Главная страница

ТЕРМИНДЕР. Абберация


Скачать 157.27 Kb.
НазваниеАбберация
Дата02.09.2022
Размер157.27 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаТЕРМИНДЕР.docx
ТипДокументы
#659227
страница5 из 8
1   2   3   4   5   6   7   8


КАЛЛЕЗНАЯ ЯЗВА (ulcus callosum; callus — сүйел) — ҚАТТЬІ ЖАРА, шеттері көтерілген, айналасы дәнекер тканьның мол өсуі нәтижесінде қатайған созылмалы ойық жара. КАЛЬЦЕРГИЯ (calcium — кальций, ergon — жұмыс, қызмет) — тканьдардың кальций шөгіп қалуына бейімділігі (жоғары сезімталдығы), Син.: кальцифилаксия,

КАЛЬЦИФИКАЦИЯ (calcificatio; calcium — кальций, facere — істеу) ӘКТЕНУ, тканьға кальцийдің ерімейтін тұздарының шөгіп қалуы. Мыс.: дистрофиялық, метаболизмдік, метастаздық әктену.

КАНАЛИЗАЦИЯ ТРОМБА (canalisatio thrombi) — ТРОМБТЫҢ ӨЗЕКТЕНУІ, тромб ішінде эндотелиймен астарланған саңылаулардың (өзектердің) пайда болып, қан айналуының қайта жөнделуі.

КАНДИДОЗ (candidosis) — Candida тобына жататын ашытқы саңырауқұлақтар қоздыратын микоз. Оның теріні, ішкі ағзаларды зақымдайтын және таралған түрлері болады. КАНЦЕРОГЕНЕЗ (cancerogenesis; cancer — қатерлі ісік, рак; Олар шар түрінде болып ортасында түлеген эпителиймен толған шұқыршалар көрінеді.

КЕРАТОКОНЬЮНКТИВИТ (keratoconjunctivitis)—көздің мөлдір қабығы мен шырышты қабығының (коньюнктиваның) қабынуы.

КЕРАТОГИАЛИН (keratohyalin; keratos — мүйіздік зат; hylas — мөлдір, ақшыл)—түлеуші эпителийге тән белок, кератиннің ізашары.

КЕРАТОМАЛЯЦИЯ (keratomalatio; keratos — мүйіз, malakia — жұмсару), көздің мөлдір қабығының жұмсаруы (некрозы). Мыс: А витамині жетіспегендегі К.

КЕФАЛОГЕМАТОМА (kephale — бас, һаеmа — қан, oma — ісік), жаңа туылған баланың бас сүйегі мен сүйекүсті пердесінің арасына қан құйылуы нәтижесінде пайда болған ісік. Бұл жағдай баланың туылу кезінде жарақат алуына байланысты болады.

КИМАТОГЕНЕЗ (kymatognesis; kyema —ұрық, genesis — даму) — организмнің ұрықтанғаннан бастап туылғанға дейінгі даму кезеңі.

КИМАТОПАТИЯ (kymatopathia; kyema — ұрық, pathos — дерт, сырқат) — киматогенездің бұзылуы нәтижесінде туындайтын тума кемістіктер мен сырқаттар.

КИСТА (cysta; kystis — қуыс, қуық) — кейбір ағзаларда әр түрлі дертке байланысты пайда болған, қабырғасы дәнекер тканьнан тұратын, ішкі қабаты эпителиймен немесе эндотелиймен астарланған қуыс. Мыс.: бронх кистасы, тіс кистасы.

КИСТОМА ЯИЧНИКА (cystoma ovarii; kystis — қуық, қап, қуыс) — АНАЛЬІҚ БЕЗ КИСТОМАСЫ, қазіргі аты ЦИСТАДЕНОМА. Цистаденоманың серозды және муцинозды түрлерін ажыратады.

КИФОЗ (kurhosis — омыртқа бағанасының қисаюы)—ҚҰНЫС омыртқа бағанасының сыртқа қарай қисайып дөңестеніп тұруы. Көбінесе бұл жағдай туберкулездік спондилитпен байланысты.

КОАГУЛЯЦИЯ (coagulatio — ұю, қоюлану) — коллоидты ерітінділердің золь немесе гель халіне өтуі. Мыс.: қанның ұюы, тканьдағы коагуляциялық некроз.

