медиасауттылық КТЖ дайын. ғажайып математика (1). ажайып математика 1 4сынып оушыларына арналан
Скачать 56.94 Kb.
|
2-сынып. Аптасына 1 сағат. Жылдық сағат саны – 34 Түсініктеме хат мазмұны Бұл бағдарламада жаңартылған білім беру мазмұнын негізге ала отырып, бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін (назар аудару, есте сақтау, қабылдау, байқағыштық, елестеу, ойлау т.б) дамыта оқыту қарастырылған. Бағдарламада бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасайтын, баланы іздемпаздыққа, өз-өзіне сенімді болуға, ақыл-ой деңгейін қалыптастыруға бағытталған материалдар қамтылған. Сонымен қатар күнделікті өмірде пайдалана білуге негізделген тапсырмалар топтамаларымен жұмыстар жүргізу, логикалық тапсырмалар орындату арқылы оқушының зейінін, есте сақтау қабілетін, байқағыштығын, тапқырлығын дамытуға, математикалық білімдерін нығайтуға арналған. Бағдарламаның мақсаты: Оқушылардың танымдық қызушылығы мен ақыл ой деңгейін қалыптастыруға жағдай жасау. Оқу курсының мазмұны арқылы пайымдау, логикалық ойлау, өз бетінше шешім қабылдап, қорытынды жасауға бейімдеу. Бағдарламаның міндеттері: Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер ету; Өз бетінше іздену әрекеттерін қалыптастыру; Негізгі ойлау операцияларын саналы түрде қолдана білуге үйрету; Көру, есту, байқау, іздеу, қиялдау, елестету, есте сақтау арқылы логикалық ойын дамыту Өз пікірін айту, талдау және оны дәлелдеу арқылы тілін дамытып, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі Бағдарлама тсегіз бөлімнен тұрады. Мектеп бағдарламасындағы материалдарды тереңдете отырып, олимпиадалық есептерді шығаруға бейімдеу көзделген 1- сабақ (1 сағат) Тақырыбы: Кіріспе. «Қарапайым түсініктер» «Ғажайып математика әлемі» туралы түсініктерін тереңдету. 2- сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Сандар әлеміне саяхат» «Санап көр!» ойыны. Қанша? Неше? Нешеу? Бірдей, әртүрлі. Сандар жайлы түсініктерін одан әрі дамыту. 3- сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Геометриялық фигуралар» Заттардың екі тобын біріктіру және топтан бірнеше затты бөліп алу. Фигураны бөліктерге бөлу және оны бөліктерден құрастыру. 4- сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Фигуралар тізбегі» «Кім жылдам» ойыны. Кеңістік және уақыт, заттардың екі тобын біріктіру және топтан бірнеше затты бөліп алу мен фигураны бөліктерге бөлу және оны бөліктерден құрастыру. 5- сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Математикалық таңбалар» Қосу және азайту амалдарының мән-мағынасы. Кестелік қосу мен азайтудың 2, 3, 4, 5 сандарымен жағдайларын оқытып-үйрету. 6- сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Санның құрамы» «Адасқан сандар» ойыны. Санамақтар арқылы оқушылардың тілін дамыту. Есте сақтау қабілеттерін арттыру. 7- сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Математикалық жұмбақтар» Логикалық тапсырмалар арқылы 0 мен 1 сандары қатынасатын жағдайларда қосу және азайту Зейінді жаттықтыру. Балалардың даму деңгейін анықтай отырып ширату. 8- сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Математикалық жаңылтпаштар» Математикалық жаңылтпаштар жаттатып, өздері құрастыра білуге икемдеу. 9- сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Қызықты математикалық логикалық тапсырмалар» Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, оларға логикалық есептер шығаруға үйрету. 10- сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Математикалық ребустар құрастыру» Ребустар құрастыра білу дағдыларын арттыру. 11-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Есеп білген ұтылмас!» Есептерді талдау және шығару. 12-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Жұмбақ есептер» Қосу және азайту амалымен шығарылатын есептер. Жұмбақ есептер арқылы қызықтырып, зейінін қалыптастыру. 