Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
сабақ (1 сабақ)Тақырыбы: Қолдан сурет салатын бояу жасау Зерттеудің мақсаты: Табиғи заттардан сурет салатын бояу жасау. Міндеттері: Түрлі дереккөздер арқылы бояудың шығу тарихы туралы зерделеу. Бояуды қалай, неден жасайтындығын білу. Түрлі-түсті бояйтын заттарды іріктеп алу. Қолдан бояу жасау. Саусақпен сурет салу, бояу. Қорытындылау. Бояу жасау үшін: 100 грамм қаражидекті 30 минут қайнатады. 15 грамм шиенің қабығын суға бір тәулік тұндырып қояды, содан кейін 1 сағат бойы қайнатып, тұндырып алады. Теңгежапырақтан, қы- зылшадан, сәбізден, қарақаттан, кофеден, шокаладтан т.б. осылай бояу жасауға болады. Табиғи заттардан бояуды қалай жасау керектігін ғаламтор желісінен қарап, түрлі-түсті бояу жа- сауға болады. сабақ (1 сабақ)Тақырыбы: «Шай, ішсең – көңілің жай» жобалық зерттеу сабағы Шай - ең көп тараған сусындардың бірі. Шай – адамның шөлін қандырады, шаршағанын басады. Мақсаты: Шайдың шығу тарихын, түрлерін зерттей отырып, сапасын анықтау. Міндеттері: 1.Түрлі дереккөздерден шайдың шығу тарихын зерделеу. 2.Шайдың түрлерімен танысу. Шайдың сапасын анықтайтын факторларды анықтау. Шайдың сапасын сараптамадан өткізу. Қорытындылау. сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Нан өнімдеріне қосатын ашытқыны зерттеу Зерттеудің мақсаты: Нан өнімдеріне қосатын ашытқыны зерттеу Міндеттері: Ашытқы туралы мәлімет жинау. Қолдан аштқы жасауға бола ма? Қорытындылау. Сұрақтар: Қолдан ашытқы жасауға бола ма? Ашытқының көбеюін жылдамдатуға бола ма? Қолдан жасаған ашытқыны пайдалануға бола ма? сабағы сабақ (1 сағат)Тақырыбы: «Фаст фуд тағамдардың адам организмі мен денсаулығына зияны» жобалық зерттеу Зерттеудің мақсаты: Фаст фуд тағамдардың адам денсаулығына тигізетін зиянын негіздей оты- рып, дұрыс тамақтану ережесін сақтауға тәрибелеу. Міндеттері: Түрлі дереккөздерден тақырып бойынша материал жинау. Тақырып бойынша түсірілген бейнематериалдарды қарау. Тәжірибе жасау. Алынған ақпаратқа талдау жасау. Дұрыс тамақтану бойынша әңгімелесу. Қорытындылау. № 1 тәжірибе. Тәжірибе үшін: гамбургер, шоколад, картошка фри, апельсин, қоюланған күкірт қышқылы, шыны ыдыс. Ыдысқа күкірт қышқылын құйып, оған апельсин, шоколад, гамбургер, картошка фриді салып, барлығын араластырып, 1,5 сағаттан кейін нәтижесін көру, қорытындысын шығару. |