|
ммм. АРД Әбдіқайр Самат. адамны репродуктивтік денсаулыЫ модулінен алыпты физиология бойынша
«АДАМНЫҢ РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҒЫ» МОДУЛІНЕН
«ҚАЛЫПТЫ ФИЗИОЛОГИЯ» БОЙЫНША «АДАМНЫҢ РЕПРОДУКТИВТІ ЖҮЙЕСІНІҢ ФИЗИОЛОГИЯСЫ, ЖАСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ
ПРАКТИКАЛЫҚ САҚБАҚҚА ЖӘНЕ БОӨЖ АРНАЛҒАН ТАРСЫРМАЛАР
ХАТТАМАЛАРЫН ТОЛТЫРУ:
Әбдіқайр Самат
ЖМ21-27
№1 тапсырма. «Адамның жыныстық жетілу кезеңдері» кестесін толтыру.
№
| Кезеңдері
| фазалары және жас кезеңдері
| Кезеңдердің сипаттамасы
| I.
|
Пубертат
|
Балалық фаза (препубертатты фаза) - жыныс жетілу алдындағы 2-3 жыл мерзімді жатқызады. Ұл бала 10 жас, қыздар 8 жас. Бейтарап фаза (меншікті пубертатты кезең) ұлдар 10-14жас, қыздар 9-12жас Ересек (постпубертатты кезең) – ер бала 14-тен 18-ге дейін, бойжеткен орташа 13- тен 16 жас.
|
Пубертат – әйел мен еркек жыныс ағзаларының репродуктивті жүйе қызметінің құрылу кезеңі. Ол жыныстық жетілумен аяқталады - ұрпақ өрбітуге қабілетті болады. Ол өз кезегінде 3 фазадан тұрады. 1) Балалық фаза (препубертатты фаза) - жыныс жетілу алдындағы 2-3 жыл мерзімді жатқызады. Ұл балаларда 10 жасында, қыздарда 8 жасында аяқталады. Пубертат белгілерінің дамуында бүйрекүсті бездерінің гормондары қатысады. 2) Бейтарап фаза (меншікті пубертатты кезең) – ұлдарда шамамен 10 жастан 14 жасқа дейін, қыздарда 9-дан 12 жасқа дейін созылады. Осы шақтан жыныс бездерінің, ішкі және сыртқы жыныс ағзаларының дамуы, екіншілік жыныс белгілерінің пайда болуы тез жүре бастайды. Аталық безде эпителиальды қабаттың және интерстициальды тіннің өсуі болады. Анабезде фолликулдардың жылдам өсуі болады,гормональды активтілік жоғарылайды. Бейтарап фаза шап аймағында түктердің өсуінен бастап (пубархе), ұлдарда атабездің үлкеюінен, сүт бездерінің қыздарда ісінуімен және олардың аздап ауыру сезімімен жүреді. Ұлдарда ол алғашқы поллюцияга (бозбалалар мен еркектерде еркінен тыс шәуеттің бөлінуі, кейде қатты ұйықтап төс көру кезінде) дейін және қыздарда алғашқы менструацияға дейін кездеседі. Телархе - қыздарда сүт бездерінің дамуы 8-10 жас аралығында болады. Менархе - алғашқы менструацияның пайда болуы, орташа жасы 12,8±1,2жас. Ересек (постпубертатты кезең) – ер балаларда 14-тен 18-ге дейін, бойжеткендерде орташа 13- тен 16 жасқа дейін созылады. Жыныс әрекеттің кезекпен дамуы және екіншілік жыныс белгілерінің толық түзілуі болады. Жігіттің организмі жыныстық қатынасқа түсуге, жұмыртқа жасушаны ұрпақтандыруға, эякуляцияға қабілетті болады. Қыздарда жыныстық циклдың дамуы аяқталып, менструациялық және овуляциялық цикл жүреді.
|
|
|
|
| I1.
|
Жыныстық жетілген кезең.
