ЖДП 100 Бетон. Абсцесс кезінде оталы ем жргізуге не ажет A ірідікті ашу
Скачать 0.9 Mb.
|
A) экзогенді инсулиннің әсерін ынталандыру B) инсулиндік рецепторлардың санын арттыру C) инсулиндік рецепторлардың сезімталдығын төмендету D) перифериялық тіндердің глюкозаны пайдалануын жоғарылату E) Лангерганс аралшықтарының бета-жасушаларының қызметін ынталандыру ANSWER: D Дәрігерге 27 жастағы әйел адам жұтыну кезіндегі сұйық, суық немесе ыстық тағамнан кейінгі жағымсыз сезімдердің пайда болуына, ал қою тағамның жақсы өтетініне шағымданып келді. Науқасты сұрастыру кезінде, бұл шағымдар жұмысының жайсыздығына байланысты 1 жыл бұрын пайда болған. Соңғы 2 ай ішінде бұл сезімдер шаршау кезінде және қобалжу кезінде күшейеді. Тәбеті төмендеген, салмағы қалыпты қарап тексеруде патология анықталмаған. Сіздің болжам диагнозыңыз. A) Созылмалы эзофагит B) өңештің пептитті жарасы C) Өңештің төменгі бөлігінің дивертикулы D) Гастроэзофагеальды –рефлюксті ауру E) Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы ANSWER: D Дәрігерге 28 жастағы науқас физикалық жүктеме кезінде ентігу сезімдеріне, жүрек аймағында ауырсыну сезімдеріне жүрек қызметінің бұзылуына шағым түсіріп келді. Анамнезінен: бала кезінен жүрек ауруымен ауыратындығы анықталды. Ауыскультацияда 1 тон жүрек ұшында әлсіреген, өкпе бағанының тұсында 2 тон акценті байқалады, жүрек ұшында систололық шу, 1 тонның иррадициясы қолтық асты аймағына беріледі. АҚҚ – 130/80 мм с.б.б. ЖСЖ – 76 рет/минутына. Жүрек ақауын анықтаңыз? A) Аорталық стеноз B) Аорталық жеткіліксіздік C) Митральды стеноз D) Митральді жеткіліксіздік E) Үшжармалы клапан стенозы ANSWER: D Дәрігерге 63 жастағы М. науқас келді. ЖИА. Инфарктан кейінгі кардиосклероз. Жыпылық аритмиясы, тахисистолалық түрі, артериялық гипертензия 3 дәрежелі, қауіп 4, ҚЖ ІІБ диагнозымен есепте бақыланып жүр. Соңғы 2 апта бойы жалпы жағдайы нашарлауына шағым түсіреді. Дәрі-дәрмек үнемі қабылдайды. АҚ -150/90 мм с.б. ЖЖ – 54 рет. ЭКГ: PQ 0,26 c, QRS деформеленген, ST тісшесінің изоэлектрлік сызықтан ауытқығаны байқалады, топтық қарыншалық экстрасистололар байқалады. Науқастың жағдайының нашарлауын бағалаңыз. A) Гипертоникалық криз B) Гликоздті интоксикация C) Қайталанған инфаркт миокардісі D) Декомпенсацияланған жүрек жетіспеушілігі E) Ми қан айналымының бұзылуына ауысуы ANSWER: B Дәрігердің қабылдауында 45 жастағы ер адам аузының құрғауына, шөлдеуіне, терісінің қышуына, 1 жылдан бері дене салмағының 7-8 кг төмендеуіне шағымданады. Анамнезінде: 1 жыл алдын созылмалы панкреатитпен емделген. Қарағанда: бойы-172см, салмағы-75кг. АҚҚ-130/80мм с.б. Тексергенде: қандағы глюкоза -12,1ммоль\л, зәрдегі глюкоза-+++. Науқасқа сульфанилмочевина топтағы дәрілер ұсынылды: A) глюкофаж B) диабетон C) глюконил D) бисопролол E) панкрим ANSWER: B Д. науқас, 38 жаста белгісіз анемиямен аурухана түсті. Қанда: Нв- 42 г/л, ретикулоцитоз 90%0, лейкоциттер-7,8•109/л, тромбоциттер-360•109/л. Болжам диагноз? A) апластикалық анемия B) тиреопривті анемия C) миелодиспластикалық синдром D) гемолитикалық анемия E) идиопатты миелофиброз ANSWER: D Егер науқас сол жақ бел аймағының ауырсынуына, дене температурасының