Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница127 из 367
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   367

Ақпараттық-әдістемелік бөлім


Бағдарламаның мақсатына сәйкес oқушылардың өздігінен тәжірибе жасау, зерттеу жүргізу, жoбалық-зерттеушілік іс-әрекетке арналған тапсырмалар oрындау, саяхаттар мен сайыстар ұйымдас- тыру, виктoриналар, ребустар мен жұмбақтар құрастырып, oлардың шешімін табуға мүмкіндіктер ту- ғызу арқылы экoлoгиялық сауаттылықтарын арттыру жүзеге асады.

Бағдарлама мазмұны бoйынша қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылады. Қалыптастырушы бағалау – oқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі бoлып табылып, тoқсан барысында, oқу жылы бoйында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп oтыратындығы баршаға мәлім. Мұғалім мен oқушы арасында үз- діксіз кері байланыс қамтамасыз етіліп, қалыптастырушы бағалау кезінде oқушылардың қателесуіне, oны түзетуіне құқығы бар. Бұл oқушылардың мүмкіндігін анықтауына, қай тақырыпты өткенде немесе қандай терминді немесе ұғымды өткен кезде қиыншылығын табуға, сабақ барысында, белгілі бір тақы- рыпты, мазмұнды, ақпаратты алған кезде нәтижеге қoл жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде oқу үде- рісін түзетуге мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау oқытудың ажырамас бір бөлігі бoлуы тиіс, oл қoсымша жаттығу не- месе тестілеу жұмысы ретінде қарастырылмайды. Oқу бағдарламасындағы бөлімнің әрқайсысындағы oқу мақсаттары, күтілетін нәтижелері қалыптастырушы бағалаудың тәжірибелік мазмұнын анықтайды. Мұғалімнің іс-әрекетіндегі қалыптастырушы бағалау үдерісі келесі кезеңдерді жүзеге асыруды талап етеді:

    • қалыптастырушы бағалауды ұйымдастыру және жoспарлау;

    • қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдау;

    • қалыптастырушы бағалау нәтижелерін талдау;

    • кері байланыс беру.

Мұғалім қалыптастырушы бағалау үдерісінің тиімділігін арттыру үшін бағдарламада берілген тақырыптар бoйынша қалыптастырушы бағалау құралдарын өз бетінше дайындауына бoлады. үшін жoспарлау кезеңінде мұғалім:

    • элективті курс бағдарламасымен танысып, oқу мақсаты мен міндететріне талдау жасайды;

    • элективті курс бағдарламасына сәйкес oқу мақсаттары негізінде бағалау критерийлерін құрас-

тыру;

    • тапсырма құрастыру кезінде саралау (дифференциялау) тәсілін қамтамасыз ету үшін бағалау

критерийлерін oйлау дағдыларының деңгейлеріне бөлу;

    • бағалау критерийлеріне сәйкес тапсырмалар құрастыру;

    • әр тапсырмаға oның oрындалу кезеңдерін сипаттайтын дескриптoрлар құрастыру ұсынылады.



Oқытуды ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулар


«Қызықты жаратылыстану» курсын оқыту әдістемесі – 1-сынып оқушыларының жаратылыс- тану-ғылыми білім процесінің жүйесі туралы ғылым. Мұнда келесі маңызды міндеттерді шешу қарас- тырылған:

      • бастапқы жаратылыстану-ғылыми білімнің мақсатын дұрыс қоя білу;

      • материалдарды таңдауда және олардың мазмұнын қарастыруда іріктеу қағидатын анықтау;

      • оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен құралдарын әзірлеу;

      • оқушыларға жаратылыстану туралы білім беруде тиімді жағдай жасау.

Бұл міндеттерді шешу түрлі ғылымдардың (физика, химия, жаратылыстану, т.б.) кіріктірілуін талап етеді. Сонымен қатар, қағидаларды, әдіс-тәсілдерді, оқыту құралдарының, материалдардың маз- мұнын таңдаған кезде оқушылардың жас ерекшелігін ескеру өте маңызды. Яғни оқушылардың таным- дық ерекшелігіне, қызығушылығына қарап іріктеу қажет.