|
Әйел адамдарда 16-18жас, ер адамдарда 18-20жас
| Бұл мерзім әр адамда жеке-дара жүреді. Әйел адамдарда ол 16-18 жасына, ал ерлерде 18-20 жасқа сай келеді. Осы кезең (16-20 жас) ер мен әйелдің бала тууға дайындығымен, қанда гормондардың максимальды дәрежеде болуымен сипатталады
| I1I.
|
Жыныстық әрекеттің бәсеңсуі.
|
Ерлерде шамамен 60жас, әйелдерде 45-50жас.
|
ерлерде шамамен орташа 60 жастан кейін, әйелдерде 45-50 жас шамасына сай келеді. Адамның жыныстық қызметінің біртендеп жоғалуынан болатын жасқа байланысты өзгерістер кешенді климактерий (климакс) деп аталады. Адамның жыныстық мінез-құлқы – соматикалық компонент пен реттеуші механизмдер кіретін жалпы репродуктивті қызметтің іске асырылуына бағытталатын жыныстық жүйе әрекетінің көрінісі.
|
№2 тапсырма. Берілген сурет бойынша «Аналық без гормондары және олардың атқаратын қызметтері» кестесін толтыру.
№
| Аналық без гормондары
| Қызметтері
|
1
|
Эстроген
|
Эстрогендер жатыр мен қынапқа әсер етеді. Қыз жыныстық жетілуге жеткенде, эстрогендер жатыр мен қынаптың ұлғаюына әкеледі.Эстрогендердің әсерінен эндометрия жасушаларының көбеюі жүреді, бұл жатырға егілген ұрықтандырылған жұмыртқаны тамақтандыру үшін маңызды. Сонымен қатар, ол жатыр түтіктерін жабатын кірпікшелі эпителий жасушаларының санын көбейтеді және ұрықтанған жұмыртқаны жатырға жеткізуге көмектеседі.
басқа функциялары: сүт бездерінің тіндерін дамыту, сүйектердегі остеобластикалық белсенділіктің жоғарылауы, денеде метаболизмнің жоғарылауы және шаштың өсуі
|
|
| 2
| Прогестерон
| Жатырды ұрықтанған жұмыртқаны эндометрияның секреторлық жасушаларын бұзу арқылы имплантациялауға дайындайды және жатырдың қысылуын азайтады, бұл жүктілікті сақтауға көмектеседі. Прогестерон ұрықтандырылған жұмыртқаны тамақтандыру үшін маңызды түтіктердегі шырышты қабықшаның секрециясын жоғарылатады.
Сонымен қатар, прогестерон жүктілік кезінде емшек сүтінің ұлғаюына және сүт безі тінінің дамуына әкеледі, бұл кейінірек лактацияға мүмкіндік береді.
|
|
|
№3 тапсырма. «Әйелдердің овариальдық жыныс циклының кезеңдері, олардың сипаттамасы» кестесін толтыру.
№
| Кезеңдері
| Сипаттамасы
| Гормондық реттелуі
| 1.
| Пісіп-жетілу(фолликулярдың пісіп жетілу)
| (әр 28 күн сайын гипофиздің ГТГ анабезде 8-ден 12-ге дейін біріншілік фолликулдардың өсуін шақырады) Олардың дамуы келесі схема бойынша жүзеге асады: примодиальды →біріншілік→екіншілік→үшіншілік (пісіп жетілген фолликул, грааф көпіршігі).
| Фолликулдардың өсуі кезінде эстрогендер көп мөлшерде бөлінеді.
| 2.
| Овуляция
| пісіп жетілген фолликулдардың жарылып, одан пісіп жетілген жұмыртқа жасушаның шығуы).
| ЛГ ФСГ ең жоғары деңгейге жетеді
| 3.
| Лютейндік фаза
| Овуляцияланған фолликулдың орнына сары дененің түзілуі.
| Сары дене прогестерон мен эстроген синтезейді.