көтерілуіне, дизурияға шағымданса, ең алғаш қай диагноз туралы ойлайсыз? A) пиелонефрит B) амилоидоз C) жедел гломерулонефрит D) созылмалы гломерулонефрит E) бүйрек шамасыздығы ANSWER: A Егер науқаста жіті миокард инфарктісінің 4-ші аптасында кеуде артында интенсивті қысып ауырсыну, ЭКГ болымсыз динамикасы және тағыда АСТ, АЛТ, КФК-МВ активтілігі пайда болса аурудың нашарлауын қалай квалификациялау қажет: A) ӨАТЭ B) миокард инфарктісінің қайталануы C) қайталамалы миокард инфарктісі D) Дресслер синдромының дамуы E) нұсқаулы стенокардия ANSWER: B Әдетте подагралық артрит қандай буыннан басталады? A) жамбас - сан B) тізе C) 1-ші табан-фалангалық D) білезік E) иық ANSWER: C Әйел адам 34 жаста, жүктіліктің 19─20 аптасы, дене салмағы жоғары, қалқанша безі 1-ші дәр, тығыз. Терісі құрғақ, тілі ісіген. Пульс─64 рет минутына,іші қату белгілері де бар. Қандағы ТТГ деңгейі жоғары, Т4 және ТГ антиденелері төмендеген. Қалқанша бездің УДЗ-і бойынша: гипоплазия. Науқаста қандай диагноз? A) Бірінші дәрежелі диффузды токсикалық зоб B) Аутоиммунды тиреоидит,гипертрофикалық түрі C) Біріншілік гипотиреоз D) Эндемиалық зоб 1 дәреже E) Аутоиммунды тиреоидит,хаси─токсикоз ANSWER: C Әйел адам, дене ыстығының 390 қызбаға, ми қан айналымының бұзылуы шағымдарымен ауруханаға түскен. Соңғы 2 ай бойы қалтыраумен жүретін, дене ыстығының 390 дейін жоғарлағаның анықтаған. Тісінің экстракциясымен байланыстырады. Қарағанда: терісі, шырышты қабаттары сарғыш түсті аяқтарында нүктелі геморрагиялық бөртпелер. Тахикардия, экстрасистолия. ЭхоКС- та – қолқа қақпақшасында вегетациялар. Мүмкін болатын диагноз: A) жедел лейкоз B) ЖҚЖ C) лимфогранулематоз D) созылмалы лимфолейкоз E) инфекционды эндокардит ANSWER: E Ер адам 26 жаста, дене қызуының бірнеше күн бойы 38,5о-қа дейін жоғарлауына, басының ауруына, жалпы әлсіздікке, тізе және тобық буындарындағы «қатты ауырсынуға», аяқтарының тырысып қалуына шағымданды. Жалпы қан анализі бойынша: лейкоциттер – 3,4 мың, лимфоциттер – 42%, ЭТЖ – 30 мм/сағ. Рентген сурет бойынша екі жақ тізе буынындада субхондральды пластинкалардың тығыздалуы. Емдеу әрекеті қандай: A) ампициллин B) цефазолин C) цефтриаксон D) метронидазол E) ципрофлоксацин ANSWER: E Ер адам, 35 жаста, стресстен кейін тердің көп бөлінуі, мазасыздық, дене салмағының азаюына шағымданады. Объективті: бойы – 170 см, салмағы – 55 кг. Терінің айқын гипергидрозы, қолдарын созғанда саусақтардың треморы. Жүрек шекаралары солға ығысқан, үндері күшейген, жүрек ұшында систолалық шуыл естіледі, ЖЖЖ - 150 рет мин, АҚҚ - 140/70 мм с.б.б. Қалқанша безі ұлғайған, 2 дәрежелі. ЖҚА өзгеріссіз. Негізгі зат алмасу 20% жоғарылаған. Ашқарынға гликемия - 6,3 ммоль/л. Холестерин - 7,0 ммоль/л. Зерттеу әдісін корсетiңiз? A) ЭХОКГ B) қалқанша бездің УДЗ C) АҚҚ тәуліктік мониторингі D) гликозилирленген гемоглобинді зерттеу E) компьютерлік томография ANSWER: B Ер адам, 35 жаста, стресстен кейін тердің көп бөлінуі, мазасыздық, дене салмағының азаюына шағымданады. Объективті: бойы – 170 см, салмағы – 55 кг. Терінің айқын гипергидрозы, қолдарын созғанда саусақтардың треморы. Жүрек шекаралары солға ығысқан, үндері күшейген, жүрек ұшында систолалық шуыл естіледі, ЖЖЖ - 150 рет мин, АҚҚ - 140/70 мм с.