13-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Мультимедиялық есептер» Интернет желісі арқылы есептер шығарту. 14-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Кім жүйрік?» Топтар арасында түрлі тапсырмалар бойынша жарыс ұйымдастыру. Бұған дейін алған білімдерін еске түсіру, қайталау, бекіту. 15-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Сандар әлемі» «Жүз көлеміндегі сандар». Сандарды оқу, жазу, салыстыру, мән-мағынасын ашу, берілген тапсырмаларды талдау. 16-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Сандардың әлемі» Жасырынған сандар мен амалдар. «Жүз көлеміндегі сандар» тақырыбының мән-мағынасын ашу үшін тапсырмалар орындау. 17-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Логикалық тапсырмалар» Оқушыларды логикалық есептерді жылдам шығару жолдарымен таныстыру. 18-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Математикалық эстафета» Санның ондық құрамына негізделген қосу және азайту, санды өрнектер мен әріпті өрнектерді ажырату, есептеуге машықтандыру. 19-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Ұшқыр ой» Математикалық сөзжұмбақтар шешуге машықтану. 20-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Алтын сақа» Олимпиада есептері. Бастауыш сыныптар арасында өткізілетін олимпиада есептерін шығарту. 21-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Геометриялық фигуралар сыр шертеді» Геометриялық фигураларды шырпылармен құрастыру. 22- сабақ (1 сағат ) Тақырыбы: «Сыйқырлы сызғыш» «Кім жылдам?» ойыны арқылы көпбұрыш, үшбұрыштар құрастыру. Периметрлерін табу. 23-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Теңдеу» «Орамал тастау» ойыны арқылы теңдеу шешуге, әріпті өрнектердің мәнін жылдам табуға, өз беттерімен теңдеу құрастыруға үйрету. 24-сабақ (1 сағат) Тақырыбы. «Теңдеу» Теңдеулерді күрделі түрінен қарапайым түріне айналдыра отырып, шығарудың тәсілдерін меңгеруге жағдай жасау. 25-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Математикалық жұмбақтар» Оқушыларды математикалық жұмбақтарды шеше білуге баулып, сондай жұмбақтарды өздері құрастыра білуге икемдеу. 26-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Математика сабағындағы ұлттық ойындар» «Теңге ілу», «Орамал тастау», «Арқан тартыс», «Көкпар», «Бәйге», «Ақсүйек», «Алтын сақа», «Ханталапай» сияқты ойындар арқылы өткен тақырыптарды қайталау, қорытындылау, бекіту. 27-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Шамалар және оларды өлшеу» «Сиқырлы сандықша» ойыны арқылы уақыт өлшем бірлігі, оны үнемді пайдалана білу туралы тапсырмалар орындау. 28-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Әзіл есептер» «Әзіл есептер» ойыны арқылы амаларға есеп құрастырып үйрену. Шамалар туралы қызықты есептер шығару. 29-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Масса, сыйымдылық және оның өлшем бірліктері» «Бағбанның тапсырмасын орында». Масса жайында түсініктерін тереңдету. Килограмм. Күнделікті өмірде кездесетін заттар және олардың өзара байланысы жайлы түсініктерін кеңейту. 30-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Масса, сыйымдылық және оның өлшем бірліктері» Сыйымдылық жайында түсінік. Литр. Күнделікті өмірде кездесетін заттар және олардың өзара байланысы жайлы түсініктерін кеңейту. 31-сабақ (1 сағат) «Ұзындық және оның өлшем бірліктері». Километр. Ұзындықты өлшеу және оны үнемді пайдалана білу. 32-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Ойыңды шыңда!» Логикалық есептерді оңай есептеу жолдары. 33-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Математикалық КТК» Осы уақытқа дейінгі меңгерген білім деңгейлерін анықтап, өзара салыстырмалы түрде қарау үшін топтар арасында сайыс ұйымдастыру. 34-сабақ (1 сағат) Тақырыбы: «Біз не үйрендік?» Қорытынды сабақ . Тест алу арқылы оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, бекіту, бағалау. Нормативті бөлім 2- сынып. Жылдық сағат саны – 34
|