Қатынау желісі. КатынауЖел3л. Абоненттік атынауды мультиызметтік желілері 050719 Радиотехника, электроника, телекоммуникация
Скачать 84.73 Kb.
|
1 2 АБОНЕНТТІК ҚАТЫНАУДЫҢ МУЛЬТИҚЫЗМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРІ 050719 – Радиотехника, электроника, телекоммуникация мамандығы бойынша дайындалатын барлық оқу түрінің студенттеріне арналған дәрістер жинағы Алматы 2009 ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: А.Д.Мухамеджанова., Ю.М.Гармашова. Абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілері. 050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығы бойынша дайындалатын барлық оқу түрінің студенттеріне арналған дәрістер жинағы. - Алматы: АЭжБИ, 2009.- 52 б. «Абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілері» пәні бойынша он екі дәрістің жинағы баяндалған. Онда абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінің құрылу және функциялау негіздері келтірілген. Кіріспе Пәннің жүргізілу мақсаты абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінің құрылу және функциялау негіздерін игеру болып табылады. Бұл пән желіде қолданылатын сымды және сымсыз абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінің, хаттамаларының, тарату түрлерінің функциялау және құрылу негіздерін қарастырады. Сонымен қатар, бұл пәнде абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінде қолданылатын барлық технологиялар көрсетілген. Абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінің функционалдығын және құрылымының негізгі принциптерін меңгеру арқылы әрбір студент абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілеріне анализ, жобалау, эксплуатация жасай алады және жаңа желілерді жобалау кезінде эксплуатация жағынан тиімді техникалық шешімдер ұсына алады. Пәннің жүргізілу мақсаты абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерін құру және функциялаудың негізгі принциптерін меңгерген студенттерді телекоммуникациялық желілер байланысының және олардың квалификациялық эксплуатациясының қажет мәселелелерін шешу үшін дайындау болып табылады. Пәнді оқытудың мәселесі болып абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінің құрылу принциптері мен функциалануын, желілердің есептеу параметрлерін студенттердің игеруі болып табылады. Оқу жоспарында берілген пән үшін 3 кредит, яғни 135 сағат бөлінеді, оның аудиториялық сабаққа кіретіні -52, өзіндік жұмысқа кіретіні - 90 сағат.
№1 дәріс. Абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінің (АҚМЖ) негізгі түсініктері Дәрістің мақсаты: абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінің негізгі түсініктерінің: анықтамалары, АЛ, қатынау желісінің құрылымы, абоненттердің қосылуын ұйымдастыру тәсілдерінің студенттермен игерілуі. Мазмұны: абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінің негізгі анықтамалары; абоненттік линия түсінігі; абоненттік линияның түрлері және параметрлері; абоненттік таратқыш желінің құрылымы; абоненттік желіні құру әдістері: қосарланған қосылу, арна ұйымдастыратын құрылғының қолданылуы. Абоненттік қатынаудың мультиқызметтік желілерінің негізгі анықтамалары. (ҚЖ) «қатынау желісі» термині access network деген ағылшын тіркесінен шыққан. Кейде телекоммуникациялық желінің жалпы құрылымында ҚЖ-ның орнын ерекшелендіру үшін «абоненттік қатынау желісі» деген орысша толық аударылымы қолданылады. Абоненттік қатынау желісі - телефондық розеткадан транзиттік желінің (коммутатордың) шеткі құрылғысына дейінгі бөлігіне қатысты, ол тек қана абоненттік линияға (АЛ) қатысты.
