ТЕРМИНДЕР. Абберация
Скачать 157.27 Kb.
|
НЕКРОЗ (necrosis; necros — өлік, өлген)—ӨЛІЕТТЕНУ, тірі организмнің клеткалары мен тканьдарының өлуі. Мыс.: колликвациялық (ылғалды) Н., коагуляциялық (құрғақ) Н., қан тамырына байланысты Н., (инфаркт). НЕКРОНЕФРОЗ (necronephrosis; necros — өлген, өлік, nephros — бүйрек, osis — патологиялық күй) —әр түрлі улы заттардың, ауыр металдар тұздарының және т. б. әсерінде туындайтын бүйрек өзектері эпителиінің некрозы немесе бүйрек қан айналымының бұзылуына байланысты дамитын бүйректің жедел ағымды жетіспеушілігі. НЕОПЛАЗМА (neoplasma; neos — жаңа, plaseo — жасаймын, құрамын)— жаңа құрылым, ісік. Ісіктің бір аты. НЕФРИТ (nephritis; nephros—бүйрек, itis қабыну)—бүйректің негізінен иммунды реакциялардың қатынасуымен дамитын екіжақты қабынуы (гломерулонефритті де қараңыз). НЕФРОБЛАСТОМА (nephroblastoma; nephros — бүйрек, blastos — өскін, oma — ісік)— ұрық дәуіріндегі бүйрек қалдықтарынан өсетін қатерлі ісік, сол үшін бұл ісікті эмбриондық нефрома (Вильмс ісігі) деп те атайды. Негізінен 1—4 жастағы балаларда кездеседі. НЕФРОЗ (nephrosis; nephros — бүйрек, osis — патологиялық күй)—негізінен бүйрек өзектерінің дистрофиялық өзгерістерімен сипатталатын бір топ сырқаттар. Бұл ескі атау, қазіргі кезде оны тубулопатиялар деп атайды. Дегенмен де ғылыми әдебиетте некронефроз — яғни бүйрек өзектерінің некрозы деген ат сақталып қалған (тубулорексисті қараңыз). НЕФРОКАЛЬЦИНОЗ (nephrocalcinos; nephros — бүйрек, calcinosis— кальций тұздарының шөгіп қалуы)—БҮЙРЕКТІҢ ӘКТЕНУІ, кальций тұздарының бүйрек стромасына шөгіп қалуы. Мыс.: қалқанша без жанындағы бездердің гиперфункциясында. НЕФРОЛИТИАЗ (nephrolithiasis; nephros — бүйрек, lithos— тас, osis — патологиялық күй)—ТЫНЖЫТАС. Тастар бүйрек түбегінде, табақшаларында, несеп шығару жолдарында пайда болады. Егер несепағар тығындалып қалса, несеп бүйректе жиналып, оның түбін кеңейтіп жібереді, осы жерге инфекция түссе қабыну (пионефроз, пиелонефрит) дамиды. НЕФРОПАТИЯ (nephropathia; nephros — бүйрек, pathos — дерт, сырқат)—бүйрек сырқаттарының жалпы аты. Оған тубулопатиялар және гломерулолатиялар кіреді. НЕФРОПАТИЯ БЕРЕМЕННЫХ (nephropathia gravidorum; nephron — бүйрек, pathos — дерт, сырқат, gravidatum — жүктілік) — ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ НЕФРОПАТИЯСЫ. Оны қазіргі кезде гестоздар деп атайды. НЕФРОПТОЗ (nephroptosis; nephros — бүйрек, ptosis — төмен түсу)—бүйректің өз орнынан төмен түсуі. Әдетте бұл құбылыс бүйрек жалғамаларының әлсіздігіне байланысты бүйректің қозғалмалы болып қалуымен сипатталып, бүйректегі қан және несептің қалыпты айналысын бұзып қояды. НЕФРОСКЛЕРОЗ (nephrosclerosis; nephros — бүйрек, sclerosis — қатты)— дәнекер тканьнің бүйректе өсіп кетуі. Мыс.: гипертония сырқатында, атеросклерозда бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі нашарлауына байланысты бүйрек шумақтары дәнекер тканьмен алмаса бастайды. Бұл