Главная страница
Навигация по странице:

  • АХЕЙЛИЯ

  • БАЗАЛЬНЫЙ

  • БАКТЕРИЕМИЯ

  • БАЛАНОПОСТИТ

  • БИЛИАРНЬІЙ

  • БЛАСТНЫЕ ФОРМЫ КЛЕТОК

  • БЛЕННОРЕЯ

  • БОЛЕЗНЬ

  • БРОНХИТ

  • БРОНХИОЛИТ

  • БУБОН

  • БУКЦИТ

  • ТЕРМИНДЕР. Абберация


    Скачать 157.27 Kb.
    НазваниеАбберация
    Дата02.09.2022
    Размер157.27 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаТЕРМИНДЕР.docx
    ТипДокументы
    #659227
    страница2 из 8
    1   2   3   4   5   6   7   8

    АУТОФАГОСОМА (autophagosama; autos- өзі, phagein — обу, soma — тән) — құрамында әр түрлі дәрежеде ыдыраған клетка органеллалары бар лизосомалар.

    АФТЫ (aphthae — ауыз қуысының жаралануы, күлбіреуі)- КҮЛБІРЕУІКТЕР, ауыз шырышты қабығында беткей некроз нәтижесінде пайда болатын сары сұр түстегі домалақ жалақтар немесе айналасы қып-қызыл кішкентай жаралар. Мыс.: мерездегі күлбіреуіктер, ол мерездің екіншілік кезеңінде дамиды.

    АХЕЙЛИЯ (acheilia; a — жоқ, cheilos — ерін) — ЕРІНСІЗДІК, бір немесе екі еріннің де жоқтығымен сипатталатын тума кемістік.

    АХОЛИЯ (acholia; a — жоқ, сһоlе — өт)-өттің ішекке түспеуі. Бұл жағдай өттасы сырқатында, өт жолдарының ісіктерінде кездеседі.

    АХРОМАМИЛОИД (achromamyloidum; a — жоқ, chroma — бояу+амилоид)-РЕҢСІЗ АМИЛОИД, амилоидтық оны анықтаушы арнайы бояулармен (мыс.: қызыл конгомен) боялмайтын түрі.

    АЦИДОФИЛИЯ (acidus — қышқыл, рһіlіа — сүйіспеншілік, бейімділік) — син, оксифилия, тканьдардың қышқыл бояулармен (эозин, қышқыл фуксин) қызыл реңге боялуы. АЭРОГЕННЫЙ (aerogenesus; aer-ауа, genesis -шығу тегі)- ауа арқылы берілетін, тыныс жолдары арқылы дамитын. Мыс.: аэрогенді (ауа арқылы берілетін) инфекциялар.
    — Б —

    БАГАССОЗ (bagassosis; bagasse — қант қамысының сыққаннан кейінгі қалдығы, күнжара) — аллергиялық альвеолиттер қатарына жататын, қант қамысы қалдықтарының шаңын (оның ішіндегі саңырауқұлақтар спораларын) жұтқанда пайда болатын сырқат. БАЗАЛЬНЫЙ (basalis; basis — тірек, негіз) — ТІРЕКТІК.

    БАЗАЛЬНАЯ МЕМБРАНА (membrana basalis) — ТІРЕКТІК МЕМБРАНА; Мыс.: эпителийдік тіректік (яғни эпителийді астынан тіреп тұратын) мембранасы.

    БАЗОФИЛИЯ (basophilia; basis — негізгі, philia — сүйіспеншілік, бейімділік) — клеткалардың, оның әр түрлі компоненттерінің негізгі бояулармен (азур, гемотоксилин) көк, реңге боялуы.

    БАКТЕРИЕМИЯ (bacteriaemia; бактерия+haima қан) — бактериялардың қанға өтуі. Көптеген жұқпалы аурулар үшін тән. Сепсистің бір белгісі.

    БАЛАНИТ (balanitis; balanos — еркек жыныс ағзасының басы, itis — қабыну) — еркек жыныс ағзасы басының қабынуы.

    БАЛАНОПОСТИТ (balanoposthitis; balanos+posthe — үрпі+itis — қабыну) — еркек жыныс ағзасы басынын, және үрпінің қабынуы.

