Главная страница
Навигация по странице:

  • Геном (қоры)кітапханасы -ДНҚ клонының қоры. Түр геномының құрамына кіретін ДНҚ фрагментінің әрқайсысынан кем дегенде бір-бір данасы бар жиынтығын айтады.Биоинформатика

  • Вектор

  • Генетикалық карта

  • Гендік терапия

  • Кодон (триплет)

  • Интрон

  • Сұрыптау маркері

  • Мутациялар

  • Праймер

  • Полиморфизм

  • Тұрақтандырушы сұрыптау

  • Дизруптивті сұрыптау

  • Трансформация

  • Тандемдік қайталаулар

  • Экзондар

  • Функционалдық геномика

  • Глоссария. Аллель бір генні р трлі формалары Амплификация


    Скачать 11.39 Kb.
    НазваниеАллель бір генні р трлі формалары Амплификация
    Дата21.09.2021
    Размер11.39 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаГлоссария.docx
    ТипДокументы
    #235005

    Глоссария
    Аллель – бір геннің әр түрлі формалары
    Амплификация - бұл бір немесе бірнеше көшірмеден, болмаса үзінділерден ДНҚ-ның көптеген көшірмелерін өндіру.
    Антиген – қанға еніп, ерекше антиденелерді қалыптастыруға қабілеті бар полисахаридті немесе ақуызды заттар.
    Геном (қоры)кітапханасы -

