Главная страница

ЖДП 100 Бетон. Абсцесс кезінде оталы ем жргізуге не ажет A ірідікті ашу


Скачать 0.9 Mb.
НазваниеАбсцесс кезінде оталы ем жргізуге не ажет A ірідікті ашу
Дата19.12.2021
Размер0.9 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаЖДП 100 Бетон.docx
ТипДокументы
#309859
страница11 из 66
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66

A) алғашқы 6 сағатта

B) алғашқы 24 сағатта

C) екінші тәулікте

D) тыртықтану кезеңінде

E) жедел кезеңде

ANSWER: A

47 жастағы науқас соңғы 3 жыл бойы қыжылға шағымдалған, эндоскопиялық зерттеуде өңештің дистальды бөлігіннің шырышты қабатының 50% беткейін өзара жабысқан эрозиялар анықталды. Адекватты емду кестесін таңдаңыз:

A) прокинетиктер + гелдік антацидтер

B) протонды помпаның ингибиторы + прокинетиктер + мукоцитопротекторлар

C) прокинетиктер + цитостатиктер

D) хирургиялық ем (Ниссен бойынша фундопликация)

E) қыжыл кезінде гелдік антацидтер

ANSWER: B

48 жастағы әйел адам құлақ маңы безі аумағындағы түзілімнің болуына шағымданады. Соңғы 5-6 аптада ауызының құрғауы, көзінде бөгде дененің болуы сезімі, жарықтан қорқу, көзінде жастың болмауы, субфебрилитет, кезеңді полиартралгия пайда болды:

A) Шарпа синдромы

B) Фелти синдромы

C) Уиппл ауруы

D) Шегрен ауруы

E) Такаясу ауруы

ANSWER: D

48 жастағы әйел ұзақ уақыт қызбамен тексерілгенде жүрек қақпақшаларының вегетациясы анықталған. Тәуліктік диурез 1,2 л. Қанды бактериологиялық зерттегенде St. аureus табылды. Ампиокспен ем басталды көк тамырға (әсері жоқ). Қан анализінде: Нв – 98г/л, лейкоцит 12х10/л, ЭТЖ – 40 мм/сағ. Зәр анализі: С/Т – 1,018, белок – 1,066г/л, эритроцит 8-10, лейкоцит 10-12 к.а, лейкограмма – 50% лимфоциттер. Креатинин 150 мкмоль/л. СКФ 80 мл/минут. Зәрді бактериологиялық зерттегенде микрофлор анықталмады. Бүйректін бұзылысының варианттарын көрсетіңіз.

A) жедел гломерулонефрит;

B) бүйрек артериясының эмболиясы, бактериалды эмболмен;

C) жедел іріңді нефрит бактериемия фонында;

D) жедел интерстициалды нефрит, β-лактамды антибиотиктер қабылдағаннан;

E) жедел пиелонефрит.

ANSWER: A

50 жастағы әйел бала кезінде өкпе туберкулезімен ауырған: әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Сол жауырынаралық аймағында перкуссиялық дыбыстың қысқаруы, тыныстың әлсізденуі байқалады: жөтелгеннен кейін бірең-сараң ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгендік зерттеуде – сол бұғана астында 2х3 см домалақ пішінді интенсивтілігі орташа, контуры айқын емес, арасында ақшылданған бұрыс пішінді дағы және түбірге жалғасқан «жолы» бар көлеңке. Айналасында интенсивтілігі әртүрлі балалаған ошақтар анықталады. Бұл рентгенологиялық-клиникалық көріністер өкпе туберкулезінің келесі түріне сәйкес келеді:

A) өкпенің инфильтрациялық туберкулезі

B) біріншілік туберкулездік комплекс

C) ателектазбен асқынған кеуде іші лимфа түйіндерінің туберкулезі

D) өкпе туберкулезі

E) туберкулездік плеврит

ANSWER: A

50 жастағы науқас, әлсіздікке жүрек қағысы шағымдарымен аурухана түсті. Анамнезінде - алкоголді салынып ішкен. Қарғанда: арықтау, қолдарының треморі, ЖСЖ 92 мин., бірлі экстрасистолалар. Қанда: Нв- 70 г/л, эритроциттер 2,0∙1012/л, ТК- 1,2, лейк- 3,0∙109/л, тромбоциттер- 140∙109/л. Анемияның даму себебі не?

