Главная страница
Навигация по странице:

  • Ташкент 2.Әмударияның төменгі сағасында орналасқан ірі аймақ: Хорезм 3.Ахеменидтік және Александр Македонский империяларының кұрамындаболды:Ферғана

  • Бүкіл Еуразия материгі ауқымындағы Жібек жолы саудасы 5.Азия мен Еуропаны байланыстырған ауқымды көлік дәлізі: Ұлы Жібек жолы

  • Орта ғасыр 3.Мәтіндегі қалалар бағынған мемлекет:Қарахан 4.Орта ғасырлық түрік империялары мемлекеттерінің астанасы болғанқала:Суяб

  • Баласағүн 2.Ежелгі атауы Ақтөбе болған қала:Баласағұн 3.Мәтіндегі қала астанасы болған Қарлұқ қағанатының құрылған жылы:756 жылы

  • Монғол шапқыншылығы 5.Мәтіндегі айтылған қалада дүниеге келіп, атақты еңбегін СүлейменАрсланханға сыйға тартқан ақын: Ж.Баласағұн

  • Мәтін бойынша қала құрылысының бөліктерге бөліну себептерінің бірін анықтаныз:Әлеуметтік теңсіздік

  • ». Мәтін бойынша ХII ғ. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қалалық мәдениетінде орын алған негізгі өзгерістерді анықтаңыз:Отырықшы мәдениет құлдырады

  • Мәтін бойынша Сауран қаласының тарихта алатын орнын анықтаңыз:Ұлы Жібек жолындағы қатынастардын ірі орталығы

  • Мәтін бойынша Испиджаб қаласының тарихта алатын орнын анықтаңыз:Ұлы Жібек жолындағы қатынастардың ірі орталығы Мәнмәтін сұрақ

  • Оңтүстік Қазақстан 2.Тараз қаласында орналасқан кесене: Айша бибі 3.Мәтіннен XV ғ. Тараз қаласының ыдырау себебін анықтаңыз: Ұлы

  • Жауабы 1-B;2-A;3-Д; 4-С

  • Мәтін бойынша Қазақстанда әртүрлі діни орындарының салынуына ықпал еткен жағдайды анықтаңыз:Ұлы Жібек жолының өтуі

  • Мәтін бойынша жануарлар бейнесін білдіретін ою-өрнекті анықтаныз: Зооморфты

  • Ұлттық мәдени код

  • Мәтін бойынша түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін анықтаңыз:металл өндіру Терракота терминінің анықтамасы: ғимараттарды сәндеу үшін

  • тарих слив. тарих мәтін база. Алайда парсылар зеннен тіп, массагеттерді тобына жауыздыкпен шабуыл


    Скачать 1.43 Mb.
    НазваниеАлайда парсылар зеннен тіп, массагеттерді тобына жауыздыкпен шабуыл
    Анкортарих слив
    Дата11.08.2022
    Размер1.43 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатарих мәтін база.docx
    ТипДокументы
    #644275
    страница2 из 3
    1   2   3

    анықтаныз:Ұлы Жібек жолының негізгі бөлігіне түркілер иелік етті

    Мәнмәтін сұрақ

    «Археологиялық зерттеулер нәтижесі Орталық Азияда өзіндік өркениеттің

    бар екендігін көрсетті. Өзіндік болмысын сақтап қалған бұл өркениеттер

    мыңдаған жыл бойы өмір сүрді. Жекелеген қоныстар мен қалалар өз дамуын

    тоқтатса да, сол жерлерде жаңа қалалар пайда болып, өркениет тіршілік

    ете берді. Мұндай тұрақтылық Орталық Азияның географиясымен тығыз

    байланысты. Отырықшы-егіншілік мәдениет белгілі бір аймақтарда, өзендер

    мен тау етегіндегі жазираларда (оазистерде) пайда болды. Далалықтар үшін

    де, отырықшы халық үшін де сауда өзге жұртпен материалдық және рухани

    мәдениет элементтерінің араласуына әкелді. Мұндай байланыс түрі малшы-

    егінші аралас мәдениетінің пайда болуына әсер етті.Бұл өркениеттің негізгі

    тоғыз ошағын бөліп қарастыруға болады: Маргуш (маргиандык), Бактрия,

    Хорезм, Соғды, Ферғана, Шаш, Сырдария жазирасы, Жетісу және Шығыс

    Түркістан».