    БЕЗОАР (bezoard) — тамақ құрамындағы қорытылмайтын заттардан түзілген асқазандағы жат дене. Олар көбінесе шаштан (три- хобезоар) немесе өсімдік талшыктарынан (фитобезоар) тұрады.

    БЕРИЛЛИОЗ (berylliosis; бериллий+os — дерт)-бериллий өнімдерінің ұлы және аллергиялық әсері нәтижесінде дамитын кәсіби сырқат. Ол өкпеде арнайы гранулемалардың пайда болуымен және пневмосклероз дамуымен сипатталады. БИЛИАРНЬІЙ (biliaris — өтке тиісті)-биллиарлы, мыс.: бауырдың биллиарлы (өтке тиісті) циррозы.

    БИОГЕОХИМИЧЕСКАЯ ПРОВИНЦИЯ — БИОГЕОХИМИЯЛЫҚ АЙМАҚ бір немесе бірнеше химиялық элементтердің топыракта, суда, өсімдіктер және жан-жануарлар организмінде көбейіп немесе азайып кетуімен сипатталатын территория. Адамдарда бұл патология эндемиялық аурулар түрінде көрінеді. Мыс.: эндемиялық жемсау, флюороз.

    БИОПСИЯ (biopsia; bios — өмір, тірі; opsis — көру) -ауру диагнозын аныктау үшін оның тканьдарын кесіп, (қырып) алып зерттеу. Осы кесіп алынған тканьді биоптат деп атайды. Операция кезінде алынған биоптатты операциялық биопсия деп атайды. Биопсияны аспирация жолымен (мыс.: асқазаннан) немесе пункция жолымен (мыс,: бауырдан) де алуға болады.

    БИФУРКАЦИЯ (bifurcatio; bis — екі рет, furca — айыр) — АЙЫРЫҚ; іші қуыс ағзалардың тең екі тармаққа бөлінуі. Мыс.: қолқа айырығы.

    БЛАСТНЫЕ ФОРМЫ КЛЕТОК (клеткалардың жас түрі; blas- tos — өскін)-Мыс.: лимфоциттердің жас (белсенді) түрлері; олар майда лимфоциттерден пайда болады, өте ірі цитоплазмасында еркін рибосомалар көп және бірнеше рет бөлініп көбейе алады; антиген әсерінде біртекті клеткалар әулетін (клонын) түзеді. Лимфондты тканьдар ісіктері негізінен осы клеткалардан тұрады.

    БЛАСТОГЕНЕЗ (blacstogenesis; blastos — өскінше, genesis — даму) — ұрықтың ұрықтанғаннан бастап 15 күнге дейінгі даму кезеңі, осы кезде жұмыртқа бөлшектеніп бластулалар түзіледі.

    БЛАСТОМА (blastoma; blastos+oma -ісік) — өте жас, жетілмеген (ұрыктық клеткалардан түзілген) қатерлі ісіктердің жалпы аты. Мыс.: гепатобластома, нейробластома. БЛАСТОПАТИЯ (blastopatia; blastos — ұрық; pathos — дерт, сырқат)- бластогенез құбылысының бұзылуы нәтижесінде дамитын сырқаттар. Бластопатиялар көбінесе ұрықтың жойылып кетуімен немесе қосарлы кемістіктердің дамуымен сипатталады. БЛЕННОРЕЯ (blennorrhoea; blerinos — шырышты зат, гһоіа — ағу) — көз шырышты қабығының іріңді қабынуы. Син.: коньюнктивит.

    БЛЕФАРИТ (blepharitis) — қабықтың қабынуы.

    БОЛЕЗНЬ (morbur) — ауру, сырқат, кесел.

    БРАХИЦЕФАЛИЯ (brachycephalia; brachys — қыска, кішкентай; kephale — бас) — кішкентай, қысқа бас. Бастық көлденеңіне қарағанда ұзынасынан үлкенірек болуы. Б. тума токсоплазмозда немесе туылу кезіндегі жарақатқа байланысты дамиды.

    БРОНХИТ (bronchitis) — бронхтардың қабынуы.