A) темір тапшылығы

B) гастромукопротеин тапшылығы

C) фолий қышқылының тапшылығы

D) эритропоэтин тапшылығы

E) тұз қышқылының тапшылығы

ANSWER: C

50 жастағы науқас, маскүнем, тістері ауыр кариеске шалдыққан. Екі аптадан бері әлсіздік, кеуденің оң жартысының ауырсынуы және қызба, іріңді қақырықпен жөтел пайда болған. Рентгенограммада – оң өкпенің төменгі бөлігінде диаметрі 3 см сұйықтыққа толған қуыс анықталды. Болжам диагноз:

A) өкпе туберкулезі

B) бронхоэктаздар

C) өкпе инфаркты

D) өкпенің рагы

E) абсцесс

ANSWER: E

51 жастағы әйел адам екі жыл бойы күйдірген сияқты, төс артының ауырсынуына және қышқылды кекіруге шағымдалады. Кейде түңгі уақытта жөтелгеннен оянады. Физикалды тексеруде сәл семіздік анықталған. Рентгенологиялық зерттеуде - асқазан жолдарының жоғарғы бөлімінде өңештің диафрагмаға өтетін өзегінде үлкен емес көлемдегі жарық (грыжa анықталды, асқазан және 12-елі ішек қалыпты. Осы жағдайда нені тағайындауға болады:

A) антацидтерді жиі енгізу

B) гистаминнің Н2 – блокаторларын

C) холинолитиктерді

D) протонды помпаның блокаторлары

E) прокинетиктер

ANSWER: E

51 жастағы әйелді оң жақ қабырға астында ұзаққа созылған ауырсыну мазалайды. Қарағанда сарғаю анықталмаған. Кера, Ортнер симптомдары оң мәнді, дене қызуы субфебрильді, гемограммада ЭТЖ-30 мм/сағ. Қандай ауру жайлы ойлауға болады?

A) созылмалы холецистит, өршу сатысы

B) созылмалы панкреатит, өршу сатысы

C) асқазан ойық жарасы, өршу сатысы

D) созылмалы гепатит, өршу сатысы

E) бауыр циррозы, декомпенсация сатысы

ANSWER: A

51 жастағы ер адам сарғаю және оң жақ қабырға астының ауырсынуымен қабылдау бөліміне жеткізілді. Анамнезінде диетаны бұзғанан кейін, оң жақ қабырға астының ауырсыну оқтын – оқтын қайталанып отарған, спазмолитиктерді қабалдағанда оң нәтиже берген. Алкогольді қолданады. Қанның биохимиялық анализінде: АЛТ – 0,46 микрокат/л, АСТ – 0,41 микрокат/л, жалпы билирубин – 100,3 мкмоль/л, тура – 88,7 мкмоль/л. Алғашқы диагноз:

A) холелитиаз, механикалық сарғаю

B) жедел алкогольды гепатит, холестазды түрі

C) алкогольды бауыр циррозы

D) біріншілік билиарлы бауыр циррозы

E) описторхоз

ANSWER: A

52 жастағы әйел адам майлы тағам қабылдағаннан кейін ішінің ауруы, құсу байқалған. Пальпациялауда эпигастрий аймағының ауырсынуы байқалады. Амбулаторлы ем қабылдағаннан кейін жағдайы жақсарды – ауырсыну сезімдері азайды. Құсу тоқтады. Лабораторлы зерттеулер нәтижесі қалыпты. Осы жағдайда аурудың соңы қандай болады.

A) Перитонит

B) Сауығу

C) Ұйқы безінде киста қалыптасу

D) Өлімділік

E) Малигнизация

ANSWER: B

52 жастағы К. атты науқас клиникаға қозғалыс кезінде оң жақ иық буындарының ауыратын шағыммен келді. 5 жыл бойы ауырады, ауру пайда болғанда қозғалыс кезінде аталған буында ауру мен сықыр пайда болған. НПВС-пен емделгенде бұл жағдайлар азайған. 1 жылдан соң ауру қайтадан пайда болған. Буынның сырт көлемі өзгермеген, жергілікті дене қызуы байқалмайды. Пальпацияда буын ауырады. ҚЖА эр 4,6 х1012 /л, лейк 7,6 х109/л, НВ 135 г\л, СОЭ 15 сағ/мм, РФ (-), СРБ (+). Оң жақ иық буыны рентгенограммасында - буын саңылауларының тарылу, субхондральді остеосклероз, шекті остеофиттер байқалады. Клиникалық диагнозын қойыңыз.

A) Оң жақ иық буынының остеоартрозы, II деңгей , ФА 0.

B) Оң жақ иық буынының остеоартрозы, II деңгей , ФА I.

C) Оң жақ иық буынының остеоартрозы, II деңгей , ФА II.

D) Оң жақ иық буынының остеоартрозы, IV деңгей , ФА III.

E) Оң жақ иық буынының остеоартрозы, IV деңгей , ФА III.

ANSWER: A

54 жастағы науқас әйел адам ішінің жоғарғы бөлігінің ауырсынуына, жүрек айнуына, жеңілдік әкелмейтін құсуға, метеоризмге, тәуілігіне түсі майлы жылтыр 3-4 рет іш өтуіне шағымдалып ауруханаға түсті. Нәжіс анализінде- эластаза-1 – 100 мкг/г. Қан анализі өзгеріссіз. Ультрадыбысты зерттеуде: өт жолдарының тығыздалып, қалыңдауы, ішінде замазкотәріздес өт бар, ұйқы безінің паренхимасының існуі және диффузды өзгерістері байқалады. Осы жағдайда ең адекватты емдеу кестесін таңдаңыз:

A) ұйқы бездерінің ферменттері

B) ферменттер + протонды помпаның ингибиторлары + урсодезоксихолий қышқылы

C) ұйқы бездерінің ферменттері + протиолитикалы ферменттердің ингибиторлары

D) протонды помпаның ингибиторлары + урсодезоксихолий қышқылы

E) протонды помпаның ингибиторлары + дисбиоз корректорлары

ANSWER: B

54 жстағы науқас әйел адам ішінің жоғарғы бөлігінің ауырсынуына, жүрек айнуына, жеңілдік әкелмейтін құсуға, метеоризмге, тәуілігіне түсі майлы жылтыр 3-4 рет іш өтуіне шағымдалып ауруханаға түсті. Нәжіс анализінде- эластаза-1 – 100 мкг/г. Қан анализі өзгеріссіз. Ультрадыбысты зерттеуде: өт жолдарының тығыздалып, қалыңдауы, ішінде замазкотәріздес өт бар, ұйқы безінің паренхимасының існуі және диффузды өзгерістері байқалады. Осы жағдайда ең адекватты емдеу кестесін таңдаңыз:

A) Ұйқы бездерінің ферменттері

B) Ферменттер + протонды помпаның ингибиторлары+урсодезоксихолий қышқылы

C) Ұйқы бездерінің ферменттері + протиолитикалы ферменттердің ингибиторлары

D) Протонды помпаның ингибиторлары +урсодезоксихолий қышқылы

E) Протонды помпаның ингибиторлары + дисбиоз корректорлары

ANSWER: B

55 жастағы әйел бірнеше жылдан бері аяқ тамырларының варикозды кеңеюімен ауырады. Физикалық күштемемен айқын байланысы жоқ, нитраттармен басылатын, төс артындағы күйдірген, ауыру сезіміне шағымданады. Кезеңді түрде артериялық қан қысымы 160/90 мм б.б.жоғарылайды. ЭКГ-да арнайы өзгеріс жоқ. Диагнозды нақтылау үшін тиімді әдіс:

A) тредмил – сынамасы

B) велоэргометрия

C) калиймен дәрілік сынама

D) обзиданмен дәрілік сынама

E) Холтер әдісімен ЭКГ ны тәуліктік мониторлау

ANSWER: E

56 жастағы артериялық гипертензиямен ауыратын әйел, изокет-спрейге басылмайтын кеуде артындағы басып ауыру сезіміне шағымданады. Қарағанда: жүрек үндері бәсеңдеген, ырғағы дұры ЖСЖ – 98 рет мин. АҚ – 110/70 мм б.б. ЭКГ– V2-V6 кеуде тіркемелерінде ST сегментінің депрессиясы. Миокард инфарктына күдік туған. Зерттеу жоспарына мынаны анықтауды енгізген тиімді:

A) тропониндерді

B) трансаминазаны

C) гипергомоцистейнді

D) С-реактивті белокты

E) жүрекшелік натрийуретикалық пептидті

ANSWER: A

56 жастағы әйел адам көздеріндігі «құм» сезімінің болуына және ауыз құрғауына шағымдалады. Об-ті: тістің көптеген жегісі (кариетер), көзінің және ауыздың шырышты қабатының айқын құрғақтылығы байқалады, құлақ маңы және оң жақ сілекей бездері ұлғайған. Ширмер және бенгаль қызқылтпен жүргізілген сынамалары оң. Антинуклеарлы антиденелер титрі 1:256. Мүмкін болатын диагноз?

A) Рейно синдромы

B) Такаясу ауруы

C) Шегрен ауруы

D) жүйелі склеродермия

E) ЖҚЖ

ANSWER: C

56 жастағы әйелде жалпы қарағанда саусақаралық буындар ісінген, қозғалысы ауырсынумен шектелген. Қан анализінде: гипохромды анемия, ЭТЖ жоғарылауы, лейкоцитоз, диспротениемия, фибриноген жоғарылауы, серомукоид, гаптоглобин, сиал қышқылының жоғарылауы анықталған. Иммунологиялық зерттеуде: ревматоидты фактор анықталған, Ваалер-Роз реакциясы 1:32 титрінде оң мәнді, латекс-тест-1:20. Буын рентгенограммасында: буын маңы эпифизарлы остеопорозы, буын саңылауларының тарылуы, жиектік эрозия байқалады. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

A) ревматизмдік артрит

B) ревматоидты полиартрит

C) деформациялық остеоартроз

D) Бехтеров ауруы

E) подагралық артрит

ANSWER: B

56 жастағы әйел тамақ қабылдағаннан кейін кеуде артындағы ауырсыну мен қыжылдауға шағымданады; ауырсыну қатты еңкейгенде және қатты қысатын белдік таққанда пайда болады. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

A) кардия ахалазиясының

B) өңеш дискинезиясының

C) өңештің пептикалық жарасының

D) гастроэзофагеалды рефлюкс ауруының

E) көкеттің өңештік тесігінің жарығының

ANSWER: D

57 жасар науқас жыл бойы айына 1-2 рет таңертең кеуде арты қысылумен сипатталатын ауырсыну болады, сол жақ жауырынға берілетін ауырсыну болады, нитроглециринді қабылдаған соң жарты сағатта қайтады, ұстама кезінде холтерлік мониторирлеуде SТ бөліктерінің келесі күні 8 мм v2-v5 жоғарлауы. Науқаста қандай патология?