    ДНҚ клонының қоры. Түр геномының құрамына кіретін ДНҚ фрагментінің әрқайсысынан кем дегенде бір-бір данасы бар жиынтығын айтады.
    Биоинформатика- бұл есептегіш биохимия, молекулярлы биология және биотехнологияны зерттейтін ғылым.
    Вектор - генді бір жасушадан басқасы-на тасымалдай алатын плазмадан немесе сақина тәрізді вирус ДНҚ-сынан алынған ДНҚ молекуласы
    Генетикалық код - нуклейн қышқылдары молекуласындағы тұқым қуалаушы ақпараттың нуклеотидтер тізбегі түріндегі біртұтас жазылу жүйесі.Генетикалық кодтың негізгі қасиеті-әрбір амин қышқылының үш нуклеотидімен жазылуында; ДНҚ-ның нуклеотидтік кодының болуы арқасында, ген белоктағы амин қышқылдарының жүйелігін бақылайды; бір геннің кодондары бірін-бірі жаппайды; көптеген амин қышқылының қалдықтары бірнеше кодондармен кодталады; әрбір жеке кодон тек бір амин қышқылының қалдықтарымен кодталады; әмбебаптылық генетикалық код барлық зерттелген организмдерге бірдей.Тірі жасушаларда генетикалық код, яғни генмен кодталатын белок синтезі; екі матрицалық процестер (транскрипция және трансляция) арқылы жүзеге асады.
    Гендік инженерия - жасушадан (не ағзадан) белгілі бір генді бөліп алып, рекомбинантты РНҚ және ДНҚ молекулаларын құрастыру және гендерді басқа жасуша не ағзаларға енгізуге бағытталған жаңа әдістер мен технологиялар жиынтығы.
    Ген – полипептид не нуклеин қышқылының синтезделуін анықтаушы ДНҚ молекуласының бір учаскесі.
    Геном – гаплоидтық хромосома санындағы гендер жиынтығы.
    Геномика – бұл ғылым саласы, тірі ағзалардың геномын зерттейді.
    Генетикалық карта - генетикалық рекомбинация негізінде жасалған хромосомадағы жеке гендердің орналасу ретін көрсететін сызба.
    ДНҚ-полимеразалар – ДНҚ синтезін қамтамасыз ететін, яғни дезоксирибонуклиотидтерді фосфодиэфирліқ байланыс арқылы бір-біріне байланыстырушы ферменттер.
    Гендік терапия - тұқым қуалаушылық материалдарын (ДНҚ және РНҚ) жасушаға не ағзаға енгізу арқылы оның қасиеттерін (қызметтерін) өзгерту.
    Клондау - жасуша не генді көшірмелер көбейту.
    кДНК – (комплементарлы ДНҚ)-in vitro ортасында кері транскрипция жолымен синтезделген бір тізбекті ДНҚ;РНҚ-ға комплементарлы.
    Код генетикалық – ДНҚ (РНҚ) молекуласында нуклеотидтердің бірізділікпен орналасуы арқылы тұқым қуалаушылық ақпараттың жазылу жүйесі.
    Кодон (триплет) – геннің ең ұсақ, 3 нуклеотидтен тұратын және бір амин қышқылын анықтайтын қызметтік бірлігі.
    Клон -жыныссыз жолмен көбейетін өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық тұрғыдағы бір типті ұрпағы.
    Интрон- ДНҚ-ның транскрипцияланатын және әдеттегі генетикалық информациясы жоқ бөлігі.Интрон экзондардың арасында орналасады.Эукариоттық гендердің ақпаратсыз бөлігі.
    Локус – геннің хромосомада орналасқан орны.
    Сұрыптау маркері- бұл ағзалардың генетикалық әртүрлілігін қамтамасыз ететін олардың әр түрлі өмір сүру жағдайларына бейімделуіне мүмкіндік беретін басты эволюциялық фактор.
    Плазмида -ДНҚ-ның хромосомадан тыс тәуелсіз репликацияланатын (еселенетін) кішігірім сақиналы молекуласы. Бұл терминді 1952 жылы Дж.Ледерберг ұсынды. Плазмида тірі жасушаларда кездеседі және генетикалық зерттеулерде қолданылады.
    «Адам геномы» жобасы - 2000 жылы маусымда Ұлыбритания премьер-министрі Тони Блэр және сол кездегі АҚШ Президенті Билл Клинтон “Адам геномын зерттеу” программасы-Human Genome Project бойынша адам геномының алдын-ала варианттарын көрсетті, адамның геномының қатарының 97 пайызы анық екендігін айтты.Бұл проекті әлем лидерлері-АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Япония, Қытай қатысқан.
    Мутациялар генетикалық материалдың өзгеруі.
    Космида – лямбда фагтың соs-сайты енгізілетін плазмида, нәтижесінде плазмидтік ДНҚ in vitro жағдайында фагтың ішіне оралуы (жинақталуы) мүмкін.
    Праймер – ұзындығы 50 нуклеотидтен аспайтын РНҚ-ның қысқа фрагменттері ДНҚ-молекуласының артта қалған тізбегі синтезінің қозуы (оказаки фрагменттері түзілуі) үшін қажет.
    Псевдогендер - бұрын функциясы бар геннің мутациялануы нәтижесінде пайда болған активтілігі жоқ элемент.
    Полиморфизм – популяциядағы генетикалық тұрғыдан әртүрлі болып келетін екі немесе бірнеше форманың үйлесімді арақатынасы.
    ПТР - ПОЛИМЕРАЗАЛЫҚ ТІЗБЕКТІК РЕАКЦИЯ- ДНҚ-ның арнайы амплификациясы іске асырылады.Ол үшін ДНҚ-полимеразаның фермнеті екі праймердің қатынасуымен ДНҚ молекуласының өзара комплементарлы тізбектерін таңдамалы түрде синтездейді. ПТР әдісін 1983 ж К.Муллис ұсынған.
    Протеомика – молекулярлы биологияда жаңа пайда болған бағыт, ол салыстырмалы зерттеудің жасушалардың протеомдарын, яғни сол жасушадағы ақуыздардың құрылымымен бір қалыпты уақыттағы даму фазасын зерттеу.
    Рестриктаза - ДНҚ-ның нуклеотидтер тізбегін белгілі жерден үзетін фермент.Рекомбинанттық ДНҚ-ның екі үзіндісін қосып тіркегенде пайда болады.Рекомбинация 2 жолмен жүреді:табиғи және жасанды, анықталған генді өзіндік пайдалы және басқа жасушаға ене алатын бөлігін айтады.
    Рекомбинанттық ДНК - толық құрылымды ДНҚ молекуласынан әр түрлі ДНҚ екі үзіндісін қосып тіркегенде пайда болады.Рекомбинация екі жолмен жүреді: табиғи және жасанды(гендік инженерия жолымен алынған
    Ревертаза – (кері транскриптаза)-онкогендік РНҚ-лары бар вирустардың ферменті, ол кері транскрипция деп аталатын,яғни вирустың РНҚ үлгісімен провирустардың ДНҚ-сын синтездейді.Синтездеу барысында РНҚ-ДНҚ буданы пайда болып,ДНҚ тізбегі ДНҚ-ға тәуелді ДНҚ-полимеразаның әсерімен екі еселенеді, осыдан туған ДНҚ-ның тізбегі әрі қарай еселенеді. Ревертазаның көмегімен синтезделетін вирустың ДНҚ жұқтырылған жасушаның геномына кіреді.
    Репликон – репликацияның өлшем бірлігі; яғни өздігінен репликациялана алатын генетикалық молекула.ДНҚ репликациясының басталу нүктесінен келесі “кеесі репликация айырымен” кездесетін жерге дейінгі ДНҚ-ның бөлігі “репликон” болып табылады.
    Сателлиттік ДНК – өзара ұқсас көптеген жүз мыңнан бірнеше млнға дейін тандемді қайталанулар-дан құралған тізбек; бірінші реассоциацияланатын ДНҚ бөлігі.Эукариоттық жасушаларда кездеседі.
    Сұрыптаушы орта- бұл ағзалардың генетикалық әртүрлілігін қамтамасыз ететін,олардың әр түрлі өмір сүру жағдайларына бейімделуіне мүмкіндік беретін басты эволюциялық фактор: тұрақтандырушы, қозғаушы, дизруптивті сұрыптау болып бөлінеді:

    Тұрақтандырушы сұрыптау- популяцияда фенотиптің не белгінің орташа вариантын сақтай-ды.

    Қозғаушы сұрыптау-фенотиптің белгілі бір бағытта өзгеруін қамтамасыз етеді, осы белгінің орташа мәндерінің не көбеюімен не азаюымен көрінеді.

    Дизруптивті сұрыптау-шеткі варианттарды сақтап аралық немесе орташа варианттарды жояды.
    Секвенирлеу -нуклеин қышқылының тізбегіндегі нуклеотидтердің немесе белоктағы амин қышқылының орналасу ретін анықтау
    Трансформация – бактерия штаммдарының өзара ДНҚ учаскелерімен алмасып, қасиеттерін өзгертуі.
    Транспозон – үш үзілістің салдарынан пайда болатын хромосома сегментінің хромосома ішілік (инверция) немесе хромосома аралық біржақты транслокациясы.Транспазонның бір локустан басқасына ауысуын ДНҚ-ның транспозициялық жүйесі қамтамасыз етеді.
    Тандемдік қайталаулар- орташа қайталана-тын ДНҚ.Екі бөліктен тұрады:транскрипцияланатын (құрылымды гендер және псевдогендер) және тран-скрипцияланбайтын (спейсер).
    Трансдукция – бактериофагтар арқылы бактериялардың бір штаммының ДНҚ молекуласының бір учаскесінен екіншісіне көшірілуі.
    Экзондар- құрылымдық гендердің мағыналы учаскелері.
    Салыстырмалы геномика - әр түрлі ағза-дағы ұқсастығы мен айырмашылығы анықтайды. Негізгі мақсаты олардың орталық заңдылықтары мен құрылысын зерттейді.
    Функционалдық геномика – идентификатты функцияның әр гені мен геномның бөліктерін, жасушаның жүйесінде анықталуы мен байланысуына бағытталған.
    Экзонуклеаза – нуклеин қышқылын 3`немесе 5` ұштарынан (соңынан) бастап, нуклеотидтен соң нуклеотидті ажырататын фермент (нуклеаза)
    Эндонуклеаза -нуклеин қышқылын кез келген жерінен экзонуклеаза сияқты соңынан ғана емес, орта бөлігінен де ажырататын фермент (нуклеаза)


    написать администратору сайта