КОАРКТАЦИЯ АОРТЫ (coarctatio — тарылу)—қолқаның тума тарылуы (коарктациясы). КОКСИТ (coxitis; coxa—сан) — сан-жамбас буынының қабынуы. Мыс.: туберкулездік коксит.

КОЛЛАПС (collapsus; collabor — құлау), 1) коллапс — қанның шеттік қан тамырларға жедел өтіп кетуі нәтижесінде ми қансызданып, адамның есінен танып қалуы, талықсуы; 2) өкпе коллапсы — өкпенің бір бөлігінің немесе бір өкпенің бүтіндей солып қалуы.

КОЛИТ (colitis; colon — тоқ ішек, itis — қабыну) — тоқ ішектің қабынуы.

КОЛЛИКВАЦИЯ (collicvatio — бірге, lisis — еріту) — патология салдарынан өзгерген тканьның еріп кетуі, ыдырауы, өлуі. Мыс.: колликвациялық некроз. Бұл құбылыс гидролиздеуші ферменттер әсерінде дамиды.

КОЛЬПИТ (colpitis; kolpos — қынап) — қынаптық қабынуы.

КОМПЕНСАЦИЯ (compensatio; compensare — қалпына келтіру) — қалпына келтіру, орнын толтыру, өмір сүрудің жаңа жағдайына бейімделу мақсатында ағза қызметінің уақытша тұрақтануы.

КАНДИЛОМА (condyloma; kondylos — түйін, бүршік; oma — ісік), көпқабатты эпителийдің және оның астындағы стромасынын бүршіктеніп өсіп кетуі. Сыртқы көрінісі бойынша үшкір және жалпақ деп кондиломаны екіге ажыратады. Бұл өзгерістер көбінесе тері мен шырышты қабық шекарасында дамиды.

KOHKPEMEHT (concrementum; con-crescere — бірлесу, син.: тас)—TAC, дене қуыстарында немесе тканьдарда тұздардың шөгіп қалуы нәтижесінде пайда болған қатты заттар. Мыс.: әкті тастар, өт тастары, ураттар, оксалаттар және т. б.

КОПРОСТАЗ (coprostasis; conros — нәжіс; stasis — іркілу) — ІШ ҚАТПА, нәжістің тоқ ішекте қатып қалуы.

КОРОНАРИТ (coronaritis; corona — тәж) — жүректің тәж (өзіндік) артерияларының қабынуы. Мыс.: ревматизмдік К-, мерездік К.

КОРРОЗИВНЫЙ (corrosus — ойып жіберу) — шырышты қабықтың химиялық заттардың әсерінде ойылып кетуі, некрозы. Мыс.; коррозиялық гастрит.

КОРТИКОСТЕРОМА (corticosteroma; cortix — қыртысты қабық; steroida — стероидты гормондар, oma — ісік) — бүйрекүсті безінің қыртысты қабығынан өсіп шығатын кортикостерон гормондарын бөліп шығарушы ісік.

КОСТНАЯ МОЗОЛЬ (callus; callosus — қалыңдаған) — СҮЙЕК ШОРЫ, сүйек сынықтарының бір-біріне қосылған жерінде регенерация нәтижесінде пайда болған өзгерістер.

КРАНИОПАГУС (craniopagus; kranion— бас сүйегі, pagere — түйреу, тығу), бас сүйегі аймағында бір-біріне жабысқан егіздер, тума кемістік.

КРАНИОРАХИСХИЗ (craniorhachischisis; cranim — бас сүйегі, rhachis — омыртқа, schisis — жарылу) — омыртқа бағанасының және бас сүйегінің артқы бөліктерінің бітпеуімен (ашық қалуымен) сипатталатын тума кемістік.

КРАНИОТАБЕС (craniotabes; kranion — бас сүйегі, tabes — жұмсару) — бас сүйегінің рахитка байланысты жұмсаруы. К. рахиттың алғашқы белгілерінің бірі.

КРАУРОЗ (craurosis; krauros — құрғақ, жұқа) —қасаға терісінің немесе үрпінің дистрофиялық өзгерістер нәтижесінде атрофияланып, жұқарып, тырысып қалуы.

