Главная страница
Навигация по странице:

  • Бағдарламаның өзектілігі.

  • Бағдарламаның

  • Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


    Скачать 4.77 Mb.
    НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
    АнкорСборник
    Дата20.10.2022
    Размер4.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
    ТипДокументы
    #745189
    страница129 из 367
    1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   367

    БАҒДАРЛАМА


    элективті курс

    ҚЫЗЫҚТЫ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ


    2-сынып оқушыларына арналған (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)

    АБДРАСИЛОВА ЭЛЬМИРА БОЛАТОВНА


    М. Базарбаев атындағы №138 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі

    Пікір жазғандар: Жумaбaевa A.Е., Aбaй aтындaғы Қaзaқ Ұлттық педaгогикaлық универcитетінің «Бacтaуыш бі- лім беру бaғдaрлaмaлaры» кaфедрacының жетекшіcі, п.ғ.д., профеccор.

    Абеуова Б.К., 12 мамандандырылған гимназияның бастауыш сынып мұғалімі, педагог-шебер.


    Түсініктеме хат мазмұны


    Заманауи жаратылыстану-ғылыми білім беру табиғат құбылыстарын оқуда, ғылыми көзқарас- тың қалыптасуына және ғылыми парадигманың ауысуы жағдайында қазіргі ғалам бейнесін оқып-бі- луде жүйелілік қағидатын, сабақтастықты және білімді интеграциялауды түсіну болып табылады.

    Ғылыми-жаратылыстану білім дегеніміз тұлғаның ғылыми көзқарасының негізін қалыптас- тыру, түрлі сипаттағы және деңгейдегі ғылыми-жаратылыстану білімді тікелей меңгеру, тиісті пікір мен практикалық дағдыларын қалыптастыру, қоршаған ортаны тану саласында белгілі бір бағдар мен белсенді әлеуметтік көзқарасының қалыптасуы, табиғатты үнемді пайдалану және табиғат ресурста- рын ұдайы жаңғырту мақсатында оған ықпал ететін педагогикалық процесс.

    Жаратылыстанудан білім беру өскелең ұрпаққа әлемді эмпирикалық тану тәжірибесін беру, жа- ратылыстанудың негізгі тұжырымдамасына сәйкес әлемнің біртұтастығы мен саналуандығынан көрі- ніс табатын табиғаттың жаһандық моделі ретінде әлемнің ғылыми-жаратылыстану бейнесі туралы көз- қарастарын қалыптастыру, табиғатты зерделеуде сабақтастық қағидатын түсіндіру.

    Бастауыш сынып оқушылары үшін ғылыми-жаратылыстану білім – олар үшін білім берудегі маңызды проблемаларды шешу тәсілі, қарым-қатынас жасау ортасын таңдау және кеңейту, өмірлік құндылықтар мен өзін-өзі кәсіби анықтау бағдарын таңдау болып табылады. Мұндай білімнің құнды- лығы – жалпы білім берудің вариативті құрамдас бөлігін нығайтады және балалардың тұлғалық және кәсіби тұрғыдан өзін-өзі тануына көмектеседі, олардың бұған дейін алған білімдерін жүзеге асыруға ықпал етеді.

    «Қызықты жаратылыстану» элективті курсының мазмұны – 2-сынып оқушыларына қоршаған ортаның түрлі нысандары мен құбылыстары туралы білім беру, алған білімдерін түрлі практикалық және зерттеу әрекеті арқылы күнделікті өмірде қолдана алуға ықпал етеді.

    Бағдарламаның өзектілігі. Бастауыш сынып oқушыларына жаратылыстану бойынша білім беру және олардың экологиялық мәдениетін дамыту және тәрбиелеу үшін қажетті жағдайларды ескере отырып, олардың табиғатты сүюге, қoрғауға деген адамгершілік қарым-қатынасын қалыптастыруға жағдай жасау, жауапкершілік пен бoрыш сезімін ұғындыру керек. Сoнымен қатар экoлoгиялық білім беру қoршаған oртаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуге бағыттала oтырып, жалпы білім беру да- йындығының міндетті құрамдас бөлігі бoлуы тиіс. Бастауыш сынып oқушыларына жаратылыстану бі- лім беруде жас ерекшелігін ескере отырып, баяндау, әңгімелеумен қатар бейнефильмдер көрсету, өсім- діктер мен жануарларды бақылау, қoлдан бұйымдар жасау, сурет салу, мүсіндеу, суретке түсіру, т.б. қызметтерді oрындатқан абзал бoлмақ.

    Бағдарлама Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру стандартына сәйкес бастауыш сынып oқушыларының әлемнің ғылыми-жаратылыстану көрінісін танымдық, тұлғалық, кoммуника- тивтік әмбебап oқу әрекетін қалыптастыруға бағытталған.

    «Қызықты жаратылыстану» элективті курсының мазмұны оқушылардың зерттеушілік, ойлау дағдыларын, коммуникативтік дағдылары мен қабілеттерін дамытуға арналған:

    -болжам жасап, оны тексеру жолдарын ұсыну, эксперименталды деректер негізінде қорытынды жасау;

    • проблеманы анықтап, сұрақ құрастырып, зерттеу, бақылау жоспарын жасап, тәжірибе жүргі- зеді, зерттеудің нәтижесін сипаттайды және бағалайды, өз пікірін білдіреді, қорытынды жасайды;

    • түрлі дереккөздерден алған ғылыми-жаратылыстану ақпаратпен жұмыс істейді;

    • ғаламтор желісінен, әдебиеттерден іздеу әдісін меңгереді, ақпараттың шынайылығын баға- лайды;

    • қарапайым эксперименттер мен тәжірибелер жасайды;

    • өздері жасаған қарапайым зерттеулерінің нәтижесін түрлі формада ұсынады.

    Бағдарламаның мақсаты оқушылардың алғашқы жаратылыстану-ғылыми көзқарастарын қа- лыптастыра отырып, қарапайым зерттеу дағдыларын дамыту.
    1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   367


    написать администратору сайта