    БРОНХОАДЕНИТ (bronchoadenitis; бронх+agen- без),- қабыну)-бронх айналасындағы лимфа бездерінің қабынуы. Мыс.: туберкулездік бронхоаденит.

    БРОНХИОЛИТ (bronchiolitis)-бронхиолалардың қабынуы.

    БРОНХОЛИТИАЗ (broncholitiasis; бронхиола + lithos — тас) — бронхиолаларда қабыну экссудаттарынан, кальций шөгінділерінен түзілген қатты зат (тас).

    БРОНХОСТЕНОЗ (bronchostenosis;) бронх+stenos — тарылу)-бронх саңылауының тарылуы. Бұл жағдай қабынуға байланысты немесе бронх ішінде ісік өскенде, оған жат заттар түскенде байқалады.

    БРОНХОЦЕЛЕ (bronchocele бронх+kele — ісік, бұлтыю, жарық) — бронх ішіне секрет толып кетуіне байланысты оның қабырғасының бұлтиып шығып тұруы. Бұл құбылыс көбінесе бронх қабырғасының тума кемістігімен байланысты.

    БРОНХОЭКТАЗЫ (bronchoectasis; бронх+ectasia кеңею) — бронхтың цилиндр немесе қалта тәрізді кеңеюі. Бронхоэктаздар тума немесе жүре пайда болған түрлерге бөлінеді. Бронхоэктазиялардың екінші түрі созылмалы бронхиттермен байланысты. Бірте-бірте бронхоэкзтазиялық ауру дамиды.

    БУБОН (bubon — шат) — шат лимфа түйіндерінің қабыну нәтижесінде ісінуі (шошынуы). Мыс.: оба бубоны, туляремия бубоны.

    БУККАЛЬНЫЙ (buccalis; bucca -ұрт) — ҰРТТЫҚ, ұртқа тиісті.

    БУКЦИТ (bucsitis; bucca — ұрта; itis — қабыну) — ұрттың шырышты қабатының қабынуы. БУРСИТ (bursitis; bursa — қап; itis — қабыну) — буын қабының қабынуы.

    — В — 

    ВАГИНИТ (vaginitis; vagina — қынап; itis — қабыну) — қынаптың қабынуы. ВАКУОЛИЗАЦИЯ (vacuolisatio) — КӨПІРШІКТЕНУ, клетка цитоплазмасында, ядросында сұйықтыққа толған көпіршіктердің пайда болуы. Олардың құрамында су, гликоген немесе липидтер болады.

    ВАЛЬВУЛИТ (valvulitis; valvula — жүрек қақпағы, itis — қабыну) — жүрек қақпақшаларының қабынуы, көбінесе ревматизмге байланысты болады.

    ВАРИКОЗ (varicosis; varix – венаның шекараланған кеңеюі, osis — дерт)-вена қан тамырларының түйінделе кеңеюі.

    ВАРИКОЦЕЛЕ (varicocele; varix+kele — ісіп томпайған жер) — ұрык бауы веналарының түйінделе кеңеюі.

    ВАРИОЛОИД (variolois; variola — шешек, eides — ұқсас тәрізді)-вакцинацияланған (егілген) адамдарда ұшырайтын шешектің жеңіл түрі. Олар азғана, іріңдемейтін бөртпелердің пайда болуымен сипатталады.

    ВЕЗИКУЛА (vesicula; vesica — қап сөзінің кішірейтіп алынған түрі)-СУЛЫ БӨРТПЕ, көлденеңі 5 мм-ге дейін болған іші серозды экссудатпен толған бөртпе.

    ВЕЗИКУЛИТ (vesiculitis) — несеп қабының қабынуы.

    ВЕРРУКОЗНЫЙ (verruca — сүйел) – СҮЙЕЛДІ. Мыс.: сүйелді эндокардит.

    ВИВАРИЙ (vivarium; viv — тірі) — тәжірибе жасайтын жануарларды ұстау үшін әдейі бейімделген орын (үй).

    ВИРОПЕКСИС (viropecsis)-вирустың клетка мембранасына бекуі (жабысуы). Содан кейінгі мембранадағы өзгерістер нәтижесінде вирус клеткаға енеді.