    1.Шаш қазіргі қай қала:Ташкент

    2.Әмударияның төменгі сағасында орналасқан ірі аймақ: Хорезм

    3.Ахеменидтік және Александр Македонский империяларының кұрамында

    болды:Ферғана

    4. Трансконтиненталды сауда дегеніміз:Бүкіл Еуразия материгі

    ауқымындағы Жібек жолы саудасы

    5.Азия мен Еуропаны байланыстырған ауқымды көлік дәлізі: Ұлы Жібек

    жолы

    Мәнмәтін сұрақтар

    «Жетісу өңіріндегі аттары кеңінен мәлім ортағасырлық екі қала әрі жібек

    жолындағы асаіріекі орталықболыпсаналатын Суябпен Баласағұн қашаннан-

    ақ зерттеушілердің назарын аударып келеді. Суяб Батыс Түркі және Түргеш

    қағанаттарының астанасы, ал Баласағұн қараханидтер мен қарақытайлардың

    саяси орталығы болды. Суяб жайында ең көне, сонау VII ғасырдың бірінші

    жартысы мен VIII ғасырдан қалған деректер қытай мәліметтерінде сақталған.

    Будда тәуапшысы Сюань Цзянь 629 жылы Үндістанға бара жатқан сапарында

    Жетісуды басып өтеді. Сүйе өзенінің маңында ол бір қалаға кез болады. VIII

    ғасырдың алғашқы жартысына дейінгі деректер ұсынатын беймәлім автордың

    «Худуд аль-Алем» атты еңбегінде, сондай ак Гардиздің «Зайн әл-ахбар»

    (Баяндау көркі) шығармасында Суяб туралы мынадай сипаттама келтіріледі:

    «бұл 20 мын адам тұратын үлкен мекен. Шаһардың әміршісі Ялан шах есімді

    джабгудың бауыры екен. Баласағұнды басып алған түркілер (қараханидтер)

    ислам дінін қабылдап, бірте-бірте Орта Азияны жаулап алады».

    1.Мәтіндегі екі қала орналасқан аймақ:Онтүстік Қазақстан

    2.Мәтінде сипатталған тарихи кезең:Орта ғасыр

    3.Мәтіндегі қалалар бағынған мемлекет:Қарахан

    4.Орта ғасырлық түрік империялары мемлекеттерінің астанасы болған

    қала:Суяб

    5. Мәліметтерді дұрыс сәйкестендірініз:

    I.Суяб; 2.Баласағүн; 3.Сюань Цзянь

    А)Қарахан; В) Қытай; С) Түргеш.

    Жауабы I-С;2-A;3-В

    «…Шу өзені бойында болған, тарихта белгілі түркі тілдес қарлұктар,

    карақытайлар(кидандар)астанасы. Мәдениет пенөнердіңкөптеген оқымысты

    өкілдерін өрбіткен жер. Баласағұнда «Диуани лұғат-ат-түрк» авторы Махмуд

    Қашғари еңбекеткен. Ұлы Омар һайям тұстасы, ХІ ғасырдың ғажайып ақыны,

    дүние жүзіне белгілі «Құдатғу білік» авторы Хас Хажип Жүсіп Баласағұнда

    туған. Ақтөбе-археологиялық зерттеулерде жиі кездесетін атау. Жамбыл

    облысының өзінде ғана археологияға қатысты жиырмадан астам Ақтөбе бар.

    Ескеретін бір жағдай, оның барлығы әрине, әу бастан Ақтөбе емес, Баласағұн

    орнын да ең бастан Ақтөбе атады ма, әлде топырақ үйінділері алыстан ағарып

    көрінетіндіктен солай атап кетті ме, әзірше белгісіз. Мұсылман калаларында

    қоныстанудың қалыптасқан ғылыми тұжырымдарына сүйенсек, орталыкпен

    коса оның ең жақын төңірегінде 675 мыңға жуық адам мекендегенге ұқсайды.