КРИПТ-АБСЦЕССЫ (crypt-absesus; crypta — шұңқыр) — КРИПТА АБСЦЕСІ, тоқ ішектің шырышты қабығының крипталарындағы созылмалы колитке байланысты пайда болған, ошақты іріңді қабыну.

КРИПТОГЕННЫЙ (cryptogenes; kryptos — жасырын, құпия; genesis шығу тегі)— ЖАСЫРЫН, криптогенді, табиғаты белгісіз, шығу тегі құпия. Мыс: криптогенді сепсис, яғни қай жерден басталғаны белгісіз сепсис.

КРИПТОРХИЗМ (cryptorchismus; krypte — шұңқыр, orchis — ен, ismus — дертті күй— еннің құрсақ қуысында кідіріп қалуы. Бұл біржақты немесе екіжакты болуы мүмкін. КРОВОПОДТЕКИ (ecchimosis; ex -дан, -ден chymos — сөл, osis — патологиялық құбылыс)—ҚАНТАЛАУ, қаннын тері, серозды және шырышты қабаттар астында жайыла жиналып қалуы.

КРОВОХАРКАНЬЕ (haemoptoe; haema —қан, ptyo — түкіру) — ҚАН ТҮКІРУ, өкпеден қан кеткенде немесе басқа себептерге байланысты қан түкіру.

КРУП (croup — қырылдау)—БУЛЫҒУ, көмейдің фибринді қабынуына байланысты дамитын клиникалық симптом. Ол көмейдің тарылу (стеноз) белгілерімен және «үре», жөтелуімен сипатталады. Егер осы белгілер фибринді қабықтың көшіп түсіп тыныс жолдарырының тығындалып қалуымен байланысты болса, оны нағыз булығу деп, ал көмей шырышты қабатының ісінуі нәтижесінде дамыса жалған булығу деп атайды. КРУПОЗНОЕ ВОСПАЛЕНИЕ (шотландша croup — құстардың тіліндегі жұқа қабық) — КРУПОЗДЫ ҚАБЫНУ, фибринозды қабынудың бір түрі. Бұл жерде фибринді перде астындағы серозды немесе шырышты қабықтармен әлсіз байланысқан болып оңай көшіп түседі.

КСАНТОМАТОЗ (xantomatosis; xanthos — сары, osis — патологиялық күй), холестериннің тканьдарға жиналу құбылысы. Мыс.: атеросклерозда қолқада холестерин жиналып қалған жер сары реңде көрінеді — қолқа ксантоматозы.

КСАНТОМНЫЕ КЛЕТКИ — (xanthos — сары) — КСАНТОМДЫ КЛЕТКАЛАР, липидтерге бай ағзалар некрозына байланысты пайда болған цитоплазмасы липидтермен толған ірі макрофаг, гистиоцит клеткалары. Мыс.: мидың ишемиялық инфарктында, некроз ошағының айналасында осы клеткалар көптеп көрінеді. Олар некроз ошағын тазалауға тікелей қатынасады. Бұл клеткаларды судан бояуларымен анықтауға болады. КСЕРОДЕРМА (xeroderma; xeros — құрғак,— тері) — ҚҰРҒАҚ ТЕРІ (К.) мүйізді дистрофия нәтижесінде дамитын өзгеріс.

КСЕРОФТАЛЬМИЯ (xerophthalmia; xeros — құрғақ, ophthalmos — көз) — ҚҰРҒАҚ КӨЗ (К.), коньюнктиваның немесе көздің мөлдір қабығының (А витамині жетіспеушілігі және басқа да сырқаттар салдарынан) дистрофиялық өзгерістерге ұшырауы нәтижесінде пайда болатын күңгірт, ақ реңді дақтар.
— Л —

ЛАПАРОЦЕНТЕЗ (laparocentesis; laparo — қарын, құрсақ, keutesis — тесу) — құрсақ қуысында жиналған патологиялық сұйықтықты алу үшін оның қабырғасын жуан инемен тесу. Мыс.: бауыр циррозында пайда болған асциттің мөлшері өте көбейіп кеткенде; оны осы әдіспен сыртқа шығарып тұрады.

ЛАРИНГИТ (laryngitis; larynx — көмей) — көмейдің шырышты қабығының қабынуы. Оның жедел ағымды және созылмалы түрлері болады. Қабынудың сипаты бойынша: катаральды, іріңді және крупозды деп бөлінеді.

