ТЕРМИНДЕР. Абберация
Скачать 157.27 Kb.
|
Мыс.: тілдің лимфангиомасындағы М. МАКРОМАСТИЯ (macromastia; makros — үлкен, ұзын, mastos — емшек) — сүт бездерінің (емшектердің) эндокринді бұзылулар салдарынан ұлғаюы (Гинекомастияны да қараңыз). МАКРОСКОПИЯ (macroscopia; makros — үлкен, skopeo — қаpay, бақылау) — биологнялық объектілерді ешбір аспапсыз, жай көзбен қарап үйрену әдісі. Мыс.: мүрдені ашып көргенде осы әдіс қолданылады. МАКРОФАГ (macrophagus; makros — үлкен, phagein—обу, жеу, жалмау) — сүйек майында түзілген бөгде заттарды өзіне обып алу қасиеттеріне ие клеткалар. Макрофагтар осы заттарды ыдырататын фермонттерге бай. Макрофагтар бауырда, көкбауырда, лимфа түйіндерінде көп (Фагоцитозды да қараңыз). МАКРОХЕЙЛИЯ (macrocheilia; makros — үлкен, ұзын, сһеіlos — ерін) — еріндердің әр түрлі патология салдарынан ұлғаюы, Мыс.: лимфангиомаға байланысты еріннің үлкеюі. МАЛАБСОРБЦИЙ СИНДРОМ (malabsorbium syndrom; malos — жаман, absorbion — сорылу) — МАЛАБСОРБЦИЯ СИНДРОМЫ, қоректік заттардың ішектен сорылуының бұзылуы, Бұл синдром, негізінен балаларда ұшырап, іш өтумен, көтеремдікке дейін жететін гипотрофиямен сипатталады. МАЛИГНИЗАЦИЯ (maiignisatio; malus — жаман, ашулы, gignere — туындату) —қатерсіз ісіктің қатерлі ісікке айналуы. Мыс.: папилломаның ракқа айналуы. МАЛЯЦИЯ (malatio;. malakos — жұмсақ)—ЖҰМСАУ. Мыс. инфарктен кейін жүрек етінің жұмсап қалуы — кардиомаляция. МАСТИТ (mastitis, mastos — кеуде, көкірек, itis — қабыну) — сүт безінің (емшектің) қабынуы. Мыс.: жедел ағымды М., МАСТОИДИТ (mastoiditis; processus mastoideus) емізікше өсік — іріңді қабынудың ортаңғы құлақтан сүйек ұяларына өтуі. Іріңді қабыну осы жерден ми қабықтарына өтуі мүмкін, МАСТОПАТИЯ (mastopathia; mastos — кеуде, көкірек, pathos— дерт, сырқат)—сүт бездерінің гормондар алмасуының бұзылуына байланысты дамитын гиперплазиясы мен дисплазиясының жалпы аты. Мыс.: кисталы М., фиброзды М. МАЦЕРАЦИЯ (maceratio; maceratus— жібіту, сулау, жиду) — СЫДЫРЫЛУ, сұйық заттың ұзақ әсері нәтижесінде тканьнің жібуі, жұмсарып қалуы. Мыс.: ана жатырында өлген ұрық терісінің ұрық айналасындағы су әсерінде сыдырылып түсуі — мацерациясы. МЕГАКОЛОН (megacolon; megal — үлкен, colon — тоқ ішек) — тоқ ішектің тума немесе туылғаннан соң ұлғаюы. Мыс.:, Гиршпрунг сырқаты. МЕГАЛОСИГМА (megalosigma; megal — үлкен; sugma — сигма тәрізді ішек)—сигма тәрізді ішектің үлкеюі. МЕГАЛОУРЕТЕР (megaloureter; megal—үлкен, ureter — несепағар)—несепағардың тума немесе туылғаннан соң ұлғаюы. МЕДИАСТИНИТ (mediastinitis; mediastinum — көкірек аралығы)—көкірек аралығы шелінің қабынуы. Мыс.: скарлатинада немесе операциядан кейін дамитын М. MEДУЛЛОБЛАСТОМА (medulla — жұмсақ, орталық; blastos — өскін; oma — ісік—мишықтың орта бөлігінен өсетін негізінен жас балаларда кездесетін жетілмеген нейроэктодермалы ісік. МЕЗАДЕНИТ (mesadenitis; mesos — ортаңғы, aden — без, itis — қабыну)—шажырқай лимфа бездерінің қабынуы. МЕЗАОРТИТ (mesaortitis; mesos — ортаңғы, aortae — қолқа itis —қабыну) — қолқаның орта қабатының қабынуы. Мыс.: мерездік М. қолқаның орта қабатының ошақты некрозымен, осы жердегі коллаген, эластик талшықтарының ыдырауымен және плазмалы, лимфоидты клеткалардан тұратын сіңбелердің пайда болуымен сипатталады. МЕЗОТЕЛИОМА (mesothelioma; mesothelium — серозды перделерді қаптайтын бір қабатты жалпақ эпителий клеткалары, oma — ісік)—мезотелий клеткаларынан дамитын жайылған немесе түйінді ісік. Серозды қабықтардан өседі. МЕЗОТИМПАНИТ (mesotympanit; mesos — ортаңғы tympanum— барабанды қуыс, itis — қабыну)—ортаңғы құлақтың қабынуы. МЕЛАНОДЕРМИЯ (melanodermia; melas — қара, derma — тері)— терінің қара-қошқылдануы (пигменттенуінің күшеюі). Мыс.; Адиссон ауруындағы терінің қара қошқылдануы. МЕЛАНОЗ -(melanosis; melas — қара, osis — патологиялық хал)— меланин пигментінің ағзаларда немесе тканьдарда ошақты немесе жайылмалы түрде жиналып қалуы. Мыс.: ішек меланозы. Лигментті невус тума меланозға жатады. МЕЛАНОМА (melanoma; melas — қара, oma — ісік) меланин түзуші жүйенің қатерлі ісігі. МЕЛЕНА (melaena; melas — қара)—нәжістің қан ағуға байланысты қара жабысқақ масса түрінде бөлініп шығуы, қараюы. Бұл асқазан-ішек жүйесінен қан ағудың белгісі. МЕНИНГИТ (meningitis; meninx — ми қабьіғы, itis—қабыну) — ми қабықтарының қабынуы, осы термин мидың жұқа қабықтарының қабынуы (лептоменингит) мен қатты қабығының қабынуын (пахименингит V) бірге атау үшін қолданылады. МЕНИНГОКОККЕМИЯ (meningococcaemia; менингококк+һаеma — қан)—менингококты инфекцияның өте ауыр, геморрагиялық синдром түрінде өтетін, клиникалық түрі. МЕНИНГОЦЕЛЕ (meningocele; meninx — ми қабығы, kele — ісік,-жарық)—тума кемістіктер қатарына жатып, бас сүйегінің арасынан ми қабықтарының бұлтиып шығып тұруымен сипатталады. МЕНИНГОЭНЦЕФАЛОМИЕЛИТ (meningoencephalomyelitis; menininx)—ми қабығы, enkephalon — ми, myelos — жұлын, ilis —- қабыну)— бас мидың, жұлынның және олардың қабықтарының қабынуы. МЕНИНГОЭНЦЕФАЛОЦЕЛЕ (meninx—ми қабығы, enzephalon — ми, kele — ісік)—бас сүйектерінің дефектінен ми қабықтарымен бірге мидың кейбір бөлігінің бұлтиып шығып тұруы. МЕТАПЛАЗИЯ (metaplasia; metaplasso — айналдыру, өзерту) — АЙНАЛУ, бір түрдегі тканьнің екінші өзіне жақын тканьға өтуі, Мыс.: дәнекер тканьнің сүйек тканіне айналуы, призмалы эпителийдің көпқабатты жалпақ эпителийге айналуы. МЕТАСТАЗ (metastasis; meta— орын алмасу, statis — тұруы, қалып)—КӨШІНДІ, ауру туғызушы себептің — ісік клеткаларының, микробтардың, қан немесе лимфа арқылы көшіп барып, басқа жерде жаңа патологиялық ошақ түзуі. Мыс.: ісік көшіндісі. МЕТАХРОМАЗИЯ (metachromasia; meta — өзгеріс, chroma — түр, өң, рең)—негізгі бояу түсінің өзгеруі. Мыс.: мукоидты ісіну