A) 4-ші функционалды класстың тұрақты стенокардиясы

B) миокард инфарктісі

C) миокардтың ишемиялық дистрофиясы

D) нұсқалы стенокардия

E) прогресшіл стенокардия

ANSWER: D

58 жас науқас әйел, дәрігерге дене ыстығының жоғарлауына, тершеңдікке, жалпы әлсіздікпен шағымдалып қаралған. Қарағанда: бұғана асты, қолтық асты лимфо түйіндері ұлғайған, ауырсынусыз қозғалады, айқын емес спленомегалия. Қанда: Нв-80 г/л, лейк-72х109/л, тр-110х 109/л, формулада-лимфоцитоз 79%. Дұры диагнозды тандаңыз.

A) созылмалы миелолейкоз

B) жедел лейкоз

C) созылмалы лимфолейкоз

D) сейкемоидты реакция

E) идиопатты миелофиброз.

ANSWER: C

60 жастағы әйел шөлдеуге, полиурияға, арықтауға, ішінің ауырсынуына, түнгі мезгілдегі тершеңдікке шағымданады. Қарағанда: АҚҚ 185/105 мм.с.б.б. 10 мг тропафен енгізгеннен кейін АҚҚ 70/40 мм.с.б. төмендеді. Тексергенде: тәуліктік экскреция вмқ (ванилилминдальді қышқыл) зәрде - 50 мкмоль/л (норма 2,5-3,8). Болжамды диагноз?

A) феохромоцитома.

B) климактериялық невроз;

C) Иценко-Кушинг ауруы;

D) Иценко – Кушинг синдромы;

E) вегето-тамырлық дистония.

ANSWER: A

60 жастағы ер адам 4 сағ. бұрын басталған жедел миокард инфарктісімен интенсивті терапия бөліміне жеткізілді. ЭКГ –қарыншалық қысқа тахикардия жиілігінің өсуі. Аса тиімді тағайындаманы көрсетіңіз:

A) Амиодарон

B) Флеканид

C) Лидокаин

D) Хинидин

E) Верапамил

ANSWER: C

60-жастағы науқас әйел сол жағындағы жамбас, тізе буындарының ауырсыну сезіміне шағымданады. Қарағанда: тізе буындары үлкейген, қызарған, ыстық, қимылы ауырсынумен шектелген. Қол ұшының дистальды фалангааралық буындары деформацияланған, Геберден түйіндері бар. Қанда: лейк.-10 мың, ЭТЖ -30мм/сағ. Несепте микроскопиялық тексергенде лейкоцитурия. Болжам диагноз:

A) ревматизм

B) ревматоидты артрит

C) остеоартроз

D) подагра

E) Рейтер ауруы

ANSWER: C

60 жастағы науқас, шынтағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Жүрек ауыруын емдеген кезде диуретиктер мен гепарин қабылдаған. Қарап тексергенде: гиперемия, шынтақ буындарының аймағында ісіну, осы буын қозғалысының шектелуі, үрме бұршақ сияқты тығыз түйіндер. Жүрек тондары тұйықталған, жыбыр аритмиясы. ЖСЖ- 100 рет минутына. ЖҚА: эритроциттер - 4,2 млн. Нв-150 г/л, лейкоциттер-10 мың. ЭТЖ-2мм/сағ. ЖЗА: сал. тығыздық-1020, лейкоциттер 4 - 5 к/а., эритроциттер 6 - 8 к/а. Ураттар +++. Диагнозды дәлелдейтін зерттеу:

A) қабынудың жедел фазалы көрсеткіштерін анықтау

B) зәр қышқылының деңгейін анықтау

C) Ваалер-Роуз реакциясын

D) креатинин деңгейін анықтау

E) синовиальды сұйықтықты бактериологиялық зерттеу.