    Шахристандағы бір бөлмеде қылыш, VII-VIII ғасырлардағы Пенжикент,

    Отырар, Құсан, Соқұлық заттарына ұқсас тұтқалы таба, майшам тұғыры,

    археологияда сирек ұшырасатын олжа- арыстан бейнелі мөр, тостаған, қазан,

    какпак, қыш құмыралар, сыры кетпеген ыдыс сынықтары табылды. Осы

    заттар мен керуен жолдары бұл қаланың ірі сауда орталығы болғандығын

    көрсетеді».

    1.Мәтіннен Шу өзені бойында орналасқан қаланы анықтаңыз:Баласағүн

    2.Ежелгі атауы Ақтөбе болған қала:Баласағұн

    3.Мәтіндегі қала астанасы болған Қарлұқ қағанатының құрылған жылы:756 жылы

    4.Мәтіндегі каланыңжойылуына әсереткеноқиға:Монғол шапқыншылығы

    5.Мәтіндегі айтылған қалада дүниеге келіп, атақты еңбегін Сүлеймен

    Арсланханға сыйға тартқан ақын: Ж.Баласағұн

    «Бізге VI- IX ғасырлардағы түрік тайпаларының қалалары мен қыстақ

    кенттері жер болып кеткен қиранды төбелер түрінде жеткен. Археологиялык

    қазба жұмыстары ғана олардың құрылыс жүйесінен айқын хабар береді.

    Қалалардың сырты дуалмен қоршалып, тұрғын үйлері бір немесе бірнеше

    бөлмеден тұрған. Үйге жылу беретін, тамақ жасайтын қазан-ошақтары

    болған. Қалалардың құрылыс жүйесі үш бөліктен жасалған»: Мәтін

    бойынша қала құрылысының бөліктерге бөліну себептерінің бірін

    анықтаныз:Әлеуметтік теңсіздік

    «Хұдуд әл-алам» деректерінде 25 қала мен қоныс болғандығы айтылған ел:

    қарлұқтар

    «Археологиялық зерттеулерге қарағанда, Х-XIII ғасырларда Қазақстанның

    онтүстік және Жетісудың оңтүстік-батыс аймактарында қалалық мәдениет

    дамыған. Мәселен, Қытай жылнамаларында Испиджаб каласының аты

    кезігеді. Бұл қала Махмұт Қашқаридің жазуына қарағанда Сайрам деп

    аталған. Қала қазіргі кезде де Сайрам деп аталады. Қала маңындағы

    қыстақтарда диқандар тіршілік еткен. Оңтүстік Қазақстанда отырықшылық

    мәдениеторталығы Отырар, Йасы, Сауран, Сығанақ, Құлан сияқты қалалар да

    болған. Ал Жетісу аймағында Тараз, Талхир, Алмалық, Қойлық қалаларының

    болғаны белгілі. Қалалар және олардың аймағындағы қыстақтар жартылай

    көшпелі малшаруашылығымен айналысатын ру-тайпалармен тікелей

    байланыста болған. Осы кезде Х-ХIII ғасырларда жоғарыда аталған аймақтар

    әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге бет бұрады». Мәтін бойынша ХII ғ.

    Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қалалық мәдениетінде орын алған

    негізгі өзгерістерді анықтаңыз:Отырықшы мәдениет құлдырады

    «Сырдария бойында дәуірленген қалалардың бірі- Сауран. Өз атауын сақтап

    қалған Сауранның қалдықтары Түркістан қаласынан солтүстік-шығыска

    қарай 25 шақырым жерде жатыр. Қала туралы бірінші деректер Х ғасырдан

    белгілі. Ол гүздер мен қыпшақтарға қарсы құрылған шегаралық бекініс-

    қамал». XV ғасырдың бірінші жартысында Жошы ұрпағы билігі кезінде

    Сауран тіпті Ақ Орданың астанасы болған. Қалада 1320 жылы қайтыс болған

    Ақ Орданың ханы Сасы-Бұқа жерленген. Оның ұлы Эрзен Сауран және

    басқа қалаларда медресе, ханака, мешіттер салған. Астаналық орталық рөлін

    Сауран кейінгі кезде де сақтап келген. XV ғасырдың 80-жылдары қаланы

    алғашқы қазақ хандарының бірі Жәнібектің ұлы Иренші сұлтан билеген. XVI

    ғасырдағы Сауранды Рузбихан толық синаттаған». Мәтін бойынша Сауран

    қаласының тарихта алатын орнын анықтаңыз:Ұлы Жібек жолындағы

    қатынастардын ірі орталығы

    «Испиджаб жазба деректерде сонау VII ғасырдың бас кезінен белгілі, Сюань

    Цзяньнің сапарнамасында ел «Ақ өзендегі қала» деген атаумен еске алынған.