ошағын анықтау үшін тканьды толудин көгімен бояғанда сол жер көк түске емес көкшіл-қызғылт түске боялады. МЕТРОРРАГИЯ (metrorhagia; metra — жатыр rhagos — жыртылу, жарылу) — жатырдан қан ағу. МИГРАЦИЯ (migratio — көшу) КӨШІП ЖҮРУ. Мыс.: бөгде заттардың қан немесе лимфа арқылы көшіп жүруі. МИЕЛИТ (myelitis; myelos — жұлын, қабыну)—жұлынның қабынуы. Жұлынның сұр затының қабынуын полиомиелит деп атайды. МИЕЛОЛЕИКОЗ (myeloleucosis; myelos — сүйек майы, leucos — ақ, osis — патологиялық қалып)—сүйек майындағы миелоидты тканьның көбейіп өсіп кетуімен сипатталатын ісік. Мыс.: созылмалы М.-да көкбауыр, бауыр, лимфа түйіндері, бүйрек ісіктік миелоидты клеткалардың сіңіп қалуы нәтижесінде өте үлкейіп кетеді. Қандағы түйіршікті лейкоциттердің саны бір миллионға дейін жетеді. МИЕЛОЙДНАЯ ТКАНЬ (myelos — сүйек майы)—миелоидты ткань, сүйек майының эритроциттер, түйіршікті лейкоциттер, В — лимфоциттер және қан пластинкалары пайда болатын бөлігі. МИЕЛОМНАЯ БОЛЕЗНЬ — МИЕЛОМДЫ СЫРҚАТ, лейкоздардың бір түрі, ісік, негізінен сүйек майында өсіп сүйек тканінің зақымдануымен, сүйектердің өз-өзінен сынуымен сипатталады. МИЕЛОМНЫЕ КЛЕТКИ (cellula myeloma; myelos —сүйек кемігі, oma — ісік) — миеломды клеткалар, сүйек майында түзілетін плазмалы клеткалар тобына жататын ісік клеткалары. Олар иммуноглобулиндер және оның фрагменттерін бөліп шығара алады. Осы клеткалар миелома ісігінің негізін құрады. МИЕЛОФИБРОЗ (myelofibrosis; myelos — сүйек майы, fibro — талшық osis — патологиялық хал)—созылмалы миелолейкозға жақын ісік, бұл ісіктің ерекшелігі миелоиды лейкоз белгілерімен қатар сүйек майының дәнекер тканімен алмасу (остеосклероз) белгілері дамиды. МИЕЛОЦЕЛЕ (myelocele; myelos —сүйек майы, жұлын; kele— жарық, ісік) —- тума кемістік, жұлынның бір бөлігінің омыртқа тесіктері арқылы томпайып шығып тұруы. Жұлын әрдайым өзінің перделерімен бірге томпайып шығып тұрады, сол үшін менингомиелоцеле деген дұрыс. МИЕЛОДИСПЛАЗИЯ (myelodysplasia; myelos — жұлын, dysplasia— бұзылу, дисплазия)—жұлын дамуындағы ауытқулардың жалпы аты. МИКРОАНГИОПАТИЯ (microangiopathia; micros — кіші, майда; angiopathia — қан тамырларындағы өзгерістер)— майда қан тамырлардағы өзгерістер. Мыс.: диабеттік М. алғашқы кезде артериолалардың негізгі мембраналарының қалыңдауымен, эндотелийдің пролиферциясы және зақымдануымен, кейіншелік олардыц гиалинозы және склерозымен сипатталады. МИКРОГИРИЯ (microgyria; micros — кіші, ұсақ; gyrus —ми иірімі)—орталық нерв жүйесінің тума кемістігі — ми иірімдері санының көбейгеніне қарамастан олардың өте ұсақ болуы. МИКРОКОЛОН (microeolon; micros — кіші, ұсақ; colon — тоқ ішек)—муковисицидоз сырқатында тоңғақтың аш ішекте жиналып қалуына байланысты тоқ ішектің солып (кішірейіп) қалуы немесе тума дамымауы. МИКРОМЕЛИЯ (micromelia, micros — кіші, ұсақ; melos —дененің бір