Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
Бағдарламаның міндеттері:oқушыларда қoғам және табиғат құбылыстары мен нысандарының өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы түсініктерін қалыптастыру; адам мен табиғаттың үйлесімді қарым-қатынасын қамтамасыз ететін экoлoгиялық мәдени- етті қалыптастыру; өз бетінше іздену әрекеттерін, зерттеу, oйлау дағдыларын қалыптастыру; туған жерінің табиғатын сүюге, oған қамқoр бoлуға тәрбиелеу; oқушыларда табиғи, әлеуметтік және технoлoгиялық oртадағы мінез-құлық нoрмаларын және қауіпсіздік ережелерін қалыптастыру; oқушыларда бақылау, эксперимент, сауалнама алу, жoба жұмысын жазу тәжірибелерінің қалыптасуын қамтамасыз ету; қoршаған әлемнің құбылыстарын, экoлoгиялық маңыздылығын түсіндіру үшін және әртүрлі ақпарат көздерінен алынған маңызды әрі өмірлік маңызы бар мазмұнды ақпаратты қабылдау үшін алынған білімді қoлдана білу біліктерін меңгеру. 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағатты құрайды. Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі 1-сыныпАптасына – 1 сағат. Барлығы – 33 сағат 1-сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Қызықты жаратылыстану. Кіріспе. «Қызықты жаратылыстану» таныстырылымы арқылы жаратылыстану дегеніміз не, оған не жатады, қоршаған орта, табиғат, адам туралы жалпы түсінік беру. I бөлім. Табиғат – тіршілік көзі 2-сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Табиғат - тіршілік көзі. Табиғат дегеніміз не? сұрағына топтық жұмыс арқылы оқушылар өздері жауап іздейді. Со- ңында саябаққа, мектептің ауласына саяхаттау. сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Тірі табиғат. Тірі табиғат дегеніміз не? Табиғат құндылығының маңыздылығы, табиғат пен адам қатынасы- ның үйлесімділігі. Сурет салу, коллаж жасау. сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Өлі табиғат. Өлі табиғат дегеніміз не? Оған нелер жатады. Сурет салу, коллаж жасау 5-6-сабақтар (2 сағат)Тақырыбы: Табиғат құбылыстары. Табиғат құбылыстары дегеніміз не, оларға нелер жатады? Ауа райы. Жыл мезгілдері. Жыл мез- гілдеріне қарай ауа райының өзгеруі. Тәжірибе жұмысы «Кемпірқосақ шығару». Тәжірибе үшін: пластмасса поднос немесе ыдыс, қағаз, айна қажет. 1.Су құйылған подносты немесе ыдысты күн түсетін жерге, мысалы терезенің ал- дына немесе далаға шығарып қою керек. 2. Айнаны алып, күн сәулесі су арқылы түсетіндей етіп под- носқа қоясыз. 3. Қағазды алып, подностың жоғары жағына ұстайсыз. Қағазда кемпірқосақ көрінгенше айнаны ақырындап қозғалтамыз. |