өзгерістерге алғашқы бүріскен бүйректер деген ат берілген. Дәнекер ткань бүйректерде бүйрек ауруларынан кейін дамыса, оны екіншілік бүріскен бүйрек деп атау қабылданған. НОДОЗНАЯ ЭРИТЕМА (erythema nodosum; nodosi — түйінді; erythema — қызару)—ТҮЙІНДІ ЭРИТЕМА — терідегі резматизмге байланысты Дамитын өзгеріс. Теріде, теріасты шелінде қатты ұстағанда ауыратын, көптеген көкшіл-қызыл түрдегі түйіндер пайда болады. Микроскопта қарағанда олардың ортасында некроз ошақтары, айналасында ревматизмдік гранулемаға тән клеткалар көрінеді. Былайша айтқанда осы түйіндер ревматизмдік гранулема болып есептеледі. НОЗОКОМИАЛЬНЫЙ (ncsocomium — аурухана) — ауруханаға қатысты. Мыс.: аурухана ішінде дамыған (нозокомиальды) сепсис, аурухана ішінде тараған инфекциялар. НОМА (noma; nome — жараның ойылып кетуі, тарауы) — ЖЕГІ, балалардың бетінің, бұтының (жұмсақ тканьдарының) ылғалды гангренасы. Бұл өзгерістер көбінесе анаэробты микробтар әсерінде дамиды. НОЗОЛОГИЯ (nosologia; nosos — ауру, сырқат; logos — ғылым) аурулардың түрлері және жіктелуі жөніндегі ғылым. Мыс.: аурулар диагнозын анықтағанда патологоанатомдар осы нозологиялық принципті есепке алады. — О — ОБТУРИРУЮЩИЙ ТРОМБ (thrombus obturatorius; trepho — қоюлату, тромбтау, obturare — тығындау) — қан тамырын тығындап тастайтын тромб. Нәтижеде қан келмей қалған ткань өледі. Мыс.: ішек артерияларын тығындаушы (обтурациялаушы) тромб оның некрозына (гангренасына) әкеп соқтырады. ОВАЛОЦИТОЗ (ovalocytosis; ovalis — сопақ, ovum — жұмыртқа, cytos — клетка, osis — патологиялық күй)—эритроциттер мембранасы құрылысының бұзылуына байланысты олардың сопақ пішінді болуымен сипатталатын тума аномалия. ОВОТЕСТИС (ovotestis; ovum — жұмыртқа, testis — ен) — екі жыныстың да тұқым элементтері бар жыныстық без. Бұл нағыз гермофродитизм белгісінің бірі. ОДОНТОГЕННЫЙ (odontos — тіс, genes — бір нәрсемен байланысты)—тіспен байланысқан одонтогенді. Мыс.: одонтогенді сепсис. ОДОНТОМА (odontoma; odontos—тіс, oma — ісік)—тістің жұмсақ тканьдарынан дамитын қатерсіз ісік. ОККЛЮЗИЯ (occlusia; occulusum — жабу)—саңылауының жабылып қалуы нәтижесінде кейбір қуысты (өзекті) ағзалардың қызметінің бұзылуы. Мыс.: өт жолдарының окклюзиясы. ОКОЛОПЛОДНЫЕ ВОДЫ (liquor amnii)—ҚАҒАНАҚ СҰЙЫҚТЬІҒЫ (СУЬІ). Ұрық айналасындағы сұйықтық. ОКОСТЕМЕНИЕ (ossificatio)— СҮЙЕКТЕНУ. Мыс.: энхондральды, периостальды суйектену. ОЛЕОГРАНУЛЕМА (oleogranuloma; oleum — май, granulum — дән. oma — ісік)- майлы заттарды (дәрілерді) денеге дарытқанда соның айналасында дамитын созылмалы қабыну ошағы (гранулема). ОЛИГОУРИЯ (olygouria; oligos — аз, кем, uron—несеп)—несеп бөлініп шығуының азаюы. Бүйрек ауруларының бір белгісі. ОМЕНТИТ (omentitis; omentum — шарбы, itis — қабыну)—шарбының қабынуы. ОНКОЦИТОМА (oncocytoma; onkos — көлем, cytos — клетка) — сілекей бездерінің шығару жолдарында ұшырайтын клеткалардан түзілген ісік. Бұл клеткалар ірі, көлемі