| 4
| Менструальды цикл
| Гормондар әсерінің өзгерістері эндометрий, жатыр түтігінің кілегейлі, цервикальды канал, қынапқа әсерін тигізеді. Жатырдың кілегей қабығы циклды өзгерістерге ұшырайды. Әр циклда эндометрий менструальды, пролиферативті, секреторлы фазадан өтеді.
| Гормон мөлшері төмендейді
|
№4 тапсырма. Суретте нұсқалған кезеңдерді атап жазу:
№5 тапсырма. «Жатыр циклының кезеңдері, олардың сипаттамасы» кестесін толтыру
№
| Кезеңдері
| Сипаттамасы
| 1.
|
Десквамация(етеккір)
|
Жатыр эндометрий қан арқылы түсуі
| 2.
|
Регенерация
|
Жатыр эндометрий қайтадан қалыптасу
| 3
| Пролификация
Секреция
|
Эндометрий қалыңдану
|
Эндометрий қалыңдану,келесі менструалды циклге даярлау
|
№6 тапсырма. «Ер адамның жыныс мүшелерінің қызметтері» кестесін толтыру.
№
| Жыныс мүшелерінің аталуы
| Қызметтік маңызы
| 1.
|
Аталық без
|
1. Герминативті–жынысжасушаларының–сперматозоидтыңтүзілуі
Эндокринді - гормондардың бөлінуі. Андрогендер (тестостерон, дигидротестостерон,
дегидроапиандростерон және т.б.)
| 2.
|
Ұрық көпіршігі -
|
энергия сақталатын секрет - сперматозоидтердің уақытша сақталуына субстрат ретінде, сперматозоидтардың функционалды активтілігі мен тіршілігін жоғарылатады.
| 3.
| Қуықасты безінің секреті
| ұрықтың ажырауына және несеп шығаратын жол бойымен өтуіне ықпал етеді. Сперматозоидтың фертильдігі мен қозғалғыштығын жоғарылатады
| 4
|
Сыртқы жыныс мүшесі
|
Жыныстық қатынас жүргізу
|
№7 тапсырма. «Гонадотроптық гормондардың аталық без жұмысын реттеудегі рөлі» кестесін толтыру.
№
| Гонадотропты гормондардың аталуы
| Аталық без жұмысын реттеудегі рөлі
| 1
|
Фоллитропин
| Фоллитропин - сперматогенез бен қуық асты безінің дамуына ықпал етеді және ұрық түтікшелерінің дамуы үшін қажет болып табылады.
| 2
|
Лютропин
| Лютропин - ұрықтардағы ішкі секреторлы элементтердің дамуын стимулдеу арқылы жыныс гормондарының түзілуінің жоғарлауына әкеледі
|
№8 тапсырма. «Сертоли жасушаларының атқаратын қызметтері» кестесін толтыру.
№
| Сертоли жасушаларының атқаратын қызметтері
| 1
| Сертоли жасушалары ФСГ мен гонадолибериннің синтезі
| 2
|
Сертоли жасушаларының қызметіне Лейдиг клеткасы қызметінің дамуын және бастапқы кезеңдерін реттеу
| 3
| сперматогенез кезінде цитоплазманың қалдық фагоцитозын реттеу
| 4
|
әр түрлі гормондар түзу
| 5
| герметотестикулярлық тосқауылды қалыптастыру
| 6
| секрециясын тежейтін ингибин бөледі.
|
№9 тапсырма. «Адамның репродуктивтік жүйесінің реттеу деңгейлері» кестесін толтыру.