    Өзге емес, дәл осы Испиджаб атауының аталу сыры көп, кейінірек Махмұт

    Қашқаридың XI ғасырдағы деректері арқылы айқындала түсті, «Сайрам,-

    деп жазды ол,- Испиджаб аталып жүрген ақ қаланың (Әл-Мединат әл-Байда)

    атауы. Оны Сайрам деп те атайды». Испиджаб атауы соғды тілінде «Ақ

    су» мағынасын береді деген де пікір бар, олай болса, «Ақ өзендегі қала»-

    «Испиджаб»-«Сайрам» деген атауларының түп-төркіні бір екеніне осының

    өзі айғақ бола алады», Мәтін бойынша Испиджаб қаласының тарихта алатын

    орнын анықтаңыз:Ұлы Жібек жолындағы қатынастардың ірі орталығы

    Мәнмәтін сұрақ

    «…Қазақстанның онтүстігінде қолөнершілер тұрақтары біздің

    заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың аяғынан-ақ пайда бола

    бастағандығы мәлім, Көне Жібек жолында қанат жайып, өркендеген

    осындай қалалардың бірі қазіргі Жамбылдың негізі- ежелгі Тараз (Талас)

    болып табылады.VI ғасырдың екінші жартысында Батыс Түрік қағанаты

    және оның құрамындағы Талас алқабы да Персия, Византия, Үндістан

    сияқты ұлы мемлекеттер арасындағы саяси және экономикалык қарым-

    қатынастар ықпалында болған. Ол кезде бұл елдер арасында қағанаттың

    жерімен өтетін Жібек жолы үшін шиеленіскен күрес жүріп жатқан.

    Сондықтан да олардың әрқайсысы көне түркілерді өздеріне одақтас

    етуге тырысқан. Осындай мақсатпен Византия императоры Юстиниан

    түрік қағаны Дизабулға грек Земарх басқарған елшілік жібереді

    Елшінің бізге жететін қолжазбаларында тарихта алғаш рет 568 жылы

    болған Толос (Талас) қаласы жайлы айтылады.Сол кезден бастап бұл

    қала аты парсы, түркі, араб тілдес авторлардың бірнеше үрпақтары

    шығармаларында кездеседі. Көне түркі тарихшысы Нершахи өзінің

    «Бұхар Тарихы» деген кітабында 580 жылғы оқиғалар жайлы айта

    келіп, Таласты Тараз деп қате жазады да, қала осы атпен белгілі бола

    бастайды. Ол кезде қала жайлы араб саяхатшысы әл-Макдиси «Тараз.

    ірі бекіністі қала, бақтары көп, халқы тығыз, қала сыртында терең ор

    қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекендері бар. Қаланың

    орталық бөлігіне кірер қақпа алдында үлкен өзен ағады, өзеннің арғы

    бетінде де тұрғын үйлер, өзеннен өтер өткелдері бар. Мешіт базарлар

    арасына салынған» деп жазған. Ол XVIIII ғасырдан бастап Әулиеата деп

    атала бастайды.Қазір мұнда ежелгі Тараз орнының Х-XIII ғасырлардың

    сәулет ескерткіштері-Бабаджа-қатын, Айша-бибі, Қарахан, Шаһ Мансұр

    күмбездерінің, соңғы дәуірлерде салынған тұрғын үйлер, медресе,

    мешіт, монша тағы да басқа ғимараттардың негізінде мемлекеттік қорық-

    мұражайы ұйымдастырылған»

    1.Мәтіндегі Тараз қаласы орналасқан аймақ:Оңтүстік Қазақстан

    2.Тараз қаласында орналасқан кесене: Айша бибі

    3.Мәтіннен XV ғ. Тараз қаласының ыдырау себебін анықтаңыз: Ұлы

    географиялық жаңа жерлердің ашылуы

    4.Мәтіннен XVIII ғасырдан бастап қала атауын анықтаңыз:Әулнеата

    5.Ортағасыр сәулет өнері ескерткіштерін ерекшеліктерімен

    сәйкестендіріңіз

    1.Айша бибі; 2.Алаша хан; 3.Қожа Ахмет Йасауи; 4.Бабаджа қатын

    A)Қарағанды облысы Қаракеңгір өзенінің жағасында орналасқан;

