Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница139 из 367
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   367

Зерттеудің мақсаты:


  • статикалық электрлік туралы түрлі дереккөздерден ақпарат жинау;

  • статикалық электрліктің себебін анықтау;

  • оның тұрмыста, өндірісте, табиғаттағы көрінісін анықтау;

  • бұл құбылыстан өзіңді қалай сақтау керектігін білу;

  • тәжірибе жасау.

Зерттеу әдістері:


  • бақылау;

  • зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттерді зерделеу;

  • ғаламтордан, ата-аналарынан ақпарат жинау;

  • зерттеу жүргізу, тәжірибе жасау;

  • алынған нәтижені талдау;

  • қорытындылау.
  1. сабақ (1 сабақ)


Тақырыбы: «Біздің үйіміздегі микробтар» зерттеу сабағы 1.Микробтар туралы ақпарат жинау.

  1. Микробтардың зияны.

  2. Микробтардың пайдасы (бактериялар).

Зерттеу материалдары мен әдістері:


Жұмыс үшін: Петри кесесі, стерильді құнарлы орта, микроскоп, затқа арналған және жабын әй- нек (бұл заттарды мектептің биология зертханасынан алуға болады).

Микробиологиялық себінді жасау үшін ауадан стерильді құнарлы орта әзірлеп, оны Петри ыды- сына құйып, сыныпқа, үй бөлмелеріне қойып қояды. Бактериялардың санын бағамдау үшін кеселердегі колонияларды санап, әр бөлмедегі бактериялармен салыстыру. Бактериалар қалай көрінетіндігін білу үшін 1000 ретке ұлғаятын светті микроскопты пайдалануға болады.

Үй немесе сынып бөлмелерінде бактериялардың тарауы


Үй немесе сынып бөлмелеріндегі ауадағы бактерияларды анықтау үшін Петри кесесі құнарлы ортасымен қоса әр жерге, әр бөлмеге (жатын бөлме, ас бөлме, жуынатын бөлме, т.б.) қойылады. Оларды қойып, 10 минуттан кейін бетін әйнекпен жауып, 3 күнге қойып қояды. Үш күннен соң әр кеседе өскен бактериялар колониясын санайды.

Бактериялардың түрі қандай болады?


Бактериалар көп болған кезде ғана олардың колонияларын байқауға болады. Олар түрлі-түсті әрі көлемі де әртүрлі болуы мүмкін. Ал енді олардың өзін көру үшін микроскоп керек. Микроскоппен қарағанда бактериялар майда, ұсақ шар сияқты немесе сопақша болып келеді. Дөңгелек бактерияларды кокки деп, ал сопақшаларын таяқшалар деп атайды.

Қорытынды: бактериялар барлық бөлмеде болады, бірақ олардың саны әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, жуынатын бөлме мен ас бөлмесінде бактериялар көп болуы мүмкін де, ал терезесі ашық тұр- ған үлкен бөлмеде аз болуы мүмкін, т.б.

Осылай зерттеу жұмысын жүргізіп, белгілі бір қорытындыға келуге болады.
  1. сабақ (1 сабақ)


Тақырыбы: «Тұздың пайдасы мен зияны» зерттеу сабағы

Зерттеудің мақсаты: Тұздың адам организмі мен қоршаған ортаға пайдасы мен зиянын анықтау Міндеттері:

  1. Тұздың шығу тарихы туралы түрлі дереккөздерден зерделеу.

  2. Тұз қандай болады, оны қайда және не үшін қолданылатындығын білу.

  3. Тұздың адам организмі мен қоршаған ортаға әсерін анықтау үшін тәжірибе жасау.

  4. Алынған мәліметтерді талдау және қорытындылау.

Зерттеу әдістері: ақпарат іздеу, салыстырмалы талдау, бақылау, т.б.
  1. 1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   367


написать администратору сайта