бөлігі)—қол-аяқтың қысқалығымен сипатталатын тума кемістік (Хондродистрофияны қараңыз). Бұл процесс басқа ағзалар мен жүйелердің тума кемістіктерімен бірге ұшырайды. Осы патологиямен туылған нәрестелер өмір сүре алмайды. МИКРОНЕКРОЗ (micronecrosis; micros — майда ұсақ; necros — некроз)—микроскопта қана көрінетін майда некроз ошағы. МИКРОСКОПИЯ (microscopia; micros—майда; skopeo — көру, бақылау)—микроскоп жәрдемімен (майда объектілерді) тексеру. МИКРОСФЕРИЦИТОЗ (microspherocytosis; кіші, ұсақ, sphae- ros — сфера, cytos — клетка)—эритроциттердің тұқым қуалау жолымен дамитын патологиясы. Бұл кезде эритроциттердің көлемі кішірейіп, домалақтанып (сфера) қалады. Олар көкбауыр капиллярларынан өту кезеңінде зақымданып, өз тіршілігін жояды. МИКРОТРУБОЧКИ (microtubuli; micros — майда, tubulus — түтік)—МИКРОТҮТІКТЕР, көлденеңі 21—24 нм, ұзындығы бірнеше микрометр, іші қуыс, тармақталмаған цилиндрлер. Әдетте олар 30— 40 болып топтасып жатады. Центриольдардың және кірпікшелердің құрамына кіреді. МИКРОФАГ (microphagus; micros — кіші, ұсақ; phagein — обу) — көпядролы (полинуклеарлы) лейкоциттер, бұлар негізінен микроорганизмдерді обатындығы үшіп осындай ат алған (фагоцитозды қараныз). МИКРОФАГИ (microphages; micros — майда, phagein — жалмау, обу)—МИКРОФАГТАР, оларға қанның, ядролары көппішінді клеткалары нейтрофилдер, базофилдер, эозинофилдер) кіреді. Олар негізінен қабыну ошағындағы бактерияларды обады. Өздерінің көлемі бойынша бұл клеткалар басқа фагоциттерге, мыс: макрофагтарға қарағанда кіші, сол үшін микрофагтар деп аталған. МИКРОФИЛАМЕНТЫ (microfilamenta; micros — майда, fila- mentos — жіңішке жіп)—МИКРОФИЛАМЕНТТЕР, көлденеңі 5—6 нм еттердің және басқа тканьдардың құрамына кіріп клеткалардың қысқару механизміне қатынасады. МИКРОЦЕФАЛИЯ (microcephalia; micros —кіші, ұсақ; cephal ми)—ми көлемінің кішіреюімен және массасының азаюымен сипатталатын тума кемістік. Кейде М. жатыр ішінде дамыған токсоплазмоздың морфологиялык. белгілерінің бірі болып саналады. МИКРОЦИРКУЛЯТОРНОЕ РУСЛО — МИКРОЦИРКУЛЯЦИЯ АРНАСЫ артериолалардан, капиллярлардан, венулалардан тұрады. Оның алып келуші (артериолар), зат алмасатын (капиллярлар) және алып кетуші (венулалар) бөліктерін ажыратады. МИКРОЦИРКУЛЯЦИЯ (microcirculatio, micro— кіші, майда; criculatio — айналым)—венула, қан және лимфа капиллярлары және артериолалардағы, яғни ең майда тамырлардағы сұйық заттардың (қанның, лимфаның) айналымы. МИКСИДЕМА (myxoedema; myxa —шырыш; oedema — ісік) — шырышты ісік, миксидема. Қалқанша безі қызметі өте әлсірегенде дамитын (гипотиреоз) сырқат. Теріасты шелі ісініп, іркілдеп тұрады, осы жерде шырышқа ұқсас заттар жиналады. МИКСОМА (myxoma; myxo — сілекей, oma — ісік)—мезенхиманың эмбриондық қалдықтарынан дамитын ісік. Микроскопта қарағанда базофилді боялған негізгі зат арасында өрмекші және жұлдыз