медиасауттылық КТЖ дайын. ғажайып математика (1). ажайып математика 1 4сынып оушыларына арналан
Скачать 56.94 Kb.
|
4-сынып Түсініктеме хат мазмұны Жылдық сағат саны – 34 Бұл бағдарламада жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктерін ескере отырып, 4-сыныптың математика оқулығының тақырыптары мен тарауларына сәйкестендіре отырып әзірленді. Онда көп таңбалы сандар; Шамалармен жүргізілетін есептеулер; Теңдеулер және оларды шешудің ең оңай жолын табу; Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері және т.с.с мәселелер қарастырылған. Бағдарламаның мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыру . Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын, ынтасын арттыру. Ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз ету. Көрнекі-бейнелі, логикалық және абстрактылы ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз жасау. Бағдарламаның міндеттері: Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету Тапсырмаларды орындаудағы қиындықтарды жеңу, тапқырлық пен зерделілік таныту, логикалық талдау жүргізу, ақыл- ой операцияларының орындалуын алға қою. Оқушылардың ұлтжандылық сезімдерін арттырып, патриоттыққа тәрбиелеу. Ақпаратты іздеу, қайта өзгерту, сақтау және қолдану үшін практикалық іс-әрекетте және күнделікті өмірде алған білім мен білігін пайдалану. Бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін (жоспарлау, жоспар бойынша әртүрлі іс-әрекеттер жасау, оның ішінде ойлау қызметін (талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б.), өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастыру. Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі 4 – сынып. Сағат саны -34 1-сабақ (1 сағат) Кіріспе Тақырыбы: «Математика – ғылымдар патшасы» 2-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Әлемге танымал математиктер» Әлемге танымал математиктер жайлы мәлімет беру. Қызықты деректермен таныстыру. 3-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Сандар. Сандардың шығу тарихы. Сандар сыры» Сандар туралы мәлімет. Натурал сандар тарихы, сандар мен цифрлар сыры, заңдылық. 4- сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Сандар сыры» Үлкен сандар. Ұжымдық санау. Көп таңбалы сандармен жаттығу. Разрядтар кестесімен танысу.Көп таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып, есептердің шығару жолдарын үйрену. 5-сабақ (1 сағат) Тақырыбы. «Логикалық тапсырмалар» Ойлау қабілеттерін дамытуға арналған тапсырмалар беру. 6- сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Зерттеу жұмысы: «Таңғажайып шаршы» Сіріңкенің көмегімен есептер шығару. 7 -сабақ (2 сағат) Тақырыбы: «Олимпиада есептері» Бастауыш сынып оқушылары арасында болатын олимпиада есептерін шығаруға үйрету. 8- сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Білгірлер сайысы» «Бәйге» ойынын ойнату арқылы математикалық ребустар, сөзжұмбақтар шешу. 9, 10-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Жоба жұмысы» «Ұлы математиктер», «Сандар сыры», «Қызықты геометрия» және т.б. тақырыптарда жоба жұмысын жазу, қорғау. 11-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Геометрияға байланысты логикалық есептер» Геометрияға байланысты логикалық есептер шығару. 12-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Қызықты пирамида» Көп таңбалы сандарды салыстыру үшін олардың сәйкес разряд бірліктерін қарастыру. Соған сәйкес тапсырмалар орындау. 13-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Қалаларға саяхат» Ойын арқылы ұзындық және оның өлшем бірліктері. Соларға байланысты өзара кері есептер құру, шешу. 14-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Математикалық эстафета» Масса және оның өлшем бірліктері. Ауырлық өлшеуіштерін өмірде пайдалану. 15-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Математикалық эстафета» Ұзындық және оның өлшем бірліктеріне байланысты тапсырмалар орындау, есептер шығару. 16-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Математикалық эстафета» Жылдамдық, уақыт және қашықтыққа байланысты есептер шығару, тапсырмалар орындау. 17-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Әзіл есептер» Қызықты әзіл есептер шығару. 18-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Ойшыл математик» Танымдық ойын. Есептер, ребустар, сөзжұмбақтар шешу. 19-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Білгенге маржан» Адам ғұмырындағы қызықты санды мәліметтермен таныстыру. Деректі фильм, бейне материалдар көру. 20-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Қызықты математикалық тапсырмалар» Қызықты математикалық тапсырмаларды орындауға жаттықтыру, оқушылардың математикадан алған білімдерін пысықтау. 