ЛАРИНГОСТЕНОЗ (laryngostenosis; larynx — көмей, stenos — тарылу) — көмей қуысының спазм, қабыну нәтижесінде немесе ісікке байланысты таралуы.

ЛАТЕНТНЫЙ (latents — жасырын)—симптомсыз, белгісіз, Мыс.: аурудың жасырын түрде (белгісіз) өтуі.

ЛЕЙКЕМИЯ (leucomia; leuco —ақ; haema —қан) — қанда жетілмеген, жас лейкоциттердің көбейіп кетуі, лейкоздың бір белгісі.

ЛЕЙКОДЕРМА (leucoderma; leuco — ақ, derma — тері) — теріде ақ дақтардың пайда болуы, бұл көбінесе витилигоға (жоғарыны қараңыз) тән өзгеріс. Кейде мерезден, алапестен кейін пайда болады.

ЛЕЙКОДИАПЕДЕЗ (leucodiapedesis; leuco — ақ, бұл жерде қанның ақ түйіршіктері —лейкоциттер деген мағынада; dia — арқылы, ішінен өту; pedao — секіру) — ЛЕЙКОЦИТТЕР ДИАПЕДЕЗІ, яғни қабыну кезіндегі лейкоциттердің қан тамырларынан шығуы (эмиграциясы).

ЛЕЙКОЗЫ (leucosis; leuco — ақ, haema —қан «ақ қан») — ЛЕЙКОЗДАР, қан жасаушы жүйенің ісіктері. Бұл ісіктер ә дегеннен бүкіл организмге жайылып (тарап) кетеді, қан жасаушы ағзалардың бәрі де өзгеріске ұшырайды. Клиникалық ағымы, морфологиясы бойынша лейкоздық жедел ағымды және созылмалы түрлері бар.

ЛЕЙКОПЛАКИЯ (leucoplakia; leuco — ақ, plakos — тақта) — шырышты қабыктардағы патологиялық түлеу салдарынан пайда болған ақшыл дақтар.

ЛЕЙОМИОМА (leiomyoma; leios — тегіс, myos — бұлшықет, oma—ісік), бірыңғай салалы бұлшықет ісігі, Л.

ЛЕЙОМИОСАРКОМА (leimyosarcoma, leios — тегіс, myos — бұлшықет, sarcoma—мезенхиманың қатерлі ісігі)—бірыңғай салалы бұлшыкеттің қатерлі ісігі, саркомасы. ЛЕПРА (lepra; Іеро — түлеу, терінің қабықшықтануы) — АЛАПЕС. МАҚАУ. ЛЕПРА микобактериясы қоздыратын созылмалы инфекциялық ауру. Теріде жоғарғы тыныс жолдарында, нервтерде ішкі ағзаларда осы сырқатқа тән қабыну процестері дамиды. ЛЕПРОМА (leproma; Іеро — түлеу, oma — ісік), алапеске тән құрылымға ие болған гранулема. Алапестің лепроматозды түрінде ауру адамның бетінде түйіндер пайда болады, оны «жолбарыс беті» деп атайды.

ЛЕПТОМЕНИНГИТ (leptomeningitis; leptos —жұқа, нәзік, meninx —қабық, itis — қабыну) — мидың жұқа қабықтарының қабынуы.

ЛЕТАЛЬНОСТЬ (letalis — өлтіретін, син.: смертность) — ӨЛІМ- ЖІТІМ. 1. Белгілі бір мерзімде кейбір аурудан өлген адамдардың осы аурулардың жалпы санына арақатынасын (процентпен есептегенде) білдіруші статистикалық көрсеткіш. 2. Ауруханалық өлім-жітім дегенде ауруханада белгілі бір мерзімде өлген аурулардың осы уақытта ауруханада емделіп шыққан ауруларға арақатынасын білдіруші статистикалық көрсеткіш. Бұл ауруханадағы медициналық жәрдемнің сапасын белгілейді.

ЛЕТАЛЬНЫЙ (letalis; letus — өлім сөзінен алынған) — өлімге соқтыратын сырқаттар — ӨЛТІРЕТІН. Мыс.; рак аурулары, ауыр жарақат және т. б.