1.1 Сурет– АҚЖ элементарлық құрылғысы Мультиқызметтік желілер – дауыс, дерек, видео тарату бойынша қызмет көрсетеді, онда ұялы және нақтыланған желілердің конвергенциясы іске асырылған. АЛ-ның модернизация концепциясы негізінен, ең алдымен желі топологиясын өзгертпей, әртүрлі әдіспен олардың өткізу қабілеттілігін (немесе тығыздау) жоғарылату болып табылады. АЛ-ны тығыздау барысында жолдар санының қарапайым өсуі орындалады. Функционалдық тұрғыдан қарайтын болсақ, тығыздалған АЛ нің дәстүрлі болған мыстан айырмашылығы жоқ [1]. Қазіргі заманғы қатынау желісінің концепциясы – қатынау желісі бұл өзінің құрылу, топология, басқару жүйесі бар, тұтас құрылым екенін білдіреді. Мұндай желі кез келген құрылғы типін пайдаланып, кез келген ақпарат түрін жіберіп, кез келген жіберу ортасын пайдалана отырып, абоненттерді цифрлық интерфейс бойынша қосады. Абоненттік линия туралы түсінік АЛ – бұл мыс жұпты, екі талшықтан тұратын (талшық «а» және талшық «в»), яғни екі сымнан тұратын АЛ. Ол бір жағынан абонент терминалын қосса, екінші жағынан санцияға қосылады. 1.2.-сурет. 1.2 Сурет– Абоненттік линия АЛ– дің түрлері 1. Пәтерлік сектордың АЛ-ғы, оның меншікті жүктемесі линияға 0,15 Эрл-ді құрайды. 2. Іскер сектордың АЛ-ғы (кәсіпорын немесе мекеме), олар арқылы 0,2 Эрл-қа дейін меншікті жүктеме жіберіледі. 3. Әмбебап таксофондар линиясы – картафондар. 4. Жергілікті байланыс таксофондарының сызығы (тек қана шығыс қосылулар). 5. Қала аралық телефондық байланыс таксофондар линиясы. 6. Ақылы сервисті қызмет байланысы үшін таксофондар линиясы (мысалы, анықтама берушілермен). 7. Сөйлестіретін пункттер линиясы. Басқа да АЛ түрлерінің градациясы мүмкін АЛ параметрлері: -Екі сыңарлы мыс сымы (а және в талшығы); -а сым өткізгішінде «-» қарама-қарсылығы, в сым өткізгішінде «+» қарама-қарсылығы; -Қоректену кернеулігі: 60В немесе тұрақты токта 48В. -Шлейф кедергісі (қысқа тұйықталған а және в АЛ өткізгішінде) 1000 Ом-нан көп емес, қашықтағы абоненттер үшін 2000Ом-нан көп емес (кейбір АТС типті мекемелер үшін кедергінің мәнінің үлкейтілуі – 3000 Ом-ға дейін жіберіледі). -АЛ шлейфінің кедергісі, телефондық аппараттың (ТА) кедергісімен бірге қосқанда 1800Ом-нан көп емес; -өткізгіштер арасындағы сыйымдылық, жерге қатысты 0,5Мкф –тен көп емес (қашықтықтар абоненттер линиясы үшін сыйымдылықтың шекті мәні 1,0Мкф-қа дейін). -өткізгіштер арасында немесе әрбір өткізгіш арасында және кедергінің оқшаулануы (кедергінің кеміп қалуы) 20кОм-нан аз болмауы тиіс (кейбір АТС типтері үшін мысалы, АТСК 80кОм-нан аз емес); -өзінің өшіп қалуы 4,5дБ аспау керек. (диаметрі 0,5мм кабельдері үшін) немесе 3,5дБ көп емес (жила диаметрі 0,32мм кабельдер үшін). -өшіп қалудың өтулігі соңының ең жақын жерінде (АТС-қа) екі көршілес АС арасындағы тізбектерде 69,5 дБ-ден аспауы тиіс. [1,2] Абоненттік таратқыш желінің құрылымы 1.3-суретте қазіргі кезде қолданылатын қалалық телефондық желіде абоненттік қатынауды ұйымдастыру сұлбасы келтірілген. АТС-ке қатынауды ұйымдастыру үшін көп жұпты байланыс кабельдері қолданылады, олар ережеге сәйкес арнайыланған кабельді канализацияларда салынады. Бұндай АҚҚ ұйымдастыру әдісі классикалық қатынау болып табылады – ол мысты (металлдық) жұп бойынша болады. 1.3.-сурет 1.3 Сурет– Абоненттік таратқыш желі құрылымы АҚҚ аймақ бойынша әртүрлі талшық диаметрі, АЛ-дан, үлестіруші шкафтан, үлестіруші коробкадан тұрады. Кемшіліктері: Оны ұстауға үлкен шығындар кетеді. Абоненттік үлестіруші желіні тұрғызудың әдістері Бір АЛ бойынша ыңғайлы жеке абоненттік қосылудан басқа, АЛ-тың қолданылысының өнімділігін жоғарылату мен шығындарды үнемдеуге мүмкіндік беретін әдістер де бар, бұл әдістер АЛ-ны қолдануда өнімділікті жоғарылату әдістері деп аталады: -Телефондық аппараттың қосарланған қосылуы -Барлық мүмкіндіктегі арна құрушы құрылғының қолданылуы -Абоненттік концентрация орнына стационарлы шығарудың құрылғысын ұйымдастыру -Сымсыз қосылыс (радиоқатынау).