б.б. Қалқанша безі ұлғайған, 2 дәрежелі. ЖҚА өзгеріссіз. Негізгі зат алмасу 20% жоғарылаған. Ашқарынға гликемия - 6,3 ммоль/л. Холестерин - 7,0 ммоль/л. Зерттеу әдісін көрсетiңiз? A) ЭХОКГ B) АҚҚ тәуліктік мониторингі C) қалқанша безінің пункциясы D) Т3, Т4, тиреотропты гормондарды зерттеу E) гликозилирленген гемоглобинді зерттеу ANSWER: D Ерекше варианттық Принцметал стенокардиясының себептеріне жатады: A) тәждік артериялардың майда тармақтарының атеросклеротикалық зақымдалуы B) тәждік ірі артериялардың күшті спазмы C) тәждік ұсақ артериялардың спазмы D) тәждік артериялардың тромбозы E) қан айналым бұзылысы ANSWER: B Жалпы маман дәрігері 48 жастағы әйелді қарады, іштің жоғарғы бөлігінен арқаға иррадиациясымен қатты ауырсынуға, жиі құсуға, арықтауға, мерзімше іш өтуге шағымданады. Анамнезінен белгілі, өт-тасты ауруымен ауырады. Қарағанда тері жамылғысы қалыпты түсті, дене қызуы 36,7 С, АҚ 100/60 мм.с.б. Тілі ылғалды. Іші кішкене үрленген, пальпациялағанда эпигастрий аумағында және сол жақ қабырға астында ауырсыну сезімі, перитонеальді симптомдары болымсыз. Аталған жағдайлардың қайсысы науқаста болуы мүмкін? A) жіті панкреатит B) холангит C) вирусты гепатит D) асқазанның ойық жарасы E) өт шығару жолдарының дискинезиясы ANSWER: A Жедел бронхиттің түрлері A) катаральді B) фибринозды C) геморрагиялық D) некротикалық E) барлығы ANSWER: E Жедел бүйрек шамасыздығына тән емес симптом: A) жедел басталуы B) олигурия C) гиперкалиемия D) бүйрек көлемінің кішіреюі E) дизурия ANSWER: D Жедел гломерулонефрит кезінде симптомдар триадасы: A) гематурия, ісіну, гипертония B) пиурия, бактериурия, гипертония C) гематурия, , ісіну D) лейкоцитурия, цилиндрурия, ісіну E) цилиндрурия, ісіну, бактериурия ANSWER: A Жедел миокард инфарктісімен науқастарда жүрек ырғағының қарыншалық бұзылыстарын басу үшін таңдау препаратын көрсетіңіз: A) амиодарон B) лидокаин C) хинидин D) верапамил E) дилтиазем ANSWER: B Жедел миокард инфарктымен ауырған науқаста кеуде қуысында ауыру сезімі пайда болды, дене қызуы көтерілді, перикард үйкелу шуы естіледі, ЭТЖ жоғарылаған, ЭКГ өзгерістерінің динамикасында айтарлықтай ерекшеліктер жоқ. Сіздің диагнозыңыз? A) зақымданған миокард көлемінің ұлғаюы B) идиопатиялық перикардит C) Дресслер синдром D) миокард жарылуы E) жүрек хордаларының үзілуі ANSWER: C Жедел сол жақ қарынша жеткіліксіздігі кезінде қандай диуретикке жоғары баға бересіз: A) диакарб B) маннитол C) фуросемид D) верошпирон E) гигротон ANSWER: B Жедел трансмуральды миокард инфарктісімен науқаста 20 күннен кейін тыныс алумен байланысты төс артында интенсивті ауырсыну, дене қызуының жоғарлауы, кенет әлсіздік, тершеңдік пайда болды. Жүрек тондары әлсіреген, жүректің абсолютті шекарасында перикардтың үйкеліс шуы естіледі. Жедел миокард инфарктісінің осы асқынуында қандай препараты қолданған жөн? A) кең спектрлі антибиотиктер B) стероидты емес қабынуға қарсы препараттар C) кальций антагонистері D) АФАТ (АПФ) ингибиторлары E) антикоагулянттар ANSWER: B Жергілікті дәрігерге 26 жастағы науқас қаралды. Шағымдары тамағының ауырсынуы, жөтел, тәбетінің төмендеуі. Қарағанда -миндалиндаердің гиперплазиясы, мойын лимфотүйіндері ұлғайған. Қанда: Нв-100 г/л, эр-4,2∙109/л, лейк-15∙109/л, тр-120∙109/л, ЭШЖ – 25 мм/сағ, формула: эоз-1%, п/я-3%, с/я-60%, лимф-24%, моноциттер- 8%, бластты жасушалар- 4%. Дұрыс тактиканы таңдаңыз: A) антибактериалды ем жүргізу жіне қайтадан тексеру B) оториноларингологтың консультациясы C) лимфотүйіндерінен биопсия алу D) гематологқа жіберу E) қан анализін қайтадан алу ANSWER: D ЖИА диагнозымен бақыланатын науқас М. 68 жаста отбасылық дәрігерге өзінің ахуалының нашарлауына байланысты шағымданды. Инфарктанкейінгі кардисклероз. Артериялық гипертензия II, IV қаупі. НКIIБ. Әлсіздікке, бас ауруына, жүрек айнуына, ішінің оқтын-оқтын ауыруына, көз алдында екеуленуіне шағымданады. Дәріні жүйелі қабылдайды. АҚ 150/90 мм с.б., ЖЖЖ 1 мин 50 рет. ЭКГ: PQ аралығы 0,24 с, QRS комплексі деформирленген, бүкіл бөліктерінде «астау тәрізді» ST интервалы изоэлектрикалық сызығынан төмен жылжууы, қарынша экстрасистолиясы бигемия типі бойынша. Науқастың жағдайын нашарлатқан себебі: A) гипертониялық криз B) жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсациясы C) гликозидті интоксикация D) қайталмалы миокард инфарктісі E) мидың қан айналымы ауыспалы бұзылысы ANSWER: C Жүкті әйелдердің диффузды токсикалық жемсауында төмендегі препараттардың қайсысы қолданылады: A) Мерказолил B) Пропилтиоурацил C) Тирозол D) Левотироксин E) Калий йодиді ANSWER: B Жүрек және бүйрек ісіктері кезіндегі тұрақты түрде жүргізілетін терапияның жалпы емдеу принциптерін анықтаңыз: A) Бүйрек перфузиясын жақсарту B) Жүрек лақтырысын төмендету C) Осмотикалық диуретиктерді өолдану D) Біріншілік гиперальдостеронизмді қолдану E) Қандағы плазманың онкотикалық қысымын жоғарлату ANSWER: A Жүрек жеткіліксіздігімен негізделген тахикардияны жоюға арналған таңдау препараты: A) верапамил B) допутамил C) дигоксин D) пропранолол E) дилтиазем ANSWER: C Жүрек соғу санына қарай жыбыр аритмияны мына төмендегі түрлерге бөледі: A) нормосистолиялық, тахисистолиялық, брадисистолиялық B) нормосистолиялық, пароксизмдік, брадисистолиялық C) нормосистолиялық, тахисистолиялық., пароксизмдік D) пароксизмдік, тахисистолиялық., брадисистолиялық E) өтпелі, пароксизмдік, брадисистолиялық ANSWER: A Жүрекшелер жыбырының ЭКГ-белгілері: A) Р-тісшесінің жоқтығы, Р-тісшенің қос өркештенуі, РQ аралығының ұзаруы B) Q -тісшесінің пайда болуы, f толқындарының болуы, R-R аралықтарының әртүрлілігі C) Р-тісшесінің жоқтығы, f толқындарының болуы, R-R аралықтарының әртүрлілігі D) QRS комплексінің деформациясы, f толқындарының болуы, R-R аралықтарының әртүрлілігі E) Р-тісшесінің жоқтығы, РQ аралығының ұзаруы, R-R аралықтарының әртүрлілігі ANSWER: C И. атты 74 жастағы науқас тыныс алумен байланыссыз, үдемелі ұстамалы төс артының қысып ауруына шағымданады. Нитроглицерин көмектеспейді. Қандай зерттеуді шұғыл жүргізу КЕРЕК? A) ЭКГ, тропонин Т-ны B) Tl201сцинтиграфияны C) ЭхоКГ добутаминмен D) ЭКГ физикалық күштемемен E) тәуліктік ЭКГ мониторлау ANSWER: A Идиопатиялық тромбоцитопенияның патогенезі немен байланысты? A) Тромбоцит түзілуінің жеткіліксіздігімен B) Тромбоциттердің жұмсалынуының жоғарлауымен C) Тромбоциттердің