үлкен, цитоплазмасы қызыл реңге боялған, онкоциттер деп аталады. Ісік басқа ағзаларда да кездеседі. ОПУХОЛЕВОЕ ПОЛЕ — ІСІК АЛАҢЫ (майданы), онкомор- фологияға R.Willis кіргізген ұғым. Оның ортасында қатерлі ісік ошағы, айналасына орнықты рак аймағы кейін, қалыпты тканьға өтетін дисплазия ошағы жайғасады. Осы ілім бойынша қатерлі ісіктің өсуі ісік клеткаларының пролиферациясы және оған жақын жатқан қалыпты клеткалардың трансформациясы есебінен барады. Бұны ісіктің аппозициялы өсуі деп атайды. ОПУХОЛЕВЫЙ РОСТ — ІСІКТІҢ ӨСУІ —ісік ткані көлемінің үлкеюі. Мыс.; ісік экспансивті (қараңыз), инфильтративті, аппозициялы өсе алады. Ісіктің ағза қуысына қарап өсуіне экзофитті өсу деп ағза қабырғасына өсіп кіруін эндофитті өсу деп атайды. ОРАЛЬНЫЙ (oralis; oris — ауыз)— ауыз қуысында дамитын, ауыз қуысына қатысты. Мыс.: ауыз қуысы (асқазан — ішек жолы арқылы) арқылы жұғатын инфекциялар. ОРГАНИЗАЦИЯ (organisatio; organon — құрылыс, қондырғы, ағза)—ДӘНЕКЕРТКАНЬДАНУ — кейбір патология нәтижесінде дәнекер тканьның өсіп кетуі. Мыс.: тромбтың, инфаркт ошағының дәнекертканьданулары. ОРОГОВЕНИЕ (keratosis; син: кератинизация). 1. Тканьдарда кератин және кератогилин заттарының пайда болуы. Мыс.: жалпақклеткалы карциномадағы кератинизация құбылысы. 2. ТҮЛЕУ., қалыпты жағдайда түлемейтін жерлерде (тілде, өңеште, көмейде) эпителийдің көшіп түсе бастауы, түлеуі. ОСЛОЖНЕНИЕ (complicatjo) —АСҚЫНУ, негізгі аурудың дамуына байланысты пайда болатын патологиядық құбылыстар. Мыс.: асқазан жарасының тесіліп кетуі немесе одан қан ағу. ОССИФИКАЦИЯ (ossif icatio; os — сүйек facere — жасау) — СҮИЕКТЕНУ; сүйектің регенерация нәтижесінде немесе басқа тканьдардан (дәнекер, шеміршек) метаплазия жолымен пайда болуы. ОСТЕОБЛАСТОКЛАСТОМА (osteoblastoclastoma; os — сүйек, blastos—өскін, klasis — сындыру, сүйекті бұзушы клетка)—остеобластар мен остеокластардан тұратын сүйектің қатерсіз ісігі. Синонимдері: алыпклеткалы ісік, алыпклеткалы эпулис (қараңыз). ОСТЕОГЕНЕЗ (osteogenesis; osteon — сүйек; genesis — пайда болу, даму)—сүйектің пайда болуы. Кейбір патологиялық жағдайларда сүйектер қалыпты жағдайда ұшырамайтын жерлерде пайда болады. Мыс.: жұмсақ тканьдардың арасында — гетеротопиялық О. немесе дәнекер тканьнан, шеміршектерден пайда болады — метаплазиялық О. ОСТЕОИД (osteoidum; ob — сүйек, eides — ұқсас)- ӘКТЕНБЕГЕН (ЖАС) СҮЙЕК, сүйек тканьның кальций тұздары сіңіп нағыз сүйекке айналғанға дейінгі (кезеңіндегі) түрі. ОСТЕОМАЛЯЦИЯ (osteomalatia; os — сүйек, malacos — жұмсару)—фосфор мен кальций алмасуы бұзылуына байланысты сүйектің жұмсаруы. Мыс.: рахитқа байланысты О. ОСТЕОМА (osteoma; os, osteon — сүйек, oma — ісік)— сүйек тканінің қатерсіз ісігі. ОСТЕОМИЕЛИТ (osteomyelitis; os — сүйек, myelos— сүйек майы, itis — қабыну)— сүйек майынан басталып, кейін сүйекке, оның қабығына өтетін сүйектің некрозымен және секвестр пайда болуымен сиптталатын қабынуы. ОСТЕОМИЕЛОСКЛЕРОЗ (osteomyelosclerosis; os — сүйек, myelos —сүйек майы, sclerosis — дәнекер тканьның өсіп кетуі). Миелофиброзды қараңыз. ОСТЕОПОЙКИЛИЯ (osteopoikilia; os — сүйек, poikilos — ала шұбар, әр түрлі)— сүйек архитектоникасының бұзылуы. Осы патологияда дәнекер ткань сүйектің тек кеуек бөлігінде өсіп кетеді. ОСТЕОПОРОЗ (osteoporosis; os osteon — сүйек, poros — тесік, саңылау)— КЕУЕК СҮЙЕК. Остеопорозда сүйектекі кальций мөлшері азайып, гаверс өзектері кеңіп, морт сынғыш болып қалады. Мыс.: бүйрекүсті безінің гиперфункциясына байланысты О. ОСТЕОСАРКОМА (osteosarcoma; osteon — сүйек, sarcoma — мезентиманың қатерлі ісігі) — сүйек тканінің қатерлі ісігі. ОСТЕОХОНДРИТ (osteochondritis; osteon — сүйек, chondros— шеміршек, itis — қабыну)— сүйек пен шеміршек тканьдарының бірге қабынуы. Мыс.: тума мерезге байланысты остеохондрит. ОСТЕОХОНДРОЗ (osteochondrosis; osteon—сүйек, chondr — шеміршек, osis—патологиялық күй)—сүйек пен шеміршек тканьдардың дистрофиялық өзгерістері. Мыс.: омыртқа остеохондрозы. ОТЕК (oedema — ісіну)—ІСІК, ІСІНУ, дененің қуыстарында және тканьдарда сұйықтықтың (транссудаттың) жиналуы. Ісік нәтижесінде дене қуыстары сұйықтықпен толып (асцит, анасарканы қараңыз), тканьдар мен ағзалар үлкейеді. Медицинада ісік және шемен (орысша — водянка) деген сөздер қатар қолданылады. Мыс.: іш шемені (асцит) терасты шелінің ісігі (анасарка). ОТЕЧНАЯ ЖИДКОСТЬ (transsudatum; trans — арқылы, sudare—терлеу, бөліп шығару)—ІСІК СҰЙЫҚТЬІҒЫ құрамында 2%- тен көп белок болмайтын ткань сұйықтығы. ОТИТ (otitis; otos — құлақ, itis — қабыну)—ортаңғы құлақтың қабынуы. OТОГЕННЫЙ (otogenus; otos — құлақ; genes — пайда болу, байланысты) — құлақпен байланысты. Мыс.: отогенді сепсис. — П — ПАЛАТОСХИЗ (palatoshisis; palatum — таңдай, schisis — жарық)— ЖЫРЫҚ ТАҢДАЙ, таңдай дамуының тума бұзылуы нәтижесінде пайда болған дерт. ПАНБРОНХИТ (panbronchitis; pan — барлық, bronchos — бронх, itis — қабыну)— бронхтың барлық қабаттарының қабынуы. ПАНДЕМИЯ (pandemia; pandemos — бүкілхалықтық)— ЫЛАҢ. кейбір инфекциялардың бірнеше мемлекеттерге, құрылықтарға таралып кетуі. Мыс.: гриптің, обаның пандемиясы. ПАНКАРДИТ (pancarditis; pan — барлық, cardia — жүрек, itis — қабыну)—жүректің барлық қабаттарының қабынуы. ПАНКРЕАТИТ (pancreatitis; pancreas — ұйқы безі, itis —қабыну) — ұйқы безінің қабынуы. Қабынудың негізгі себебі ұйқы безінің белоктарды ерітуші ферменттерінің белсенділігінің асып кетуі. Мыс.: трипсин, липаза ферменттерінің әсерінде осы жердегі және айналасында жайғасқан май ткані некрозға шалдығады. Осы ошақтар «стеарин дақтары» деген ат алған. Некроз құбылысы басым болғанда, бұл процесті пакреонекроз деп атайды. Панкреатиттің серозды, геморрагиялық, және іріңді түрлері бар. ПАНМИЕЛОФТИЗ (panmyelophthisis; pan — барлық, myelos — сүйек майы) phthisicus — өкпе туберкулезі нәтижесінде азып кету (чахотқа)— сүйек майынадғы қан жасаушы тканының бүтіндей жойылуы. Мыс.: қатерлі