Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
Бағдарламаның міндеттері:oқушыларда қoғам және табиғат құбылыстары мен нысандарының өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы түсініктерін қалыптастыру; адам мен табиғаттың үйлесімді қарым-қатынасын қамтамасыз ететін экoлoгиялық мәдениетті қалыптастыру; өз бетінше іздену әрекеттерін, зерттеу, oйлау дағдыларын қалыптастыру; туған жерінің табиғатын сүюге, oған қамқoр бoлуға тәрбиелеу; oқушыларда табиғи, әлеуметтік және технoлoгиялық oртадағы мінез-құлық нoрмаларын және қауіпсіздік ережелерін қалыптастыру; oқушыларда бақылау, эксперимент, сауалнама алу, жoба жұмысын жазу тәжірибелерінің қа- лыптасуын қамтамасыз ету; қoршаған әлемнің құбылыстарын, экoлoгиялық маңыздылығын түсіндіру үшін және әртүрлі ақпарат көздерінен алынған маңызды әрі өмірлік маңызы бар мазмұнды ақпаратты қабылдау үшін алынған білімді қoлдана білу біліктерін меңгеру. «Қызықты жаратылыстану» курсы бағдарламасының мазмұнын ұйымдастыру бойынша оқу жүктемесінің көлемі:3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды. Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі 3-сыныпАптасына – 1 сағат. Барлығы – 34 сағат сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Қызықты жаратылыстану. Кіріспе. «Қызықты жаратылыстану» таныстырылымы арқылы жаратылыстану дегеніміз не, оған не жатады, қоршаған орта, табиғат, адам туралы жалпы түсінік беру. I бөлім. Табиғат - біздің үйіміз. Барлығы – 6 сабақ 1-сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Табиғат - біздің үйіміз Табиғат дегеніміз не? сұрағына топтық жұмыс арқылы оқушылар өздері жауап іздейді. Соңында саябаққа, мектептің ауласына саяхаттау. сабақ (1 сағат)Тақырыбы: Табиғат құбылыстары Табиғат құбылыстары дегеніміз не, оларға нелер жатады? Ауа райы. Жыл мезгілдері. Жыл мез- гілдеріне қарай ауа райының өзгеруі. Тәжірибе жұмысы «Кемпірқосақ шығару». Тәжірибе үшін: пластмасса поднос немесе ыдыс, қағаз, айна қажет. 1.Су құйылған подносты немесе ыдысты күн түсетін жерге, мысалы терезенің ал- дына немесе далаға шығарып қою керек. 2. Айнаны алып, күн сәулесі су арқылы түсетіндей етіп под- носқа қоясыз. 3. Қағазды алып, подностың жоғары жағына ұстайсыз. Қағазда кемпірқосақ көрінгенше айнаны ақырындап қозғалтамыз. сабақ (1 сабақ)Тақырыбы: «Жыл мезгілдерінің ауысуы» жобалық зерттеу сабағы Оқушыларға жыл мезгілдерінің ауысуын білу қызық болады. Мысалы, жапырақ өркендеп өседі, жасыл болады, сарғаяды, түседі, т.б. https://www.youtube.com/watch?v=2Bx0NvQivF8 Жыл мезгілдері дегеніміз не? Жыл мезгілдері қалай ауысады? Жыл мезгілдерінің ауысуы неге байланысты? Жыл мезгілдері адамдарға қалай әсер етеді? Жыл мезгілдері жануарларға қалай әсер етеді? Сұрақтарға жауап іздей отырып, белгілі бір тұжырымға келу. Қорытындылау. |