ЛИЗОСОМЫ (lysosoma; lysis — еру; soma-дене) — ЛИЗОСОМАЛАР, клетка органоидтарының бірі, сырты мембранамен қоршалған. Оның құрамында ондаған гидролиздеуші энзимдер (гидролазалар) бар. Лизосомалар фагосомалармен қосылып фаголизосомалар түзеді, осылайша клетка метаболизміне қатынасады немесе цитоплазманың бұзылған бөліктерін ыдыратады, кейде клетканы бүтіндей жояды. ЛИКВОРЕЯ (liquorrhoea; liquor — сұйықтық, rhоіа — ағу) — ми жұлын сұйықтығының ағып тұруы. Мыс.: мидың қатты қабықтары жарақаттанғанда, операциядан соң.

ЛИМФАДЕНИТ (lymphadenitis; lympha — таза, су, лимфа, aden —без, itis — қабыну) — лимфа түйіндерінің қабынуы. Мыс.: туберкулездік Л.

ЛИМФАНГИОМА (lymphangioma; lympha — лимфа, angeon— тамыр, oma — ісік) — лимфа тамырларынан дамушы қатерсіз ісік.

ЛИМФАНГИТ (lymphangitis; lympha — лимфа, angeon — тамыр, itis—қабыну) — лимфа тамырларының қабынуы.

ЛИМФАНГИЭКТАЗИИ (lymphangiectasia; lymha — таза су, лимфа; angeon — тамыр, ectasia — кеңею)—лимфа жолдарында кедергі болғанда лимфа тамырларының кеңейіп кету (Лимфостазды қараңыз).

ЛИМФЕДЕМА (lymhoedema; lympha — таза су, лимфа; oede­ma—ісік) — ЛИМФАЛЫ ІСІК, лимфа айналасының бұзылуынан туындайтын ісік. Лимфа сұйықтығы ұзақ уақыт іркіліп тканьдарға сіңіп қалғанда дәнекер ткань өсіп кетеді. Нәтижеде аяқтың теріасты шелі өте қалыңдап, «піл аяқ» деп аталатын өзгерістерге соқтырады.

ЛИМФОМА (lymphoma; lympha— таза су, лимфа, oma — ісік) — лимфоциттер жасаушы тканьдардан өсетін ісік. Мыс.: лимфообласты Л., лимфоцнтті Л., иммунообласты Л. ЛИМФОГЕННЫЙ (lymphogenes; lympha — таза су, лимфа; genos —шығу тегі) — лимфа ағымымен таралушы. Мыс.: лимфа ағымымен рак метастаздарының таралуы, лимфогенді метастаздар.

ЛИМФОМАТОЗ КОЖИ (lymphomatosis dermae; lymphoma — лимфоциттер жасаушы тканьның ісігі, osis-—патологиялық қалып) — ТЕРІ ЛИМФОМАТОЗЫ, теріде көптеген ісік сіңбелері барлығымен сипатталатын, созылмалы лимфолейкоздың ерекше бір түріне жататын патология (Сезари синдромы).

ЛИМФОРРЕЯ (lymphorrhea; lympha — таза су, лимфа; rһое — ағу немесе rrhagia — тарату, сындыру, жырту) — лимфа сұйықтығының лимфа тамырларының зақымдануы нәтижесінде ағып тұруы.

ЛИМФОСАРКОМА (lymphosarcoma; lympha —таза су, лимфа; sarcoma—қатерлі ісік) — лимфоциттер жасаушы тканьның қатерлі ісігі (саркомасы).

ЛИМФОСТАЗ (lymhostasis; lympha — таза су, лимфа; staseo — тұру, тоқтап қалу) — лимфа жолдарының тығындалып қалуына байланысты лимфаның іркіліп қалуы. ЛИМФОЦИТОФТИЗ (lymphocytophthisis; lympha —таза су, лимфа; cytos — клетка, phthisicus — өте азып кеткен) — кейбір ауыр сырқаттар нәтижесінде лимфоциттер жасаушы тканьда лимфоциттер мөлшерінің өте азайып кетуі. Бұл жағдай көбінесе тума иммунды- тапшылыққа байланысты болады. Мыс.: швейцариялық агаммагло- булинемияда лимфоидты ткань бүтіндей дерлік жойылады.

