Главная страница
Навигация по странице:

  • Аптасына

  • Зерттеудің

  • Зерттеу нысаны

  • 3-сабақ

  • Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


    Скачать 4.77 Mb.
    НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
    АнкорСборник
    Дата20.10.2022
    Размер4.77 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
    ТипДокументы
    #745189
    страница156 из 367
    1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   367

    Бағдарламаның міндеттері:


    • oқушыларда қoғам және табиғат құбылыстары мен нысандарының өзара байланысы мен өзара тәуелділігі туралы түсініктерін қалыптастыру;

    • адам мен табиғаттың үйлесімді қарым-қатынасын қамтамасыз ететін экoлoгиялық мәдениетті қалыптастыру;

    • өз бетінше іздену әрекеттерін, зерттеу, oйлау дағдыларын қалыптастыру;

    • туған жерінің табиғатын сүюге, oған қамқoр бoлуға тәрбиелеу;

    • oқушыларда табиғи, әлеуметтік және технoлoгиялық oртадағы мінез-құлық нoрмаларын және қауіпсіздік ережелерін қалыптастыру;

    • oқушыларда бақылау, эксперимент, сауалнама алу, жoба жұмысын жазу тәжірибелерінің қа- лыптасуын қамтамасыз ету;

    • қoршаған әлемнің құбылыстарын, экoлoгиялық маңыздылығын түсіндіру үшін және әртүрлі ақпарат көздерінен алынған маңызды әрі өмірлік маңызы бар мазмұнды ақпаратты қабылдау үшін алынған білімді қoлдана білу біліктерін меңгеру.

    «Қызықты жаратылыстану» курсы бағдарламасының мазмұнын ұйымдастыру бойынша оқу жүктемесінің көлемі:


    4-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

    Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі 4-сынып


    Аптасына 1 сағат. Барлығы 34 сағат

    1. сабақ (1 сағат)


    Тақырыбы: Қызықты жаратылыстану

    Кіріспе. «Қызықты жаратылыстану» таныстырылымы арқылы жаратылыстану дегеніміз не, оған не жатады, қоршаған орта, табиғат, адам туралы жалпы түсінік беру.

    I бөлім. Мен зерттеушімін. Барлығы – 7 сабақ 1-сабақ (1 сағат)


    Тақырыбы: Мен зерттеушімін

    Зерттеуші деген кім? Ол немен айналысады? Зерттеу дегеніміз не? Оған нелер жатады? сұрақтарына жауап беру.
    1. сабақ (1 сағат)


    Тақырыбы: «Ауыз судың қасиетін анықтау» зерттеу сабағы

    Су тіршілік көзі. Судың қасиеті туралы әңгімелеу. Ішетін судың таза болуы керектігі барлы- ғына мәлім. Біз сапалы суды ішіп жатырмыз ба? осы сұраққа жауап іздеу.

    Зерттеудің мақсаты: су шығаратын түрлі өндірушілердің суларының сапасын тексеру.

    Зерттеудің міндеттері:


    1. Ауыз судың сапалық құрамын зерттеу.

    2. Суды қолдануды көрсету.

    3. Түрлі өндірушілердің суларына зерттеу жүргізу.

    4. Алынған нәтижені талдап, қорытындылау.

    Зерттеу нысаны: түрлі өндірушілердің ауыз су өнімдері. Зерттеу әдістері: әдебиеттерді зерделеу, тәжірибе жасау, талдау. Зерттеу бойында келесі жұмыстар жасалынады:

    1. Су және оның мәні туралы әңгімелесу, пікір алмасу; 2 . Су туралы түрлі дереккөздерден ақпарат іздеу.

    1. Судың сапасының көрсеткіштерін анықтау:

    • талап бойынша ауыз су адам денсаулығына қаупсіз, химиялық құрамы жағынан зиянсыз және жағымды иіссезімдік қасиеті болуы керек. Судың көрсеткіштері үш топқа бөлінеді: органолептикалық (иіссезімдік) қасиеті; бактериялдық және санитарлық-химиялық ластануы; химиялық қасиеті.

    Ауыз судың органолептикалық (иіссезімдік) қасиеті – иісі, дәмі, түсі және тұнықтығы бағала- нады (осылайша судың химиялық қасиетін, т.б. туралы ақпарат тауып, оқушылармен бірлесе зерделеу).

    1. Судың сапасын анықтау.

    2. Тәжірибе жұмысын жасау.

