САБАҚ ЖОСПАР-ЖТД 1 6 курс-2021. Ахмет ясауи атындаы халыаралы азаТрік университеті шымкент медицина институты жоары
Скачать 48.99 Kb.
|
І. Кіріспе бөлім.Артериялық гипертензияның синдром және эсенциальді-біріншілік АГ, симптомдық-екіншілік АГ ретіндегі анықтамалары. АГД (АГП) жіктемелері (диуретиктер мен тиазидтәрізді дәрмектер, БАБ, кальций антагонистері, ААФ ингибаторлары мен АРБ, орталық әсерлі дәрмектер). АҚ өлшеу ережелері мен тәсілдері (ДМАД-үй жағдайында өлшеу; СМАД-тәуліктік бақылау; түнгі өлшеу, офистік өлшеу т.б.). ІІ. Негізгі бөлім.А. Артериялық гипертензия негіз болатын синдромдар → және олар арқылы күдік туатын нозологиялық бірліктерде науқастарды емхана жағдайында зерттеу және емдеудегі ЖДП тактикасы: біріншілік АГ → артериялық гипертензия (бұрынғы гипертониялық ауру), дәрежелері мен қауіп тобының стратификациясы (ДЕХ- бірнеше нұсқалары бар). Жіктемесі, диагноз конструкциялары, нозобірліктер мысалдары. екіншілік АГ → симтомдық АГ: нефрогенді, эндокринді, дәрмектік, нерв жүйесінің патологияларындағы, гемодинамикалық, гестациялық (ДЕХ-бірнеше нұсқалары бар), жіктемесі, диагноз конструкциялары, нозобірліктер мысалдары. Нысана органдардың симптомсыз (егде адамдардағы пульстік қысымның 60 мм сын. бағ. артық болуы; СҚГ ЭКГ және ЭхоКГ белгілері; көз нерві түбіріне қан құйылулар мен оның ісінулері; ұйқы артериясы қабырғасының қалыңдауы; т.б ДЕХ зерттеу), манифесті зақымданулары (цереброваскулярлы аурулар, ЖИА, ЖШ, перифериялық артеиялар зақымдануларының манифестелуі, бүйректің созылмалы аурулары, ауыр ретинопатиялар). Нысана органдардың зақымдануларында АГ емінің ерекшеліктері. Егде, қарт кісілердің АГ емінің ерекшеліктері. Әйелдердегі АГ емінің ерекшеліктері. Метаболизмдік синдромда АГ емінің ерекшеліктері. Қантты диабеті бар науқастарда АГ емінің ерекшеліктері. Нефропатиясы бар науқастарда АГ емінің ерекшеліктері. Цереброваскулярлы ауруы бар науқастарда АГ емінің ерекшеліктері. Жүрек аурулары бар науқастарда АГ емінің ерекшеліктері. Перифериялық тамырлардың аурулары бар науқастарда АГ емінің ерекшеліктері. Резистентті және қатерлі АГ емінің ерекшеліктері. Гипертензиялық криздер және шұғыл жағдайлар, шұғыл көмек. Ем нәтижелілігінің индикаторлары. В. Тәжірибелік бөлімі: аймақтық және ЖДП дәрігерлерімен науқастар қабылдау, науқастарды үйінде қарау, сәйкес бұйрықтармен және нормативтік құжаттармен жұмыс істеу: Жетекші синдромнан күдікті болған нозобірліктердің диагноздық-емдеу хаттамаларын зерттеп, жаттау (Денсаулықты дамыту Республикалық орталығының – РЦ РЗ – медэлемент порталы). Оларды күнделікке түсіру. |