ЛИПИДОЗЫ (lipidosis; lipos — май, osis— патологиялық хал-жағдай) — май алмасуының бұзылуымен сипатталатын бір топ сырқаттар. Олар негізінінен тұқым қуалау жолымен дамиды. Мыс.: цереброзидлипидоз (Гоше сырқаты), ганглиозидлипидоз (Тей-Сакс сырқаты) және т. б.

ЛИПОГРАНУЛЕМА (lipogranuloma; lipos —май, granulum — дән, oma — ісік) — денеге құрамында май бар дәрілерді дарытқанда немесе май тканінің жарақаты, некрозы салдарынан дамитын созылмалы қабыну ошағы. Гранулема құрамында көпядролы алып клеткалардың болуы тон.

ЛИПОДИСТРОФИЯ (lipodystrophia; lipos—.май, dys — бұзылу, trophe — қоректену) — тері шеліндегі майдың жалпы немесе бір жерде көбеюі немесе азаюы (Липоматозды қарақыз). ЛИПОМА (lipoma; lipos— май, om —ісік) — май тканшің қатерсіз ісігі.   

ЛИПОМАТОЗ (lipomatosis; lipoma —май тканінің қатерсіз ісігі, osis — патологиялық құбылыс) — майдың жайылмалы немесе ісік тәрізді жиналып қалуы, мезенхималы майлы дистрофияға жататын өзгеріс. Мыс.: Деркум сырқаты (lipomatosis dolrosa; dolor ауру), ауыратын Л.

ЛИПОСАРКОМА (liposarcoma; lipos — май, sarcoma — мезенхиманың қатерлігі ісігі) — май тканінің қатерлі ісігі (саркомасы).

ЛИПОХРОМЫ (lipochromae, lipos — май, chroma —рең) —ЛИПОХРОМДАР, май тканіне, аналық бездің сары денесіне, бүйрекүсті безінің қыртысты қабатына сары рең беруші май — белокты пигменттер.

ЛИПОФУСЦИН (lipofuscinum; lipos —май, fuscus — қоңыр)— май және белоктан түзілген коңыр түстегі пигмент.

ЛИПОФУСЦИНОЗ (lipofuscinosis; lipos —маи, fuscus — қоңыр, osis — патологиялық құбылыс) — липофусциннің жүректе, мидың ганглиозды клеткаларында, бауырда қалыптан тыс шөгіп қалуымен сипатталатын аралас дистрофия.

ЛИТОПЕДИОН (lithopaedion; lithos — тас, paedion — бала) — ТАСҚА АЙНАЛҒАН БАЛА, түтіктегі немесе құрсақтағы жүктілік нәтижесінде пайда болған ұрықтың кальций тұздары шөгіп қалуы салдарынан қатып қалуы.

ЛИХОРАДКА (febris; pyrexia; febris — ыстық, жалын) — ЫСЫТПА, организмнің микробтардың, вирустардың және т. б. пирогенді әсеріне қарсы бағытталған типтік реакциясы.

ЛОКАЛИЗАЦИЯ (localisatio; localis — жергілікті) — ЖАЙҒАСУ ОРНЫ. Мыс.: ісіктің жайғасу орны.

ЛОРДОЗ (lordosis; lordos — бүгілген)—БҮКІР, омыртқа жотасының алға қарай бүгілуі, иілуі. Бұл жағдай сүйек туберкулезіне немесе остеодистрофияға байланысты дамиды.

— М —

МАКРОАНГИОПАТИЯ ДИАБЕТИЧЕСКАЯ (macroangiopathia diabetica) — ДИАБЕТТІК МАКРОАНГИОПАТИЯ, аурулардың ірі қан тамырларында атеросклероз процесінің ерте дамуы және ауыр түрде өтуі. Оған қантты диабетте жиі кездесетін аяқ қан тамырларының атеросклерозына байланысты дамитын гангренаны мысалға келтіруге болады. Ол осы аурудан өлу себептерінің бірі болып есептеледі.

МАКРОГЛОССИЯ (macroglossia; makros — үлкен, ұзын, glossa — тіл) — ТІЛДІҢ ҰЛҒАЮЬІ.  М. көбінесе акромегалияның клиникалық көрінісінің бірі есебінде дамиды немесе тілдің ісігінде көрінеді.
1   2   3   4   5   6   7   8


написать администратору сайта