Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
Скачать 4.77 Mb.
|
Зерттеу әдістері:ғарыш аппараттары туралы түрлі дереккөздерден, ақпарат құралдарынан материалдар жинау, зерделеу; осы тақырыта түсірілген түрлі кино, телефильмдермен танысу. ғарыш аппараттарының суреттерін салу немесе дайын суреттерін жинау; қорытындылау. бөлім. Физика - біздің айналамызда. Барлығы – 7 сабақ 1-сабақ (1 сабақ)Тақырыбы: Физика дегеніміз не? Оқушылардың зерттеу, танымдық іс-әрекетін дамыту үшін, сонымен қатар интеллектуалдқ-тұл- ғалық дамуы үшін жағдай жасау мақсатында айналамыздағы құбылыстардың барлығы физикалық бо- латынын түсіндіру. Сонымен қатар түрлі заттардың қасиеттерімен (қатты, жұмсақ, жабысқақ, ерігіш, т.б.) таныстыру. сабақ (1 сабақ)Тақырыбы: «Сабын көпіршіктері» зерттеу сабағы Зерттеу жұмысының мақсаты: Сабын көпіршіктерінің кейбір физикалық қасиетін (сипаттама- сын) зерттеу. Үлкен сабын көпіршігін қалай үрлеуге болатынын білу. Міндеттері:түрлі дереккөз арқылы сабын, оның жасалу жолдары туралы ақпарат жинау; - сабын көпіршіктерінің ертініділерін тексеру. Қандай ерітіндінің көмегімен анағұрлым үлкен әрі мықты сабын көпіршігі жасалатынын білу; үлкен сабын көпіршігін жасай алу; сабын көпіршіктерін жасау түрін (әдісін) дайындау. Зерттеу әдісі: экперитменталды тәжірибе жасау. Керек заттар: сұйық сабын құятын ыдыс және су құйылған ыдыс. № 1 тәжірибе.Зерттеу үшін 5 түрлі сабын көпіршіктерінің ерітіндісі алынады. № 1 рецепт. 1 стакан су және 1 ас қасық ыдыс жуатын сұйықтық. Бір ыдыста (бутылкада) сумен ыдыс жуатын сұйықтықты мұқият араластыру керек. Сабын кө- піршігін үрлейтін таяқшаны сұйықтыққа салып, үрлеу. № 2 рецепт. 4 стакан жылы су; 2 ас қасық сұйық сабын немесе кір жуатын ұнтақ; 1 ас қасық глицерин; 1 шай қасық ақ қант. Барлық заттарды мұқият араластырып, ауа кірмейтін герметикалық контейнерде сақтау керек. Бұл сұйықтықтан өте мықты сабын көпіршігі шығады. № 4 рецепт. Кір жуатын сабынды пайдалану арқылы. 5 стакан су; 0,5 стакан теркадан өткізілген кір сабын; 1 шай қасық глицерин. Кәр сабынды теркадан өткізу, ыстық суға салып, толық ерігенше араластыру. |