Главная страница
Навигация по странице:

  • 2 тәжірибе. «Орбита жасау».

  • 3 тәжірбие. «Стакандағы ғарыш» тәжірибе жасау.

  • Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


    Скачать 4.77 Mb.
    НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
    АнкорСборник
    Дата20.10.2022
    Размер4.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
    ТипДокументы
    #745189
    страница134 из 367
    1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   367

    сабақ (1 сабақ)


    Тақырыбы: Ғарышқа саяхат

    1 тәжірибе. «Ғарыш шұңғымасы»


    Тәжірибе үшін: мата (жайма), варенье (басқа да ауыр зат) салынған банка, теннис добы.

    1. Төрт оқушы матаны төрт жағынан ұстап, тартып тұрып, варенье салынған банканы қоямыз. Банка- ның салмағымен мата созылады. 2. Енді банканы алмай, оның жанына теннис добын тастаймыз. Доп банкаға жақындап, терең жеріне қарай сырғып барып түседі. Міне, осылайша гравитация (ықпалдас- тық) пайда болады. Бұл қалай болады? Гравитация дегеніміз – объектілерді бір-біріне тартатын күш. Объектінің массасы көп болған сайын тартылыс күші жоғары болады. Массасы үлкен объектілер – планеталар, жұлдыздар – Ғаламшар «матасын» майыстырады. Сол сияқты варенье салынған банка да матаның майысуына ықпал етеді. Матаның ортасындағы зат ауыр болған сайын тартылыс күші жоғары болып, доп жылдам ортаға қарай жылжиды. Мысалы, матаның ортасына кішкентай малта тас тастай- тын болсақ, онда ол допты қозғалысқа әкелмейді. Себебі, ол өте жеңіл әрі мата майыспайды. Ғарышта да сол сияқты массасы аз денелер басқа денелердің қозғалысына ықпал етпейді.

    2 тәжірибе. «Орбита жасау». Гравитация күшінің арқасында планеталар жұлдыздардың ай- наласында белгілі бір жолмен қозғалады, оны орбита деп айтады. Жайма мата мен теннис добынан орбита жасауға болады. Бұл жолы допты матаға лақтырмай, оны банканы айнала сырғуға жіберіңіз. Егер доп жылдам айналып қозғалатын болса, ол айналысын ақырындатып, банкаға қарай жылжымай тұрып, бір жолмен бірнеше рет айналады. Осы жолды орбита дейміз. Космоста үйкеліс күші жоқ бол- ғандықтан, орбитадан шығу үшін жылдамдықты азайту үшін объектілерге көп уақыт қажет болады.

    3 тәжірбие. «Стакандағы ғарыш» тәжірибе жасау. Мұғалім алдын ала тәжірибе түрін ой- ластыруына немесе «Стакандағы ғарыш» тәжірибесін жасатуына болады. Тәжірибе үшін: 250 грамдық стакан, сұйық май, медициналық спирт, су, пипетка. 1. Стаканға 100 – 150 грамм спирт құямыз. 2. Пипеткамен ақырын бір тамшы май тамызамыз. Егер пипетка кішкентай болса, онда бір жерге бірнеше тамшы тамызасыз. Тамшыны бақылайсыз. Ол суда жүзіп жүруі керек және дөңгелек май дағы сияқты болып ағып тұруы керек. Спирт тамшысы бірден судың түбіне түсіп кетті де ол әдемі алтын шар сияқты болып көрінеді. Май суда емес спиртпен араласқанда неліктен олай көрінеді? Мұның мәні осы үш сұ- йықтықтың тығыздығында болып тұр. Әртүрлі сұйықтық әртүрлі тығыздықта болады да түрлі меншік- тік салмаққа ие болады. Салмақты сұйықтықтар салмағы жеңіліне түскен кезде батып кетеді.
    1. сабақ (1 сабақ)


    Тақырыбы: Ғаламшарға көмектесеміз

    Сурет көрмесін, мақал-мәтел, өлең мүшайрасын ұйымдастыру.
    1. 1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   367


    написать администратору сайта