1.4 Сурет - Телефондық аппараттың біріктірілген қосылысы Біріктірілген қосылыс Екі жақын орналасқан телефондық аппараттың (ТА) біріктірілінген қосылысында, оның әр біреуіне өзінің абоненттік нөмері берілген болса, онда оның екеуі де бір АС-ке қосылған. 1.4.-суретте бұндай біріктірілінген аппарат комплектілері (БАК) арқылы АТС-ке қосылыс көрсетілген. Бұл жерде ТА блокираторға қосылған немесе ТА біріктірілінген корпустарда бөлуші диодтың тізбектері құрастырылынған. Олар ТА-ны шақыру келгенде қайта қосуға рұқсат береді. Бір ТА бойынша сөйлескен кезде, екіншісі ортақ сызықтан қамалған диодтар арқылы ажырайды. Санақ көрсеткендей, АТС-тен 0,3-0,5км-ден бастаған аралықта біріктірілетін қосылысты пайдалану шығындар үшін тиімді болып саналады. Бұл әдіс кабель шығындарын азайтады, бірақ абоненттер үшін өте ыңғайсыз және керексіз болып табылады. Арнайы ұйымдастырушы құрылғының қолданысы. АЛ-да орнатылатын аналогты және цифрлық тарату жүйесі бар. Жоғарғы сапалы абоненттік тығыздау жүйесі (АТЖ) – аналогты жүйе болып табылады, ол бір АЛ-ға екі абонентті қосуға рұқсат береді, біреуіне төменгі жиіліктегі арна ТЖ бөлінеді және ол 0,3-3,4 кГЦ жиіліктегі шығыс сигналдарын таратады (сөз спектрі өнімділігі), ол басқа абоненттке бір толықтырушы жоғарғы жиілікті арна бөледі. Бұл канал модулятор көмегімен және шығыс сигналының, бір рет түрленуіндегі тасушы жиілікпен анықталады, жоғарғы жиілікті арнамен ТА-дан АТС-ке дейін тарату үшін 28кГц жиілігі қолданылады, ал АТС-тен ТА-ға – 64 кГц жиілігі қолданылады. Осы тасушылар көмегімен сигналдар құралдары, олардың спектрі қиылыспайтын диапазон жиіліктері алынады. (1.5-сурет), осылайша ЖЖ арнада дуплекс ұйымдастырылады. [1]. Шығыс сигналын түрлендірген кезде пайда болған тасушы жиілік пен екі бүйірлі жиілік сызыққа таратылады. Мұндай тарату әдісі рационалды емес болып табылады. Өткені шығыс сигнал спектрінің еніне қарағанда, сызық бойынша берілетін сигналдың спектр ені екі есе үлкен болып табылады. Бүйірлі жолақтардың екеуі де шығыс сигналы туралы бірдей ақпаратты тасиды, ол тасушыда пайдалы ақпарат болмайды, сонымен бірге оның қуаты бүйірлі жолақ қуатынан асады (100 есе). Бұндай әдісте сызықтық сигналдың қуатының үлкен бөлігі керексіз жұмсалады, бірақ жүйенің құрылуы максималды қарапайымдалады және арзандатылады. 1.5 Сурет -Таратылатын АЖТ сигналдарының спектрі №2 дәріс. АҚМҚЖ негізгі түсініктері. Абоненттік линияларды тартудың цифрлық жүйелері Дәрістің мақсаты: абоненттерді қосуды ұйымдастыру нұсқаларын, абоненттік қол жеткізу желісінің мәселесін, абоненттік линияның цифрлық тарату жүйелерінің құрылымын студенттердің меңгеруі. Мазмұны: абоненттік желіні құрудың әдістері: абоненттер концентрациясының орнына станциялық құрылғының шығуын ұйымдастыру, сымсыз қосу; абоненттік қол жеткізу желісінің проблемаларын шешу әдістері; АЛ берудің цифрлық жүйесі, мақсаты; АЛТЦЖ ң құрылымдық сұлбасы, технологиялық сипаттамасы, жұмыс принципі.
