Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
Зерттеу жұмысының міндеттері:- дерек көздерінен алоэ өсімдігі туралы деректерді жинап, сараптау; сынып бөлмесінде және үйде алоэ өсімдігін өсіру; өсірілген алоэ өсімдігіне бақылау жүргізіп, зерттеу нәтижелерін жинақтау. Зерттеудің болжамы: Егер, адам ағзасына зиян келтіретін құрамында химиялық қоспалары көп дәрілерді қолданбай, емдік қасиетке толы шөптерді қолданса, адамның ағзасына көп зиян келмес еді. Зерттеудің жаңалығы мен дербестік нәтижесі:алоэ өсімдігінің емдік қасиеттеріне жан-жақты сипаттама беру; алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерін тиімді пайдаланудың жолдарын көрсету. Зерттеу жұмысының негізгі болжамы: Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттері арқылы көптеген ау- рулардың алдын алуға болады. Зерттеу әдістері:ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау; тәжірибе жасау; оқушылар арасында сауалнама алу. №1 тәжірибе.Мақсаты: жараның жазылуын бақылау. Алоэның жапырағын алып, жараға таңу. Нәтижесінде шынтақтағы жара жылдам жиырылып, тез жазылып, орны да қалмайды. Қорытынды: алоэ жапырағының құрамындағы аллантоинның арқасында жара тез жазылады. №2 тәжірибеМақсаты: аяқтағы құрғақ сүйелден (мүйізгек) айықтыру. Тәжірибе үшін алоэ жапырағының қой- малжың шырынын табандағы құрғақ мүйізгегі бар жерге жағып, оның жан-жағын вазелинмен сылап, бұласырмен таңып қою. Екі тәуліктен кейін терінің жұмсарған мүйізді қабатын кеуектаспен (пемза) қырып алып тастау. Қорытынды: алоэның шырыны терідегі мүйізді қабатты жұмсартады. №3 тәжірибеМақсаты: бет терісіне алоэ шырынының әсерін бақылау. Тәжірибе үшін бетке жағатын кремді алып, алоэ шырынымен араластырып, 1:3, ұйықтар алдында бетке жағу. Қорытынды: алоэның құрамындағы антиоксиданттар, В, С, Е дәрумендерінің арқасында бет те- рісі тегістеніп, тартылады. сабақ (1 сағат)Тақырыбы: «Адыраспан – дәрілік өсімдік» шағын жобалық зерттеу сабағы Халық медицинасында пайдаланып жүрген шипалы өсімдіктердің бірі - адыраспан. Қазақ халқы адыраспан тіл көзден сақтайды, лас, былғанышты қуады деп, түтінімен үй ішін, ошақ басын аластаған. Адыраспан шөбінің қасиетін оқушылар толық білмеуі де мүмкін. Сол үшін адыраспан өсімдігінің дә- рілік шөп ретінде маңызын түсіндіру, пайдасы туралы, қазақ халқы арасында қасиетті шөп саналғанын айту. Зерттеу мақсаты: Адыраспан - дәрілік өсімдік екендігіне зерттеу жүргізу. Зерттеу міндеттері: Адыраспанның биологиялық ерекшелігіне, құрылысына талдау жасау. Адыраспанның емдік қасиетін және емдеу тәсілдерін анықтау. 3 Қорытындылау. |