    ВИРХОВСКИЙ МЕТАСТАЗ — асқазан рагының сол жақтағы бұғана мен көкірек бұғана емізікше бұлшықеттері арасындағы лимфа түйіндеріне метастаз беруі. Диагнозды анықтауға жәрдемдесетін клиникалық белгі.

    ВИСЦЕРАЛЬНЫЙ (visceralis; viscera — ішкі ағзалар) — ішкі ағзаларға тиісті.

    ВИТИЛИГО (vitiligo; vitius — ақау, кемістік) – АЛАПЕС тері пигменттелуі бұзылуының бір түрі, теріде пигментсіздену нәтижесінде ақ түсті, айналасында пигменттер сәл көбірек дақтар пайда болады. Олар бетте, мойында, қолда көбірек байқалады.

    ВОДЯНКА (сулы ісік) — судың тері астында және дене қуыстарында жиналып қалуы нәтижесінде дененің жалпы ісінуі (Анасарка, гидроперикард, гидроцеле, гидроцефалия сөздерін қараңыз).

    ВОСПАЛЕНИЕ (inflammatio; flamme — жалын, жану) — ҚАБЫНУ организмнің зақымдануға қарсы бағытталған қан тамырлары мен мезенхиманың, қатысуымен жүретін жергілікті. реакциясы. Ол бірінен соң бірі туындаушы альтерация, экссудация, пролиферация құбылыстарын өз ішіне алады.

    ВСКРЫТИЕ ТРУПА (autopsia; син. necropsia, secto cadaveris),- МҮРДЕНІ АШУ (ЖАРУ) — өлген адам организмінде қандай өзгерістер пайда болғанын және өлу себептерін анықтау мақсатында мүрдені жарып көру.

    ВТОРАЯ БОЛЕЗНЬ — ЕКІНШІЛІК СЫРҚАТТАР, өздерін тудырған аурулармен байланысын үзіп жеке маңызға ие болған сырқаттар. Мыс.: қарын қуысына жасалған кез келген операциядан соң дамитын ішектің жабыспалы түйіндеуі.

    ВУЛЬВИТ (vulvitis; vulva — әйелдің сыртқы жыныс ағзалары, itis — қабыну) — әйелдің сыртқы жынысы ағзаларының қабынуы, -ол әдетте қынаптың қабынуымен бірге ұшырайды.

    — Г —

    ГАЙМОРИТ (haimoritis) — жоғарғы жақ қуысының шырышты қабатының қабынуы. ГАМАРТОМА (hamartoma; hamartia — қате, кемістік, oma — ісік) — ісік тәрізді ткань аномалиясы. Ол эмбриогенез кезеңіндегі тканьдар дамуының бұзылуы нәтижесінде пайда болады. Бір текті тканьдардан тұратын гистиодты Г., кейбір ағзаға ұқсас органоидты Г. кездеседі. Олар ісікке айналғанда гамартобластомалар деп аталады.

    ГАМЕТОГЕНЕЗ (gametogenesis; gameta — ер және әйел; gene­sis- даму) -жыныс клеткаларының дамуы.

    ГАМЕТОПАТИИ (gametopathia; gameta — әйел; gametes — еркек; pathia-дерт, сырқат)-ГАМЕТОПАТИЯЛАР, әйел немесе еркек жыныс клеткаларындағы генге байланысты өзгерістер нәтижесінде немесе ұрықтанудың алғашқы кезеңінде пайда болатын бір топ тума аурулар.

    ГАМЕТЫ (жыныс клеткалары) — еркектік және әйелдік жыныс клеткалар: сперматозоид және жұмыртқа.

    ГАНГЛИОЗИДОЗЫ (gangliosidosis; ganglion — нервтік түйін)-ГАНГЛИОЗИДОЗДАР, нерв тканінде ганглиозидтардың жиналып қалуымен сипатталатын тұқым қуалаушы аурулар. Олар ферментопатияларға жатады. Мыс.: Тей-Сакс ауруы.

    ГАНГЛИОНИТ (ganglionitis) — нерв түйінінің (ганглийдің)қабынуы.

