Главная страница

Сборник. 22-08- Сборник для 1-4 классов. Алматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм


Скачать 4.77 Mb.
НазваниеАлматы цаласы бiлiм басцармасы бiлiм
АнкорСборник
Дата20.10.2022
Размер4.77 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла22-08- Сборник для 1-4 классов.docx
ТипДокументы
#745189
страница157 из 367
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   367

сабақ (1 сабақ)


Тақырыбы: «Кемпірқосақ деген не?» шағын жобалық зерттеу сабағы

Кемпірқосақты білмейтін адам жоқ шығар. Оқушылар да оның қалай пайда болатынын білуге қызығушылық танытуы мүмкін. Сол үшін кемпірқосақ туралы шағын жобалық зерттеу сабағын өткі- зуге болады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: кемпірқосақтың пайда болу себебі мен табиғаттың осындай құбы- лысы туралы білу; жаңбыр, күн және кемпірқосақтың арасындағы байланысты анықтау.

Зерттеу міндеттері:

  1. Кемпірқосақ туралы түрлі дереккөздерден ақпарат жинау.

  2. Алған мәліметтерді жинақтау.

  3. Тәжірибе жұмысын жасау. Келесі жұмыстар жасалынады:

  1. Кемпірқосақ туралы аңыздар.

  2. Кемпірқосақ туралы ғылыми түсіндірме.

  3. Кемпірқосақ қалай пайда болады?

  1. Кемпірқосақтың түрлері, түсі, көлемі.

  2. Кемпірқосақ шығатын уақыт.

  3. Тәжірибе жасау.

1 тәжірибе. Үй жағдайында (сыныпта) кемпірқосақ жасауға бола ма? Тәжірибе үшін: пластмасса поднос немесе ыдыс, қағаз, айна қажет.

  1. Су құйылған подносты немесе ыдысты күн түсетін жерге, мысалы терезенің алдына немесе далаға шығарып қою керек.

  2. Айнаны алып, күн сәулесі су арқылы түсетіндей етіп подносқа қоясыз.

  3. Қағазды алып, подностың жоғары жағына ұстайсыз. Қағазда кемпірқосақ көрінгенше айнаны ақырындап қозғалтамыз.

2 тәжірибе. Компьтердің дискісінен (компакт-диск) кемпірқосақ жасау.

Тәжірибе үшін: компактдискті алып, тегіс жерге қою керек (жарыққа немесе терезенің алдына).

Дискіге қарап, оны айналдырып, түрлі-түстердің қозғалғанын байқауға болады.

3 тәжірибе. Айна арқылы кемпірқосақ шығару.

Тәжірибе үшін: стаканға су толтырып, оның ішіне айнаны салады. Бөлмені қараңғылайды, ал қабырға жарық болады. Стаканды қозғап, суға қол жарығымен (фонарик) жарық түсірсе, кемпірқосақ пайда болады.

Осындай ғаламтор жілісмінен немесе басқа да арнайы әдебиеттерден қарапайым тәжірибелерді жасау.

  1. Қорытындылау.

  2. Кемпірқосақ түстерін қалай есте сақтауға болады? (жарыс ұйымдастыру).
  1. сабақ (1 сабақ)


Тақырыбы: «Құпия зең (зай; көгеру; плесень)» шағын жобалық зерттеу сабағы

Зерттеу мақсаты: Зеңнің (көгерудің) құрылысын зерттеу. Оның тірі ағзаға әсерін анықтау. Зерттеу міндеттері:

  1. Зерттеу тақырыбы туралы түрлі дереккөздерден ақпарат жинау;

  2. Зеңнің (көгерудің) түрлерімен танысу.

  3. Үй (сынып) жағдайында зең өсіру және оның өсуіне қандай орта керектігін анықтау.

  4. Зеңнің пайдасы мен зиянын анықтау.

  5. Зеңмен күресу тәсілдерін білу.

  6. Тәжірибе жасау.

  7. Нанды қалай көгеруден сақтауға болады?

Зерттеу әдістері: сауланама, зерттеу, тәжірибе жасау, талдау.

1 тәжірибе. Зең тірі организм?

Тәжірибе үшін: нан тілімі, су, ауа кіргізбейтін контейнер ыдыс.

Нанды алдын ала сулап алып, ыдысқа салып, қараңғы жерге қойып қою керек.

Ескерту: тәжірибе үшін алдыңғы сабақта оқушыларға осы сабаққа алып келу үшін тапсырма беріп қоюға болады.

Бірнеше күннен кейін нанның көгергенін байқауға болады. Ары қарай зең көбейе бастайды. Қорытынды: зең тірі организм. Зең өсімдіктер патшалығына да, жануарлар патшалығына да жатпайды. Ол саңырауқұлақтар патшалығына жатады. Неліктен?

№ 2 тәжірибе. Зеңнің пайда болу және өсуін анықтау. Тәжірибе үшін: 3 тілім нан, 3 контейнер ыдыс, су, мұздатқыш.

1 тілім нанды ыдысқа салып, тоңызытқышқа салып қою керек. 2-сін бөлмеге қойып, 3-сін па- кетке орап қою керек. Бір аптадан кейін қарағанда не болады? Қорытындылау.

3 тәжірибе. Зеңнің құрылысын анықтау. Тәжірибе үшін: микроскоп, төсеніш шыны, ине, зең.

Зеңнің бір түйірін микроскоптың астындағы төсеніш шыныға салып қарау. Қорытындысын шығару (зең өзара шиеленіскен жіңішке жіптерден тұрады. Зең саңырауқаұлақтар тобына жатады).
  1. 1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   367


написать администратору сайта