Главная страница
Навигация по странице:

  • Алғашқы өмірі

  • Туылуы және отбасы

  • Платон философиясы

  • Платон. Алашы мірі


    Скачать 22.26 Kb.
    НазваниеАлашы мірі
    АнкорПлатон
    Дата21.10.2019
    Размер22.26 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаПлатон.docx
    ТипДокументы
    #91228

    Платон

    Платон (көне грекше: Πλάτων, б.з.д. 427 — 347) — ежелгі грек философы, математик, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализм философиясының негізін салушы. Платон оның лақап аты болып, жауырыны кең болғандықтан "жалпақ", "кең" деген мағынада Платон деп аталған. Платонның шын есімі — Аристокл.

    Платон философиялық ізденістің алғашқы нұсқасының бірегей өкілі болды. Әсіресе классикалық философия Платонды өз арқау дәстүрі етіп қалыптасқаны белгілі. Платонның Афина қаласында құрған Академиясы адамзат мәдениетіндегі ең алғашқы жоғары оқу орынының таңдаулысы есептеледі. Платон және ұстазы Сократ және шәкірті Аристотель үштігі шығыс (мұсылман әлемі) пен батыс (христиан әлемі) тарихында философия мен ғылымның алғашқы негізін қалаған ойшылдар есептеледі.

    Платон өз шығармашылығында түрлі жазушылық үлгісін кең пайдаланған, әсіресе ойшыл-ғұламалар ортасындағы философиялық сұхбатты негіз еткен Платон диалогтары үлгісі негізгі орында тұрады. Платон диалогтары философияны, этиканы, риториканы, дін және математиканы қамтыған ғылым-білім үйретудің және тәрбие берудің күрделі жүйесін құрайды. Әдетте, Платонға қатысты "Платонша махаббат", "идея туралы теория", "тума білім", "Платон коммунизмі" қатарлы ұғымдар көбірек айтылады. Оның басты теориясы дерексіз объект - нақты өмір сүретін нәрселердің артында тұратын біртұтас идеяның өзгеше шындығы туралы болып, ол әдетте платонизм деген атаумен сипатталады.

    Алғашқы өмірі

    Платонның алғашқы өмірі мен тәрбиесі туралы деректер жоқтың қасы. Тек бұл философ Афинадағы өте бай саясаткер отбасында туғаны белгілі. Антикалық дереккөздер оның үйренуге құштар, өте кішпейіл жас болғанын сипаттайды. Оның әкесі баласына өз заманындағы білімді ұстаздардан грамматика, музыка, спорт және философия салалары бойынша өте жақсы тәрбие алуға жақсы мүмкіндік жасағаны байқалады.

    Туылуы және отбасы

    Платонның шынымен нақ қай уақытта қайда туғаны түбегейлі айқын емес, бірақ оның ықпалды аристократ отбасыда туғаны анық. Антикалық негізгі дереккөздер Платонның Афинада, немесе Эгинада б.з.д 429 бен б.з.д. 423 жылдар аралығында туғанын айтады.

    Платонның әкесінің аты Аристон (Άρίστον). Диоген Лаэртскийдің айтуынша, Аристон Афинаның патшасы Кодр (Κόδρος) және Мессен патшасы Меланфпен (Μέλανθος) қандас туыс болып келеді екен.

    Платонның анасы Периктион болып, Периктион әйгілі Солон патшаның жақын туысы деп әспеттелген. Солон патша Афинаның тұңғыш заң шығарушы билеушісі, Сақ ойшылы Анахарсистің досы, ақын, жеті ғұламаның бірі есептеледі. Периктион сондай-ақ олигархтық режимдегі Отыз тиранның бірі болған Хармиданың қарындасы, Критийдің жиені болып, олардың бәрі Пелопоннес соғысының(б.з.д.404–403) соңында Афинаның күйреуімен бірге болған.

    Платоннан басқа Аристон мен Периктионның тағы үш баласы болған, екеуі ұл, біреуі қыз. Олар Адеймантус (Ἀδείμαντος) пен Главкон, және кейін Спевсиппаның анасы болған қызы Потоне (Ποτώνη). Спевсиппа кейін Платонның жиені ретінде Платон акадеиясының басшысы болған.

    Платонның туған уақыты (б.з.д.428/427) Диоген Лаэртский көрсеткен дерекке негізделген. Ол былай дейді: "[Сократ] өлгеннен кейін [Платон] Кратилдің Парменидттік үлгідегі Гераклиттік және Ермогендік философиясына қосылды. Кейін, 28 жасында Ермоген айтты, Платон Мегерадағы Евклидке кетті. Debra Nails-тің айтуынша, "(аталған) мәтін Платонның мегараға жай кетпегенін, қарсы бағытқа ауысқанын ымдайды."

    Платон шығармаларында өзі туралы артық жақ ашпағанымен, өз туыстарын диалогқа еңгізді және олар туралы әлденені айта кетті. Мысалы, Хармида туралы «Хармида» атты диалог бар, Критий туралы «Хармида» және «Протагор» диалогтарында айтылады. Адеймантус пен Главкон туралы «Мемлекет» диалогында айтылады.

