын беріліс қорабының көптеген «оңды жақтарын» біріктірді.

    Құрылғының (конструкция) негізі: бес сатылы механикалық қораптан, қосымша ауыстырып қосатын механизм, үш қадамды электромотордан тұрады. үш қадамды электромотордың екеуі жылдамдықты ауыстырып қосуды қамтамасыз етеді, үшіншісі іліністі басқарады.

    Жүргізуші қолдық немесе автоматты жұмыс режимін таңдай алады. Іліністің педалін баспайақ, қораптың рычагын алға-артқа қозғау арқылы жоғары және төменгі беріліске өтуде қолдық режим пайдаланылады. Рычаг келесі беріліске қарай қозғалысын бастай берген кезде, сезгі бұл жайлы іліністі басқаратын жүйеге «хабарландырады». Ол автоматты түрде табактарды (дискі) ажыратады және келесі сатыға ауыстырып, косудың жұлқусыз жайлы жатықтығын (плавность) қамтамасыз етеді. Мотор және сезгілердің жұмысын ЭББ компьютері басқарады, сонымен қоса өз әрекетін компьютер басқа автомобиль жүйелерімен салыстырады. Автоматты режимде компьютер жылдамдықты қарапайым гидромеханикалық берілістегідей (ГМП) өзі ауыстырып қосады.

    Бұндай автоматтандыру арқылы, бір жағынан, автоматты қораптың қолайлылығы (қозғалыстың аздығы), ал екінші жағынан, жүргізушінің өзі қолданып жүрген қораптардағыдай автомобиль қозғалысын басқара алады. Дәстүрлі АБҚ-мен (айналмалы беріліс қорабы) салыстырғанда, режимнің әрқайсысында ауыстырылып қосылу орта есеппен 300 миллисекунд уақыт ала отырып, тез әрі дәл жүзеге асады. Сонымен қоса ілініс табақшалары (диски) бір-біріне керекті уақытта нақты минимал күшпен сығылады. Берілген автоматты беріліс қорабының артықшылығы, оның автомобильдің басқа жүйелерімен электронды қатынасынан толықтай көрінеді.

    Тағы бір артықшылығы — ААБҚ-ның (автоматты айналмалы беріліс қорабы) жағдайды талдауға және қорытынды жасауға қабілеттілігінде. Сонымен жаңа қорап, тіркеме тіркегендегі немесе таулы жерде өрге қарай жүргенде автомобильге түсетін артық күшті реттейді. «Қыстық» режимді қосқанда, ол гидравликалық ААБҚ сияқты, орнынан, мотордың оптимальды тарту күшін пайдаланатын режимінде қозғалуын қамтамасыз етеді.

    Бірінші рет, автоматтандырылған қорапта, бірден аттап бірнеше жоғарғы немесе төменгі беріліске өту мүмкіндігі туады. Бүл, мысалы, басқа автомобильден басып озу үшін қажет. «Төменгі» 2-ші беріліске, үнемді бесінші берілістен тікелей ауысуға болады. «Автомобильді қою» режимінің мүмкіндігі бар немесе жүргізуші қажет деп тапса, өте ақырын қозғалуға болады. Осы жағдайда газ педалінен аяқты алған сөтте ілініс табақшалары бірден ажырайды.

    Әсіресе, ААБҢ жүйелі механикалың ңорап тәжірибесіз жүргізушілер мен әйелдерге ыңғайлы. Осы тәрізді берілісті автоматты ауыстыратын ңораптар автомобильдерде ғана емес, басңа транспорттың көліктерде де ңолданады.

     

     

    9.4 Карданды беріліс

     

    Беріліс қорабының немесе тарату жетектелуші біліктерінің белдіктердің (мостардың) басты берілісін карданды беріліс жалғайды; Беріліс қорабы (немесе тарату қорабы) рамаға, ал жетекші белдіктер (мостар) рамаға асқыштар арқылы жалғанады. Сондықтан олардың біліктерінің осьтері А жене В бір түзу сызыктың бойында жатпайды және өзгеріп тұрады (сурет 9.4).

     



     

    А және В-жетекші және жетектегі білік осьтері; 1-подшипниктер; 2-жетекші білік; 3,6-кардан шарнирлері; 4-кардан білігі; 5-жетектегі білік; 7-шлицалы жалғағыш

     

    9.4 – сурет – Екі шарнирлі карданды беріліс.

     

    Карданды беріліс бір немесе екі шарнирлі болады. Сурете екі шарнирлі карданды берілістің схемасы кел-тірілген. Жетекші (2) жөне жетекті (5) біліктердің А жөне В осьтері бір түзу сызықтың бойында жатпайды жөне автомобильдің жүріс кезінде бір-бірінен ауытқып, өзгеріп отырады. Жетекші (2) және жетекті (5) біліктер подшип-никтерге (1) орналастырылады.

    Трансмиссияны жалгагыш (7) карданды біліктің ұзаруын қамтамасыз етеді, егерде бір механизмнің екінші ме-ханизмге қарағанда өзара қашыңтығы өзгерген жағдайда, мысалы, жетекші белдіктер мен беріліс қорабының аралары.

