Главная страница

Силлабус одф. Силлабус ОДФ 20-21ж. Абай атындаЫ аза лтты педагогикалы университеті силлабус Оушыларды даму физиологиясы


Скачать 37.85 Kb.
НазваниеАбай атындаЫ аза лтты педагогикалы университеті силлабус Оушыларды даму физиологиясы
АнкорСиллабус одф
Дата13.10.2021
Размер37.85 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаСиллабус ОДФ 20-21ж.docx
ТипДокументы
#246541


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СИЛЛАБУС

«Оқушылардың даму физиологиясы»

(3 кредит)

(1 курс, 1, 2 семестр, 2020-2021оқу жылы)

6В01501 –Математика, 6В01502-Математика-Физика, 6В01503-Математика-Информатика, 6В01504-Физика, 6В01506-Физика-Информатика, 6В01507-Информатика, 6В015011-Информатика-Робототехника

Институт - Жаратылыстану және география

Кафедра – Биология кафедрасы

Оқытушы -Кунакбаев Амантай Сарсенович, профессор

Байланыс: (телефон, e-mai) +77015996282, a.kunakbayev@gmail.com
Бақылау формасы: тестпен емтихан тапсыру

2. Критериалды бағалау:

Үй тапсырмаларын немесе БӨЖ орындау уакыты келесі жағдайларда (мыс: ауру, төтенше жағдай, жол апаты, күтпеген жағдайлар және т.б. ) ұзартылуы мүмкін. Білім алушының сабақ кезінде тапсырмаларды орындауы және талқылауға қатысуы пәнге қойылатын жалпы баға кезінде ескеріледі. Сабақ кезіндегі құрылымдық сұрақтар, диалог және пән тапсырмалары бойынша кері байланыстар ескеріледі, ынталандырады, және оқытушы қорытынды бағаны шығарған кезде әрбір студенттің сабаққа қатысуын ескереді.

Жиынтық бағалау:

  1. Әрбір аудиториялық сабаққа төменде көрсетілген график бойынша алдын-ала дайындалуыңыз керек.

Тапсырманы дайындау тақырыпты талқылайтын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс.

2. Үй тапсырмалары пән графигінде (жоспарында) көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.

3. Үй тапсырмаларының көпшілігі жауап беруге болатын бірнеше сұрақтардан тұрады.

4. Семестр бойы Сіз оқытылатын материалды пайдаланасыз БӨЖ орындау кезінде келесі ереже сақталуы тиіс:

  • БӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс, одан кейін БӨЖ қабылданбайды.


3. Курстың академиялық презентациясы

Оқу курсының түрі: ВК/ТК

Пәннің мақсаты студенттерде қабілетті, дағды, құзіреттілікті қалыптастыру негізінде білім алушылар үшін басты морфо-физиологиялық бейімдеуді дамыту. Пәннің мақсаты: студенттерде мүшелік, жасушалық және молекулалық деңгейде физиологиялық жүйесінің құрылысы мен қызметі жөніндегі, сонымен қатар, дені сау ағзаның тіршілігіндегі және иммунды адаптациялық үрдістердің дамуындағы оқумен тәрбиежжұмысының маңызы туралы ғылыми көзқарастарды қалыптастыру.

«Оқушылардың даму физиологиясы» пәнінің негізгі міндеттері білім алушыларда ББ бағдарламасы бойынша бірқатар оқыту нәтижелерінің пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру болып табылады:

Мысалы:

- теориялық негіздерді жинақтау;

- мәліметтерді теориялық және практикалық маңыздылығы бойынша жіктеу;

- алған білімін бағалау;

- материалдың маңыздылығын түсіндіру;

- іс жүзінде шешім қабылдау.

Бағдарлама бойынша оқыған студенттер болашақ педагогтар мен тәрбиешілер

білуге тиіс: негізгі ұғымдарын; балалар мен жасқспірімдер анатомиясы мен физиологиясын,

олардың негізі ұғымдарын; балалар анатомиясы мен физиологиясының мақсаты мен міндетін;

жергілікті жердің ерекшеліктерінің негіздерін; анықтай отырып, басқа жасқа сай ерекшеліетерін

және шараларын білу;
4. Курстың академиялық саясаты:

Академиялық тәртіп ережелері:

Мысалы:

Сабаққа міндетті түрде/ қатысу, кешігуге жол бермеу. Сабаққа кешігу және болмауы 0 балмен бағаланады.

Тапсырмаларды (БӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсырмаларды орындау мерзімі бұзылған жағдайда айыппұл ретінде баллдары шегеріліп бағаланады.

Академиялық адалдық және біртұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиатқа, жалған жасауға, шпаргалкаларды пайдалануға, білімді бақылаудың барлық кезеңдерінде көшірмеуге, оқытушыны алдауға және оған құрметпен қарамауға жол бермеу.

Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail бойынша кеңес, көмек ала алады: a.kunakbayev@gmail.com)
5. Ақпараттық ресурстар:

Оқу әдебиеттері: Негізгі әдебиеттер:

1.Бейсембаева З.И. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы пәнінен тәжірибелік сабаққа арналған оқулық. –Қарағанды: ЖК «АҚНҰР баспасы», 2014. – 168 бет.

2.Ордабеков С.О., Абдрақов Б.Қ., Ахауова Г.Қ. Жас ерекшелік анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы.Оқу құралы. Қарағанды: «Ақ Нұр», 2012.-332 бет.

3.Дүйсембин Қ., Алиакбарова З., Абеуова Г. Жасқа сай физиология және валеология, Алматы, 2007. - 460 бет.

4.Балгимбеков Ш.А., Ташенова Г.К., Нуркенов Т.Т. Курс лекций по возрастной физиологии и школьной гигиене. – Алматы. – 2012. – 104 с.

5.Физиология развития ребенка. Руководство по возрастной физиологии. Под редакцией Безруких М.М., Фабер Д.А. М. //Издательский НПО «МОДЭК». – 2010. - 768 с.

6.Безруких М.М., Сонькин В.Д., Фарбер Д.А. Возрастная физиология.-М., Издательский центр «Академия», 2009.-416с.
Қосымша әдебиеттер және Интернет көздері:

1.Төленбек И.М. Адам мен жануарлар физиологиясы.(1,2-бөлім) Алматы:«Ұлағат»,2013, 416

2. Алиакбарова З.М. Мектеп гигиенасының негіздері. Методикалық нұсқау. Алматы: КазҰПУ баспасы, 2004.- 40 бет.
 https://cloud.mail.ru/stock/mgm2wS68G9Xa41B6vFA5zVpc

3.Бабашев А.М. Анализаторлардың жас ерекшеліктері. Алматы, «Дарын», 2000, - 55 б.

4.Анатомический атлас. Основы строения и физиологии человека /Под ред. А.И. Бориса. - 2010. – Харвест. – 143 с. http://www.neobook.ru

5.http://www.kanctorg.ru

6.http://www. Physiology.ru/handbooks.html

7.http://galactic.org.ua/clovo/o_rf.htm

8.http://obi.ing.ras.ru/humbio/default.htm
6. Оқу курсының тақырыбын жүзеге асыру күнтізбесі:


Апта / күні

Тақырып атауы (дәріс, практикалық сабақ, СӨЖ)


Сағат саны

Ең жоғары балл

1

Дәріс1.

Кіріспе. Онтогенез заңдылықтары.

1

1

Практикалық сабақ 1.

Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуына өмір сүру жағдайларының әсері.

1

5

2-3


Дәріс 2.

Жүйке жүйесінің дамуы. 1 бөлім.

Дәріс 3.

Жүйке жүйесінің дамуы. 2 бөлім.

2

2

Практикалық сабақ 2. Орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің функционалдық маңызы.

П.С.3. Жүйке орталықтарының құрылысы және қасиеттері.


2

10

СОӨЖ1. Кенес беру және СӨЖ қабылдау. 1.Өмір сүру жағдайларының оқушылардың өсуі мен дамуына тигізетін әсері. Физикалық даму – баланың денсаулық жағдайы мен әлеуметтік аманшылығының маңызды көрсеткіші. 2.Автономиялық жүйке жүйесінің бөлімдері мен қызметі. 3.

Бас мидың ассиметриясы және «солақайлық» мәселесі.

СӨЖ. Акселерация мен ретардация, организмнің реактивтілігі мен резистенттілігі. 2. Орталық жүйке жүйесінің әр түрлі бөлімдерінің құрылысы мен қызметі. 3. Невроздар. Олардың пайда болу себептері және алдын алу.

-

15

4

Дәріс 4. Жоғары жүйке әрекеті және оның баланың өсіп-дамуы барысында қалыптасуы. 1 бөлім.

1

1

П.С. 4. Балалардың орталық жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу үрдістері және олардың бір бірімен әрекеттесуі.

1

5

СОӨЖ 2. Кенес беру және СӨЖ қабылдау. 4.Жоғары жүйке әрекетінің типтері әртүрлі оқушылармен жұмыс істеу. Оқу-тәрбие жүмысындағы эмоцияның рөлі.

СӨЖ. 4. Бастауыш сыныптағы оқушылардың сөйлеу және ойлау кабілеттерінің дамуы.

-

5

5-6

Дәріс 5. Жоғары жүйке әрекеті және оның баланың өсіп-дамуы барысында қалыптасуы. 2 бөлім.

Дәріс 6. Сенсорлық жүйелердің дамуы.

2

2

П.С. 5. Балалардың жоғары жүйке қызметінің типологиялық ерекшеліктері.

П.С. 6. Оқушыларда көру және есту қызметтерінің бұзылуларының алдын алу.

2

10

СОӨЖ 3. Кенес беру және СӨЖ қабылдау. 5. Баяу және жылдам ұйқы, оның маңызы. Ұйқы мен сергу кезеңінің гигиенасы.6. Ұл балалар мен қыздарға жыныстық тәрбие беру.