ANSWER: B

60 жастағы ӨСОА-мен ауыратын науқаста аздаған физикалық жүктемеден кейінгі ентігу, аз мөлшердегі қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі, бөлінетін зәр көлемінің азаюы байқалады. Объективті: акроцианоз, мойын веналарының ісінуі, эпигастрий аймағындағы пульсация, өкпе артериясында ІІ үннің акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісінулер. Науқастың ЭКГ-да анықталатын белгісі:

A) қарыншаішілік бөгемелер

B) солжақ қарынша гипертрофиясы

C) солжақ жүрекше гипертрофиясы

D) оң жақ қарынша гипертрофиясы

E) Гис шоғырының сол жақ аяқшасының бөгемесі

ANSWER: D

62 - жастағы ер адам, 2 жылдан бері созылмалы гломерулонефритпен ауырады. Шағымдары: айқын әлсіздік, жүрек айну, бас ауы ру, терінің қышынуы, көрудің төмендеуі, айқын ісінулер, анурия. Қарап тексергенде: тыныс беткей, дұрыс еме ЖЖЖ – 125 рет минутына, АҚ – 160/85 мм б.б. Соққылау симптомы екі жақта да айқын оң. ЖҚА: зәрі – 40 ммоль/л, креатинин – 1350 мкмоль/л, калий – 8,7 ммоль/л. ЖЗА: катетер арқылы алынған, салыстырмалы тығыздығы – 1010, белок – 15,0 г/л, лейк – 3-5 к/A) Төменде көрсетілгендердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?

A) гемодиализ жүргізу

B) гемосорбция тағайындау

C) антибиотик тағайындау

D) антикоагулянттарды тағайындау

E) перитонеальді диализді жасау

ANSWER: A

62 жастағы науқаста орташа дәрежелі ауырлықтағы бронх демікпесінің өршу фонында инфаркттан кейінгі кардиосклероз, қарыншалық экстрасистолия. Науқасқа мүмкіндігінше қандай базисті ем қолданасыз?

A) теотард + симвастатин

B) атровент+ атенолол

C) сальметерол+ тромбоасс

D) флютиказон+ верапамил

E) преднизолон

ANSWER: D

62 жастағы науқасты эпигастрий аймағындағы ауырсыну, қышқыл кекіру метеоризм, іш-қату мен іш-өтуінің кезектесуі мазалайды. Объективті: тері жабындыларының бозаруы, құрғақ тері, тырнақ сынғыштығы көрінеді. Сіздің әрекетіңіз.

A) Сорбифер+алмагель+гепабене

B) Домперидон+креон+бифидум бактерин

C) Циметидин+панзинорм+но-шпа

D) Цизаприд+алмагель+хилак форте

E) Табиғи асқазан сөлі+ панзинорм+мильгамма

ANSWER: E

64 жастағы әйел, асқазанның ойық жара ауруымен ауырады, эпигастрий аймағындағы ауырлық сезім және тұрақты тұйық ауыру сезімі, біртіндеп күшейетін әлсіздік, тәбетінің болмауына шағымданады. Рентгенде: асқазанның кіші иінінің үштен бір бөлігінде диаметрі 1,5х0,8 жара анықталды. Жараға қарсы емделгеннен кейін жара көлемі екі есе ұлғайып, ауыру сезімі басылмады. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

A) асқазан полипінің

B) Менетрие ауруының

C) асқазанның жаралы қатерлі ісігінің

D) асқазан ойық жарасының

E) асқазан ойық жарасының пенетрациясының

ANSWER: C

64 жастағы науқасқа остеоартроз диагнозы қойылды. Диагнозды нақтылау үшін қандай диагностикалық зерттеу әдісі қажет?

A) СРБ анықтау

B) буындардың рентгенографиясы

C) синовиалды сұйықтықтың анализі

D) ревматоидты факторды анықтау

E) қандағы зәр қышқылын анықтау

ANSWER: B

65 жастағы ер адамда денесінің ісінуі, артериалді гипертензиямен байқалатын диабеттік нефропатия байқалған. Диабеттік нефропатиядағы лабораторлы өзгерістерді көрсетініз:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   66


написать администратору сайта