Главная страница
Навигация по странице:

  • (мысалы, левамизол) қолданылады.

  • МИКРОБТАРҒА ҚАРСЫ, ВИРУСТАРҒА ҚАРСЫ

  • нол. абынуА арсы заттар


    Скачать 159.5 Kb.
    НазваниеабынуА арсы заттар
    Дата29.11.2022
    Размер159.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаö_èÇç_466-489.doc
    ТипДокументы
    #818533
    страница3 из 3
    1   2   3

    27.2. ИММУНОСТИМУЛЯТОРЛЫҚ ЗАТТАР

    Иммундык реакцияларды ынталандыратын (қалыпқа келтіретін) заттарды иммундык тапшылык жагдайларды кешенді емдеуде, созылмалы инфекцияларда, катерлі ісіктерде колданады. Иммуностимуляторлар ретінде биогенді заттар (тимус препараттары, интерферонддр, интерлейкин-2, БЦЖ1) және синтетикалық косылыстар (мысалы, левамизол) қолданылады.

    Медициналык практикада тимустын иммуностимуляторлық әсері бар бірқатар препараттарын (тималин, тактивин және т.б.) қолданады. Олар полипептидтерге немесе белоктарға жатады.

    Тактивин (Т-активин) Т-лимфоциттердің санын және кызметін қалыпкд келтіреді (иммундықтапшылык жағдайда), цитокиндердің өндірілуін ынталандырады, Т-киллердің тежелгеи кызметін калпына келтіреді және жалпы айтқанда жасушалык иммунитеттің ширыгуын жоғарылатады. Оны иммундык тапшылык жағдайларда (онкологиялық наукастарды сэулемен емдеу жэне химиотерапиядан кейін, созылмалы ірінді және кабыну үрдісінде т.с.с), лимфогранулематозда, лимфолейкозда, ұмытшақтық склерозда қолданады.

    Цитокиндер тобына жататын интерферондар вируска қарсы, иммуностимуляторлық жэне антипролиферативті әсер көрсетеді. а-, Р-және ү-интерферондарды ажыратады. Иммунитетке өте айқын реттегіш әсер көрсететін ү- интерферон. Интерферондардың иммунотропты әсері макрофагтардың, Т-лимфоциттердің және табиғи киллер-жасушалардың белсекденуімен көрінеді. Адамның донорлык канынан алынган табиғи интерферон препараттары (интерферон, интерлок), рекомбинанатты интерферондар (реаферон, интрон-А, бетаферон) шыгарылады. Оларды біркатар вирустық инфекцияларды емдеуде (мысалы, тұмауды, гепатитті; 30 тарауды кара) және де кейбір қатерлі ісік ауруларында (миеломада, В-жасушадан дамыған лимфомада) қолданады.

    Сонымен катар, иммуностимуляторлар ретінде эндогенді интерферондар өндірілуін жоғарылататын интерфероногендер де (мысалы, п о л у д а н, продигиозан) колданылады.

    Иммуностимуляторлар ретінде кейбір интерлейкиндерді мысалы, рекомбинантты интерлейки н-2-ні колданады.

    Б ЦЖ-ны туберкулезге карсы егу үшін (вакцинация) колданады. Қазіргі уақытта препаратты біркатар катерлі ісіктерді кешенді емдеуде колданады. БЦЖ макрофагтарды, Т-лимфоциттерді ынталандырады. Жедел миелоидты лейкемияда, лимфоманың кейбір түрлерінде (Ходжкин лимфомасына жатпайтын), ішектің және кеуде бездерінің обырында, қуыктыц беткейлі рагінде шамалы оң әсер байкалган.

