медиасауттылық КТЖ дайын. ғажайып математика (1). ажайып математика 1 4сынып оушыларына арналан
Скачать 56.94 Kb.
|
БАҒДАРЛАМА элективті, қолданбалы курс «Ғажайып математика» 1 – 4-сынып оқушыларына арналған 1-сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 33 сағат 2-4 сынып, аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат Авторы: Бекмуратова Ғалия Халыковна, №177 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Пікір жазғандар: Мақашева Е.П., әл-Фараби атындығы Қазақ Ұлттық университетінің «Ақпараттық технологиялар» факультетінің информатика кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты; Алдиярова М.Б., №177 ЖББМ директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары; Увалиева З., №174 МГ бастауыш сынып мұғалімі. Түсініктеме хат мазмұны Білім берудің бүгінгі күнгі талабы - оқушының жан - жақты іс-əрекеттік қабілетінің дамуы. Ежелгі замандардан бері өскелең ұрпақтың дамуында математиканың алар орны ерекше. Математика ғылымының өзге ғылымдар мен техниканың қарқынды дамуына қосар үлесі аз болған жоқ. Математика — барлық ғылымдардың логикалық негізі болғандықтан да, математика оқушының дұрыс ойлау мəдениетін қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі, оған қоса өзге салаларды дұрыс қабылдауға көмек береді. Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша әзірленген «Ғажайып математика» таңдау курсының бағдарламасы педагогиканың түрлі аспектілері: қарым-қатынас жасау, белсенді оқу, зерттеуге негізделген оқуды негізге ала отырып әзірленген. Аталған аспектілер сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Бұл бағдарламаны жазуда бала дамуының ең жақын аймағына сүйену керектігін ескердік. Нақты жаттығуларды орындау барысында дамыта оқыту идеясымен үйлесетін жаңа технологияны қолдануды мақсат тұттық. Баланың ой-өрісін дамытатын логикалық есептер шығаруға, қалжың есептерді талдауға, викториналық сұрақтарға, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытатын математикалық сандық ребустарға, қиынырақ есептерге уақыттың бөлінгені де дұрыс деп ойлаймыз. Бағдарлама жаңартылған білім беру мазмұнының басты қағидаты - спиральділік негізінде құрылды, оның негізгі ерекшелігі: оқушы мектептегі оқу үдерісінің барлық кезеңінде тақырыпты немесе тапсырмаларды бірнеше рет қайталап оқиды; əрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе тапсырманың күрделілігі арта түседі; жаңа тақырыпты өту алдыңғы тақырыптармен тығыз байланысты жəне алдыңғы алынған ақпараттың мазмұны аясында қарастырылады. Бағдарламаның негізгі басымдықтары: оқушы қайталап оқыған сайын ақпарат бекітіліп отырады; жеңіл идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді; оқушыларға бұрын алған білімін оқу мақсатына жетуде жетістіктерге қол жеткізу үшін қолдану ұсынылады. Сонымен қатар, бағдарлама: оқушылардың білім, білік, дағдылары мен құзыреттіліктерін дамыту талаптарына сәйкес; оқушылардың жас ерекшеліктеріне және мүмкіндік өрісіне сай әзірленген; Бағдарламаның мақсаты: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын, ынтасын арттырумен қатар олардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруға жағдай жасау. Көрнекі-бейнелі, логикалық және абстрактылы ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз жасау. Міндеттері: 1) оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай математиканы оқыту процесінде тәрбие жұмысын жүргізудің тиімді жолдарын анықтау; 2) оқу қызметінің жеке түрлерін жетілдіруге және оларды игеруге ықпал тигізетін тәсілдерді анықтап, оларды зерттеу; 3) теориялық материалдарды игеруді және есеп шығаруда кездесетін қиындықтар мен оқушылар жіберетін қателердің алдын алудың тиімді тәсілдерін табу; 4) оқушылар өздігінен орындайтын жұмыстардың тиімділігін арттыру жолдарын анықтау және зерттеу; Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі 1 – сынып, сағат саны – 33 1-сынып оқушыларына арналған «Ғажайып математика» факультатив сабағының негізгі мақсаты: оқушының ақыл ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы білімдерін қалыптастыру. Бағдарламада 10көлеміндегі сандарды кестелік қосу, азайту, теңдік, теңсіздік, сөз есеп шығару сияқты тақырыптар қамтылған. Берілген жаттығулар оқушының жас ерекшелігі мен қабілетіне сәйкес құрылған. Ұсынылған тапсырмалар математика сабағынан алған білімдерін тексеруге, оны толықтыруға, оқушының оқуға деген жауапкершілігін арттыруға көмектеседі. Математика пәні шыдамдылықты, зеректілікті және еңбексүйгіштікті талап етеді. Бағдарламадағы берілген оқу материалдары осыны есепке ала отырып әзірленді. Бағдарлама алты бөлімнен тұрады. Онда мектеп бағдарламасындағы материалдарды тереңдете отырып, логикалық есептерді шығаруға бейімдеу көзделген. Сиқырлы сандар – баланың тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады, қиялын дамытады. Жиын - тәрбиелік жағынан алсақ ертегілер бірлік пен достыққа тәрбиелеп, жағымсыз қылықтардан алыс жүруге бейімдейді. Кеңістікте бағдарлау - математика пәніне деген қызығушылығын арттырады. Логикалық есептер - логикалық ойлауды, тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамытып, дарынды балаларды таныта біледі. Математикалық мақалдар – оқушылардың тілін ширатып, ойын түйіндейді, ой-өрісін дамытады. Қызықты тапсырмалар - жас жеткіншектердің тапқырлығы мен дүниетанымын дамытып, дүниеге көзқарастарын қалыптастыруға үйретеді. Шығармашылық тапсырма - орындау барысында оқушы оқып үйренген теорияның, не есептің жаңа қырларын ашады, өз ой-пікірін айтады, табылған мәліметтер бойынша қорытынды жасауға үйренеді. Математикалық ребустар және сөзжұмбақтар – оқушылар ребустар және сөзжұмбақтар құрастыру арқылы ұшқыр ойға, тапқырлыққа, өздігінен жұмыс істеуге бейімделеді. 1-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Сиқырлы сандар» «Ғажайып математика әлемі», яғни математика пәні және оның оқыту объектісі жайлы қарапайым түсінік беру, сандар жайлы түсінік беру. 2-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Санау білесің бе?» Сандар жайлы түсінік беру. Заттарды санату. 3-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Сандармен амалдар орындау» Сандар жайлы түсініктерін тереңдету. Санамақ түрлерімен таныстырып, оларды жаттату. 4-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Жиын» Жиын туралы қарапайым түсінік беру. Жиын ұғымымен және элементтерімен таныстыру. «Бір, аз, көп» ұғымдары. 5-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Жиын» Жиын туралы ұғымдарын одан әрі тереңдету. Әртүрлі заттарды жиынға біріктіру ұғымын қалыптастыру, жиын элементтерін бөле білуге жаттықтыру. «Бір- көп» ұғымы. 6-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Жиын» Жиындарды элементтерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құрып, жіктеу. Екі немесе одан да көп жиындардың біріктіру және жиыннан оның бөлігін ажыратып, көрнекі түрде кескіндеу. «Көп, біреу және бір-бірден» ұғымдары. 7-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Кеңістікті бағдарлау» Заттардың кеңістікте орналасу қалпы (оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде, үстінде, астында, арасында, алдында, артында). Заттарды жай ғана орналастыра салмай, белгілі бір тәртіппен орналастыруға үйрету. 8- сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Кеңістікті бағдарлау» Кеңістікті дұрыс бағыттай білуге, заттың көлем, пішін, түсін ажырата білуге үйрету. «Ненің қайда орналасқанын тап» ойыны. 9- сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Біз не үйрендік?» Оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, бекіту, бағалау. 10-сабақ (1 сағат) «Геометриялық фигуралар» Тақырыбы: «Дөңгелек пен шеңбер» Дөңгелек және шеңбер жайлы түсінік беріп беріп, олардың радиусы мен диаметрін қарапайым заттармен өлшеуге үйрету. 11-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Төртбұрыштар мен үшбұрыштар сыры» Төртбұрыш пен үшбұрыштың түрлерімен таныстыру. Тапсырмалар орындау. 