    • 407 ж. ш. Платон Сократпен танысып, оның ең сүйікті шәкіртінің бірі болды. Сократ өлім жазасына кесіліп, у ішіп қайтыс болған соң Платон Афинадағы саяси жағдайдың қолайсыздығына байланысты Мегарға кетті.

    • 389 ж. Оңтүстік Италия мен Сицилияға саяхат жасап, онда пифагоршылармен ғылыми, философиялық, діни ілім жайында пікір алысты. Қайтып келген соң ол Афинада өз мектебі — Платон академиясының негізін қалайды.

    • 367 және 361 ж. Сицилияға екі рет саяхат жасап, өмірінің соңғы жылдарын Афинада өткізді. Осында көптеген еңбектер жазып, дәріс оқыды. Негізгі шығармалары: “Апология” (Мазмұнына қарай «Тойтарыс», немесе «Ақталу» деп атауға болады, шығармада соттағы Сократтың өз ісі мен идеясын Ақтап, Афина қоғамын сынап сөйлейді), “Критон” (заңды сыйлау туралы), “Кратил” (тіл туралы), “Федон” (әдептілік туралы), “Мемлекет” (идеялар теориясы), “Теэтет” (білім туралы), “Тимей”, “Заңдар”, т.б.

    Платонның пікірінше, шын болмыс — ақылмен ғана білуге болатын денесіз Идеялар әлемі. Оның болмысы Прменидтікі секілді біртұтас емес, керісінше өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік болмыс. Әр идея өз алдына мәңгі және өзгермейді, ол өзіне-өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Идеялар бір-біріне тек қарым-қатынаста ғана емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, басқаша айтқанда, бірнеше түрлі идеялар бір ортақ идеяға бағынышты қатынастарда болады. Қоғамның теқтік бөлінуін Платон азаматтардың бірлескен тұрғылықты жерлері ретінде мемлекет беріктігінің шарты деп жариялады. Төменгі тектен жоғарғысына өз бетінше өтуге жол берілмейді және ол үлкен қылмыс болып саналады, өйткені әрбір адам өзіне табиғатынан белтіленіп қойылған іспен айналысуы қажет. "Өз ісімен айналысу және бөтендерге килікпеу — әділдік деген осы". Әділдіктің платондық анықтамасы қоғамдық теңсіздікті, адамдардың туғаннан жоғары және төменгі болып бөлінуін ақтауға құрылған.

    Платон рухани әлемнің жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе “эйдос” деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл, т.б. Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әр түрлі міндет атқарады:

    1. себептілік;

    2. заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі;

    3. заттардың түпнегізін бейнелейтін ұғым.

    Материалдық денелер өзгермелі, құбылмалы, ал эйдостар мәңгілік. Заттардың өзгермелілігін түсіну үшін бұл екі ұғым аз, сондықтан Платон оларға қосымша тағы бір ұғым — “хораны” (материя) кіргізді. Хора-материя — көрінбейтін, түрсіз, еленбейтін өзіне-өзі тең құбылыс. Бірақ ол кез келген түрді қабылдап, пішінделген (түрленген) материя болуға қабілетті. Платонның материясын таны Платон білуге болмайды, ол — бейболмыстың бір түрі. Материя көптүрліліктің, жалқылықтың, заттанудың, өзгерістердің, туу мен өлімнің, табиғи қажеттіліктің, жамандықтың және еріксіздіктің қайнар көзі. Материя мәңгі, ол өмірге идея арқылы келмейді. Платон материяның бұл түрінен физ. материя түрін ажыратып қарастырады. Физикалық материя антик. көзқарастарда қалыптасқан төрт негіз — от, жер, су, ауа түрінде өмір сүреді.

