Главная страница
Навигация по странице:

  • 1 тәжірибе.

  • Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


    Скачать 4.77 Mb.
    НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
    АнкорСборник
    Дата20.10.2022
    Размер4.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
    ТипДокументы
    #745189
    страница137 из 367
    1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   367

    бөлім. Физика – біздің айналамызда Барлығы 6 сабақ


    1-сабақ (1 сабақ)

    Тақырыбы: «Дыбыстар еліне саяхат» зерттеу сабағы

    Дыбыс – біздің өміріміздің бір бөлшегі. Біз дыбысты ойланбастан қолданамыз. «Жаратылыс- тану» сабағынан оқушылар бұған дейін де дыбыс туралы білім алған болатын. Сол білімдерін жүйелеп, толықтыру мақсатында дыбыс туралы шағын зерттеу сабағын өткізуге болады.

    Зерттеу мақсаты: дыбыс туралы алған білімдерін толықтыру, жүйелеу Зерттеу міндеттері:

      1. Түрлі дереккөздерден дыбыс туралы мәлімет жинау.

      2. Дыбыстың қалай пайда болатынын анықтау.

      3. Біздің дыбысты қалай еститіндігіміз жөнінде білу.

      4. Дыбыстың түрлерімен танысу.

      5. Дыбысқа тәжірибе жасау.

      6. Қорытындылау.

    Зерттеу жұмысының түрі: шығармашылық-зерттеушілік, қысқамерзімді, топтық.

    Зерттеу әдістері: әдебиеттерді зерделеу, ғаламтор желісінен ақпарат іздеу, әңгіме, тәжірибе жа- сау, жасалуы жеңіл музыкалық аспап жасау.

    1 тәжірибе. «Дыбыс қалай пайда болады?» Мақсаты. Дыбыстың пайда болу себебін анықтау.

    Тәжірибе үшін: ұзын сызғыш, созылған ішек (аспаптың ішегі сияқты сым темір).

    Сызғыштың бір ұшын үстелге жабыстырып қойып, екінші ұшын тартамыз. Дыбыс шығады. Бұл уақытта сызғыш дірілдеп, шайқалады. Егер сызғышты қолмен ұстасақ, дірілі басылып, дыбыс басы- лады. Енді ішекті тартып, одан дыбыс шығару. Сосын қолды тамаққа қойып, сөйлеу. Дыбыс шығады. Яғни сызғыш, ішек, адамның тамағынан дыбыс дірілдеп шықты, сонымен қатар ауа да дірілдегендей болды. Осы ауадағы діріл арқылы адам дыбысты естиді. Қорытынды: дыбыс – дірілдеп шығып, жан- жаққа тарайды.

    2 тәжірибе. Дыбыс түрлі орталарда таралады

    Мақсаты: дыбыс түрлі орталарда тарайтындығын дәлелдеу.

    Тәжірибе үшін: жіп, стакандар (йогурттың). Стаканның түбін тесіп, оған жіпті өткізіп, түйіндеп, байлап қою. Яғни стакан арқылы ұзын жіп өтіп тұруы керек. Бұл тәжірибені жасау үшін екі оқушы керек. Әрқайсысы бір стаканнан алып, жіпті созып, бір-бірінен алысырақ тұрады. Бір оқушы өзіндегі стаканға дыбыстап сөйлейді, ал екіншісі өзінің стаканы арқылы сол дыбысты естиді. Қорытынды: ды- быс жіп арқылы беріледі.

    № 3 тәжірибе. Бір оқушы сыныптағы тжылыту құрылын (труба) тықылдатады, ал екінші оқушы оны келесі сыныпта тұрып естиді. Қорытынды: дыбыс металлдарда, яғни қатты заттарда да тарайды.

    Осылайша бірнеше тәжірибе жасап, қорытындылау.
    1. сабақ (1 сабақ)


    Тақырыбы: «Жел» зерттеу сабағы

    Мақсаты: жел туралы, оның пайда болуы, адам мен қоршаған ортаға әсерін анықтау.

    Міндеттері:

    1. «Жел» ұғымымен танысу, оның пайда болуын анықтау.

    2. Желдің кейбір түрлерімен танысу, желдің жылдамдығын және бағытын өлшеу құрылғылары- мен танысу.

    3. Желдің рөлін анықтау және оны адамның пайдалану мүмкіндігі.

    4. Аталған тақырып бойынша әдебиеттерді зерделеу.

    5. Бақылау жүргізу және тәжірибе жасау.

    6. Қорытындылау.
    1. 1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   367


    написать администратору сайта