Абоненттер коннцентрацияланған орындарға станциялық құрылғының шығуын ұйымдастыру. Станциялық шығару құрылғысына жататындар: ішкі станциялар және мультиплексорлар. Ішкі АТС аналогты және цифрлы болады. Цифрлық АТС-терді енгізген кезде концентраторлар деп аталатын ПС шығыстың көмегімен желі құрылғысы шеткі абоненттік құрылғыларға дейін 500-700м арақашықтық кезінде тиімді болып келеді. Осылайша салыстырмалы аз қолданысқа ие АЛ орнына ішкі станциядан тірек АТСке дейін СЛ тығыздалған түйіні жүреді (2.1-сурет). Осы кезде магистралды кабельдерге қажеттілік күрт төмендейді. 2.1 Сурет– Ішкі станцияның қолданылуы Сымсыз қосылу (радиоқатынас). Сымсыз қатынас АЛ-ң ұзындық бойымен кірсе оның бөліктерде радиоарна көмегімен құрылады. Сымсыз қатынасты қолданудың себептері: 1. АЛ-та қолдануының мүмкін еместігі; 2. Топырақтың жағдайына байланысты- тасты; 3. Ауа-райына байланысты-жел, тұман, қар; 4. Өңірдің рельефіне байланысты-су бассейні; 5. Мекемені жалға беру; 6. Ғимараттың монолитті қабырғалары. Артықшылықтары: Енгізудің жоғары жылдамдығы; Өңірдің релефіне және типін шектеулердің болмауы; Өсірудің тездігі және қарапайымдылығы; Абоненттердің аз тығыздығы кезінде тиімділік; Бастапқы инвестициялардың аздығы. Абоненттік қатынау желісінің мәселелерін шешудің әдістері АҚЖ-да телекоммуникациялық оператордың басты проблемасы аз шығынмен және мүмкін болатын барлық қызмет спектрін қызмет көрсету мен абоненттерді қосудың әдістерін таңдауда болып келеді [1]. Абоненттік желінің дамуына құралдарды үнемдеу және басқа жаңа абоненттерді бір уақытта қосудың проблемаларын шешудің 3 әдісі бар: АЛ-ты тығыздау (Абоненттік линияларды таратудың цифрлық жүйесі - АЛЦТЖ); Сымсыз байланысты қолдану; Байланыстың оптикалық жүйелерін қолдану. Абоненттік линияларды таратудың цифрлық жүйесі АЛ-ты тығыздау үшін қолданады, олар әмбебапты (АТС-тің кез-келген типіне қосылады), ішкі құрылысы бойынша бірдей, олар абоненттер санымен, жұмыс уақытымен, цифрлық арналардың санымен, сызықтық кодсыз әдісімен ерекшеленеді: АЛЦТЖ -ң қосылу принципін қарастырайық , 2.2-сурет. Артықшылықтары: бір АЛ-та бірнеше абоненттер; тиімдеу; шығындарды үнемдеу. 2.2 Сурет– АЛЦТЖ қосылу принципі АЛЦТЖ -ң құрылымдық сұлбасы, техникалық сипаттамалары, жұмыс істеу принципі РСМ2А 2 каналды құрылғысының құрылу сұлбасын қарастырайық, 2.3 сурет. Техникалық сипаттамалары: Қуат көзінің кернеуі– 48В/60В; Арналар саны – 2; Пайдалы жылдамдық –144 кбит/с; Сызықтық код – 2B1Q; Ақпараттық арналар жылдамдылығы – 64 кбит/с. РСМ2А келісімі арқылы АТСтің АКнен аналогтық сигнал және ИКМ кодалауының алгоритмін іске асырушы кодер декодер келіп түседі. Келістіру сұлбасы жіберілетін сигналдарды және келіп түскен сигналдың деңгейін келістіру және сызықпен гальваникалық келістіру үшін арналған . Осылайша физикалық АЛ станциялық порттан станциялық блок кірісінде аяқталады. Арығарай ИКМ кодекі әр арнада 64 кбит/с жылдамдықпен анаолгты сигналды цифрлы сигналға түрлендіреді. Содан кейін цифрлық ағындар U-chip іске асыратын микросхемамен мултиплекстеледі, керек болған жағдайда цифрлық ағындар жүйедегі арналар санына байланысты. 