    ГАНГРЕНА (gangreana; gangraina — өрт)-ӨЛІЕТТЕНУ (ган- грена) — некроздың қоршаған ортамен байланысқан түрі. Мыс.: өкпе, ішек, тері гангренасы. Гангренаның құрғақ және дымқыл түрлерін ажыратады. Дымқыл гангренаға ұшыраған ағзадан өте жаман жағымсыз иіс сезіледі.

    ГАРГОИЛИЗМ (gargoile — беті ұсқынсыз адам) — мезенхималы көмірсулы дистрофияның іштен туған түрі болып, ауырған адамның бойы пәс, басы үлкен, беті ұсқынсыз, бауыры мен көкбауыры үлкейген, ақыл-есі кем болады.

    ГАСТРИНОМА (gastrinoma)-ұйқы безінің гастрин бөліп шығаратын аденомасы. Ол клиникада Золлингер — Эллисон синдромы (асқазанда көптеген жаралардың пайда болуы) түрінде көрінеді.

    ГАСТРОМАЛЯЦИЯ (gactromalacia; асқазан+malakia — жұмсақтық)-қабыну, қан айналуының бұзылуы немесе өліктің аутолиз нәтижесінде асқазан қабырғасының жұмсаруы. Ол кейде тесіліп кетеді.

    ГАСТРОПТОЗ (gastroptosis; асқазан+ptosis — төмен түсу) — асқазанның созылып төмен түсуі. Мыс.: қарын бұлшықеттері әлсіз болғанда немесе пилоростенозға байланысты қарын созылып төмен түседі.

    ГАСТРОЭНТЕРОКОЛИТ (gastroentherocolitis) — ішек-қарын жолының қабынуы. ГЕМАМНИОН (haemamnion; haema — қан; amnion — қағанақ)-қағанақ суына қан құйылу. ГЕМАНГИОМА (haemangioma)- қан тамырларынан өсетін қатерсіз ісік. Олар капиллярлы және кавернозды болып бөлінеді.

    ГЕМАНГИОСАРКОМА (haemangiosarcoma) -қан тамырларының қатерлі ісігі.

    ГЕМАРТРОЗ (haemartrosis; қан + arthron — буын; +osis — дерт, сырқат)-қанның буын қуысына жиналып қалуы.

    ГЕМАТИНЫ — гематиндер, гемоглобин тотыққанда түзілетін заттар. Мыс.: гемомеланин безгекте; тұз қышқылды гематин-асқазанда эрозиялар, жедел ағымды жаралар пайда болғанда кездеседі.

    ГЕМАТЕМЕЗИС (haematemesis; қан + emesis — құсық) — ҚАН ҚҰСУ.

    ГЕМАТОМА (haematoma; қан +oma — ісік) — ҚАНДЫ ІСІК, қанның айналасындағы тканьдарды ығыстыра және бұза бір жерге жиналып қалуы. Бұл жағдай көбінесе жарақатқа байланысты болады.

    ГЕМАТОСАЛЬПИНКС (haematosalpinx; қан+salpinx — жатыр түтігі) — қанның жатыр түтігіне жиналып қалуы. Мыс.: түтіктік жүктілік кезінде.

    ГЕМАТОТОРАКС (haematothorax; thorax — көкірек)-көкірек қабырғасы немесе өкпе жарақаттанғанда қанның көкірек қуысына жиналуы.

    ГЕМАТОЦЕЛЕ (haematocele; қан + kele — ісік)- қанның туылу кезіндегі жарақаттарға байланысты ен қабықшаларының арасына жиналып қалуы.

    ГЕМОБЛАСТОЗЫ (haemablastosis; қан + blastos — өскін) — ГЕМОБЛАСТОЗДАР, қан жасаушы тканьдардан өсетін қатерлі ісіктердің жалпы аты.

    ГЕМОКОАГУЛОПАТИИ (haemacoagulopathia; қан+coagulatio — қоюлану; pathia — дерт, сырқат) — ГЕМОКОАГУЛОПАТИЯЛАР, қанды ұйытушы және қан ұюына қарсы жүйелердің өзара қарымқатынасының бұзылуынан туындайтын, тромбтар пайда болуымен, сонымен бірге қан ағуымен (құйылуымен) сипатталатын сырқаттар.

