Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
сабақ (1 сабақ)Тақырыбы: Ерекше табиғат құбылыстары. Ерекше табиғат құбылыстары туралы әңгімелеу. Белгілі бір жыл мезгіліне қарамастан ерекше табиғат құбылыстары болатынын түсіндіру. Мысалы, сел, су тасқыны, солтүстік (теріскей) шұғыласы, домалақ найзағай (шаровая молния), сағым, цунами, жер сілкіну, вулкан атқылау, жұлдыздардың ағуы, т.б. сабақ (1 сабақ)Тақырыбы: «Мен зерттеушімін» жобалық сабақ. Ауа райына бақылау жасау. Ол үшін «табиғат құбылыстары» тақырыбындағы сабақты өткен кезде оқушыларға алдын ала тапсырма беріледі (топтық, жұптық немесе жеке): Тақырып бойынша дерек көздерін қарастыру, ғаламтордан қарау. Ауа райын халықтық болжау түрлерімен танысу. Белгілі бір уақыт ішінде ауа райын бақылау. Алған мәліметтерді, деректерді өңдеп, нәтижесін шығару. Жұмыс нәтижесімен сыныпта таныстыру. бөлім. Жануарлар әлеміне саяхат 9-сабақ (1 сабақ)Тақырыбы: Жануарлар әлемі. Жануарлар туралы түсінік. «Bilim lend» сайтынан «Жануарлардың әралуандығы» туралы ви- деофильм көрсету. «Менің сүйікті жануарым» тақырыбында коллаж жасау, пластилиннен мүсінін да- йындау немесе суретін салу. сабақ (1 сабақ)Тақырыбы: Жабайы жануарлар. Жабайы жануарлар туралы түсінік беру. «Жануарларды сипаттамаларымен сәйкестендіру», «Жануарларды тиісті топқа жікте» ойыны. сабақ (1 сабақ)Тақырыбы: Үй жануарлары. Үй жануарлары туралы түсінік беру. «Жануарларды сипаттамаларымен сәйкестендіру», «Жа- нуарларды тиісті топқа жікте» ойыны. сабақ (1 сабақ)Тақырыбы: Жануарлар қыс мезгілінде қалай «киінеді?» жобалық жұмысы. Жануарлардың жыл мезгілдерінің ауысуына бейімделуін түсінеді. сабақ (1 сабақ)Тақырыбы: «Мен зерттеушімін» жобалық зерттеу сабағы. Алдыңғы сабақтарда оқушыларды топқа бөліп, әр топқа әртүрлі жануарлар, мысалы, үй жану- арлары, жабайы жануарлар туралы тапсырма беру. Әр топ өздері таңдап алған жануары туралы түрлі дереккөздерден мәліметтер жинайды. Егер ол үй жануары мысалы мысық болса, онда оны бақылайды. Ал жабайы жануар болса, ол туралы бейнефильмдер қарайды. Олардың өмір сүру ерекшеліктерін бақылайды. Жануарлар туралы қызықты мәліметтер жинайды. Олардың суретін жинайды. Барлық мәліметтерді жинап, соның негізінде ортақ пікірге келу. Жиналған мәліметтерді рәсімдеу (оқушылардың жинаған мәліметтеріне қарай коллаж, аль- бом, сурет салу арқылы). Қорытындылау. |