32 кбит/с или 16 кбит/с жылдамдыққа дейін транскодердің арнайы микросхемасымен АДИКМ алгоритмін колдану арқылы сығылады, транскодер керек болған жағдайда құрылады. АЛЦТЖ да хабарды кодтайтын, цифрлық ағындарды тарату үшін 2В арна қолданылады. Осыған байланысты әр В арна 64 кбит/сжылдамдықты цифрланған әңгімелік арнадан тұрады. , U-chip микросхемасына басқарылатын және сызықтық сигналдар жатады және де цифрлық АЛ диагностикасы үшін АЛЦТЖ –да қолданылатын қызметтік сигналдар жатады. U-chip мультиплексоры процессордан шығатын қызметтік арна және 2 әңгімелік арнаны бірлік группа лық цифрлық ағында бірігеді. Мультиплексордың сызық бөлігі 2B1Q кодымен сызықтық кодтау арқылы сызықпен группалық сигналды түрлендіреді және де 1 жұп арқылы тарату қабылдау бір уақытта эхокомпенсацияны ұйымдастырып отырады. Дистанциондық қорек көзінен дистанционды қорек сызығына беруді қамтамасыз ететін АЛЦТЖ станциялық блок шығысында сигнал мультиплексордан үйлестіруші сұлба арқылы өтеді. АС тұйықталуы және дистанциондық қоректендірудің қорғанысының өшірілуі кезінде үзілу, сонымен қатар найзағайдан қорғанысты қамтамасыз етеді. АЛЦТЖ станциялық блоктың барлық жұмыс барысы микропоцессор және микропрограммалық басқапкммен жүргізіледі. Өз кезегінде станциялық микропроцессоры орталық диагностика және басқару процессор модулімен ақпарат алмасады, соңғысы ортақ желілік басқару жүйесімен орталық басқарушы компьютермен байланысты. РСМ2А үшін АЛ бойынша тарату жылдамдылығы 160 кбит/с (2B+D+16кбит/с) құрайды. АЛ мен бірге цифрлық сигнал абоненттік блокқа түседі де, сигнал қайта бөгеуілдер мен бұрмаланулар алынып, содан соң ИКМ кодегінде, ИКМ транскодерінде, мультиплексорда қайта өңделеді. №3 дәріс. АЛЦТЖ. ISDN абоненттік қатынау желілері Дәрістің мақсаты: студенттерге ЦСПАЛ интерфейстері мен ISDN қатынасының абоненттік желісін оқып үйрену. Мазмұны: АЛЦТЖ интерфейсі, жұмыс қашықтығы, регенераторлар; АЛЦТЖ –дың арнайы интерфейстері. АЛЦТЖ –дың басқарылуы және эксплуатациясы; ISDN анықтамасы. ISDN –нің негізгі анықтамасы: ISDN түрлері, ISDN қатынасының типі; ISDN –ге абоненттік қатынастың желісі. АЛЦТЖ интерфейсі, жұмыс қашықтығы, регенераторлар Көп жағдайда АЛЦТЖ – дар қалалық және ауылдық телефон желілерінің АЛ (абоненттік линияларын) тығыздау үшін қолданылады. Егер абоненттік линия ұзындығы мәннен аспаса, 3.1 – кестеде келтірілгендей, абоненттік блоктың қосылуына кедергі келтірілмейді. Кестеде келтірілген мәндер шамаланып алынған (ориентировочные) екенін айтып кету керек. Қондырғының жұмысқа қабілеттілігін бағалауда параметрлерінің саны салыстырмалы түрде екенін (ауыспалы өшулік, шуыл деңгейі, изоляция кедергісі және т.б). 3.1 Кесте–АЛ-тың мүмкін болатын ұзындығы
АЛЦТЖ қондырғысының құрастырылуы ыңғайлы болған. Онда абоненттік сызықтарда абоненттік блок станциондық жиынтыққа сызықтық регенераторды қолданбай-ақ қосылуы мүмкін.Оған қарамастан АС-тың ұзындығы регенераторсыз қосылу мәнінен үлкен болып тұрады. Бұл жағдайды сызықтық регенераторлар қолданылады. Регенераторлар АС-тің тығыздалу жолымен қондырылуы мүмкін, мұнда әр регенератор қондырғы жұмысының максымалды қашықтығының 95-100% - ға дейін өсуін қамтамасыз етеді. Регенераторлар ереже бойынша орналастырғыш шкаф немесе кросс бөлімшелерінде орналасады. АЛЦТЖ – дың арнайы интерфейсі. АЛЦТЖ –дың басқарылуы және эксплуатациясы АЛЦТЖ - дың АТС –ке қосылуының қадамды- декадтық жүйесі әлі күнге дейін байланыс операторлары қатарымен эксплуатацияланды. Себебі АЛЦТЖ түгелімен жартылай өткізгіш құрылғылардан жасалған. Номинал мөлшерінен кіріс тогының асуы кіріс тізбегінің қатардан тыс шығып кетуіне әкеледі. Мұндай жағдайда болдыртпау үшін қосымша қорғаныс кросын қолдану керек, оны АЛЦТЖ қондырғысы жиынтығында табуға, тапсырыс беріп алуға болады. 