    ГЕМОЛИЗ (haemolisis; қан + lisis — еру) — қанның (эритроциттердің) еріп кетуі. ГЕМОПЕРИКАРД (haemopericardium; қан + pericardium — жүрек қабы) — қанның жүрек қабына жиналып қалуы.

    ГЕМОПЕРИТОНЕУМ (haemoperitoneum; қан + peritoneo — қарын қуысы) — қанның қарын қуысына жиналып қалуы.

    ГЕМОПТИЗИС (haemopthysis; haema — қан,— түкіру) —ҚАН ТҮКІРУ; тыныс жолдарынан және өкпеден қан ағу.

    ГЕМОРРАГИЧЕСКИЙ (haemorrhagia — қанау) — ҚАНДЫ. Мыс.: қанды экссудат, геморрагиялық қабыну.

    ГЕМОРРАГИЯ (haemorrhagia; қан + rrhagia — жару, сынды- РУ) — ҚАНАУ, қанның қан тамырларының немесе жүрек бүтіндігінің бұзылуы нәтижесінде сыртқа шығуы. Қанаудың үш түрі бар: 1) жүректің немесе қан тамырларының қабырғасы жарылып кеткенде (һ. per rexin); 2) қан тамыры қабырғасы жарылып кеткенде (һ. per diabrosin); 3) диапедез нәтижесінде (һ. per diapedesin).

    ГЕМОСИДЕРОЗ (haemosiderosis; қан+sideros — темір) — тканьдарда гемосидериннің шектен тыс жиналып қалуы. Жалпы және жергілікті Г. түрлерін ажыратады. Жалпы Г. қан тамыр ішінде ыдырағанда, ал жергілікті Г. қан тамырдан тыс ыдырағанда дамиды. ГЕМОТОРАКС (haemothorax; қан + thorax — көкірек) — қанның көкірек қуысында жиналып қалуы.

    ГЕМОФИЛИЯ (haemophilia; haema — қан, philia бейімділік) — қан ұюының бұзылуымен сипатталатын тұқым қуалаушы сырқат. Сәл жарақаттан аққан қан ұйымай, ауру қансырап өліп қалуы мүмкін.

    ГЕМОФТАЛЬМ (haemophtalmus; haema — қан; opthalmos — көз)—көздің ішіне қан құйылу, ГЕМОХРОМАТОЗ (haemochromatosis; қан+chroma — түр, түс; osis — сырқат) — организмде темір алмасуынын, бұзылуымен сипатталатын тұқым қуалаушы сырқат. Бұл сырқатты темірдің ішектен сорылуы күшейіп темір көптеген ішкі ағзаларға сіңіп қалады тканьдарда гемосидеринмен бір қатарда гемофусцин, меланин пигменттері де жиналады. Осыған байланысты тері қарайып, бауырда цирроз, ұйқы безінде склероз процестері дамиды және осы ағзалардың қызметі бұзылады.

    ГЕНЕРАЛИЗАЦИЯ (generalisatio; generalis — жалпы, басты) — ТАРАЛУ, кейбір дерттің шекараланған ошақтан бүкіл денеге тарап кетуі, Мыс.: біріншілік туберкулезде туберкулез лимфа немесе қан арқылы бүкіл денеге тарап кетеді. Сол кезеңде әр түрлі ағзаларда, сүйек тканінде ми қабықтарында және т. б. жерлерде туберкулез ошақтары пайда болады. ГЕНОПАТИИ (genopathia; genos — әулет, түр; pathia — дерт, сырқат)— ГЕНОПАТИЯЛАР, патологиялық мутация әсерінде ген құрамының өзгеруіне байланысты дамитын сырқаттар. Г. тұқым қуалайтын ауруларға: ферментопатияларға, тума иммундық тапшылықтарға және т. б. соқтырады,

    ГЕНУИНЫЙ (genere, genitus — тудыру, дүниеге келтіру) — Генуинді, тума, алғашқы, өз-өзінен туындайтын. Мыс.: Г, амилоидоз, Г. нефрит.
    1   2   3   4   5   6   7   8


    написать администратору сайта