21-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Математикалық қызықтар» Математикада қаншама еліктіретін деректер мен таңқаларлық жаңалықтардың болатындығы жөнінде мәлімет беру. Интернет желісі арқылы қызықты мәліметтер іздестіру. 22-сабақ (1сағат) Тақырыбы: «Логикалық есептер» Логикалық есептер шығару. 23-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Экономика ғылымы» Экономика, оның адам өміріндегі маңызы жайлы қарапайым түсінік беру. 24-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Ақша дегеніміз не?» Ақша дегеніміз не? Оның шығу тарихы. Ұлттық теңге туралы мәлімет. Ақша жайлы қызықты деректер. 25-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Математик – кәсіпкер» ойыны Логикалық ойлауға және (капитал, құн, қаржы, банк, банкрот) экономикалық ұғымдармен таныстыру. Оқушыларды іскерлікпен дағдыға үйрете отырып, қоғамымыздың экономикалық заңдылықтары туралы түсінігін қалыптастыру, экономикалық білім беру. 26-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Отбасы – шағын мемлекет» Отбасындағы табыс көзі. Кірістер, шығыстар, отбасы бюджетінің құрылымы. 27-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Егер мен кәсіпкер болсам» Жоба немесе зерттеу жұмысы. 28-сабақ (1-сағат) Тақырыбы: «Экономикалық мазмұнды есептер шығару» Экономикалық мазмұнды есептер шығартып, білік, дағдыларын арттыру. 29-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Қызықты сағат» математикалық ойыны. Топтық сайыс. 30-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Математикалық басқатырғыштар» 31-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Олимпиада есептері» 32-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Логикалық есептер» 33-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Математикалық КТК» Осы уақытқа дейінгі меңгерген білім деңгейлерін анықтап, өзара салыстырмалы түрде қарау үшін топтар арасында сайыс ұйымдастыру. 34- сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Біз не үйрендік?» Жыл бойы алған білімдерін қайталап, тест тапсырмасы арқылы бекіту. Нормативті бөлім 4- сынып. Жылдық сағат саны – 34
Ақпараттық-әдістемелік бөлім Бағдарламаның мақсатына сәйкес оқушылардың математика пәніне қызығушылығын, ынтасын арттырумен қатар математикалық газет шығару, математикалық саяхаттар мен сайыстар ұйымдастыру, викториналар, ребустар мен жұмбақтар құрастырып, олардың шешімін табуға мүмкіндіктер туғызу арқылы математикалық сауаттылықтарын тереңдету жүзеге асады. Осы бағытта жасалған оқушылардың іс- әрекеті қалыптастырушы бағалау арқылы қолдау тауып отырады. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуге, оны түзетуге құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалау барысында оқушылар: өз ойын еркін жеткізіп, өзіне-өзі баға беруге, сыныптастарын бағалауға үйренеді, жеке, жұппен, топпен жұмыс істей жүріп ынтымақтастыққа ұмтылады, бір-бірін тыңдауға, талдауға, салыстыруға, сабақты қорытындылауға, өз пікірін дәлелдей алуға үйренеді. Мұндағы қалыптастырушы бағалау: - тиімді кері байланыс беру, - түртіп алу арқылы бағалау, - ауызша және жазбаша бағалау, - сұрақ қою арқылы бағалау, - өзін-өзі бағалау, - өзара бағалау және т.б. әдіс-тәсілдер арқылы жүзіге асырылады. Мұғалім тарапынан: • сабақ мақсатына сәйкес бағалау критерийлерін анықтап, оқушыларға ұсыну; • оқушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен оқу ортасын құру; • оқушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы кері байланысты қамтамасыз ету; • оқушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру қамтамасыз етілуі қажет. Пайдаланылған әдебиет Математикадан тест жинақтары . - 2001-2009 ж.ж. Жанасбаева Ұ.Б. Логикалық және комбиноторикалық есептер. – Алматы, 2017 ж . А.Б.Акпаева, Л.А.Лебедева. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. -Алматыкітап баспасы, 2012ж. Ұ.Жұмаділдаева. Сандарға саяхат. – Алматы, 1997 ж. А.Құралұлы. Ұлттық дүниетаным. – Алматы, 2002 ж. Б.М.Қосанов. Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар. – Алматы, 1998 ж. «Ойнайық та ойлайық». – Алматы,1996 ж. Қызықты математика. – Алматыкітап, 1998 ж. К. Ерешева, Г.Жамалбекова. Математикадан өзіндік және бақылау жұмыстары. – «Өлке» баспасы. – Алматы, 2009 ж. |