ісіктерді радий сәулесімен емдегенде осы емнің асқыну түрі есебінде дамитын П. ПАННУС (pannyc — желкен, кесінді)—созылмалы қабыну ошағындағы клеткалардың және қан тамырларының жергілікті көбеюі (пролиферациясы) нәтижесінде пайда болған дәнекер ткань. Ревматоидты артритке тән паннуста буын бетіндегі шеміршек бүтіндей жойылып, оның орнын грануляциялы (түйіршікті) ткань басады. ПАПИЛЛИТ (papillitis; papilla —ұш, бүртік; қабыну)—1) тіс арасындағы бүртіктердің (еттің) қабынуы; 2) көз нерві ұшының (дискасының) қабынуы; 3) бүйрек бүртіктерінің қабынуы. ПАПИЛЛОМА (papilloma; papilla — бүртік, oma — ісік) — көп қабатты жалпақ, эпителийдің немесе өтпелі эпителийдің бүртікті қатерсіз ісігі. ПАРАГАНГЛИОМА (paraganglioma; para — жанында, маңын- да, ganglion — түйін, oma — ісік)— хромаффинсіз параганглийлердік қатерсіз ісігі. Бұл ісіктің шығу тегі симпатикалық нерв жүйесімен байланысты. ПАРАДОНТОЗ (paradotosis; para — маңында, odontos — тіс) — ҚАНЖЕЛ дистрофиялық өзгерістер мен қабынуға байланысты тіс түбірінің жалаңаштанып қалуы. ПАРАКЕРАТОЗ (parakeratosis; para — маңында, жанында, keratos — мүйіздік зат)—эпидермис клеткаларындағы түлеу құбылысының бұзылуы. ПАРАНЕКРОЗ (paranecrosis; para — жанында, маңында, nekros — өлген, osis—патологиялық күй)—тканьдардың, клеткалардың бірте-бірте өлу құбылысы. Некроз алды өзгерістер. ПАРАПРОКТИТ (paraproktitis; para — маңында, proktos — артқы тесік, itis — қабыну)—артқы тесік (анус) пен тік ішек маңындағы шелдің қабынуы. ПАРОТИТ (parotitis; para — қасында, маңында, otos — құлақшықшыт безі, itis — қабыну)—шықшыт безінің (құлақ маңындағы бездің) қабынуы. ПАТОГНОМОНИЧНЫЙ (pathognomonicus; pathos —дерт, сырқат, gnoma — белгі, нышан) — белгілі бір ауруға өте тән нышан (белгі). Осы белгісі арқылы сол аурудың өзін мүлтіксіз анықтауға болады. Мыс.: лимфогранулематоз үшін Березовский — Штернберг клеткалары, туберкулез үшін Пирогов-Ланхганс клеткалары тән. ПАТОЛОГИЯ (pathologia; pathos —дерт, сырқат; logos —ілім, ғылым) — ДЕРТТАНУ, патологиялық құбылыстардың, аурулардың даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. Оны жалпы және жеке бөлімдерге бөліп қарайды. Сонымен қатар кез-келген қалыпты жағдайдан ауытқуды да патология деп атайды. ПАТОМОРФОЗ (pathomorphosis; pathos —дерт, сырқат, ауру; morphe — сыртқы көрініс, osis — патологиялық құбылыс)—бүл белгілі бір аурудың сыртқы және ішкі орта әсерінде қалыптасқан тұрақты және маңызды өзгерістері. Патоморфоздың табиғи және жасанды (терапиялық) түрлері бар. Мыс.: туберкулездің патоморфозы дегенде оның кейбір түрлерінің (казеозды пневмония, туберкулезді менингит) қазіргі кезеңде сирек ұшырауын, біріншілік туберкулездің кейде ересек кісілерде де кездесуін және т.