3.1 – сурет сұлбасында көрсетілгендей техникалық эксплуатациялау жүйесі техникалық қызмет көрсетуді талап етпейді, себебі жүйеде өзін-өзі диагностикалау және авариялық сигнализация орналасқан, бірақ платтардың қатардан шығуы кезінде олардың орнын техникалық персонал басады. АЛЦТЖ-ға орталықтандырылған жүйе техникалық эксплуатация мен дистанциондық басқару құрылуы мүмкін 3.1 Сурет - АТСДШ жағынан эксплуатациялау болған кезде АЛЦТЖ –ның қорғанысы үшін қосымша кросс құрылғысының сұлбасы ISDN – Integrated Services Digital Network Анықтама 1 : ISDN сөзінің астарламасында мынадай байланыс желісі жатыр, яғни ондағы цифрлық беріліс пен цифрлық коммутацияның барлық құрылғылары кез- келген байланыс түрін орналастыру үшін қолданылады. Анықтама 2: ISDN сөзінің астарламасында, территориясы шетте орналасқан қолданушыларға ақпаратты сәулетті- программалық тәсілмен тасымалдаудың жиынтығын білдіреді. Олар қолданушылық талап етуіне қарай байланыстың әртүрін пайдалану арқылы цифрлық негізде ақпаратты таратуды қамтамасыз етеді. ISDN – Integrated Services Digital Network екі түрге бөлінеді: а) таржолақты ЦСИС – N - ISDN – Narrowband б) кеңжолақты ЦСИС – В – ISDN - Broadband N - ISDN - де беру жылдамдығы 2,048 мбит/с –қа дейінгісі қолданылады. Ал В – ISDN - де жылдамдығы 2,048мбит/с-тан асатын кеңжолақты арналар қолданылады. ISDN – де стандартты цифрлық арнаның екі типі бар: біріншісі – ақпараттық, ал екіншісі – сигнализациялық. Ақпараттық арна базалық қолданушылардың ақпараттарын тарату үшін В- арна деп аталады. Сигнализация арнасы – D –арнасы пакеттелген түрде деректер мен сигнализация сигналын береді. ISDN – де қатынас құрудың (интерфейстің) екі түрі бар: базалық (негізгі) біріншілік Базалық (негізгі) қатынауға дыбыстық сигналдарды және 64 кбит∕с жылдамдықтағы деректерді таратуға арналған 2 ақпараттық дуплексті В-арнасы және 16 кбит∕с жылдамдықта тарататын бір дуплексті сигнализацияның D арнасы кіреді. Яғни ISDN-нің бір абонентіне 2В+D дан келеді және 16 немесе 48 кбит/с жылдамдықтағы желінің бөлігіне байланысты кадрлық синхронизация қосылып отырады. Біріншілік қатынауға сөз және деректер тарату үшін 64 кбит/ с жылдамдықтағы 30 дуплексті ақпараттық В-арнасы және бір дуплексті 64 кбит/с жылдамдықтағы сигнализацияның D-арнасы кіреді. Жалпы жылдамдығы 1984 кбит/сті құрайды және 64 кбит/с жылдамдықтағы синхронизация қосылады. Сондықтан жалпы алғандағы біріншілік қатынаудың жылдамдығы - 2048 кбит/сті құрайды. ISDN дегі абоненттік қатынау желісі. ISDN таржолақты абоненттік қатынау желісінде пайдаланылады: ТЕ1 - арнайыланған ISDN терминалдары - "1"типті терминалдық құрылғы, - бұл базалық қатынауды демейтін ISDN терминалы; ТЕ2 - арнайыланбаған терминалдар - “"2" типті терминалдық құрылғы базалық қатынауды қолдамайтын; АТА – аналогты ТА; PBX – мекемелік АТС; ТА – ISDNнің арнайыланбаған терминалдарын қосатын терминалды адаптер (модем). Терминалды адаптер автономды