№
| Реттеу деңгейлері (ОЖЖ бөлімдері, бездер)
| Сипаттамасы
| 1
| Аналық без
| Прогестерон,экстрогендер бөліну
| 2
|
Аталық без
| Тестостерон,андроген бөліну
| 3
| Адреногипофиз
| Окцитозин бөліну,босанукезде бөлінеді(жатыр жиырылу үшін
| 4
|
Гонадалар
| ФСГ ЛГ бөліну
|
№10 тапсырма. Берілген түсініктерді үш тілде кестеге жазып, анықтама беру:
№
| Түсініктердің 3 тілде аталуы
| Түсініктерге білім алатын тілде анықтама беру
| Қазақша
| Орысша
| Ағылшынша
| 1
| Адренархе
| Адренархе
| Adrenarche
| жыныс жетілуінде бүйрек үсті без гормондары қатысатын уақыты мерзімі
| 2
| Телархе
| Телархе
| telarche
| қыздарда сүт бездерінің дамуы 8-10 жас аралығында болад
| 3
| Пубархе
| Пубархе
| pubarche
| Бейтарап фаза шап аймағында түктердің өсу
| 4
| Менархе
| Менархе
| menarche
| алғашқы менструацияның пайда болуы, орташа жасы 12,8±1,2жас
| 5
| Менопауза
| Менопауза
| menapause
| 45 жастан үлкен әйелдерде бірінші етеккір циклінің болмаунан бастап және келесі 12 ай созылатын уақыт кезең
| 6
| Овуляция
| Овуляция
| ovulation
| пісіп жетілген фолликулдардың жарылып, одан пісіп жетілген жұмыртқа жасушаның шығуы
| 7
| Ұрықтану
| Оплодотворение
| Fertilization
| Аталық пен аналық жыныс жасушаларының қосылу процесін (сперматозоид пен жұмыртқа жасуша) атайды
| 8
| Жүктілік
| Беременность
| Pregnancy
| Ұрықтанған жұмыртқа жасушадан әйел құрсағында болашақ нәресте дамитын физиологиялық процесті атайды
| 9
| Босану
| рождать
| Giving birth
| нәресте, қағанақ пен бала жолдасының жатырдан қынап арқылы сыртқа шығатын физиологиялық үрді
| 10
| Лактация
| Лактация
| Lactation
| сүт бездерінде сүттің түзіліп және оның бөліну
| 11
| Шәует
| Сперма
| Sperm
| Аталық жыныс безінің ұрықтық жыныс
| 12
| Сперматогенез
| Сперматогенез
| Spermatogenesis
| Еркек жыныс жасушаларының бөлінуі мен пісіп жетілу процесі
| 13
| Поллюция
| Поллюция
| Pollution
| бозбалалар мен еркектерде еркінен тыс шәуеттің бөлінуі, кейде қатты ұйықтап төс көру кезінде бөлінуі
| 14
| Эрекция
| Эрекция
| Erection
|
| 15
| Эякуляция
| Эякуляция
| Ejaculation
| Ұрық шығару кезеңі
| 16
| Қуықасты безі
| Простата
| Prostate
| өзінен ұрық сұйықтығын бөлу арқылы ұрық жасушаларын белсендендіріп, сыртқа шығуына жағдай жасайды.
| 17
| Тестостерон
| Тестостерон
| Testosterone
| анаболикалық гормон. Ол әр түрлі ағзалардан белок синтезін ынталандырады (бауыр,қаңқа бұлшық еттері, сүйектер). Ол бұлшық ет массасының, негізгі тіннің массасы мен тығыздығының үлкеюіне әкелед
| 18
| Сертоли жасушалары
| Клетки Сертоли
| Sertoli cell
| ФСГ мен гонадолибериннің синтезі мен секрециясын тежейтін ингибин бөледі
| 19
| Ляйдиг жасушалары
| Клетки Ляйдиг
| Leydis cell
| ерлердің репродуктивті жүйесінің жұмысына көмектеседі және осылайша сперматогенез процесінде еркек гаметаларының , сперматозоидтардың пайда болуына көмектесед
| 20
| Купер бульвоуретральды безі
| Железа Купер бульвоуретральная
| Cooper bulvourethral gland
| шәует сұйықтығын құрайтын сілтілік сұйықтық яғни зәр шығаратын қышқылдық жағдайын бейтараптандыратын ұрықты сақтайды.
|
Орындаған студент Әбдіқайр Самат факультеті Жалпы медицина тобы ЖМ21-27
Тақырып қабылданды, уақыты___________
| Оқытушының қолы ___________
| |
|
|