б түсінеміз. ПАХИМЕНИНГИТ (pachymeningitis; pachys —қатты, meninx — ми қабықтары)—мидың қатты қабығының қабынуы. ПЕЛЛАГРА (pellagra; pelle — тері, agro — қолмалжың, тұрпайы)—«тұрпайы (дөрекі) тері»—никотин қышқылының және В тобы витаминдерінің жетіспеушілігінен туындайтын науқас. Оның ең көрнекті белгілерінің бірі терінің гиперкерато және меланоз нәтижесінде қарайып, қатқылданып «тұрпайы» болып қалуы. ПЕНЕТРАЦИЯ (penetratio; penetrare—кіру, өту)—патологиялық процестің қуысты ағза қабырғасы арқылы басқа тканьдарға өтуі. Мыс.: асқазан жарасының ұйқы безіне немесе басқа ағзаларға өтуі. ПЕРВИЧНЫЙ АФФЕКТ (affectus prima; affectus — әсер ету, ояту)—АЛҒАШҚЫ АФФЕКТ (зақымдануы ошағы). Мыс.: туберкулез микобактериялары өкпеге түскенде сол жердегі алғашқы дамитын өзгерістер (казеозды пневмония ошағы). Жалпы инфекциялардың денеге алғашқы кірген жеріндегі өзгерістер. ПЕРИАППЕНДИЦИТ (periappendjcitis; peri — маңында, айналасында, қасында; appendix — құрт тәрізді өсінді, itis — қабыну) — қабынудың аппендикс айналасындағы тканьға өтуі. ПЕРИОСТИТ (periostitis; peri — айналасында, os — сүйек, itis —қабыну)—сүйектің сыртқы қабығының қабынуы. ПЕРИТОНИТ (peritonitis; peri — айналасында, teino — қоршап алу (іш пердесі), itis —қабыну)—іш пердесінің қабынуы. Мыс.: серозды П., іріңді П., жергілікті П., таралған П. ПЕРСИСТЕНЦИЯ (persistentia; per — sistere — созылу, табандылық білдіру) — әуелгі күйдің созылуы, ұзақ сақталуы. Мыс.: персистенциялы (созылған) гепатит немесе организмде вирустардың персистенциясы (ұзақ сақталуы). ПЕРФОРАЦИЯ (perforatio; per — forare — тесу)—ТЕСІЛІП КЕТУ; қуысты ағза қабырғасының ауруға байланысты немесе зорлық-зомбылық нәтижесінде тесіліп (жыртылып) кетуі. Мыс.: ішке пышақ ұрғанда ішектің тесіліп кетуі. Жара ауруында асқазан қабырғасының тесіліп.кетуі. ПЕТЕХИИ (ЭКХИМОЗЫ) (petechia; peticula — кішкентай дақ)—Қанды дақтар; терідегі майда қан құйылу ошақтары (геморрагияны қараңыз). ПЕТРИФИКАЦИЯ (petrificatio; petro — жартас,-facere — істеу, жасау)—ӘКТЕНУ, кальций тұздарының тканьға шөгіп қалуы. ПИГМЕНТАЦИЯ (pigmentatio)—ПИГМЕНТТЕНУ, эндогенді (меланин, гемосидерин) немесе экзогенді (темекі түтінінің құрамындағы) пигменттердің тканьдарға шөгіп (сіңіп) қалуы. ПИЕЛИТ (pyelitis; pyelos — астау, бүйрек түбегі, itis — қабыну) — бүйрек түбегінің қабынуы. П. жеке түрде сирек кездеседі. Әдетте ол пиелонефрит түрінде көрінеді. ПИЕЛОНЕФРИТ (pyelonephritis; pyelos — бүйрек түбегі, nephros — бүйрек, itis —қабыну)—бүйрек түбегінің және оның аралық тканінің қосыла қабынуы. ПИЕЛОЦИСТИТ (pyelocystitis; pyelos—бүйрек түбегі, kystos — қуық, itis — қабыну) — қуық пен бүйрек түбегінің қосыла қабынуы. Инфекция әдетте қуықтан басталып бүйрек түбіне өтеді. ПИЛОФЛЕБИТ (pylephlebitis; pyle — қақпа, phlobos — вена, itis — қабыну) —қақпа венасы қабырғасының қабынуы. Мыс.: аппендицитте қабыну вена жүйесі арқылы қақпа венасына өтуі мүмкін, осыған байланысты бауырда пилофлебиттік абсцестер пайда болады. ПИЕЛОЭКТАЗИЯ (pyeleoectasia; pyelos — бүирек түбегі, ektasis—кеңею)—бүйрек түбегінің кеңейіп кетуі. П. негізінен бүйректасы сырқатында кездеседі. |