тәрізді мезенхима клеткалары көрінеді. МИЛИАРНЫЙ (miliaris; milium — тары дәні)—ТАРЫ ДӘНІНІҢ ҮЛКЕНДІГІНДЕЙ. Мыс.: гематогенді туберкулезге тән миллиарлы төмпешіктер. МИОЗИТ (myositis; myos — бұлшықет, itis — қабыну)—Қаңқа бұлшықеттің қабынуы. МИОКАРДИОДИСТРОФИЯ (myocardiodystrophia; myos — бұлшықет, cardia — жүрек, dys — бұзылу, trophe — қоректену)—жүректе дамитын дистрофиялық өзгерістер. Олар көбінесе жұқпалы ауруларда, уланғанда кездеседі. МИОКАРДИТ (myocarditis; myos — бұлшықет, cardia — жүрек, itis — қабыну)—миокардтың қабынуы. Миокардиттер экссудативті және продуктивті, ошақты және жайылмалы, аралық т. б. болып бөлінеді. МИОМАЛЯЦИЯ (myomalatia; myos—бұлшықет, malacos — жұмсару)—бұлшықеттің некроз, некробиоз нәтижесінде жұмсарып қалуы. МИОФИБРОЗ (myofibrosis; myos — бұлшықет, fibro — талшық, osis — патологиялық хал)—майда ошақты кардносклероздың екінші аты. МИТОЗ (mitosis; mitos — жіп)—клетканың бөлінуі. М. ісік клеткаларында өте көп кездеседі. Патологиялық митоздар қатерлі ісіктің морфологиялық белгілерінің бірі болып есептеледі. МОНОНУКЛЕАР (mononuclearus; mono — бір, nucleus — ядро)—сүйек майында жасалатын бірядролы ірі клеткалар. Бұлар негізінен фагоцитоз процесіне қатысып, бірядролы фагоцитоздаушы жүйенің негізін қалайды. МОНОНУКЛЕАРНАЯ ФАГОЦИТИРУЮЩАЯ СИСТЕМА — БІР ЯДРОЛЫ ФАГОЦИТОЗДАУШЫ ЖҮЙЕ — бұл термин сүйек майында жасалатын макрофагтардың жалпы аты. Бұларға: еркін макрофагтар (гистиоциттер), бір жердегі макрофагтар (бауырдағы Купфер клеткалары, лимфоидты ағзалардың және сүйек майының макрофагтары, микроглия, серозды қуыстардың, өкпенің макрофагтары) кіреді. МОРФОГЕНЕЗ (morphogenesis; morhea — сыртқы көрініс, пішін; genesis — жасалу, пайда болу)—патологиялық процестер динамикасын сипаттайтын морфологиялық өзгерістер. Мыс.: атеросклероз морфогенезі дегенде, атеросклероздың дамуының әрбір кезеңін сипаттаушы морфологиялық өзгерістер жиынтығын түсінеміз. МОЧЕКАМЕННАЯ БОЛЕЗНЬ (urolithiasis; uron — несеп, lithos — тас, iasis — ауру) — ТЫНЖЫТАС, несеп жолдарында, бүйректе қатты заттардың (тастардың) пайда болуымен сипатталатын сырқат.Құрамына қарап: оксалаттар, фосфаттар, ураттар, цистинді, ксантинді т. б. тастар деп бөлінеді. МУКОВИСЦИДОЗ (mucoviscidosis; mucos — шырыш, viscidus — жабысқақ, osis — патологиялық хал) — тұқым қуалау жолымен дамитын көмірсулы дистрофия. Муковисцидозда без секретінің құрамына кіретін глюкопротеидтердің құрамы мен қасиеттері өзгеріп, олар қоюланып жабысқақ болып қалады. Осыған байланысты бездердің жолдары тығындалып, ретенциялы кисталар, склероз, ішекте түйілу (Илеусті қараңыз)пайда болады. МУКОИДНОЕ НАБУХАНИЕ (mucus — шырыш, eidos — ұқсас, түр)-МУКОИДТЫ ІСІНУ, мезенхималық белокты дистрофияның алғашқы даму кезеңі. Ол дәнекер ткань аралығына қышқыл глюкозаминогликандардың жиналып қалуымен, осыған байланысты тканьның ісінуімен сипатталады. Ісіну ошағы толуидин көгімен бояғанда қызғылт-көкшіл түске, айналасындағы ткань көк түске боялады. МУКОЦЕЛЕ (mucocele; mucus — шырыш, kele — ісік)— қалта тәрізді кеңею. Мыс.: қабынуға байланысты құрт тәрізді өсіндінің .