    Синтетикалык препараттардын бірі левамизол (декарис). Гидрохлорид түрінде колданылады. Оның ішек кұрттарына карсы айкын белсенділігі (33 тарауды кара) және иммуностимуляторлык эсері бар. Соңгысының механизмі толык түсініксіз. Левамизол макрофагтарды, Т-лимфоциттерді ынталандырады деген мәлімет бар. Ол антидене өндірілуін өзгертпейді. Левамизолдың негізгі әсері жасушалык иммунитетті калыпка келтіру болып табылады. Оны иммундык тапшылык жагдайларда, кейбір созылмалы инфекцияларда, ревматоидты артритте, біркатар ісіктерде колданады.

    Левамизолды арнайы эсер кәрсететін препараттармен жұптастырып тагайындайды. Ішке енгізеді. Бір мэрте енгізгенде жанама әсерлері мүлдем байкалмайды. Левамизолды кайталап енгізгенде, әсіресе мөлшері үлкен болса, әртүрлі жанама әсерлер дамиды, соның ішінде ауыр аскынулар. Мысалы, айкын аллергиялык реакциялар (бөртпе, қызба, стоматит), қан жасаудың тежелуі (нейтропения, агранулоцитоз) болуы мүмкін. Сонымен катар, неврологиялык бұзылыстар (қозу, ұйкысыздық, бастың ауыруыы, бастын айналуыы) және диспепсиялық кұбылыстар (локсу, кұсу, диарея) байкалады. Қан жасаудынтежелуіне байланысты левамизолды бірнеше рет енгізгенде шеткі қан көрінісін бақылап тұру кажет.

    Полиоксодоний мен имунофаннын да иммуностимуляторлық қасиеті бар.

    488

    МИКРОБТАРҒА ҚАРСЫ, ВИРУСТАРҒА ҚАРСЫ ЖӘНЕ ПАРАЗИТТЕРГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛІК ЗАТТАР (28-33 тараулар)

    МИКРОБТАРҒА ҚАРСЫ ЗАТТАР1

    Микробтарға карсы касиеттері бар дәрілік заттарды екі топка бөледі.

    Бірінші топқа микробтарға қарсы таңдамалы әсері жоқ препараггар кіреді. Олар көптеген микроорганиэмдерге жоятын әсер көрсетеді. Оларға антисептиктер2 жэне дезинфекциялаушы3 заттар жатады.

    Антисептиктер әдетге сырткы жабын тіндерге (теріге, шырышты кабаткд) қолданылады. Жеке антисептиктерді асқазан-ішекжәне зэр шыгару жолдарында орналасқан микрооргаыизмдерге эсер ету үшін кслданады. Олар концентрациясына байланысты бактерицидтік немесе бактериостатикалыкэсер корсетеді.

    Дезинфекциялаушы заттар медициналық құрал-жабдықгарды, аппаратгарды, бөлмелерді, ыдыстарды, наукастыңбөлінділерін залалсыздандыру үшін пайдаланылады. Әсері тез дамиды. Олар әдетте бактерицидтік концентрацияда тағайындапады және инфекция таралуының алдын алу үшін қолдаиылады.

    Антисептиктер мен дезинфекциялаушы заттардың арасында кенеттен шектеу жүргізу мүмкін емес, себебі көптеген заттарды белгілі концентрацияда антисептик ретінде, ал жоғаргыда - дезинфекциялаушы максатымен қолданылады.

    Екінші топтың дэрілік заттарына таңдамалы әсер ететін микробтарга қарсы препараттар кіреді, олар химиотерапиялык заттар4 деп аталады. Бұл топтардың препараттарына микроорганизмдердің белгілі бір түріне эсер ету тэн. Олардың маңызды сипаттамасына үлкен емдік әсер кеңдігі жатады. Соңғы, бактериостатикалык (бактерицидтік) концентрация мен макроорганизм үшін улы концентрация арасындагы мөлшерді айтады. Химиотерапиялық препараттарды инфекцияны емдеу және алдын алу үшін, сондай-ак инфекция жүктнрушыны емдеу үшін колданады.
    1   2   3


    написать администратору сайта