12-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Сан қырлы фигуралар әлемі» Ойын: «Айналамыздағы фигуралар» 13-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Математика біздің айналамызда» Нүкте, сызық, сәулелер туралы мағлұмат беру. Айналамыздағы заттарды мысалға ала отырып, қиылысу нүктесі, сызық түрлері, сәулелер жайлы түсінік беру. 14-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Бізді қоршаған әлемдегі түзулер». Параллель түзулер, перпендикуляр түзулер жайлы түсініктерін қалыптастыра отырып, сызықтарға назар аударту. Баланың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін дамыта отырып, ойын ұшқырлау. 15-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Сурет және мүсін» Жазық және көлемді фигуралар жайлы түсінік беру. Ойын: «Ойлан, тап». 16-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Бұрыш. Бұрыштың түрлері» Бұрыш, бұрыштың түрлері туралы қарапайым түсінік беру. Ойын «Кім жылдам?» 17-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Жер - ортақ үйіміз» Шар денесі жайлы түсінік беру. 18-сабақ (1 сағат) Біз не үйрендік? Оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, бекіту, бағалау. 19-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Есеп» Есеп туралы ұғымдарын қалыптастыру, есепке байланысты терминдерді (шарты, сұрағы, шешуі, жауабы) меңгерту. Есептің қысқаша жазылуы туралы түсінік беру. 20- сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Есептердің түрлері. Жай есептер» Жай есептердің түрлері және оларды шығару жолдарымен таныстыру. Оқушылардың есеп шығару және есептеу қабілеттерін арттыру. 21-сабақ (1 сағат) Біз не үйрендік? «Кім жылдам» ойыны Оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, бекіту, бағалау. 22- сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Қызықты тапсырмалар» «Ия және жоқ деп айтпаңдар» ойыны. Ой толғаныс. Әр топ алдарындағы цифры жоқ постерге қайтадан осы ретпен орналастыру. 23- сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Қызықты тапсырмалар» «Адасқан көжекті хайуанаттар бағына жеткіз» ойыны. Шытырман жолдардың ішінен баққа апаратын жолды сызып көрсету арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. 24- сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Қызықты тапсырмалар» «Логикалық есептер қонақта» ойыны. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлауын дамыту. 25- сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Қызықты тапсырмалар» «Жоғалған затты тап» ойыны. Заттардың санан ақырындап өсіре отырып сандар жинын құрастыру. 26- сабақ (1 сағат ) Тақырыбы: «Қызықты тапсырмалар» «Компьютерлік ойындар». Оқушылардың миында нақты бейнелер құралып, қабылдауын жақсартуға септігін тигізеді. Есте сақтау қабілеттерін жақсартып, сөздік қорын дамыту. 27-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Қызықты тапсырмалар» «Аяқталмаған суреттер» ойыны. Оқушылардың есте сақтау қабілетерін дамыту. 28-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Математикалық жаңылтпаштар» «Жылдам, бірақ, қателеспе» ойыны. Түрлі түсті екі сызыққа көп және аз заттарды орналастыруға жаттықтыру. 29-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Қызықты тапсырмалар» Математикалық ребустар, сөзжұмбақтар шешуге үйрету. 30- сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Шамалар» Шаманың бірліктері және оның қатынасы. (Масса, ұзындық, сыйымдылық, уақыт, жылдамдық, жол, аудан). Балаларды екі түсті жолақшаға берілген заттарды сан бойынша орналастыруға әрі қарай жаттықтыру. 31- сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Әзіл есептер» Шамаларға есеп құрастырып үйрену. Шамалар туралы қызықты есептер шығару. 32- сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Біз не үйрендік?» Оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, бекіту, бағалау. 33- сабақ (1 сағат) Қорытынды сабақ. Оқушылардың оқу жылы бойы алған білімдерін қорытындылау, бекіту, бағалау. Нормативті бөлім 1-сынып. Аптасына – 1 сағат. Жылдық сағат саны – 33
|