(аппендикстің) саңылауы бітіп қалғанда оның төменгі бөлігіне шырышты заттардың жиналып қалуы. МУМИФИКАЦИЯ (mumificatio; mumija — мумия немесе mum — балауыз, facere — жасау)—өлген тканьның құрғап қатып қалуы, мумиялану. МУТАЦИЯ (mutatia — өзгеріс)—клетканың тұқым қуалаушы белгілерінің өзгеруі. Оның бірнеше түрлерін ажыратады: кариотиптің өзгеруі, хромосомалар абберациясы және гендердің мутациясы. Бұл өзгерістер негізінен радиация және канцерогеңді заттар әсерінде пайда болады. МУТИЛЯЦИЯ (mutilatio; mutilo — қысқарту, кесіп тастау) — бармақтар немесе башпайлар ұшының некроз нәтижесінде өз-өзінен үзіліп түсуі. — Н — НАЗОФАРИНГИТ (nasopharyngitis;- nasus — мұрын, pharynx — жұтқыншақ)—мұрын-жұтқыншақ шырышты қабатының қабынуы. НАНИЗМ (naismus; nanus — ергежейлі, soma — дене)—ЕРГЕЖЕЙЛІК, адам бойының өте аласа болуы. (еркектердің 130 см-ден,— әйелдердің 121 см-ден аласа болуы). Мыс.: гипофиз сырқаттарында дамитын Н қалқанша безінің гипофункциясында ұшырайтын Н. НЕВРИТ (neuritis; neuron — нерв, itis — қабыну)—нервтің қабынуы. Мыс.: дифтерияда ұшырайтын паренхиматозды неврит. НЕВРОМА (neuroma; neuron — нерв, oma—ісік) — нерв талшықтарынан немесе ганглиозды клеткалардан түзілген ісік. Соңғы ісікті ганглионеврома деп атайды. Нерв зақымданғаннан кейін регенерация процесіне байланысты дәнекер ткань және нерв талшықтарының қосыла, тәртіпсіз өсіп кетуін, ампутациялық неврома деп атайды, бірақ бұл ісік емес. НЕВУС (naevus — родимое пятно) —МЕҢ. Теріде невусқа тән клеткалардың топталып қалуымен сипатталатын тума кемістік. Мыс.: пигментті невус, оның өзі шекаралық, тері іші және аралас Н. болып бөлінеді. НЕЙРОБЛАСТОМА (neuroblastoma; neuron — нерв, blastos — өскін, oma — ісік)—дизонтогенез нәтижесінде пайда болған, жетілмеген нерв клеткаларынан тұратын қатерлі ісік. НЕЙРОИНФЕКЦИЯ — нерв жүйесінің қабынуымен сипатталатын жұкпалы аурулар. Мыс.: құтыру, вирусты энцефалит және т. б. НЕЙРОЛЕИКОЗ (neuroleukosis; neuron — нерв, leuko — ақ, osis— патологиялық күй)—орталық нерв жүйесінде лейкозға байланысты дамитын өзгерістер. Мыс: жедел ағымды лейкоздар үшін ми қабықтарында, ми тканінде лейкоздық сіңбелер пайда болуы тән. НЕЙРОФИБРОМА (neurofibroma; neuron — нерв, fibroma — дәнекер ткань ісігі) — дәнекер тканьнан және нерв талшықтарынан түзілген ісік. Организмде көптеген нейрофиброманың пайда болуымен сипатталатын жүйелі сырқатты нейрофиброматоз (Реклингаузен сырқаты) деп атайды. НЕКРОБИОЗ (necrobiosis; necros — өлген, өлік, bios —өмір) — ШАЛА ӨЛІМ, тканьдардың некроз алдында дамитын қайтьімсыз дистрофиялық өзгерістері. |