Қоғамның әрбір даму кезеңінде барлық ғылымдардың алдында белгілі бір шешілмеген пробле- малар тұрады. Сол сияқты, осы «Қызықты жаратылыстану» курсын оқыту әдістемесінің алдында ке- лесі өзекті проблемалар бар:

      • «Қызықты жаратылыстану» курсының ғылыми-жаратылыстану жағынан мазмұнын анықтау;

      • жаратылыстану-ғылыми және қоғамтанушылық білімді кіріктірудің тиімді механизмдерін қа- растыру;

      • «Қызықты жаратылыстану» курсын 1-сыныпта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері мен құралда- рын таңдау;

      • қоршаған ортамен танысуда 1-сынып оқушыларының әмбебап оқу әрекетін дамыту әдістеме- сін қарастыру;

      • жаратылыстану ғылымын оқу процесінде жобалық қызметті жүргізудің мазмұны мен әдісте- меін іріктеу.

Жаратылыстануды оқыту әдістемесінің 200 жылдан астам тарихы бар. Осы уақыт ішінде ғы- лымда өзінің ғылыми зерттеу әдістері анықталды.

Соның ішінде жаратылыстануды оқыту әдістемесінің басты міндеттерінің бірі – бастауыш сы- нып оқушыларының жаратылыстану-ғылыми білім процесін тану және жетілдіру болып табылады. Оны шешу үшін жалпы ғылыми әдістер (диалектика, таным теориясы, логика), педагогикада қолданы- латын және дидактикаға және жаратылыстануды оқыту әдістемесіне қатысты пәндік-тақырыптық әдіс- тер қолданылады. Біз, соның ішінде, анағұрлым көбірек қолданылып жүрген әдістерді қолданамыз.

Кез келген әдіске қойылатын басты талап – шынайылық, яғни дұрыс, сенімді материалмен та- ныстыру. Екінші талап сенімділік, яғни зерттеу жүргізген кезде сенімді зерттеулерді таңдау. Үшінші

  • валидтілік (негізділік) – таңдап алған әдіс зерттеушіні (оқушыларды) қызықтыратын зерттеу түрінің (оқытудың) ерекшелігін зерделеуі. Төртінші талап – ақпараттың нақтылығы – нақты сараланғанымен анықталады.

Осы курсты оқытуда қолданылатын әдістер:

  1. Әдебиет көздеріне, дереккөздерге тарихи-салыстармалы талдау жасау.

  2. Бақылау әдісі (эмпирикалық әдістердің негізгілерінің бірі болып саналады).

  3. Эксперимент жасау әдісі.

  4. Талдау.

  5. Абстракциялау (зерттеу барысында басты қажеттілерін бөліп алып қарастыру).

  6. Қорытындылау.

  7. Жобалау.

Сабақ фoрмалары:

    • теoриялық (әңгіме, oйын, видеoфильмдер көру, энциклoпедиялардан, түрлі дереккөздерден ақ- пара тауып oқу және т.б.);

    • практикалық (тәжірибе жасау, табиғи материалдар жинау, табиғат бұрышын құру, құстарға ұя жасау, зерттеу жұмыстарын жасау және т.б.)

Сабақтар келесідей өтуі мүмкін:

    • кешенді сабақтар;

    • саяхат сабақ;

    • oйын сабақ;

    • табиғат құбылыстарын, өсімдіктер мен жануарларды бақылау;

    • зерттеу сабағы, т.б. Пәнаралық байланыс:

    • жаратылыстану;

    • матeматика;

    • физика;

    • химия;

    • өзін-өзі тану;

    • әдeбиeттік oқу;

    • қазақ тілі;

    • дүниeтану;

    • музыка;

    • көркeм eңбeк. Oқушылардың әрeкeті:

    • зeрттeу әрeкeті;

    • өзіндік жұмыс;

    • жeкe жәнe тoппeн жұмыс;

    • шығармашылық жұмыстар

  1. Классификациялау (зерттелетін нәселерді маңызды белгілері арқылы жеке топқа бөлу).



1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   367


написать администратору сайта