    B)ХІ-XII гғ. жататын іргесі оюлы терракота кірпіштен қапталған

    кесене

    C)Х-XI ғғ.жататын есігі шығыс жағында орналасқан шатырлы

    күмбезбен жабылған кесене

    Д)Әмір Темір бұйрыгымен XIV-XVгг. салынған кесене

    Жауабы 1-B;2-A;3-Д; 4-С

    «Бұл қала жайында ең көне, сонау VII ғасырдың бірінші жартысы

    мен VIII ғасырдан қалған деректер қытай мәліметтерінде сақталған.

    Будда тәуапшысы Сюань Цзянь 629 жылы Үндістанға бара жатқан

    сапарында Жетісуды басып өтеді. Сүйе өзенінің маңында ол бір

    қалаға кез болады. «Оның аумағы 6-7 ли. Онда түрлі елдерден келген

    көпестер мен соғдылар тұрады екен. Топырағы қызыл, тары мен

    жүзім өсіруге қолайлы. Сүйеден тура батысқа қарай бір-бірінен бөлек

    ондаған жеке қалалар орналасыпты». Бұдан әрі Сюань Цзянь Жетісу

    қалаларының тұрғындарын, олардың дәстүрлерін, киімдерін, әдет -

    ғұрыптарын сипаттап, сөзінің соңында бұл қалаларда дикандар мен

    саудагерлер тұратынын жазған… VIII ғасырдың алғашқы жартысына

    дейінгі деректер ұсынатын беймәлім автордың «Худуд аль-Алем» атты

    еңбегінде, сондай-ақ Гардизидің «Зайн әл-ахбар» («Баяндау көркі»)

    шығармасында бұл қала туралы мынадай сипаттама келтіріледі: «бұл

    20 мың адам тұратын үлкен мекен. Шаһардың әміршісі Ялан шах есімді

    джабгудың бауыры скен». Мәтін бойынша Қазақстанда әртүрлі діни

    орындарының салынуына ықпал еткен жағдайды анықтаңыз:Ұлы

    Жібек жолының өтуі
    Қолөнер мен шаруашылыгы

    «Қой малының халқымыздың өміріндегі алатын орны ерекше болған.

    Қойды қастерлеудің ғасырлардан жалғасып келе жатқан өзіндік

    айрықша мәні бар. Қой - далалықтардың негізгі байлық өлшемі

    есептелінді. Ою - өрнек - қазақ халқының қоләнер саласында кең

    қолданылып келе жатқан көне өнердің бір түрі. Ою-өрнек арқылы

    шеберлер халықтың арман-мүддесін, өз ойларын, көңіл күйін жеткізіп

    отырған. Қазақ ою-өрнегінің мыңжылдықтармен саналатын терең

    тарихы бар. Ежелгі Пазырық және тағы басқа Алтай қорғандарынан

    табылған бұйымдардағы ою-орнектер қазіргі қазақ оюларымен ұқсас

    келеді». Қазақ қөлөнеріндегі қошқармүйіз өрнегінің мәні: байлық

    пен молшылық

    Қиял-ғажайыпқа негізделген ою-орнек: космогониялық

    «Ою-өрнек кез келген бұйымдарға немесе тұрмыстық заттарға:

    ер-тоқым көрпешесіне, киімгге, баскиімге, әйелдердің әшекейіне,

    аяқкиімге, ыдыс-аяққа, кілем, қоржындарға салынған. Музыкалық

    аспаптар, зергерлік бұйымдар, жиһаз, киіз үй жабдықтары,

    қаружарақтар, бесік пен сандық, қамшы т.б. тұрмыстық заттар

    өрнектермен безендірілген. Қазақ ою-өрнектерінде алуан түрлер мен

    сарындар: жан-жануарлардың, космогониялық, өсімдіктің бейнесі,

    геометриялық т.б. нақыштар кездеседі. Аса кең таралған ою-өрнек

    түрлері: кошқармүйіз, түйемойын, мүйіз, қосмүйіз, сыңармүйіз т.б.

