Главная страница
Навигация по странице:

  • Аптасына

  • Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


    Скачать 4.77 Mb.
    НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
    АнкорСборник
    Дата20.10.2022
    Размер4.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
    ТипДокументы
    #745189
    страница130 из 367
    1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   367

    Бағдарламаның міндеттері:


    • oқушыларда қoғам және табиғат құбылыстары мен нысандарының өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы түсініктерін қалыптастыру;

    • адам мен табиғаттың үйлесімді қарым-қатынасын қамтамасыз ететін экoлoгиялық мәдениетті қалыптастыру;

    • өз бетінше іздену әрекеттерін, зерттеу, oйлау дағдыларын қалыптастыру;

    • туған жерінің табиғатын сүюге, oған қамқoр бoлуға тәрбиелеу;

    • oқушыларда табиғи, әлеуметтік және технoлoгиялық oртадағы мінез-құлық нoрмаларын және қауіпсіздік ережелерін қалыптастыру;

    • oқушыларда бақылау, эксперимент, сауалнама алу, жoба жұмысын жазу тәжірибелерінің қа- лыптасуын қамтамасыз ету;

    • қoршаған әлемнің құбылыстарын, экoлoгиялық маңыздылығын түсіндіру үшін және әртүрлі ақпарат көздерінен алынған маңызды әрі өмірлік маңызы бар мазмұнды ақпаратты қабылдау үшін алынған білімді қoлдана білу біліктерін меңгеру.

    «Қызықты жаратылыстану» курсы бағдарламасының мазмұнын ұйымдастыру бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


    2-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

    Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі 2-сынып


    Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат

    1-сабақ (1 сағат)


    Тақырыбы: Қызықты жаратылыстану

    Кіріспе. «Қызықты жаратылыстану» таныстырылымы арқылы жаратылыстану дегеніміз не, оған не жатады, қоршаған орта, табиғат, адам туралы жалпы түсінік беру.

    I бөлім. Қоршаған ортаға қамқорлық Барлығы 8 сабақ


    1. сабақ (1 сағат)

    Тақырыбы: Таңғажайып өсімдіктер әлемі

    Оқушылар 2-сыныптың «Жаратылыстану» пәнінен өсімдіктер, олардың бөліктері қандай қызмет атқарады, оларға қалай күтім жасау керек және өсімдіктердің топтары бойынша ақпарат алады. Бұл ақпараттарды қайталамау үшін және алған білімдерін толықтыру үшін оқушыларды таңғажайып өсім- діктер әлемімен таныстыру көзделді.

    Біздің планетамызда көптеген қызықты әрі өзінше ерекше өсімдіктер өте көп. Сол туралы әңгі- мелеу, таныстыру.

    Міндеттері:

    1. Аталған тақырып бойынша түрлі дереккөздерден ақпарат іздеу.

    2. Таңғажайып өсімдіктердің алуан түрлілігін қарастыру.

    3. Қайда және қандай жағдайда өсетіндіктерін анықтау.

    4. Оларды адамның күнделікті өмірінде қолдануына бола ма, болмай ма, анықтау.

    5. Алынған мәліметтер бойынша нәтижесін альбом немесе презентация ретінде рәсімдеу.

    6. Қорытындылау.
    1. сабақ (1 сағат)


    Тақырыбы: «Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттері» шағын жобалық зерттеу сабағы

    Мәдени өсімдіктердің арасында ең танымалы – алоэ. Алоэ сөзін араб тілінен аударса, «ащы» де- ген ұғымды білдіреді екен. Сонымен қатар оны «жүзжылдық» деп те атайды. Алоэні қолданып, түрлі дәрі-дәрмектер, кремдер, тұнбалар, т.б. әзірленеді.

    Зертетудің мақсаты: Алоэ өсімдігін зерттей отырып адам ағзасына тигізетін емдік қасиеттерін зерттеп анықтау және насихаттау.
    1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   367


    написать администратору сайта