    1 тәжірибе. Судың түсін анықтау

    Керекті заттар: шыныдан жасалған стакан, түрлі өндірушілердің ауыз су өнімдері. Жұмыс барысы:

    1. Шыныдан жасалған стаканның ортасына дейін су құйылады.

    2. Стаканның астына жазу жазылған парақ қойылады. Енді стакан арқылы сол параққа қарау. Яғни, парақтағы жазу көріне ме, оқыла ма?

    3. Алынған нәтижені кестеге жазу.

    2 тәжірибе. Судың дәмін анықтау

    Керекті заттар: шыныдан жасалған стакан, түрлі өндірушілердің ауыз су өнімдері. Жұмыс барысы:

    1. Шыныдан жасалған стаканның ортасына дейін су құйылады.

    2. Әр стакандағы судың дәмін татып көру.

    3. Алынған нәтижені кестеге жазу.

    3 тәжірибе. Судың кермектігін анықтау

    Үй жағдайында қолды сабындап жуып көру. Егер суда сабын аз көпіретін болса, онда су кермек.

    Ал жұмсақ су организмге пайдалы.

    Керекті заттар: шыныдан жасалған стакан, түрлі өндірушілердің ауыз су өнімдері, сабын. Жұмыс барысы:

    1. Шыныдан жасалған стаканның ортасына дейін су құйылады.

    2. Бір түйір сабынды алып, суы бар стаканға салып, жақсылап араластырамыз.

    3. Алынған нәтижені кестеге жазу.

    4 тәжірибе. Судағы органикалық заттарды анықтау

    Әр үлгіге перманганат калий (марганцовка) ерітіндісін қосамыз, егер судың түсі сол күйінде қалса, онда суда органикалық заттар жоқ деген сөз.

    Керекті заттар: шыныдан жасалған стакан, түрлі өндірушілердің ауыз су өнімдері, перманганат калийдің (марганцовка) ашық күлгін түске жасалған ерітіндісі.

    Жұмыс барысы:

    1. Шыныдан жасалған стаканның ортасына дейін су құйылады.

    2. Перманганат калийдің (марганцовка) ашық күлгін түске жасалған ерітіндісін суға қосу.

    3. Алынған нәтижені кестеге жазу.

    5 тәжірибе. Судағы кислородты анықтау

    Егер ыдыстың шетінде су көпіршіктері пайда болса, онда суда кислородтың бар екендігін білді- реді. Көпіршік қаншалықты көп болса, кислород соншалықты деген сөз.

    Керекті заттар: шыныдан жасалған стакан, түрлі өндірушілердің ауыз су өнімдері. Жұмыс барысы:

    1. Шыныдан жасалған стаканның ортасына дейін су құйылады.

    2. Суды бірнеше сағатқа қойып қою.

    3. Алынған нәтижені кестеге жазу. Соңында ортақ қорытындысын шығару. 3-сабақ (1 сабақ)

    Тақырыбы: «Кристалл - табиғаттың ғажайып туындысы» зерттеу жұмысы

    Табиғатта өзінің әдемілігімен, ерекшелігімен, құпиялығымен адамды қызықтыратын кристал- лдар бар. Қазіргі уақытта кристалл өндіру тақырыбы өзекті болып тұр. Кристаллдар әрбір үйде бар десек те болады. Әр телевизордың, ұялы телефонның, компьютердің «жүрегінде» кристалл бар. Тіпті адам организімінде де кристалл бар. Мысалы, көздің қасаң қабығында да кристалл бар.

    Зерттеудің мақсаты: кристалл өсіру және оның өсуіне не әсер ететіндігін анықтау. Зерттеудің міндеттері:

    1. Кристалл туралы ақпарат жинау (энциклопедиялар, ғаламтор желісі, арнайы әдебиет).

    2. Карбамидтен кристалл өндіру.

    3. Үй жағдайында (сыныпта) кристалл өсірудің анағұрлым жағымды жағдайын анықтау.

    4. Жасалған эксперимент бойынша нәтижесін жасап, қорытындылау. Келесі жұмыстар атқарылады:

    1. Кристалл дегеніміз не? сұрағына жауап беру.

    2. Кристаллдардың құрылысын анықтау.

    3. Кристаллдардың түрлерін анықтау.

    4. Кристаллдарды өсіру тәсілдерімен танысу.

    5. Кристаллдарды өсіру үшін тәжірибе жасау.

    6. Қорытындылау.
    1. 1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   367


    написать администратору сайта