    Жануарларға байланысты қазмойын, өркеш, өрмекші және өсімдік

    тектес жапырақ, гүл қауыздары, үшжапырақ өрнек түрлері де кең

    таралған» Мәтін бойынша жануарлар бейнесін білдіретін ою-өрнекті анықтаныз:Зооморфты



    Мәнмәтін сұрақтар

    I.№3-суретте бейнеленген қазақтың ертедегі мүлкі: ағаш төсек

    2.№4-суреттегі бұйымдарды жасауда жиі қолданған шикізат: күміс

    3.Суреттегі берілген бұйымдардың ортақ атауы:қазақтың материалдық

    мәдениеті

    4.Кніз, туырлық, сықырлауық, желбау бұйымдары сәйкес келетін сурет:2-

    сурет

    5.Берілген материалдық мәдениет заттарында таңбаланған ақпарат:Ұлттық

    мәдени код


    1.Киіз үйдің ағаш қаңқасы: кереге, уық, шаңырақ

    2.Киіз үйді жасаушы:Үйші

    3.Кніз үйдің қонақтарға арналған құрметті орында орналасты:Сәнді кілем,

    сандық, қамшы, домбыра

    4.Кніз үйлің төрден оңға қарай еркектерге арналған бөлігінде орналасты:ер-

    тұрман, ят әбзелдері, тұмар

    5.Киіз үйге қатысты бұйымдарды сәйкестендіріңіз:

    l) ағаш бөлігі; 2) киіз бөлігі; 3) жиһаз

    A. Кебеже; В. Кереге; С.Түндік,

    Жауабы: 1-В, 2-С, 3-А

    «Түркілердің кен корыту ісімен V ғасырдан таныс екенін авар қағанының

    түрік қағанына айтқан «сен менін есігімдегі теміршім едін» деген сөзінен

    анық байклуға болады. Жазба деректерден Талас өзені аңғарындағы қалаларда

    күміс, мыс өндіріліп, түрлі бұйымдар жасалғаны мәлім. Шу, Іле бойлары мен

    Қаратауда түсті металдар да өндірілген. Металл өндірушілердің құралдары

    өте қарапайым болған. Олар: темір, шот, қайла, балға, ағаш, темір сыналар.

    Қазып алынған кен ұнтақталып, балқытуға арналған ошақтарға жеткізілген.

    Алынған металл корытпаларынан теміршілер, зергерлер керекті бұйымдар

    жасаған». Мәтін бойынша түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін

    анықтаңыз:металл өндіру

    Терракота терминінің анықтамасы: ғимараттарды сәндеу үшін

    колданылатын оюланған кірпіш

    XII ғасырларда қалалардағы тұрғын үйлерде қолданылған суды сыртқа

    шығаратын құбыр:Ташнау

    Орта ғасырларда Қазақстанның Оңтүстік және Жетісу аймағында өркендеген

    калалық отырықшылық шаруашылық

    Сәулет өнері

    Қарлұқ дәуірі сәулет өнерінің ескерткіші:Ақыртас

    «VII-VIIII ғасырлар арасында басталып, бітпей қалған Ақыртас ғимаратының

    тастан қаланған іргетасы белгілі. Бұл ескерткішті Тасақыр деп те атайды… Ол

    бүгінгі Тараз қаласының шығыс бөлігінде 40 км жерде орналасқан. Ақыртас

    аталу себебі, құрылыс материалына пайдаланылған тас блоктардың бір жағы

    ақыр сиякты ойылған. Ақыртас ғимараты түрғын үйге арналған, Кұры

    жүйесі негізінен үш бөліктен түралы:

    1. Онтүстік бөлігі. Акыртастың иесі мен қонақтар түратын үй жай,

    2. Солтүстік бөлігі. Күзетшілер мен қызметшілер тұратын үй және мініс

    ат-көліктердің қоражайы.

    3. Орталық Алаң. Мұнда ойын-сауық, той-думан, діни рәсім өткізілетін.

    Ақыртастын бітпейқалғандығына қарамастан, бұл ғимаратты салушы

    сәулетшінің ой-өрісі кең әрі батыл шешімді адам болғандығы анғарылады».
    1   2   3


    написать администратору сайта