антиденемен бұзылуымен D) тромбоцитопоэтин түзілуінің механикалық бұзылысымен E) Көкбауыр ұлғаюының салдарынан пайда болатын тромбоциттердің механикалық бұзылысымен ANSWER: C Инсулинтерапияның асқынулары: A) глюкозурия B) гипергликемия C) липодистрофия D) тромбоцитопения E) трансаминазалардың жоғарылауы ANSWER: C ІІ дәрежелі атриовентрикулалық блокаданың ІІ типіндегі (Мобитц ІІ тип) ЭКГ көрінісі: A) PQ аралығының 0,20с артық ұзаруымен бірге Р тісшенің 0,11с артық кеңеюі B) PQ аралығының ұзаруы біркелкі, қарыншалық комплекстердің деформацияланып, бірқатарының түсіп қалуы C) PQ аралығының біртіндеп ұзаруы, қарыншалық комплекстердің пішінінің бұзылмауы D) RS комплексінің деформациялануы, барлық тісшелердің вольтажының төмендеуі E) QRS комплексінің деформациялануы, S-T сегментінің биіктеуі ANSWER: B Ірі тәждік артериялардың жергілікті стенозында стенокардияның еміндегі оптимальді әдіс болып табылады: A) консервативті ем нитраттармен B) консервативті ем β-адреноблокаторлармен C) транслюминальді ангиопластика D) аорта коронарлық шунттау E) консервативті ем кальций антогонистерімен ANSWER: C Қабылдауға 35 жастағы науқас келді. Гипохромды микроцитарлы анемия диагнозымен Д-тіркеуде тұрады. Анамнезінде 7 жыл бойы созылмалы энтерит. Ранферон қабылдағаннан кейін жүрек айнуға, құсуға, эпигастрии аймағындағы қолайсыз сезімге шағымданады. Науқасты емдеу тактикасын таңда: A) Емге церукал қосу B) Эритроцитарлы масса құю C) Ранферон мөлшерін төмендету D) Темір препараттарын парентеральды E) басқа темір препараттарын тағайындау peros ANSWER: D Қабылдауда 45 жастағы науқас кіндік маңындағы ауырсынуға, ішінің кебуіне, іш қату кейде оның іш қтумен аралас болуына, сұйық нәжістің күніне 4-5 ретке дейін болуына, әлсіздік, бас айналуға шағымданып келді. Соңғы 1,5 жылда 9кг-ға арыған. АҚҚ 100/60 мм.с.б.б., ЖСЖ 60 рет минутына. Пальпация кезінде іші жұмсақ, кіндік маңында ауырсыну. Нәжісі көп, көпіршікті. Диагноз қойыңыз: A) Арнайы емес жаралы колит, созылмалы қайталамалы түрі B) Крон ауруы, жіңішке ішектің зақымдануымен C) Созылмалы энтероколит, жіңішке ішектің зақымдануымен D) Созылмалы энтероколит, тоқ ішектің зақымдануымен E) Тоқ ішектің қатерлі ісігі ANSWER: C Қабылдауда 47 жастағы науқас жалпы әлсіздікке және жүрек соғуының жиілеуіне шағымданады.Созылмалы маскүнемділікпен наркодиспансерде Д-есепте тұрады. Қараған кезде тәбеті төмендеген, қол басының дірілі байқалады. АҚҚ 145/95 мм.с.б.б. ЖСЖ 96 рет минутына. ЖҚА: Нв- 72 г/л, эритроциттер 2,1∙1012/л, ТК-1,2, лейкоциттер - 3,2∙109/л, тромбоциттер- 138∙109/л. Анемияның даму себебін анықтаңыз: A) Темір жетіспеушілігі B) глютена жетіспеушілігі C) эритропоэтин жетіспеушілігі D) фоли қышқылының жетіспеушілігі E) гастромукопротеин жетіспеушілігі ANSWER: D Қабылдауда 55 жастағы науқас, ол ЖИА, атеросклеротикалық кардиосклероз, СЖЖ ФК2 диагнозымен Д-есепте тұрады. Анамнез бойынша: стенокардия ұстамалары. ЭхоКГ-да сол жақ қарыншаның диастолалық бұзылысы анықталды. Жүректің функциональдық қызметін жаұсартуда қандай дәріні қолдануға болады? A) Ілмекті диуретиктер B) жүрек гликозидтері C) альдостерон антагонистері D) селективті бета-блокаторлар |