    Сезімдік заттар — заттандырылған идеялар мен материяның туындылары. Материалдық денелер өзгермелі: уақытша дүниеге келіп, қайта жоғалып жатады. Платонның ілімі бойынша, идея мен материядан басқа үшінші бастама — әлемдік рух немесе космос рухы шығарм. күштің, қозғалыстың, тіршіліктің, жанның, сананың және таным процесінің қайнар көзі ретінде идеялар әлемі мен заттар әлемін байланыстырады. Ол заттарды идеяларға ұқсауға, ал идеяларды заттарда болуға көндіреді. Осы екі әлемді біріктіріп, байланыстыру үшін космостық рухтың өзі қарама-қайшылықта болуы керек. Ол қарама-қайшылық үш бөліктен тұрады: біріншісі — өзіне-өзі тең бөлік (идеялар әлемі), екіншісі — өзгермелі бөлік (материя) және үшіншісі — сол екеуінің қосындысынан тұратын бөлік (сезімдік заттар әлемі). Космосқа рух беретін — демиург. Ол космостың мәңгі бастамасы, себебі және жүйеге келтірушісі. Демиург жаратқан жандар аспанда болған кезінде идеялар әлемін көріп, таны Платон біледі; бірақ жерге түсіп, адамдардың денесіне орналасқанда көрген-білгенінің бәрін ұмытып қалады. Платон таным процесі — жанның ұмытып қалған идеялар әлемін еске түсіруі деген қорытынды жасайды. Материялық денелер идеялардың бейнесі болғандықтан, жан оларды көргенде, ұмытып қалған идеялар әлемі туралы білгені есіне оралады. Жанның осы жолмен алған білімі нағыз ақиқатқа жатады. Аспан әлемінің үйлесімділігін зерттейтін ғылымдар арқылы алған білім — ақиқатқа жақын, себебі олар идеялар әлемі туралы тікелей білім бермесе де, соған жақындатады. Ал сезімдік денелер туралы күнделікті тәжірибе арқылы алған білім — шындыққа жанаспайды, себебі ол болмыс, идеялар әлемі туралы білім емес, олардың көлеңкесі туралы алынған білім. Платонның пікірінше, сезімдік танымның ақиқатты тану жолында ешқандай маңызы жоқ, себебі түйсіктер арқылы алған мәліметтер заттардың өзіндегі құбылыстар туралы білім емес, тек адамдардың пікірінде ғана қалыптасқан ұғымдар. Ал заттардың көзге көрінбейтін шын мәнін тек ақыл-ойдың күші арқылы білуге болады. Сондықтан шын ақиқатты түсіні Платон білу үшін ақыл-ой заттар әлемінен аластатылып, жанның идеялар әлемінде көргендерін есіне түсіруге мүмкіндік алуы керек. Бұл жолда оған эрос көмектеседі, себебі ол адамдарды шығарм-қа жетелейтін құдіретті күш. Платонның көзқарасы бойынша, идеяны, эросты басшылыққа алған өмір әдептілік идеясын (игілік, қайырымдылық) жүзеге асырады. Ол тек рухани махаббат негізінде ғана мүмкін. Игілік (қайырымдылық) дегеніміз жанның реттілігі мен үйлесімділігі.

    Платонның түсінігінше игіліктің төрт түрі бар. Олар: жүректілік, данышпандық, естілік және әдептілік. Бұл игіліктер адамдардың бәріне бірдей дарымайды. Осы игіліктердің даруына қарай қоғамдағы әлеум. топтарды үш топқа бөлуге болады. Олар: игіліктердің төрт түрінің төртеуі де дарыған — философтар, бұлар мемлекетті басқарулары керек, данышпандықтан басқа қалған үш игілік дарығандар — әскербасылар, т.б., ал игіліктің соңғы екеуі ғана дарығандар — қолөнершілер, шаруалар, саудагерлер, т.б. Осы әлеум. топтардың әрқайсысы мемлекетке пайдалы және өте қажет. Сондықтан мемлекет өз тарапынан азаматтарды игілік рухында қалыптастыруға, тәрбиелеуге жағдай жасауы керек. Жетілген мемлекетте аталған үш әлеум. топ бір-бірімен жарасып, әрқайсысы өз ісімен айналысады да, мемлекетте игілік орнайды. Өзінің жетілген мемлекет идеясын жүзеге асыруға талпынысы сәтсіз аяқталған соң Платон өз шығармаларында "барлық нәрсенің өлшемі — Құдай" деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекет пошымын табуға ұмтылады. Платонның ойынша, адамдар өз қажеттіліктерін жеке дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндіріп, үй салулары, т.б. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылыспен, төртіншілері етікшілікпен, т.с.с айналысады.

    Платон философиясы

    Платон Сократ ілімін ары қарай жалғастырды. Заттарды тек эмпирикалық тұрғыдан қарастыруға болмайды дейді Платон. Әр заттың өз идеясы, мәні болады. Дүние заттардан және олардың идеяларынан тұрады. Заттар мен идеялар екі түрлі байланыста болады. Заттан идеяға өту, идеядан затқа өту. “Идеялар адамсыз өмір сүре алады” дейді Платон. Идеялар космоста өмір сүреді. Олар затқа қонады, әрі заттарды тастап кете алады. Платон жалпылық туралы ілімін идеалистік тұрғыдан шешті. Жалпылық өз бетінше өмір сүреді дейді. Платон – объективті идеалист. Таным – бұл объективті идеялардың бұрынғы өмірін еске алу.

    Платон әлемнің толық суреттемесі болатын концепция түзді. «Тимей атты шығармасында: Дүниеде идея, материя және құдай бар дейді. Құдайды шебер жаратушы дейді. Идея мен материя қоспасынан «демиург» құдай әлемдік рухты жаратып, кеңістікке таратады. Әлемдік рух өзінің бастапқы күйінде стихияларға бөлінеді: от,ауа, жер. “Космос - ақылды тірі жан”, - деп түсінеді. Әлемнің құрылымы мынадай:

    1. Құдыретті ақыл (демиург);

    2. Әлемдік рух;

    3. Әлемдік дене. Болмыстағының бәрі мәңгіліктің көлеңкесі, идеялар дүниесінің бейнесі. Шынайы болмыс - тек идеялар әлемі.


    написать администратору сайта