құрылғы немесе ТЕ2нің ішіндегі плата болуы мүмкін. Егер ТЕ2 автономды құрылғы болса, онда ол ТА-ға физикалық деңгейдің R стандартты интерфейсі арқылы қосылады; NТ (Network termination) – желілік аяқталуы немесе желілік терминал. Бірінші және екәнші типті болады; LT – сызықты терминал, выполняет функции NT1 функциясын орындайды және АТСЦ ның цифрлы абоненттік комплекті боп табылады (ЦАК); ST – станциялық терминал, АТСЦның коммутациялық өрісі боп табылады (КӨ). R, S, T, U – абоненттік қатынауды жүзеге асыратын интерфейстер, немесе "пайдаланушы-желі" деп аталатын интерфейс; R интерфейсі – цифрлық терминалдар интерфейсі, ол арқылы олар терминалдық адаптерге қосылады; S интерфейсі – бұл төртсымды шина; Т интерфейсі - NТ2 және NТ1 арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, қазіргі уақытта NT1 және NT2 функцияларын атқаратын желілік аяқталу 1 шығарылып жатыр; U интерфейсі – бұл екі сымды абоненттік жол. 3.3 Сурет–ISDNнің АҚЖ құрылымы V станциялық интерфейсі станциялық терминал мен сызықты терминал арасындағы өзара байланысты қамтамасыз етеді. NT функциялары: екі сымды АЖнің қосылуы; сызықты сигнализациямен қамтамасыз ету; абонеттік жол және абоненттік терминал синхронизациясы; басқару; терминалды қорек көзімен қамтамасыз ету; сигнализацияны және пайдаланушылар деректерінің блоктарын қадағалау NT2: төрт сымды S шинасының қосылуы; сигнализацияның деректер блогында қате табу; маршрутизациямен қаматамасыз ету. Стандарт бойынша ISDN желісінің бір АЛға сегіз терминалға дейін қосуға болады. №4. дәріс. ISDN абоненттік қатынау желілері. xDSL технологиясы Дәрістің мақсаты: студенттермен xDSL технология түрлерінің және ISDN –дегі S және U интерфейсінің функциялануы мен құрылым принциптерін зерттеу. Мазмұны: ISDN (BRI, PRI)-де қатынауды ұйымдастыру; S шинасын құру; S интерфейсінің функциялану принциптері. S интерфейсінде цикл құрылымы; U интерфейс; xDSL технологиясының классификациясы: симметриялық және ассиметриялық. ISDN (BRI, PRI)-де қатынауды ұйымдастыру S-интерфейсі – бұл компания офисында немесе пәтер ішінде төрт сымды ажыратқыш. Техникалық жағынан S интерфейсін S0 деп атаған дұрыс. S0 –бұл қостырушы шина, ол арқылы ISDN бірге қосылған құрылғыны ISDN негізгі станциясымен стандартты ажыратқыш арқылы қосылуға мүмкіндік береді. Мекемелік станция үшін S0 интерфейсі – бұл нүкте болып табылады, ол арқылы мекемелік станция негізгі ISDN станциясымен қосылады. S0 шина ұзындығы бір километрден аспауы тиіс. S0 интерфейсімен әр ақпарат бағыты 192 кбит/с жылдамдығымен беріледі. U интерфейсі – бұл екі сымды АС, жила диаметрі 0,6мм немесе 4,2 км болғанда ұзындығы 8 км –ға дейін, (160 кбит/с) ол Uk0 интерфейсі деп аталады. BRI базалық қатынауы S0 және Uk0 ені интерфейстерінде де жүзеге асырылады. бірақ BRI жұмыс жылдамдығы бұл интерфейстерде мынадай: Интерфейс Uk0 - BRI (BRA) = 2B + D + S = 2*64+16+16 = 160 кбит/с. Интерфейс S0 - BRI (BRA) = 2B + D + S = 2*64+16+48 = 192 кбит/с. Егер ИКМ 30 сызығында ISDN біріншілік қатынауды қамтамасыз ету үшін пайдаланса, онда уақыттың интервалдары 1 ден 15 ке дейін және 17 ден 31-ге дейін қолданылыс арналары ретінде пайдаланылады, ол сол уақытта сигналды ақпарат 16 уақыты интервалында таратылады. Негізгі қатынаудың ұқсастығында 1-ден 15-ке дейін және 