    Осындай автомобиль (4, 9) біліктерді кардан (3) аркылы жалғастырады (сурет 9.5). Сондықтан бұл механизмнің осьтерінің өзара орналасуы автомобиль қозғалысында өзгеріп отырады. Қарданды беріліс, сондай-ақ алдыңғы жетекші, әрі басқарушы дөңгелектерге және жетекші басқарусыз дөңгелектерге тәуелсіз асқыштарға (5) орналасқан белдіктерге жалғанады.

     



     

    а – бір білікті;    б,г – екі білікті бір аралық тіреулі;    в – үш білікті таратқыш қорапты;   д – бір білікті ортаңгы белдіктің қосымша редукторымен; 1 – беріліс қорапты; 2 – кардан шарнирі;     3 – кардан білігі;     4,7,9 – соңғы, алдыңғы және ортаңғы жетекші белдіктер;     5,8 – аралық тіректер, 6 – таратқыш қорап, 10 –ортаңғы белдіктің қосымша редукторы.

     

    9.5 – сурет – Карданды берілістердің түрлері

     

     

    9.5 Басты беріліс және жетекші белдік

     

    Автомобильде жылдам жүрісті, куатты моторлар қолданылады. Олардың айналу жылдамдығын басты беріліс бірнеше есе азайтып, дөңгелектерге береді. Деңгелектердің қозғалу кажеттілігінен төмен момент болып келеді. Немесе, айналдыру моментін көбейтіп, моторларда айналу жылдамдығын азайтады, сөйтіп жетекші дөңгелекті козғау, тарту күшінің кажетті деңгейіне жеткізеді.

    Беріліс саны негізінен басты берілісте жүк көліктерінде 6,5-9,0 аралығында, ал жеңіл көліктерде 3,5 ...5,5 аралығында болады.

     



     

    а, б, в – сыңар берілісті,      г, д – қос берілісті;      е-редуктор;     1 – жетекші шестерня;    2 – жетектегі шестерня, 3,4,5,6,8,11 – шестернялар, 7 – жартылай ось, 9 – саттелит, 10 – ось.

     

    9.6 – сурет – Басты беріліс.

     

    Автомобильдің жетекші белдігі.Автомобиль құрылысы бойынша белдіктер қолданады. Жетекші белдікте картер, басты беріліс, дифференциал және дөңгелек жарты осьтері орналасады.

    Жалпы пайдаланылатын автомобильдердің алдыңғы және артқы жетекші белдігі болады. Корпусынан басқа екі белдіктің кұрылысы бірдей. Олар жетекші белдіктерден, корпустан, басты берілістен және дифференциалдан тұррады.

    Басты беріліс (сурет 9.6) бір (а) немесе (б) екі жұп шестернядан тұрады.

    Осы берілістердің басты қызметі моторлардан дөңгелектерге берілетін айналыстың беріліс санын ұлғайту және беріліс бағытын 90 градқа бұру.

    Дифференциал. Дифференциалдар осьтік және белдік аралық болып бөлінеді. Осьтік дифференциалдар бір оське орналасқан екі дөңгелек аралығына, ал белдік аралық — жетекші белдік аралығына орналастырылады.

    Автомобиль тек тіке жүрмей, жол қисығына байланысты бұрылып отырады. Ол бұрылғанда ішкі дөңгелектер кіші радиуспен, ал сыртқы дөңгелектер үлкен радиуспен бұрылып жылжиды. Немесе сыртқы дөңгелектің жылдамдығы ішкі дөңгелектерден артық болады. Олардың әр түрлі жылдамдықпен айналуына симметриялы немесе симметриясыз дифференциалдар (сурет) мүмкіндік береді.

    Дифференциалдың конусты шестернясы (4) (суретте) жетекші автомобиль дөңгелектерінің жартылай осьтерімен (5) саттелиттер (3) арқылы жалғасады. Май аз болғанда, шестернялар мен подшипниктер тозғанда не тісі сынғанда да шуыл мен тарсыл пайда болады. Дифференциал тозғанда шуыл тек бұрылыста туындайды. Егер май аз болса, үстеп құяды, сынған не тозған бөлшекті алмастырады.

     



     

    а – тіке жүрісте; б – бұрылыс кезінде; 1 – конусты үлкен шестерня; 2 – саттелит осі, 3 –саттелит; 4 – жартылай ось шестернясы; 5 – жартылай ось.

     

    9.7 – сурет – Конусты шестернялы дифференциал

     

    Бақылау сұрақтары

    1 Іліністің тағайындалуы қалай?

    2 Іліністің қандай жетектегі және жетекші бөліктері бар?

    3 Іліністің жетекші дискіден жетектегі дискіге айналу моментінің берілісі қалай жүзеге асады?

    4 Іліністі қосу және сөндіру қалай жүзеге асады?

    5 Беріліс қорабтың тағайындалуы қалай?

    6 Сатылы беріліс қорабының жұмыс істеу принципі неде?

    7 Сатылы беріліс қорабында беріліс қатынасының өзгерісі қандай түрде болады?


    написать администратору сайта