СӨЖ.5.Жасөспірімдердің танымдық әрекетінің және мінез-құлқының нейрофизиологиялық механизмдері. 6.Тері, қимыл, иіс пен дәм сезу және вестибулярлық сенсорлық жүйелердің қызметтерінің оқушылардағы ерекшеліктері.

-

10

7

Дәріс 7.

Эндокриндік жүйенің дамуы.

1

1

П.С. 7.

Мектеп жасында ішкі секреция бездері қызметінің бұзылыстары және алдын алу.

1

5

СОӨЖ 4. Кенес беру және СӨЖ қабылдау.

7.Қан және қан айналымының жастық ерекшеліктері. 8.Қанның иммундық қасиеттері. Иммунитеттің маңызы.

СӨЖ.

7.Жасөспірімдік кезеңде ерте жыныстық қатынас жасаудың алдын алу. Витаминдер және олардың физиологиялық маңызы. Авитаминоздар. Гипо- және гипервитаминоздар. 8.Гомеостаз. Биологиялық константалар туралы түсінік.

-

10

8

Дәріс 8.

Эндокриндік жүйенің дамуы.

1

1

П.С. 8.

Жыныстық тәрбиелеудің маңызы.

1

5

Коллоквиум тапсыру: дәріс конспектілерін тексеру 5 балл, коллоквиум 7 балл)

-

12

1 Аралық бақылау

16

100

9

Дәріс 9.

Тірек-қимыл жүйесінің дамуы.

1

1

П.С. 9.

Оқушылардың қимыл белсенділігі және гиподинамияның зияны.

1

5

СОӨЖ 5. Кенес беру және СӨЖ қабылдау.

Оқушылардың дене сымбатын дұрыс қалыптастыруды тәрбиелеу.

СӨЖ.

Тірек-қимыл аппаратының бұзылуларының алдын алу.

-

6


10-11

Дәріс 10.

Қанның жастық ерекшеліктері және жүрек-қан тамырлары жүйесінің дамуы.

Дәріс 11.

Тыныс алу жүйесінің дамуы.

2

2

П.С. 10.

Мектеп жасында жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылыстары, алдын алу.

П.С. 11.

Тыныс алу ағзаларының қызметтерінің бүзылуы, себептері және алдын алу.

2

10




СОӨЖ 6. Кенес беру және СӨЖ қабылдау.10.Тұздар мен су алмасуының жас еркшеліктері. 11.Ас қорыту бездері қызметін нейрогуморальды реттелудің жас ерекшеліктері.

СӨЖ.

10.Тыныс алу ағзаларының жас ерекшеліктері. 11.Тағамдық уланулар мен олардың алдын алу.




12

12-13


Дәріс 12.

Ас қорыту жүйесінің жасқа сай анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.


Дәріс 13.

Зат пен энергия алмасуының жастық ерекшеліктері.

2

2

П.С12.

Асқорыту ағзаларының ауруларымен күресу және алдын алу.

П.С. 13.

Мектеп жасындағы балалардың тамақтануын ұйымдастыру. Балалар мен жасөспірімдерде семіздік пен қант диабетінің алдын алу.

2

10

СОӨЖ 7. Кенес беру және СӨЖ қабылдау. 12.Әртүрлі жас кезеңдеріндегі топтардың тамақтану мөлшері. 13.Балаларды оқыту мен олардың назар аудару және еске сақтау үрдістерінің физиологиялық механизмдері.

СӨЖ.

12.Ми қызметінің жетілуі мен когнитивтік қызметінің жүйелі қалыптасуы. 13. Оқушыларда зәр шығару-жыныс ағзалар ауруларының алдын алу.

-

12

14

Дәріс 14.

Сыртқа шығару жүйесі мен терінің жастық ерекшеліктері.

1

1

П.С. 14.

Оқушылардың тері жамылғылары құрылысының жас ерекшеліктері. Терінің қызметі. Терінің туындылары.

1

5

15.

Дәріс 15.

Балалардың дамуының әлеуметтік факторлары. Мектепке бейімделу.

1

1

П.С. 15.

Бейімделу механизмдерінің жас ерекшеліктері. Оқушылар арасындағы жаман әдеттердің алдын алу мен күресу.

1

5

СОӨЖ 8. Кенес беру және СӨЖ қабылдау. 14.Оқушылардың арасындағы гиподинамияның алдын алу шараларында педагогикалық қызметкерлерінің ролі. 15.Оқушылардың арасында жұқпалы аурулардың алдын алу.

-

12

Коллоквиум тапсыру: дәріс конспектілерін тексеру 5 балл, коллоквиум 11 балл)




16

2 Аралық бақылау

14

100

Барлығы

30






Преподаватель________________________________профессор Кунакбаев А.С.
Биология БББ жетекшісі ________________________PhD Майматаева А.Д.



написать администратору сайта