17-ден 31 –ге дейін уақыттық интервадар в-арнасы деп аталады (в1-ден в31-ге дейін негізгі арналар), ал сол уақытта 16 уақыттық интервалдары D-арнасы ретінде қарастырылады. ИКМ звеносы, 30В+ D мен біріншілік қатынау ретінде жұмыс істейді, ол Uk2pm интерфейсі деп немесе Uk2m интерфейсі деп аталады. Шет сызықтары абонент жағынан (NT) шет желісі ретінде дайындалынған, бұлб жерде Uk2pm интерфейсі S2m интерфейсіне өзгертіледі. NT –дан мекемелік станцияға дейінгі аралық бір километрден аспауы тиіс. Мекемелік станция S2рm интерфейсімен қосылады. Мекемелік станцияны пайдаланған кезде S0-интерфейсі терминалдық құрылғыны қосуда шина ретінде болады. S2рm және Uk2pm интерфейсінде BRI біріншілік қатынау: PRI (PRA) = 30B + D + S = 30*64+64+64 = 2048 кбит/с. S шинаның тұрғызылуы ITU-T I430 рекомендацияларына сәйкес S шинасы бірнеше нұсқа бойынша жасалуы мүмкін, ол 11.1-суретте көрсетілген: қысқа пассивті S шинасы, «нүкте-нүкте», кеңейтілген пассивті S шинасы [5. 7]. S интефейстің функциялану принциптері. S шинасы кабельдік сызықты DIS 8877 стандарты бойынша RJ 45 разъемы арқылы S интерфейсіне терминалға қосылған көріністе болады. Интерфейс құрылымы және ажыратқыш контактілеріндегі сигнал типтері 4.1-суретте көрсетілген [7]. 4.1 Сурет - S интерфейсінің құрылымы S шинасы арқылы деректерді тарату 192 кбит/с жылдамдықпен жүзеге асырылады. Ол I.430 рек .–пен анықталған цикл құрылымды фрейм түрінде ұзындығы 48 бит. 4.2.-сурет Циклдың 48 биті келесідей ұйымдастырылады. -ӘР В – арнасына 16 бит -D – арнасына 4 бит -синхронизация мен эхоөшіруге 12 бит 4.2 Сурет - S интерфейсінің цикл құрылымы 90-нан 120 В-қа дейінгі тұрақты кернеумен қоректенетін U интерфейсі. Минималды саналатын кернеуі 30...40 В. Абоненттік кабельдердые қолданылатын U интерфейсі, толығымен стандартталмаған болып табылады. Сызықтық кодалау үшін қолданылуы мүмкін: 2В1Q и 4В3Т; Up0 коды 2B1Q-ң модуляциясы болып табылады.. xDSL технологиясы - Digital Subscriber Line – цифрлық абоненттік сызықтар технологиясы Берілген технологияны 2 топқа бөлуге болады–DSL қатынаудың симметриялық және асиммертиялық технологиясы 4.3-сурет. DSL қатынаудың асимметриялық технологиясы: - IDSL (ISDN DSL) – ақпараттық арнамен 128 кбит/с жылдамдықпен 1 мысты жұп арқылы мәлімет таралатын стандартталмаған тхнология. Эхокомпенсациямен 2B1Q сызықтық кодалау әдісі қолданылады, сондай-ақ ISDN желісіндегі терминалдық адаптерлер және модемдер. Үлкен қашықтықта 1 виттік жұпта мәліметтермен әңгімлер бір уақытта таратуды ұйымдастыру ( 40 км-ге дейін); - HDSL (High-Bit-Rate DSL) – 2 оралған жұпты(стандарт ANSI - T1.TR.28) бойынша Т1 (1544 кбит/с) ағынын немесе 3 оралған жұп (стандарт ETSI -TS 101 135) бойынша Е1 (2048 кбит/с) ағынын тарату технологиясы. Бұл технологияда сызықтық 2B1Qкодалау әдісі немесе QAM модуляция әдісі қолданылады (QAM-B-QAM-256). HDSL технологиясы негізіндегі тарату жүйелері үлкен ұзындықты регенерациялау учаскісі бар (Рекомендация G.991.1); - SDSL (Symmetrical/Single Pair DSL) – HDSL нұсқасы, ол таратуда 1 «оралған» жұп қолданылатын өзекті технология қарастырылады. Пайдаланылатын жылдамдық – 128-нен 2320 кбит/с-қа дейін, сызықтық кодалау әдісі- 2B1Q. SDSL құрылғысы локальді желілерді телефондық сызықтар бойынша байланыстыру үшін қолданылады. 1 2 |