Главная страница
Навигация по странице:

  • Зерттеу

  • Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


    Скачать 4.77 Mb.
    НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
    АнкорСборник
    Дата20.10.2022
    Размер4.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
    ТипДокументы
    #745189
    страница147 из 367
    1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   367

    сабақ (1 сабақ)


    Тақырыбы: «Адам және ғарыш» жобалық зерттеу сабағы

    Зерттеу жұмысының мақсаты: Ғарыш туралы, ғарышқа алғаш ұшқандар туралы білімдерін қа- лыптастыру.

    Міндеттері:


    -адамның ғарышты игергені туралы тарихын зерделеу;

      • ғарышқа ұшқандар туралы білу;

      • алғашқы ғарышкерлер туралы ақпарат жинау, білу.

    Зерттеу әдістері:


    -ғарыш туралы түрлі дереккөздерден, ақпарат құралдарынан материалдар жинау, зерделеу;

      • осы тақырыта түсірілген түрлі кино, телефильмдермен танысу.

      • сауалнама алу, әңгімелесу.

      • қорытындылау.
    1. сабақ (1 сабақ)


    Тақырыбы: «Ғарышқа саяхат» зерттеу сабағы

    1. тәжірибе. «Ғарыш шұңғымасы» Ғарышта шұңқыр барын білесіңдер ме? Шұңқырлардың қа- лай орналасқанын өз көзімізбен тәжірибе жасау арқылы көруімізге болады. Тәжірибе үшін: мата (жайма), варенье (басқа да ауыр зат салынған) салынған банка, теннис добы. 1. Төрт оқушы матаны төрт жағынан ұстап, тартып тұрып, варенье салынған банканы ортасына қоямыз. Банканың салмағы- мен мата созылады. 2. Енді банканы алмай, оның жанына теннис добын тастаймыз. Доп банкаға жа- қындап, терең жеріне қарай сырғып барып түседі. Міне, осылайша гравитация (ықпалдастық) пайда болады. Бұл қалай болады? Гравитация дегеніміз – объектілерді бір-біріне тартатын күш. Объектінің массасы көп болған сайын тартылыс күші жоғары болады. Массасы үлкен объектілер – планеталар, жұлдыздар – Ғаламшар «матасын» майыстырады. Сол сияқты варенье салынған банка да матаның ма- йысуына ықпал етеді. Матаның ортасындағы зат ауыр болған сайын тартылыс күші жоғары болып, доп жылдам ортаға қарай жылжиды. Мысалы, матаның ортасына кішкентай малта тас тастайтын болсақ, онда ол допты қозғалысқа әкелмейді. Себебі, ол өте жеңіл әрі мата майыспайды. Ғарышта да сол си- яқты массасы аз денелер басқа денелердің қозғалысына ықпал етпейді.

    2. тәжірибе. «Орбита жасау». Гравитация күшінің арқасында планеталар жұлдыздардың айна- ласында белгілі бір жолмен қозғалады, оны орбита деп айтады. Жайма мата мен теннис добынан орбита жасауға болады. Бұл жолы допты матаға лақтырмай, оны банканы айнала сырғуға жіберіңіз. Егер доп жылдам айналып қозғалатын болса, ол айналысын ақырындатып, банкаға қарай жылжымай тұрып, бір жолмен бірнеше рет айналады. Осы жолды орбита дейміз. Космоста үйкеліс күші жоқ болғандықтан, орбитадан шығу үшін жылдамдықты азайту үшін объектілерге көп уақыт қажет болады.

    5-сабақ (1 сабақ)


    Тақырыбы: «Ғарыш аппараттары» жобалық сабақ

    Зерттеу жұмысының мақсаты: Ғарыш аппараттары туралы қарапайым білім беру.

    Міндеттері:


    -ғарыш аппараттарының шығу тарихын зерделеу;

      • ғарыш аппараттары туралы ақпарат жинау, білу;
    1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   367


    написать администратору сайта